Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Барақбаева Аружан Күнболатқызы

«Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Ақтөбе, 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

«Курстық жұмыс қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Бахтиярова Г. Р.

«__» 2023 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру»

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындады: Барақбаева А. К.

Ғылыми жетекшісі

оқытушы, магистр: Изтлеуова С. Ш.

Ақтөбе, 2023

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқылым дағдысы ұғымының мәні
  2. Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдысын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері
  1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫБастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерБастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдысын қалыптастыру бағытындағы жүргізілетін жұмыстар

ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Өзектілігі : Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін

жүйелі меңгерген, қарым-қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп анықталған . Ал бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді белгілейді: « - оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту; -оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру» [1] . Негізінде, мектеп оқулығында орфографиялық білім, білік пен дағды беру тіл мәдениеті мен стилистикамен байланысты қарастырылған. Мәселен, «Тіл мәдениеті: Ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениеті. Ауызша сөйлеу мәдениетіндегі орфография қағидалары . . . », -деп көрсетілген. Ал тыныс белгілерді «Стилистика және пунктуация қазақ әдеби тілінің стильдері, олардың тілдік ерекшеліктері.

Ал бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді белгілейді: « - оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту; -оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру» [1] . Негізінде, мектеп оқулығында орфографиялық білім, білік пен дағды беру тіл мәдениеті мен стилистикамен байланысты қарастырылған. Мәселен, «Тіл мәдениеті: Ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениеті. Ауызша сөйлеу мәдениетіндегі орфография қағидалары . . . », -деп көрсетілген. Ал тыныс белгілерді «Стилистика және пунктуация қазақ әдеби тілінің стильдері, олардың тілдік ерекшеліктері. Тыныс белгілерінің түрлері, қызметі», -деп қарастырылған[1] .

Жалпы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан 2020 жылға қарай білімді, озық экономикасы мен біліктілігі жоғары жұмыс күші бар елге айналады» деген жолдар ұсынылады. Ф. Оразбаева, Э. Жұмабаева, А. Ш. Илясова, Н. Б. Жұмаділова, Э. Кабдешова, С. С. Мирсеитова, А. К. Мыңбаева жане басқа ғалымдардың еңбектерінде жаңартылған білім мазмұнын, окытудың инновациялық әдістері, қазіргі педагогикалык технологиялар мен оқыту құралдарына талдау жасалған.

Жалпы тіл үйрету - төрт басты құрамдас бөліктерден тұратын, атап айтқанда: айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым тілдік әрекеттерін қамтитын кешенді де, көп сатылы үдеріс.

Оқыту мақсатында монологтік сейлеудің түрін анықтау сөйлеу мазмұнына (суреттеу, хабарлау, баяндау) ; дербестік дәрежесіне (жаттағанды қайта жаңғырту, әңгімелеу, жеке пікір білдіру) ; даярлық деңгейіне (дайындалған, жартылай дайындалған және дайындалмаған сөз) байланысты. Оқылым- жазбаша сөзді түсіну мен көру арқылы қабылдауға бағытталған тілдік әрекет. Өзге тілдегі мәтінді толық түсіну үшін, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және ақпараттық белгілердің толық қатарын менгеру қажеттілігі жоспарланады. Ол салыстыра оқу кезіндегі таным үдерісін жеделдетеді. Оқылымның шынайы әрекетінде қабылдау мен мәнін ұғыну бір мезетте жүзеге асып, олардың өзара тығыз байланысты.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру негізінде оқу дағдысын дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді теориялық негіздеу.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі оқу әрекеті.

Зерттеу пәні: «Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру»

(«Қазақ тілі» пәнін оқыту негізінде)

Зерттеу болжамы: Егерде сабақта оқылым тиімді әдістерді қолдану арқылы жүргізілсе, онда оқушылардың тілдік сауаттылығы артады.

Зерттеу міндеттері:

- оқылым деңгейін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;

-оқу деңгейін дамытудың әдістемесін жасау;

-жаңартылған оқулықтарда берілген оқылым тапсырмаларының ерекшеліктерін анықтау;

-оқылым тапсырмаларын орындаудағы әдіс-тәсілдерді нақтылау.

Мәселенің зерттелу деңгейі.

Екінші сынып қазақ тілі оқу бағдарламасы, оқулық және әдістемелік талдау жасалынды.
Әдіснамалық және теориялық негіздері.

Таным теориясы, әрекет теориясы, оқу әрекет теориясы, біртұтастық, ізгілендіру, демократияландыру ұстанымдары.

Мәселенің деректер көзі.

  • Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдебиеттер;
  • Ғылыми-әдістемелік материалдар, оқу бағдарламасы, оқулық.

Зерттеу әдістері.

  • Әдебиеттерге теориялық талдау;
  • Оқу бағдарламасы;
  • Оқыту әдістемесі және оқулықты зерттеу;
  • Педагогикалық эксперимент.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы.

  • Жоспарлауға үйрету, теориялық жағынан негізделеді;
  • Жоспарлау дағдысы анықталады;
  • Жоспарлауға үйрету тәсілдері жүйеге келтіріледі;
  • Жоспарлау тәсілдері тәжірибеден өткізілді;
  • Мектеп мұғалімдері, мұғалімдер білімін жетілдіру орындарының тыңдаушылары, пайдалануға болады.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Оқылым дағдысы ұғымының мәні

Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы - Оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады. Ф. Оразбаева еңбегінде: «Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу»[2], -деген анықтама берілген. Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді және оның мазмұны мен мақсатын, тілін түсінуге, негізгі ойды анықтауға және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндерге салыстырмалы сараптама жасауды меңгереді.

Отандық ғалымдар тілді үйрену барысындағы оқылымның бірнеше түрін анықтайды: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, т. б.

Ал Ф. Оразбаева өз еңбектерінде оқылымның танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік оқылым сияқты түрлерін жіктеп көрсетеді. Өз зерттеулерінде Ф. Оразбаева«Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігінің» [2] маңызды екендігіне баса назар аударады. Оқылым дағдысы арқылы білім алушының танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамитын болады. Оқушының оқу дағдысын қалыптастырда бірнеше мақсаттар ұсынылған. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты арқылы оқушы тек мәтін мазмұнын меңгеріп қана қоймай, сол мәтінді жазу арқылы автордың нені көздегенін, кімдерге арнағанын, автордың сол мәселеге байланысты қандай көзқараста екенін, оқырманға жеткізу үшін қолданған тілдік бірліктерін саралап, сараптама жасау дағдысын қалыптастырады.

«Оқылым - оқушының оқу сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас бөлігі»[5] болғандықтан, мәтінге талдау жасамас бұрын оқудың тиімді жолдарын анықтау маңызды. Солардың ішінде Оқылым стратегияларын қолдана оқу - оқу сапасын арттыратын тәсіл. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасауда Оқылым стратегиясының тиімдісін анықтап, қолдану арқылы мәтін талдауға кететін уақытты үнемдеге, нәтижеге жетуге, білім сапасының артуына ықпал етеді.

Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры Винсент Р. Pyггиepo өзінің «Сыни оқу стратегиялары» атты зерттеуінде: «Кез-келген мәтінді оқып, ондағы ақпаратқа сенбес бұрын әр адам төрт сатылы сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау» [6], -дейді.

Оқылымның стратегиялары:

  • Шолып оқу:мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.
  • Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.
  • Көз жүгіртіпоқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу.
  • Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
  • Детальді түрде оқу:әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
  • Түсініп оқу стратегиясы:мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
  • Талдап оқу стратегиясыарқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
  • Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясыарқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
  • Комментарий жасап оқу стратегиясыарқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
  • Рөлге бөліп оқу стратегиясыарқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау.

Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің маынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сүрыптап алу.

Көптеген әдістемелік әдебиеттерде бұл процесс «Оқу» деп аталынып жүр. Қарастырып отырған мәселеге сай біздің айтар ойымызға «оқу» сөзінің мағынасынан гөрі «оқылым» сөзінің мағынасы мен мәні қай жағынан болсын сәйкес келеді. Сондықтан басқа тілдерде кездесетін «чтение» сөзінің ұғымын біз тілдік қатынаста «оқылым» деп алып, сөз етеміз.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мүнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпаратгар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Тіл үйрету сапалы болу үшін, оқылым процесі мен дауыстап оқуды ажырата білген жөн. Оқылым - берілген материалды түсініп, ұғыну ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.

Ал дауыстап оқу - ішкі мазмүнды толық ескере бермей, графикалық таңбаларды танудың нәтижесінде оны дыбыстау аппаратының қимыл-қозғалысына салу, сөйтіп, сөйлеу мүшелерінің көмегімен оқып шығу. Мұндай дауыстап оқу кезінде кейде мәтіннің мазмұны түсініксіз болып кала беруі де мүмкін. Ой мен ми жұмыстарын толық атқармай, адамға қажет хабар алынбауы ықтимал.

анымдық оқылым дегеніміз - тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т. б. материалды оқып-түсінуі. Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бірде болса, бірде болмауы мүмкін.

Мұндай оқылым белгілі бір информацияны зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.

Танымдық окылымда шыгарманың, текстің барлық мазмүны түтас есте қалмайды, соның ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады.

Әдіскерлердің айтуынша, Мұндай жағдайда текст мазмұнының 70 проценті есте сақталып, негізгі айтылар дәйекті ой соның құрамына енуі тиіс.

Танымдық оқылым кезінде оқушы бір минутта 90-105 сөз оқып шығуы керек.

Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалды, не тексті басынан аяғына дейін толық түсініп оқу керек. Текстің барлық мазмұнын тәптіштеп біліп, ондағы информацияның бірде бірін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге үйренуші шығармаға, яғни текске анализ жасай отырып, ондағы әрбір единицаны талдайды. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді.

Кей ретте зерделік оқылым арнайы жасалган схема, таблица, сурет, жоспар, көрнекіліктермен қатар жүргізіледі.

Қажетіне қарай текстің /шығарманың/ кейбір тұстары қайта оқытылып, сөйлемдерге айрықша назар аударылады немесе олар арнайы белгілермен ажыратылып, дауыстап айтылады.

Зерделік оқылым асықпай, ойлы қалыппен өткізіліп, оқушының бар көңілін баулып алуды қажет етеді. Бұл оқу бойынша минутына 50-60 сөз оқылуы тиіс.

Ізденімдік оқылым - берілген материалдың /текст, шығарма, кітап т. б. / ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды, сілтемені, көрсеткішті т. б. іздеп тауып, пайдалана білу. Біріншіден, мұндай оқу жылдамдықты қалайды, екіншіден, көлемді текстен әркім өз қажетін тандап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажетсінеді.

Ізденімдік оқылымда оқушы кітап пен түтас материалды түгел оқып не қарап жатпайды, тек өзіне керектісін мазмүннан, жоспардан, схемадан т. б. іздестіріп, тауып алады және нені іздеп табу керектігін алдын ала біледі.

Ізденімдік оқылым оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бұл оқу тапсырма мен жаттығу арқылы да жүзеге аса береді. Мысалы: текстен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу, шығармадан Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін, қара сездерін іздеу, абзацтың қалай аяқталатынын іздеп табу т. б. деп іске қосыла береді.

Көрсетімдік оқылым - берілген материалды жүйеліп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты мәнін, ерекшелігін танып көрсету.

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдысын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері

Дауыстап оқу акустикалық мақсаттың шеңберінен шығып, сөз, тіркес, сөйлемдердің мағынасын түсінуге, оны сана арқылы қабылдауға, мәтіннің ішкі мазмұнын баяндауға бағытталса, онда ол жай оқудың үлгісінен өтіп, мазмүнды оқуға айналады. Бүндай жағдайда дауыстап оқу оқылымның тиімділік жағын арттырып, оның кажетті компоненттерінің біріне айналады. Сөйтіп, оқу оқылымның құрамына кіреді.

Сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның манызы мынада:

  • Тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.
  • Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.
  • Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мүның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация процесі дамиды.

Оқушы әр тарауды тақырыпқа бөліп көрсету арқылы қайсысына айрықша назар аудару керектігін, қандай ақпарат маңызды роль атқаратындығын тануға мүмкіндік алады. Сол үшін әр текст ішкі-сыртқы қүрылысына қарай дайындалып беріледі. Көрсетімдік оқылымда оқушы тексті қалай оқып, қандай форманы таңдап алады, оны өз еркіне жіберген тиімді.

Аналитикалық оқылым - шығарманың мазмұнымен қоса лингвистикалық ерекшелігіне талдау жасап оқу; тілдік единицалар мен формаларды оқыту, салыстыру, талдау. Бұл оқылым сөйлеуге үйретуден гөрі тілдін лингвистикалық базасын жасауға, оқушының филологиялық білімін тереңдетуге көп септігін тигізеді. [10], -

Таңбалық және мағыналық ерекшеліктеріне қарай оқылымның екі жағы болады:

  • бірі - техникалық,
  • екіншісі -мазмұндық.

Оқылымның мазмұндық ерекшелігі оның басты белгісін танытады. Барлық оқылған текстер, материалдар тек белгілі бір мағынаны білдіріп, ол түсінікті болғанда ғана осы басты қасиетке ие болады.

Оқылымның техникалық жағын құрайтындар дыбыстардың таңбалық комплексін мағынасыз, жаттанды қайталау. Оларға сана мен ойдың қатысы болмай, дыбыстардың өздері әр түрлі единицалардың жиынтығын құрастырса, онда олар техникалық қасиетке ие болады.

Оқылым екі түрлі формада жүзеге асады. Бірі - іштей оқу, екіншісі - дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдыгына қарай тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.

Іштей оқу - берілген материалды не тексті үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана қозғалту арқылы көзбен оқу.

Іштей оқу оқылымның негізгі формасы, қалпы болып саналады. Ол, біріншіден, монологтық сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады. Екіншіден, іштей оқығанда, адам текстен информацияны өзі үшін алады. Үшіншіден, ол информация алудың ең тиімді де төте жолы болып табылады. Төртіншіден, бұл оқушыға түсінетін жүктеменің көлемін кемітеді.

Дауыстап оқу - материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.

Мәтінді дауыстап оқу арнайы мақсаттарға сай жүргізіледі. Дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу қашанда диалогтық сипатқа ие, өйткені бір адам оқиды, екінші адам оны тыңдайды, процесс екі адамның арасында жүреді.

Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды есте сақтауға негіз бола келіп, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып табылады.

Сөйлеуге үйретуде, тілді меңгеруде дауыстап оқу бірінші кезең деп есептелсе, іштей оқып, түсіну одан кейінгі кезең деп танылады.

Тілді үйрену кезінде оқылым процесі жете меңгерілу үшін төмендегідей дағдыларды игеру керек.

Адамның көру қабілетін жетілдіру. Сол үшін көздің жазба единицалармен тікелей байланысын қамтамасыз ету.

Оқылған материалды кедергісіз есту, тыңдау қабілетін жетілдіру.

Оқудың техникасын жан-жақты меңгерту мен қызметін дәл танып білу және жете меңгеру.

Жалпы оқылымға қатысты қалыптар да, дағдылар да мұнымен шектеліп қоймайды, оның ерекшеліктері тіл үйренудің барысында толыса береді.

Сонымен қатар оның мәтінді толық түсініп оқу, жартылай түсініп оқу, интенсивті және әкстенсивті оқу, сөздікпен және сөздіксіз оқу, күрделі және жеңіл оқу т. б. деген сияқты түрлері де бар. Мүның өзі оқылымның күрделі сөйлесім әрекеті екендігін көрсете келіп, әлі де уақыт елегінен өтіп, жан-жақты қарастырылуға тиіс мәселе екенін дәлелдейді.

Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану

• Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым,

тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде

қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға

түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс.

•Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың

кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен

немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар

миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар,

сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.

• Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс

таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген

қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі

болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.

• Оқылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын Сатылай кешенді оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы қарым - қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Шығармашылық ойлау дағдысы
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Әліппе кезеңі
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz