Ертіс өзені мен Зайсан көлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2.1.Шығыс Қазақстан-менің өңірім.
2.2.Тұмса табиғаты мен киелі жерлері.
2.3.Аяулы Аягөзім мекенім.
Қорытынды.
Ұсыныс.
Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Шығыс Қазақстан Алтай тауларымен,Зайсан көлімен,ақырған аязы,бұрқаған боранды қысымен өзіне тән ерекшелігі бар.Бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары біріктіріліп,қазір еліміздің шығыс бөлігі толығымен бір облыс болып отыр.Бұл еліміздің тарихында өзіндік орны бар,қазақ халқы үшін ерекше (тарихи тұрғыда, әйтпесе барлық қалалардың өз орны бар ғой) қалалардың бірі.Семей қаласының облыс орталығы мәртебесінен айырылып,экономикалық жағынан біраз қиындықтарға алып келгені жасырын емес.Ал облыс орталығы Өскемен еліміздің өнеркәсібі дамыған, үлкен қалаларының бірі.Сонымен қатар,Алтайдың маралдары мен Алтай балы да елімізге танымал.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы
Шығыс Қазақстанды айтқанда,Алтай тауы еске түседі,бүкіл түркі жұрты осы біздің Алтайдан шықты емес пе!Нұр Зайсан,ару Ертіс,Бұқтырма,яғни балығы тайдай тулаған өлке!Ақ қыраулы Алтай,Кенді Алтай,яғни кенге бай өлке,Алтайдың асты да алтын,үсті де алтын,беткейі малға,маралға толы.Кен қазба байлықтарының інжу маржаны және біз сияқты алтын адамдар негізінен найман және керейлер Қалың орман да бізде, өндіріс дамыған,көлік керек болса көлікте шығарамыз.Егістікке егін де егеміз.Екі империя Қытай мен Ресей құдайы көршілеріміз.Айбатты Алтай тауы бұлттан асқан, қысы қар басқан,жазы қырау басқан.Айдынды Азияның қарауылы Шудалы Ақбас бура көбік шашқан,-деген екен Сәкен Сейфуллин!
Ғылыми жоба мақсаты:Менің өлкем Шығыс Қазақстан облысы болғандықтан тарихына қатты қызықтым.Бізде не заттар бар,нелер бар,қайда,қашан деген сурақтар мазалайтын.Сосын мен ғылыми ізденіс жүргіземін деп мақсат еттім.Мен сол туралы білемін деп шешім қабылдадым.Шығыс Қазақстан туралы толық ақпарат біле отырып,көне ескерткіштерін дәріптеу мен дамытуды көздедім.
Ғылыми жоба міндеті:Шығыс Қазақстан өңіріндегі және Аягөз ауданында орналасқан тарихи ескерткіштер мен дәлелдемелерді таныту.
Ғылыми жоба өзектілігі:Шығыс Қазақстанда тарих толқындарынан қалған құнды жәдігерлердің бар екендігін дәлелдеу.Аягөз ауданынан тарихымызға байланысты жәдігерлердің бар екендігін айтып жеткізу.
Ғылыми жобаның болжамы:Егер біз Шығыс Қазақстанның көне ескерткіштерін танып білсек,мекенімізге махаббатымыз бен сеніміміз артар еді.Оны аялауға,сақтауға, құштарлығымыз артар еді.Тарихымыз жайлы біраз біліп оны мақтан етуге мағлұматтарымыз болар еді.

Ғылыми жоба жаңалығы:Жоба барысында Шығыс Қазақстанның тарихи мұраға бай екендігін біле отырып,оданда көп жәдігерлер табылуына мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіздім.
Ғылыми жобаның теориялық мәнділігі:Біз зерттеу жүргізе отырып,Шығыс Қазақстан облысының жаңа қыр-сырларын менгердік.
Ғылыми жобаның практикалық мәнділігі:Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар Шығыс Қазақстан мен Аягөз жайлы болғандықтан келесі бір зерттеймін деген оқушыға тиімді мағлұматтар береді деп санаймын.
Жұмыстың орындалу әдістері.Шығыс Қазақстан мен Аягөзбен танысу, деректер жинау,ғылыми ізденіс,зерттеу, талдау,әдістері қолданылған.
Ғылыми жоба құрылымы:Жоба талаптарға сай жазылған.Кіріспе мен екі негізгі бөлімнен тұрады.Сонымен қатар қорытынды,ұсыныс пен пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

2.1.Шығыс Қазақстан-менің өңірім.
Менің өңірімнің өзіне тән табиғи ерекшеліктерібар.Шығыс Қазақстан Алтай тауларымен,Зайсан көлімен,ақырған аязы,бұрқаған боранды қысымен өзіне тән ерекшелігі бар.Бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары біріктіріліп,қазір еліміздің шығыс бөлігі толығымен бір облыс болып отыр.Бұл еліміздің тарихында өзіндік орны бар,қазақ халқы үшін ерекше (тарихи тұрғыда, әйтпесе барлық қалалардың өз орны бар ғой) қалалардың бірі.Семей қаласының облыс орталығы мәртебесінен айырылып,экономикалық жағынан біраз қиындықтарға алып келгені жасырын емес.Ал облыс орталығы Өскемен еліміздің өнеркәсібі дамыған, үлкен қалаларының бірі.Сонымен қатар,Алтайдың маралдары мен Алтай балы да елімізге танымал.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы
Шығыс Қазақстанды айтқанда,Алтай тауы еске түседі,бүкіл түркі жұрты осы біздің Алтайдан шықты емес пе!Нұр Зайсан,ару Ертіс,Бұқтырма,яғни балығы тайдай тулаған өлке!Ақ қыраулы Алтай,Кенді Алтай,яғни кенге бай өлке.Алтайдың асты да алтын,үсті де алтын,беткейі малға,маралға толы.Кен қазба байлықтарының інжу маржаны және біз сияқты алтын адамдар негізінен найман және керейлер.Қалың орман да бізде, өндіріс дамыған,көлік керек болса көлікте шығарамыз.Егістікке егін де егеміз.Екі империя Қытай мен Ресей құдайы көршілеріміз.Айбатты Алтай тауы бұлттан асқан, қысы қар басқан,жазы қырау басқан.Айдынды Азияның қарауылы Шудалы Ақбас бура көбік шашқан,-деген екен Сәкен Сейфуллин!Конец формы
Начало формы
Конец формы

Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ.Тек ХХ ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды.Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды.Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан - Сібір темір жолы мен Локоть - Риддер және Өскемен - Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру,Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе станциясынан басталатын "Шығыс айналма жолы" деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамиды.Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі электр станциялары салынды.
Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына өте бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий,көмір, жанғыш тақтатас,сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.Жер асты да жер үстіде байлыққа толы Шығыс Қазақстаным![1,67]
Ертіс (республикадағы ең үлкен өзен):Ол облыс аймағын Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды.Облыс көлдерге онша бай болмаса да,мұнда Қазақстандағы ірі көлдер - Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан.Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында,көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы,жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысы жануарлар дүниесіне өте бай.Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар,далалар және шөлейт жануарлары көп тараған.Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін,ақтышқан,кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар.Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген.Ертіс пен оның салаларында,Марқакөл,Зайсан және Алакөлде,Ертіс бойындағы Бұқтырма,Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь,таймень,хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі.Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.
Шығыс Қазақстан облысының мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар.ШҚО-ның тек Қазақстандық қана емес,сонымен қатар әлемдік туристік нарықта әлеуетті бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын айырықша табиғи-географиялық,климаттық, бальнеологиялық,мәдени-тарихи ресурстары бар.ШҚО туристік саласының дамуына байланысты Алматы мен Астана қалаларынан кейін 3-орынды иеленеді.Шығыс Қазақстан кластеріне ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктері енеді.Кластердің орталығы болады,оған туристік қызығушылық тудыратын 8 басты жер енгізіледі:
1) Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының нысандары;
2) Бұқтырма су қоймасы;
3) Ертіс өзені мен Зайсан көлі;
4) Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
5) Қалжыр өткелі;
6) Риддер-Алатау және Иванов таулары;
7) Алакөл көлі;
8) Семей қаласы.

2.2.Тұмса табиғаты мен киелі жерлері.
Облыс аумағында жалпыұлттық көрнекті жерлер тізіміне енгізілген орындар аз емес. Бұлар тек өңірдегі табиғаты көз тартар жерлер немесе тарихи орындар ғана десек жаңсақ айтқанымыз. Егер хабардар жандар болса онда сол орындардың ескіліктен сыр шертіп, аңыз оқиғаларымен астасып жатқан киелі жерлер екендігін бірден естеріне алады. Дегенмен кейбірі ондай орындар қажылыққа баруды ниет етіп жүрген үшін Мекке саналса, тағы біреулер үшін өзгеше бір тылсым күшке ие аумақ. Өзгелері үшін тіптен аймақтың бетке ұстар мекені іспетті.
Естеріңізге сала кетсем, осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздегі жалпыұлттық киелі жерлердің тізімі жасалып, оған ұзын саны 185 орын енді. Оның 13-і Шығыс өлкесінде орналасқан. Бұл нысандар тарихи, табиғи, діни және мәдени мұраларды қамтиды. Соларды облыстық Өлкетану мұражайы ұсынған мәліметтерге сәйкес реттілікпен жазып кетуді жөн көрдік: Мұзтау; Әлі де болса құпиясы толықтай ашылмаған Қоңыр Әулие үңгірі; Алакөл; Берел тарихи-археологиялық кешені; Шілікті қорғаны кешені; Ақбауыр тарихи-табиғи кешені; Ырғызбай ата кесенесі; Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі; Ұлы Абайдың Жидебай Бөрілі тарихи-мәдени кешені; Жарма ауданындағы Жәнібек Бердәулетұлы ескерткіші; Ф.М.Достоевский әдеби-мемориалды музейі; Алаш арыстары музейі; Ядролық сынақ құрбандарына арналған Өлімнен күшті монументі;[3.48б].
Жалпыұлттық киелі орындарға енгізілген соңғы үш нысан Семей қаласында орналасқан. Жалпыұлттықтан бөлек, 500 аумақтық киелі орындар болса, оның 25-і облыс аумағында. Атап айтсақ, Күршім өңіріндегі Қиын Керіш, Ашутас, Зайсан көлі, Алакөл, Рахман қайнары және тағысын тағы. Бұдан бөлек, Еңлік-Кебек кесенесі, әулие Бектұрған кесенесі, әулие би Боранбай кесенесі сынды орындар да тағзым етіп, құран бағыштайтын орынға айналды.Көне ғасырлар көшінен сыр шертетін тарихи-мәдени ескерткіштер біздің облыста жетерлік.Солардың бірі де бірегейі - алты мыңжылдық тарихы бар,неолит дәуіріне жататын археологиялық кешен Ақбауыр.Әлі күнге зерттеліп біт - пе - ген құнды жәдігердің ерекшелігі сол,әр тасының беті ежелгі таңбалар мен суреттерге тұнып тұр.Ақбауыр облыс орталығынан 30 ша - қы - рым жерде,Ұлан ауданы аумағында орналасқан киелі жер.Біздің заманымызға дейін - гі 3-5 мыңжылдықта өмір сүрген адам - дар - дың қолымен жазылған петроглифтер жер бетінде сирек кездесетін жосамен таңбаланғандықтан мұндай ескерткіш әлемде екеу ғана дейді ғалымдар.Тас - қа түскен бұғы мен жылқының, арба мен соқаның бейнелері сол кезеңдегі адам - д - ардың тұрмыс-тіршілігінен, өмір сал - тынан хабар беріп,жер игеруді кә - сіп еткендігін білдіреді.Теңдесі жоқ Ақбауыр табиғи ескерткіш-гротын ға - лымдар ХХ ғасырдың 70-інші жылдары анықтаған болатын.Кейіннен 90-ыншы жылдары Өскемендік ақын Евгений Курдаков алғашқылардың бірі болып жұмбағы мол тау-тасты өз бетінше зерттеуге кірісті.Ақбауыр жайында Николай Топольняк дей - тін әуесқой зерттеуші фильм де түсір - ген.Автордың айтуынша,тастағы таң - баларды ғалымдар көне күнтізбе,астро - логиялық бақылау жүргізу орны деп есептейді екен.
Алакөл - Шығыс Қазақстан туризмінің інжу-маржаны. Бұл ағынсыз көл орта ғасырдан бері, Ұлы Жібек жолының сауда жолдарының бірі оның аумағынан өткен кезден бастап-ақ, кеңінен танымал бола бастады. Шаршаған саяхатшылар Алакөлдің тұзды суынан күш-қуат алса, қазіргі заманғы ғалымдар оның пайдасын аз айтып жатқан жоқ. Адамдар мұнда денсаулығын жақсартуға, қаланың күйбең тыныс-тіршілігінен бір сәтке демалуға келеді. Көлдің оңтүстік бөлігіндегі су тұщы, ал солтүстік бөлігі жерасты тұзды көздерімен минералданған.
Шығысымның Зайсан көлінен жүз шақырым жерде,оңтүстік-батысында - Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстікте Маңырақ таулары қоршаған,ұзындығы 80 шақырым,ені 30 шақырымға созылып жат - қан үлкен алқап бар.Шілікті жа - зы - ғы деп аталады.Бұл жазықта тарихи ескерткіштер мен сақтардың көсем - де - рі көмілген обалар бар.Шіліктідегі елді елең еткізген ерекше ескерткіш,үшінші Алтын адам 2003 жылы табылғанын айта кеткім келеді.Бұл тарихи табылма болып саналады.Ал - тын - - мен әдіптелген киімімен бірге жер - лен - ген сақ патшасының сүйегін архео - лог Әбдеш Төлеубаев атамызбастаған зерт - теу тобы Бәйгетөбе атты обадан анық - та - ған еді.Оның жерлеу мерзімі біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырға жатады екен.Демек, Есіктегі Алтын адамнан 400 жасқа үлкен дегенді білдіреді.Қазба жұмыстары барысында 4 мыңнан астам алтын бұ - йым - дар шыққан болатын. Былтыр облыс әкі - мінің қолдауымен Шілікті қорғаны фи - лиал ретінде Берел қорық-музейіне қо - сылды.[5.74б].
1865 жылы Вильгельм Радлов Берел ескерткішін зерттеп,Үлкен Берел қорымын ашқан еді.Арада 100 жыл өткеннен кейін Берел қорымына ресейлік Сергей Сорокин археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Бүгінде Берел десе,белгілі археолог Зейнолла Самашев есімін құрметпен атаймыз.Ғалым Берел қорымына 1998 жылы қазба жұмыстарын жүргізіп, патшалық оба кезеңін зерттеу барысында алтынмен апталған 13 тұлпар мен сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапқаны барлығымызға аян дүние.Бұл отандық археологияда сенсацияға болған еді.
2008 жылы Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ашылды. 2016 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен құнды жә - дігелерді келушілердің көруіне мүм - кін - дік жасау үшін 11 қорғанның үсті - нен шынылы шатыр тұрғызылды. Қат - ты шыныдан жасалған жабық кешен аумағы - 90 шаршы метр, ал биіктігі жәдігерлер жатқан тереңдіктен бастап 8,5 метрді құрайды. Бүгінде Берел қоры - мын көруге келетін туристердің қатары қалың.
Тарихи деректерге жүгінсек,Жидебай - Бөрілі мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының филиалы ретінде 1945 жылы (бір деректерде 1940 жыл деп жазылып жүр) құрылған.Ақынның 100 жылдық мерейтойы кезінде ұлы тұлғаның мекен еткен қыстауы мұражай-үйіне айналып,1970 жылы (125 жылдық мерейтой қарсаңында) мұражайға жаңарту жұмыстары жүргізілген.Қазіргі атауы 1990 жылы ақынның 145 жылдық мерейтойы кезінде берілген.Мұражай құрамына бірнеше құнды тарихи ескерткіштер мен шағын мұражайлар енеді.Олар - Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы,Ахмет Риза медресесі,Абай ауданының аумағындағы Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражайы,1997 жылы ашылған Көкбай Жанатаевтың мұражайы,2003 жылы Құндызды ауылында ашылған Шәкір Әбеновтің мұражайы,Үржар ауданындағы Әсет Найманбаевтың мұражайы, Құнанбайдың құдығы,Зере мен Ұлжанның зираты,Абай - Шәкәрім мазарлы кешені,мазарлы кешеннің мешіті,Мұсақұлдың қыстауы,Оспан көлі, Кеңгірбай бидің зираты осы қорықтың құзырында.Аумағы 6400 гектарға жетіп жығылатын қорық аймағына жалпы 16 нысан кіреді.Мұнда ұзын-саны 18 255-ке жуық бағалы заттар мен 300-ден астам жәдігерлер сақталып тұр.
Қоңыр әулие үңгірі.Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан Қоңыр әулие үңгірі жайында ел арасында аңызға бергісіз әңгіме көп.Оның ішінде ауыз әдебиетінде сақталған деректердің дені жоңғар шапқыншылығымен байланыстырады. Шаған шайқасы осы үңгірдің маңында өткені тарихтан мәлім.Алаштың алапатын асырған Абылай хан әйгілі Қабанбай батырға Дарабоз атағын осы жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертіс атауының этимологиясы
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Ертіс өзені
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
ОРЫС-ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІ ТУРАЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖИНАҢТАЛУЫ
Шығыс Қазақстан облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен туристік іс - шаралар
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Пәндер