ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ»

«Домбыра»

Дипломдық жұмыс

Қ. Ахмедияровтың өмірі және шығармашылығы

Орындаған: Курметбекулы Б

Ғылыми жетекшісі: Философия докторы (PhD) Тапенов Д. Т.

Астана, 2023

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І БӨЛІМ. ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ ӨМІРЛІК ЖОЛЫ

1. 1 Өмірбаяны . . . 4

1. 2 Орындаушылық және ұстаздық жолы . . . 6

ІІ БӨЛІМ. ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

2. 1 Композиторлық шығармашылығы . . . 9

2. 2 «Жас талап» күйінің талдауы . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

Кіріспе

Дипломдықтың жұмыстың өзектілігі.

Ахмедиярұлы Қаршыға - қазақ халқының өте құнды, сан - салалы, күмбірлі, байлығы іспеттес қасиетті күй жанрының дарынды, ерен дарасы. Қаршыға Ахмедиярұлы - Махамбет, Исатай, Құрманғазы, Шернияз, Дина дүлдүл тудырған қасиетті мекен, киелі орда Батыс өңірінің тумасы. «Тартпай қоймас негізге» деп дана халқымыз осындай киелі мекеннен өсіп өнген тұлға бейнесі ерекше болуы да заңдылық. Олай деуге себеп әкесінің төл өнеріміз құсбегілік кәсібін жанына серік етіп, балаларының есімін де аталған кәсіппен ырымдағаны бекер емес.

Қаршыға Ахмедиярұлы - асқан өнер иесі. Олай деуге себеп ғасыр жасап келе жатқани күй өнері жалғаструшы, дәріптеуші, түрлендіруші. Оның қалдырған асыл мұрасы келер ұрпаққа үлкен қайталанбас мектеп. Өнерді айшықтау тәсілінде «құмайқұлақ» (ауызша тарау, қолдан қолға өту) мектебінің орыны ерекше. Осы мектепті жалғастырушы көпір деп айтуға тұрарлық тұлға.

Қаршыға Ахмедияров тек орындаушы емес, композиторлық қолтаңбасы бар, өзіндік феномені бар табиғи талант иесі.

Қаршыға Ахмедияровтың өмірінен және жасаған еңбектерінен қазіргі таңдағы орындаушыларға жеткізу өзектлік болып табылды.

Зерттеу нысаны: Қаршыға Ахмедияровтың орындау және шығармашылық ерекшелігін баяндау.

Зерттеу пәні: Қаршыға Ахмедияровтың орындаушылық және композиторлық шығармашылығы.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қаршыға Ахмедияровтың орындаушылық және композиторлық шығармашылығының ерекшеліктерін көрсету.

Зерттеу міндеттер:

  • Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылығындағы даму кезеңдерін анықтау;
  • Қ. Ахмедияров орындаушылық шеберлігін көрсету;
  • Қ. Ахмедияровтың күйіне талдау жасау

Зерттеудің әдістемелік негіздері: Зерттеу барысында орындаушылық талдау, тарихи - хронологиялық және салыстырмалы - теориялық әдістемелері қолданылады.

Зерттеу әдістері: Анализ, синтез, сұрау

І БӨЛІМ. ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ

ӨМІРЛІК ЖОЛЫ

  1. Өмірбаяны

Қазақ елі - дарынды тұлғалардың мекені. Сан ғасырлар бойы күй саңылақтарымен мен жезтаңдай әншілер керуені жалғасуда. Нақты дәлелі - Қаршаға Ахмедиярұлы. 1946 жылы жиырма бесінші наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында туды[1, 4] . Ананы аңсаған үш жасар Қаршығаның қолында ағасы Қырғи жасаған домбырасы мұңдасы болды. Араға жылдар салып киелі қара домбыраны жанына серік етіп кәсіби маман болып қалыптасты. Ол аспабын алып шерткен уақытта тіршілік иесінің өзі сезінетін.

Әкесі Ахмедияр Тайсері өз тұрғылықты жерінде есімі мәлім күйші, әрі аңшы болған екен. Аң құс аулап қиын қыстау кезде бүкіл ауылға қамқор болған екен. Қаршыға Ахмедияровтың әкесі ұлдарының есімін атакәсіппен байланыстырып Бүркіт, Қырғи, Алғи, Тұрымтай және кенжесінің есімін де Қаршыға деп атауын да бір ерекешелік ба екені аңғарылады. Атадан берілген күйшілік өнер әкесінде де болған сонымен бірге сауықшыл адам болған. Ол жұрттан тыс домбыра шертіп, аңшылық пен күйшілікті қатар алып жас Қаршығаның бойындағы талантының шыңдалуына себепкер болған[2]

Аяулы анасы Дәмештен үш жасынан қалып, жарым жан көңілін екі шекті, тоғыз перне ғана жұбаныш бола алатын. Жасынан домбыраның үнімен өзінің бойындағы сағыныш сазын ыңылдайтын. Осы көріністі көзімен көрген әкесінің бауыры Үмбетәлі қария балаға ағаштан қоңыр домбыра шауып берген екен. Осы сәттен бастап қоңыр домбыра оның жан дауасы, жан серігі бола білді. Олай деуге себеп аспаптың үні анаға деген сағынышқа толы көңілді басатын еді[2] .

Танымал ақын Бала Ораздан бастап небір дүлдүл орындаушылар мен жезтаңдай әншілер, таңға дейін жырлайтын жыршыларды құлағымен тыңдап көзімен көрген жас өрен көкейіне тоқып өсті. Оң солын білмей жатып ағасы Қырғыйдың шаттана орындайтын Құрманғазы бабаның «Кісен ашқанын», «Адай» күйлерін өз бетінше қажетті деңгейде орындап үйренген екен. Қоңыр домбырада ырқына көне кеткен екен[2] .

Жасынан күйшіліктен бөлек әншілік өнергеде жаны жақын болған. Ән құдіретіне ерекше әуестігі болған ол жетінші сыныпқа дейін ән салған. Қазақтың жезтаңдай әншісі Ғ. Құрманғалиевтың орындайтын әндерді жатқа айтқан ол ауыл тойының көркі болған деп ауылдастары естелік айтады өнер десе ішкен асын жерге қойған Қаршыға талай жарыстарда жүлденің алдын бермеген жүйрік болғанын әркім біле де қоймас. Әкеден берілген қолөнерден де кенде емес еді [2] .

Дәулескер күйшінің өнер жолының ақ таңдағы Таңдай ауылының орта мектебіндегі көркем өнерпаздар ұйымнан бастау алды. Ол кездегі ұйымның басқарушысы жан-жақты жан физика пәнінің мұғалімі Қатимолла Резуанов болды. Жас талантты шыңдап, өсіріп, сол төңіректегі әнші, күйшілермен таныстырып, ұйымдастырылған обылыстық байқауға қатыстарған да тап осы адам болды[2] .

Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласындағы музыкалық учелищиенің ұстазы Рыспай Ғабдиевке бала күйшіні ертіп апарып сынап көргізген екен. Өнерпаздың талабына сүйсінген Р. Ғабдиев бірден оқуға түсуге кеңес береді. Өкіншке орай домбыра класына қабылдау мерзімі өтіп кеткендіктен оны хорды дирижерлау сыныбына түседі, денсаулығына байланысты аяқсыз қалады. Ағаларының ізін жалғаймын деп Ахмедияров малдәрігері мамандығына машықтанып жүрген уақытында, ағасы Алғи оның икемін байқап өнер жолын қайта қолға ұсынады. Белгілі сыбызғышы, домбырашы Нұрахмет Жорабеков жас күйшінің аяқ алысын бірден танып, сол уақыттағы академиялық Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері көркемдік жетекшісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, КСРО халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевқа тыңдалымға келеді. 1965 жылдан бастап Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы домбыра мамандығы бойынша дайындық курсында тәлім алып, үлкен өнер жолына аяқ басады. Бала күнінен күй өнерінің қыры мен сырына қаныққан талант иесі, осы жылдар ішінде - ақ Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне Ш. Қажығалиевтың шақыртуымен келіп, өз өнерін көрсете бастайды. Бұл танымал ұжымның құрамында жүріп, жеке орындаушы ретінде де қалыптасып, танымал бола бастайды. Осы аралықта жеке өмірінде де қуанышты сәттер болғандығын өнер иесі төмендегідей естелікті айтады: «Екеуміз де бір өңірдің тумасымыз түрлі бас қосуларда, отырыстарда жүздесіп жүрдік. Осылайшы жүріп таныстық, жүздесу бұдан әрі махаббат сезіміне ұласты. Құдай бұйырып, Нұрбике 1970 жылы үйімнің босағасын атған еді. Әкем Ахмедияр жетпіс бес жаста болатын. Әкем «үйлен де, үйлен» деумен болды. Осы кезеңдерде консерваторияның соңғы курсында едім, ал жұбайым мединститутта төртінші курста тәлім алып жүрді. Содан, екеміз шаңырақ көтердік. Бүгінде одан нардай екі ұлым, екі қылықты немерем, қызғалдағым қызым бар», - дейді[3] .

Музыкалық білімімді жетілдірсем мақсатында консерваторияда жүріп халық әртісі Қали Жантілеуов, Құбыш Мұхитов, Уали Бекеновтардың алдын көрді. 1972 жылды тәмамдап, 1986 - 1988 Мәскеу қаласындағы дирижерлық мамандықтың жоғарғы курсында білім алады.

Қ. Ахмедиярұлы Құрманғазы атындағы оркестрде жиырма бес жыл шамасында қызмет жасаған. Домбырашы, дирижер, концертмейстр, көркемдік кеңестің мүшесі болды. Осы жылдары аралығында Шәмшидин Шәріпов, Рүстембек Омаров, Самиғолла Андарбаев, Бахтияр Құбайжанов, Гүлмира Ержанова секілді аға буын өкілдерінен тағылым алып, талай белестерді бағындырады. Оркестрдің құрамында және жеке орындаушы болып қазақтың төл өнерін жер жүзіне паш етеді. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы мен шебер орындаушы Дина Нұрпейісованы туғызған киелі топырақтан шыққан өнер иесіне сонау мұхит асқан елдер, Жапония, АҚШ, Франция, Швеция, Куба, Италия, Үндістан, Финляндия, Норвегия, Португалия, Польша, Венгрия, Чехия, Ймен, Ан-гола және тағыда басқа халықтардың қошеметіне бөленеді. Айтулы музыка сыншылары оның дарынына өте жоғары пікір білдірген [3] .

1. 2 Орындаушылық және ұстаздың жолы.

Қазақтың байтақ дариядай жерінен киелі қара домбырадан төгілген күй орындаушыларын кенде қылмаған. Күйдің пірі Құрманғазы, Дәулеткерей бабаны, Күй анасы Динаны, жаны ұшырған Махамбетті, Маңғыстаудың Абылы, Мұраты, Құлшары, Есірі, Өскенбайы, Сарыарқаның сары даласынан Тәттімбетті, Ақжелең атасы атанған Қазанғапты, есті күй қалдырған Есбайды, Атыраудан Маңғыстау асып «Бозашыны» боздатқан Ерғалиды, Шығыстан Сүгірді, кейінгі көзіміз көрген Төлегенді, Нұрғисаны, Мағауияны орындаушылық пен сазгерліктің төл емген асылдарымызды мақтаныш тұтпайтын, қазақ жоқ шығар, сірә . . . [4, 5]

Күйшіліктегі шығар биік асу - сан - салалы дәстүрлі шығармашылық пен теңдесіз орындаушылықтың үшінші мыңжылдыққа жетуі және ғасыр жасасуы арқылы өміршеңдікпен жаңа кезеңге өткенін байқаймыз. Қ. Ахмедировтың орындаушылық қарым - қабілетінің ерекше танылуының белгісі. Біріншіден, ананың ақ сүтімен берілген күш. Екіншіден, киелі топырақ және тектіліктен.

Қ. Ахмедиярұлының құлашын кеңге салып орындаушылық биігінің шыңына шығуы алдыңғы буын ата - бабасының рухын бойына сіңіріп құймақұлақтық дарынында деп айтуға негіз бар. Сонымен А. Жұбановтың жазған пікірінше О. Қабиғожин, Қ. Жантілеуов, М. Бөкейханов, Л. Мұхитов, Н. Бөкейхонов, М. Сүлейменов, М. Омаровтан жолына түсіп, соңдарына ере білгендігі, олардың шапағатын бойына ала білгендігі осыншама аға - буынның шығармаларын үнтаспадан емес, домбыра пернесіне айнытпай өз қолтаңбасымен салуы Қаршығаның деңгейінің, орындаушылық шеберлігінің шыңына биігіне жеткендігін білдіреді [4, 8] .

Қ. Ахмедиярұлының күй қоржынында халық сазгерлерінің, кәсіби сазгерлердің, шетел сазгерлерінің шығармаларын өңдеп бүгінде түрлі шығармашылық кештерде өзіндік бағасын алып жүр. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің өсіп жетілуіне, кәсіби тұрғыда қалыптасыуна хас шебердің еңбегі ерен. Дарабоз күйшінің жаны киелі қара домбырамен егіз бе дерсің. Бар бойындағы болмысынан ұлттық құндылыққа адалдық, оның өмірлік ұстанымына айналғанын көреміз.

Тәуелсіз елдің ұлылығын ұлағаттаған таланттардың ортасынан алаш елі Қаршығасының шығармасын ыждахаттықпен тыңдап, өресі биік, аса талантты ұлын ұлықтады. «Қазақтың Қаршығасы», «Дарабоз», «Қазақтың Қаршығасы», «Тірі Құрманғазы», «Дәулескер күйші», «Ғасыр күйші» деген елінің құшақ жая қарсы алған жалынды ықласын айшықтаған теңеулер. Бұл халқының мақтауына күйшіде, бар күш жігермен, болмысымен қасиетті қара домбыраның бойынан туған күй өнерін бағалап өтті. Ол қай өңірдің күйін орындасада сол өңірде туғандай жан тәнімен шынайы жеткізетін еді. Орындаушылардың ерекшеліктерін шолғанда Қ. Ахмедиярұлының күй қоржынына теңеу болмайтынды.

Жоғарыда айтылғандай тек Батыс күйшілің мектеппен шектелмей Арқа лирикалық күй мектебінің шебер орындаушы болғандығын көреміз. Олай деуге себеп Әбікен Хасенов «Қоңыр» халқына орындап тыңдатқан Қ. Ахмедиярұлы болатын. «Қоңыр» күйінің терең филосияфиясы осы орындауда шетел тыңдармандарының елең еткізбей қоймады. Күйші қолынан өткен осыншама құнды рухани мұра «Күй табақ», «Үн-бейнетаспа», теледидар, радио қорында сақтаулы(1973 жылдан бері) . Асқан орындаушылықтағы шеберлігімен рухани мол мұра қалдырған жалғыз дарын иесі. 14СД дисктан тұратын жинағын консерватория радио кешінінде және орындалмаған күйлерін хронологиялық жүйемен мазмұндап техниканың көмегімен мұрағатта сақтап қалуға мүмкіндік болды. (желілер арқылы пайдалануға болады) Белгілі скрипка аспабын орындаушысы қызы Раушан Ахмедиярова Америкадан аталған үнтаспаларды шығарып, әкесінің мұрасын күйсүйер қауымға ұсынды[4, 3] . Каршыға Ахмедияров Қытайдағы Қазақ радиосына барып 54 күйді жаздырады. Олар «Алтын қорға» сақталған. Осының бәрі Каршыға Ахмедиярұлының өмірді бар жүрегімен сүйе білген өжеттігі, жеңісі деп тану керек.

Халыққының азаматы болған Қ. Ахмедиярұлы алдымен үлкен жүректі ұстаз. 1974 жылдан бастап Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында педогогикалық жолда болды. 1994 жылдан бері профессор, 1996 жылдан домбыра кафедрасының меңгерушілігінің тізгінін Шәкірттері күйшілік өнердің алға басуына айтулы өз үлестерін қосып жүрген өнер майталмандары Мәселен, А. Шағдатов, Ғ. Ахмедияров, А. Батырхайырова, С. Ерғалиева, С. Құдайбергонова, А. Үлкенбаева Б. Игілік, А. Сақыпова, Б. Абенов дарабоз күйшіден сабақ алып шәкірт болу бақыты бұйырған. Ассиесентура - стажировка курсын шыңдаған: С. Садықов, А. Ахатов. Ұстаз өзінің шәкірттеріне аспапты дұрыс ұстап, пернені дұрыс басуды ғана үйретіп қоймай, шәкірттерге Кетбуға, Асан қайғы, Құрманғазы, Байжұма, Тәттімбет, Есір, Дина, Қазанғап тағыда басқа ұлылардың мектебін тереңдетіп саналарына тоқыта білгендігімен ерекшеленеді[4, 8] .

Қ. Ахмедияров жайында А. Тұрымбетова ғылыми - әдістемелік журналға берілген мақаласында мынадай естелік айтады: «Фортепианоға лайықталған шығармаларды орындай білу қажеттігін үнемі ескертіп отыратын. Консерваторияның білім беру талаптарына сай ноталық сауатпен бірге, құйма - құлақ әдісінің пайдалы тұстарын да айтатын. Ұстаз орындау шеберлігінің әдіс - тәсілдерін өз орындауындағы шығармаларда көрсетіп, сонымен бірге шығарманың шығу тарихын баяндап, әр өңірге тән қалыптасқан дәстүрге сай ерекшелігімен орындауды қалайтын еді. Әсте, үлкен дарын иесі шәкірттеріне біліммен бірге, өмірге де жол сілтеген тұлға еді . . . » [5]

Өнердегі замандасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор А. Жайымов: «Қаршыға күйшілік өнеріндегі бойына біткен қасиетін, болмысын тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып ғана қоймай адам қиялының ұшқырлығын көрсете білгенімен тәнті етеді. Күйшінің бойындағы таланттқа өзге бір өнер иесінің өресі жетіп, қайталанар ма екен деген ой келеді. Қаршыға күйді әр шығарманы өзіндік тарихымен, болмысымен дәл дөп басып таныта білетін ірі қаламгер. Ол күйлерін болмыс бітімін өз бойынан өткізіп, шығарманың табиғатына жүрегінен орын бергеннен кейін ғана тыңдаушысына ұсынып, тыңдатқан. Кемеліне келмеген, көңіліне жатпаған іске әсте бармады . . . »[6, 9] .

Ал, дирижерлік қыры жайында «Сан түрлі алуан дыбыстар оркестр үндестігінде Ахмедиярұлынан тыс қалып көрмеген» деп өз пікірін білдіреді [6, 9] .

1980 жылы Олжас Сүлейменовтың басшылығымен елден өнер майталмандары Америка құрама штаттарында болған еді. Тап осы сапардан соң Қ. Ахмедировқа Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы табысталған болатын. Ахмедиярұлы ұлт тарихында аталған құрметті сыйлықты алғаш домбыра құлағына байлаған болды. Іле Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, «Парасат» орденінің иегері мәртебесін алды. Бұл үлкен өнер иесінің құлашын кеңге жайып, асқан белестерді бағындыратын, асқар - асқар асуларды енді өтетін кезде тағдырдың ағы мен қарасы қатар жүретін көлеңкелі тұстарына кездеспейде қалған жоқ. Жүйріктің шаңына тұншыққан әлдекімдер пендешілікке салғандары да белігілі. Жылдар салып денсаулығында да ақау пайда бола бастады. Емдеуші дәрігерінің ескетурін естігенде күйші болашақты болжауға да болмайтынын сезеді. Осы тұста туып өскен, кіндік қаны тамған туған елі, атырабы қолдау білдірді. Осыны көрген өнер иесі өз ризашылығын ауызбен айтып, сөзбен жеткізе алмағын сезімін қоңыр домбырасының тіліне тапсырады. Қоңыр домбыраның үні «Арпалыс» күйін өмір мен өлім арасынағы шынайы арпалысты халқына жеткізді.

ІІ ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

2. 1 Композиторлық шығармашылығы

Қ. Ахмедиярұлының шығарамшылығын төрт бағытқа бағытталған: орындаушылы, күй шығармалышығы, ұстазыдығы, зерттеушілігі. Күйші бабалар жолын зерттеумен, ізденімен қажырлы еңбек жасаудың арқасында жетті. Сонымен атадан келген күй өнерінің тәрбиесі, оның формасы тақырыбы, әдіс - тәсілдерін бір - бірімен үндестікте дәл жасады.

Нақтырақ келсек ғылыми ізденіс жолындағы үлкен еңбегі. Ғылыми жолда академик А. Жұбановтың сара жолында да жасаған еңбегі орасан. Қазақ халқының аталы сөзі «ат тұяғын тай басар» дегені ұғымға дөп түсті.

Махамбет «Шашақты найза - шалқар күй», Құрманғазы «Сары арқа», Дина «Әсемқоңыр», Дәулеткерей «Жігер» ғылыми жинақтары бар[6, 10] .

Қ. Ахмедиярұлының зертеу төл туындыларын жарық уақыты мен күйдің қысқаша аңдатпасымен жинақталған төмендегідей кестені ұсынамын.

Жинақтың атауы
Жарық көрген жылы
Қысқаша аңдатпа
Жинақтың атауы: Махамбет. Шашақты найза - шалқар күй
Жарық көрген жылы: 1982 жыл
Қысқаша аңдатпа: Бұл жалынды жырлың уыты күйіне де дарынды Махамбет баба шығармашылығының жинағы. Бірде өнер зерттеушісі М. Ысмағұлов ҚАхмедиярұлына академик А. Жұбанов талантты күйші О. Сүйімбековтен Махамбет күйлерін жазып алғанын, өзінде де үн таспа және деректер бар екенін айтып, осы істі қолға алуын сұрап қолқа салған. Айтқанындай бәрі табылып: тарих ғылымының кандитаты Н. Көшекбаев(өнер зертетуші), М. Ысмағұловтар еңбектегі нәтижесінде Махамбет бабамыздың тағы бір дара қасиеті - күйшілігі барша жұртқа аян болды[7] .
Жинақтың атауы: Әсем қоңыр
Жарық көрген жылы: 1991 ж. 1-ші басылымы, 1997 ж. 2-ші басылымы
Қысқаша аңдатпа: Дина шешей күйлерінің жинағы. Қ. Ахмедиярұлы еш уақытта ізденуден жалыққан емес. Өнерін ұштау мақсатында 1968-88 жылдар аралығында Мәскеу қаласында жоғары дирижерлық курста білімін жетілдірді. Ол кезде де күйдің жоқшысы қызметін болу қызметін ешбір тоқтатқан емес. Осындағы мұрағаттан Динаның орындауындағы өзінің барлық (Байжұма, Домалатпай, Кербез) күйін, басқа да халық сазгерлерінің күйлерін тауып дыбыс жазу қоырмен келісіп бәрін үнтаспаға түсерген. Осылайша осы еңбегі жарық көреді. Дина Нұрпейісова күйлері күнделікті қажеттілікке айналады[8] .
Жинақтың атауы: Құрманғазы Сарыарқа
Жарық көрген жылы: 1995 жыл
Қысқаша аңдатпа:

Бұл еңбекте Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаяндық толық дерек пен шығармашылығын терең талдау академик А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» мен «Құрманғазы» атты жинақта жан-жақты қамтылған. Кітапқа күйлердің бірінеше нұсқалары көрсетілген.

Дәстүр мектебін бүгінгі шәкірт күйшілер осы жинақтан оқып үйренуде [9] .

Жинақтың атауы: Жігер
Жарық көрген жылы: 1996 жыл
Қысқаша аңдатпа: Дәулеткерей күйлерінің жинағы. Күй Бапасы Дәулеткерей шығармашылығын қақында А. В. Затаевич, П. В. Аравин, А. Қ. Жұбанов өндіріп еңбек сіңірген болатын. Осы тұлғалардың жалғасы ретінде біздің күнделіңті күйлерімізді Қ. Ахмедияров осы жинақты жарыққа шығарды. Дәулеткерей - күй өнеріндегі лирикалық, философиялық, дәстүрдің қолбасшысы, оның күйлері жүрек түбін бойлайтын, сүйікті, нәзік келеді[10] .
Жинақтың атауы: Шынар
Жарық көрген жылы: 1999
Қысқаша аңдатпа: Н. Назарбаев ұрапқтар бірлігі мен сабақтастағы жылында «Шынар» жарық көрді. Ата дәстүрден қалған - күйшілік пен күй шығарушылықты шынар шыңнан түсірмей келе жатқан ұрпақтың ұлағатты өкілі бола білді. Өнер танушы, күйші К. Сахарбаева Қ. Ахмедияровтың шығармашылық еңбегін жан-жақты зерделеген. Жинақ барлық күй құмар қауымға арнайы жазылған[11] .
Жинақтың атауы: Табыну
Жарық көрген жылы: 2000
Қысқаша аңдатпа: Жинаққа сазгер Қ. Ахмедияровтың кейінгі уақытта шығарылған шығармалары және күйқоржынындағы халық сазгерлерінің күйлері сақталған. Сонмен бірге орындаушылық сазгерлігі, өнері, ұстазы, зерттеу жұмыстары, өмір деректері енгізілген. [4]
Жинақтың атауы: Күй ұран
Жарық көрген жылы: 2001 жыл
Қысқаша аңдатпа: Жинаққа белгілі күйші, композитор, Қ. Ахмедияровтың 62 төл туындысы енгізілген. Бұл күйлер - тек қана Қазақстан емес, бүкіл сахналарында орындалып, тыңдарман жүрегінен қауышып, небір шебер домбырашылар репетуарына енген, сайыстар бағадарламасынан міндетті түрде орын алатын шоқтығы биік туындылар [6] .
Жинақтың атауы: Күйші Қали
Жарық көрген жылы: 2001
Қысқаша аңдатпа: Жинақ ұлы күйші Қали Жантілеуовтың 100 жылдығына арналған. Жинақта күйшінің орындаған шығармалары қамтылды. Жинақ өнертанушыларға, студенттерге, оқушыларға, жалпы өнер сүйер қауымға арнай жазылған. [13]
Жинақтың атауы: Толғау
Жарық көрген жылы: 2014 жыл
Қысқаша аңдатпа: Жинақта белгілі күйші, композитор Қ. Ахмедияровтың қырық алты төл туындылары алғаш рет жарық көрді. Оқулық барша күй сүйер қауымға, музыкалық мектеп, колледж және шығармашылық жоғары оқу орындарынының оқытушыларына мен стундеттеріне арналған[1] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаршыға Ахмедиярұлы – тарлан талант
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері
Махамбеттің күй мәдениеті
Халық музыкасы
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Орал өңіріндегі қазақ фольклоры
Сүгір (шалқыма), (наз қоңыр), (аққу), (қаратау шертпесі) күйлеріне талдау жасау
Қазақ тілі сөздіктері
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz