Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқуға үйретудің әдістемесі мен мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТІ

Ержігітқызы Сандуғаш

“Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып және шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру”(Қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Ақтөбе, 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

«Курстық жұмыс қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Бахтиярова Г. Р.

«__» 2023 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып және шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру»

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындады: Ержігітқызы С

Ғылыми жетекшісі

оқытушы, магистр: Изтлеуова С. Ш.

Ақтөбе, 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 3

1. Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып және шапшаң оқу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып оқу қабілеттерін қалыптастыру. . 7

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқу дағдысын үйрету технологиясы. . 12

Бірінші тарау бойынша қорытынды. . 14

2. Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқуға үйретудің әдістемесі мен мүмкіндіктері

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу кезеңіндегі жылдамдықты арттырудың әдіс-тәсілдері. 15

2. 2. Оқушылардың байланыстыра және шапшаң оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау және жою жолдары. . 21

Екінші тарау бойынша қорытынды. . 24

Жалпы қорытынды, әдістемелік ұсыныстар. . 25

Пайдаланылған әдебиеттер27

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқушы үлгерімінің негізгі факторының бірі -жылдамдыққа оқу. Мәтінді әрі тез, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу - үлкен еңбектің жемісі болып табылады. Психологтардың пікіріне сүйенсек оқушы үлгеріміне 200-ден артық әртүрлі жағдайлар әсер етеді екен. Осы жағдайлардың ішінде ең жоғары орын алатыны балалардың оқу жылдамдығы болып шыққан.

Бастауыш сыныпты бітіруші оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеруі тиіс деп ойлайтынмын. Менің іс-тәжірбиемнің нәтижесінде бастауыш сыныпты үш жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игеретіндігін түсіндім. Танымал психолог Т. Г. Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және шапшаң оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді деп есептейді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады деп есептейді.

Оқушы үлгеріміне әр түрлі факторлар әсер ететіні анық. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу шапшаңдығы. Егер оқушы нашар күйде оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендеп, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды дегенді білдіреді көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы үдеген сайын, есте сақтау қабілеті, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түсетіні анық. Кез-келген мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу-үлкен еңбектің жемісі саналады. Оқушы үлгерімінің негізгі факторы-оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алып отырмын. Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек пе, әлде шапшаң оқу керек пе? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы саналады? Қарапайым өмірде де адамдар тақырыпты асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Шындығында тез оқу деген тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты. Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміз - тез оқи алатын, әртүрлі ақпаратты тез игере алатын адам деген сөз.

Бұрынғы өткен ұлы данышпан ата-бабаларымыздың көбісі тез оқу әдісін терең меңгеріп, өз заманының озығы болған деседі. Асықпай оқитын адамға қарағанда, әр түрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысы өте белсенді күшті дамитынын және де қарапайым өмірде де осы белсенділігінің арқасында көптеген жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.

Көркем шығармалардың негізгі ой тірегін анықтап болмайынша, мәнерлеп тыңдау, кейде жақсы мәнерлеп оқылған мен нашар оқылған мәтінді қатар жазудың да, алып салыстырудың пайдасы бар. Әңгімелер, ертегілер, мысалдарды рөлге бөліп оқытқанда балалар қызығып оқитыны анық. Сыныптан тыс оқудың түрі мен әдістері әр түрлі. Бірде кітапты оқып талдау, бірде бірігіп кітап оқу, өздері ұнаған үзінділерін оқыту, бірде ойын, бірде инсценировка - ертеңгілік түрінде болып кездеседі.
Оқушылар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай, ақырында мәтіннің тұтас мазмұнын түсінбей қалып жатады. Оқуға және жазуға үйретудің бірінші кезеңінде, балалар әлі әріптерді нашар айыратын және оларды бір-бірімен қосып оқуы қиын кезде ғана жай оқыттыру керек екенін ескерген жөн. Бірақ та барған сайын оқушылардың оқу шапшаңдығы арта түсіп, бірте-бірте сауатты оқуға жақындату керек. Дегенмен, балаларды шапшаң оқуға дағдыландыра отырып қоймай, белгілі шамадан тыс кетпеу керек екенін ұмытпаған жөн. Ғалым Ушинский мәтін мағынасын түсінбей, құр сыдыртып оқуға қарсы болған деседі. Ол бұл жөнінде: «Оқу шапшаңдығы түсіну шапшаңдығымен бірге қатар дамуы керек». «Егер оқушының түсінуінен гөрі оқуы шапшаңдау болса, ол баланың түсінбей оқығаны белгілі. Баланың түсінігі арта түссе, ол өзінен өзі-ақ жылдам оқи бастайды, сондықтан оқытудың алғашқы кезінде шапшаң оқудың қажеті жоқ, тіпті ол зиян келтіреді»- деп есептейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып және шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Зерттеу нысаны: -балалардың оқу дағдысын қалыптастыру

-ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;

-шығармашылық тұрғыдан қабілетін дамыту;

-көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру

Нәтижесінде үнемі жүргізілген қосымша жұмыстардың арқасында оқушылардың оқуға қызығушылығы аз оқу шапшаңдығы талаптан төмен оқушылар қатары азая түседі Оны кезекті оқу жылдамдығын тексеру барысында тексерушінің жасаған маниторингісінен 3 «Б» сыныбының оқу жылдамдығы айтарлықтай өскендігін көруге болады.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білім беру процестің дамымалы мүмкіндігінен елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғасының дамуының ерекшелігі оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды. Жалпы оқу орындарының бір саласы - оқу техникасы болып саналады. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша баланың әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізуі мүмкін емес. Қорыта айтқанда, оқушыны түсініп, мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландырған сайын оқытудың да мәні арта түсетіні анық.

Зерттеу пәні: Қазақ тілі пәні

Зерттеу болжамы: Егер, оқушыларға сабақ барысында түрлі әдістерді қолданса жылдамдыққа оқу белсенділігі күшейіп, білім сапасы артады

Зерттеу міндеттері: 1. Ғылыми әдебиетті зерделеу
2. Бастауыш сынып сатысындағы оқу техникасын жақсартудың басты жәрдемшісі - тіл болып саналады. Тілдің негізгі элементі - сөздік қор екендігін анықтау және сипаттау.
3. Оқушылардың оқу жылдамдықтарындағы қиындықтары мен кедергілерді анықтау мақсатында әр апта сайын даму деңгейін тексеру.

Әдіснамалық және теориялық негіздері: Оқу процесін зерттей отырып, оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың еңбектері зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін түрлі қиындықтар мен кедергілер анықталады.

Мәселенің деректер көзі:

- сөздің балалардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескеру;
- үйретілген сөздердің сапасы мен жеңілділігін;
- бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасы сай келуін;
- сөздерді оқытылатын тақырыппен байланысты таңдап алу;
- сөздердің мағынасындағы ерекшеліктерін ескеру;
- сөздердің тәрбиелік, ізгілік ұғымдарына сәйкестілігін есепке алу және т. с. с.

Зерттеу әдістері: Теориялық зерттеу

Ғылыми жаңашылдығы: Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, тез оқуға дағдыландыру.

Практикалық базасы: “ №51 мектеп гимназиясы ”

Күтілетін нәтижелер: Оқу процесін зерттеу барысындағы бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың сүзбелі еңбектері зерделенеді. В. Н. Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесі толық зерттеледі. Оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады. Жобаның теориялық негізі оқу шапшаңдығын жетілдіруде авторлардың бipi (И, В. Федоренко) алдыңғы орынға баланың оперативті жады мен зейінін шығарса, eкіншici- ерекше жаттығу жүйесі мен оларды бірнеше дүркін қайталауды ( В. Н. Зайцев), үшіншici - ақпараттағы құндылықтық тәсілді (А. М. Кушнир ) , төртіншісі- оқу дағдысының түрлі сапаларын есепке алу ерекшелігі ( М. И. Оморокова) шығарады.

1. Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып және шапшаң оқу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып оқу қабілеттерін қалыптастыру

В. Н. Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесі туралы 8 резерв

Бастауыш сатыдағы оқу техникасы жақсартудың кеңінен тараған технологиясы В. Н. Зайцевтің "Резервы обучения чтению" жүйесі саналады. Аталған жүйе шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін құрайды.

1. Дайындық жаттығуының ұзақтығы емес, жиілігі маңызды. Оқушыларға қандай-да бip біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бip уақыт аралығында, олармен күнде - күнде көлемі шағын жаттығу жүргізу қажет. Біздер күнделікті өмірде мынадай жәйттерді жиі-жиі естиміз: «Осы ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға бармайсың . . . ». Оқушының - оқу шапшаңдығының төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді. Сондықтан үйдегі дайындықтар әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен ғана аяқталады. Бір - екі сағаттан соң тағы да 5 минуттан оқиды. Ұйықтайтын кезеңінде тағы бip рет оқиды. Бұндай дайындық деңгейі біp отырғанда 6ip жарым-екі сағаттан оқуға қарағанда әлдеқайда тиімді саналады.

2. Ызыңдай оқу. Бұл кезеңде барлық оқушы бip мезгілде, бір-біріне бөгет жасамас үшін жартылай ғана дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, 6ipeyлepi тез оқитын болса, енді 6ipi баяу оқиды. Ызыңдай оқуды сабақтың кез келген кезеңінде жүргізе беруге болады. Математика сабағында есептің немесе кейбір тапсырманың мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түpiн пайдалану өте тиімді есептелінеді.

3. Кез келген сабақтағы бес минуттық оқу. Егер ұстаздың үлесінде үш-төрт оқу сабағы болса, онда бір аптада 27 оқушының әрқайсысы 6ip-екі peт оқу мүмкіндігіне ие бола алады. Ал кез келген әр сабақ сайын (қазақ тілі, математика, дүние тану т. б. ) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алатыны анық.

4. Ұйықтар алдында оқу. Ұйықтар алдында оқу өте жақсы нәтиже береді. Өйткені, күннің соңғы cәттepi оқушының (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады, сегіз caғaт ұйқының барысында адам coл cәттің әсерінде болады. Бұдан 200 жыл бұрындары "Студент, науками живущий, учи псалтырь на сон грядущий, то есть учи так, чтобы это 6ылo последним событием дня", -деген екен.

5. Үзінділер арқылы оқу. Егер оқушы оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда оқушыға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керектігін ескерген жөн. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғастырады. Оқудың бұл түрі ата-aнaлapғa кеңес ретінде де беруге болады.

6. Көру диктанттарын жаздырту арқылы оқу. Оқу техникасының деңгейі көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіндігі анықталған. Ол калайша жүзеге асады? Мысалы, бала 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқиды. Үшінші-төртінші сөздерді оқуға келгенде бала алғашқы бipiншi сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен бала сөйлемнің мағынасын түсіне алмайды. Осы жағдайда баланың оперативті жадын жаттықтыру керек. Танымал профессор И. Т. Федоренко жасаған көру құжаттарының көмегімен жүзеге асырылады . Әp6ip оқушы 18 жинаққа 6 сөйлемнен енгізілген. Жұмыстардың жүргізілу тәртібі: Taқтaғa 6 сөйлемнен тұратын бipiнші жинақ ілінеді. (Әрине алдын ала) Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде, бірінші сөйлемді ашамыз. Оқушы сөйлемді оқып еске сақтайды. Берілген уақыт көлемінде аяқталысымен мұғалім тақтадағы жазуды өшіреді. Балалар дәптерлеріне есіне сақтағанын жазады. Осылай келесі сейлемдер ашылып отырады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар ой түкбіріне сактай алмай не істерін білмей қалады. Мұндай жағдайда оқушыға «әзірше парталасыңнан көшіріп жазып ал», «келесі сөйлемді өзіңнің eciңe сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Бастапқы кезде 6ip жинақты үш күн, үш рет қайталатып жаздыруға болады. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Бұл жұмыстың ерекшелігі 6ipiншi жинақта әpin саны 8-10, сөз саны 2-5 болса, 18-ші жинақта бала 46 әріптен тұратын, 7-10 сөздерден тұратын сөйлемді алғашкы жинақтағы көрсетлім уақытындай мезгілде есте сақтап, жазуға дағдыланады.

7. Бірнеше рет оқу. В. Н. Зайцев И. Т. Федоренко мен И. Т. Пальченконың жүйесінен үш түрлі жаттығуларды бөліп алады.

Олар: а) бірнеше қайтара оқу, ә) жаңылтпаш қарқыны арқылы оқу, б) мәтіннің таныс емес бөлігіне өте отырып, мәнерлеп оқу. Аталған жаттығулардың барлығы ұжым болып жүргізіледі, яғни балалардың барлығы 6ip уақытта жартылай дауыспен оқиды.

Бірнеше қайтара оқу жаттығуы төмендегіше жүргізіліп отырады. Ұстаз оқушылардың барлығына бір минут ішінде оқып шығуды өтінеді. Әp бала өзінің 6ip минут ішінде оқыған сөзін белгілеп отырады. Оқу қарқыны бойынша оқушыға жағымды көңіл- күй сыйлағандықтан, ол қайта-қайта оқығысы келеді. Әрбір бала оқу қарқыны әр түрлі екені ecкepiлyi тиіс. Сол себепті көлемі бірдей үзінділерді ұсынуға болмайды. Дегенмен бір үзіндіні үш реттен артық оқуға болмайтыны ескеріледі.

Жаңылтпаш ретінде оқу кезінде оқудың мәнерлілігі көңіл аударытпайды. Осы жаттығу жалпы артикуляцияны дамытуға арналған. Жаттығу 30 секунд аспайды. Содан соң мұғалім үшінші жаттығуды ұсынады. «Енді, оқушылар, мәтінді қайта оқыңдар, бірақ асықпаймыз, мәнерлі оқуға тырысыңдар». Оқушылар мәтіннің өздеріне таныс бөлігін соңына дейін оқытып, мұғалім оларды тоқтатпайды. Сондай жағдайда, олар мәтіннің таныс емес бөлігіне өтеді. Мінекей, дәл осы сәтте, оқушының алдында күтпеген жәй пайда болады. Мәтіннің бір үзіндісі жоғары қарқынмен оқи беріледі. Әрине, оның мүмкіндігі көпке бармайтыны анық ( жарты жол, 6ip жол) . Егер осы жаттығу күнде жүргізілсе, онда жоғары қарқынмен оқу ұзактығы бірте көтеріле бастайды. Екі -үш аптадан соң баланың оқуы едәуір жақсара бастайды.

8. Дауыс шығара оқу. Шамамен оқушылардың үштен бip бөлігі дауыстап оқуда қиналады. Осы балалардың ауызша сөйлеу дағдысының дұрыс қалыптаспағандығынан көрінеді. Көпшілік жағдайда мұндай балалардың сөйлеуінің дамуында кемшіліктер барекені анықталды. Мәселен, тілі кеш шыққан оқушылар көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, айтқан дыбыстары анық емес т. б. Осындай балалар ерекше назар аудару тобтарына жатады. Өйткені, бұл балаларда сөйлеу мәнеріндегі аздаған жетіспеушіліктері сақталып отырады. Осы дыбыстардың бұзылып айтылуынан, сөздік қорының аздығынан, сөзді дұрыс қолданбауынан, суреттеу мен әңгімелесудің балаға қиындық туғызуынан. Сол себепті де осы балалармен тіл дамыту жұмыстарына назар аудару қажет. Тіл дамуының ең жоғары деңгейі ол оқушының оқу жылдамдығын арттырады, бала оқып тұрғанын тез түсіне бастайтынының негізгі сипаттамасы.

Бұл қателіктің әлбетте сипаты бірдей емес. Бірінші кезеңнің (буындык ) қателіктері әріптің бейнесін дұрыс түсінбеуінен болады. Оны оңай aңғаруға болады. Сол үшін, дыбыстарды меңгерту барысында әр баланың дыбысты дұрыс қабылдауларына жете назар аудару керек. Оқушылардың оқу дағдылары тек мынандай жағдайда ғана алға жылжиды. Біріншіден, дыбыстың дұрыс дыбысталуы, екіншіден буынға дұрыстап бөліп оқуы болып есептелінген. Балалар оқу барысында буындай отырып оқудан бастап, буын мен буын, сөз бен және буынмен оқып жаттығатыны анық. Алғашында кейбір қысқа келген сөздерді тұтастай, күрделілеу сөздерді буынға бөліп оқиды. Бала дұрыс, қатесіз, түсініп оқыған сайын, олардың оқуға деген құлшынысы күшейе түсетіні белгілі. Жалпы алғанда оқу барысы кезінде оқушының оқып отырған сөзді түсініп оқуы үлкен маңыз атқаратыны белгілі. Оқу түрлерін салыстырып қарайтын болсақ, түсініп отырып оқу алдыңғы орында тұрады деп есептеймін. Оқу бұл - сөйлемнің мазмұнын түсініп, ақпаратты қабылдау үшін қажет. Оқыту процесі барысында осыған көп көңіл аударады. «Оқы, не түсіндің?» - деп оқушыдан сұралады. Оқушы өзінің сөздің мағынасын түсінгенше қайталап оқыту жүзеге асады. Осындай оқу барысында оқушының оқу жылдамдығы төмендейтінін көруге болады. Минутына бағдарламаның талабындағыдай сөз көлемін оқып берген оқушы одан еш нәрсе түсінбесе, одан тапқан пайдамыз қайсы болмақ? Сол себепті баланың оқу шапшаңдығы мен түcіну шапшаңдығын қатар дамыту қажет. Мәнерлеп оқу бұл - көркем сөздің үлгісі. Ол адам ceзімін оята отырып, кісінің жан дуниесіне түбегейлі әсер етеді. Ондағы дауыс құбылыстары - бейнелі сөздердің әcepi, мимика, қозғалыс, тағы басқалардың бірлігі мәтін мазмұнын аша түседі. Мәнерлеп оқуға қойылатын бағдарламалық көптеген талаптар төменгідей: әуенді және сазды ерекшеліктерді сақтап оқу, сөз екпінін дұрыс қойа оқу; ой екпінін дұрыс қойып оқу; кейіпкердің көңіл - күйін сезіне отырып оқу.

Регресс деген - бұл оқыған материалды қайталап оқу кезеңіндегі көздің қайта оралу қозғалысы болып саналады. Бұл өте кеңінен таралған кемшіліктің бірі. Баланың оқуында регрестің бар - жоғын байқау әдісін қолдану арқылы анықтауға болады. Оқушыға таныс емес мәтіндерді оқытыңыз. Осы кезеңде баланың мәтінді қалай оқитынын жіті қадағалап отырыңыз: көз қозғалысы және оқу тіліне көңіл аударып көріңіз. Егерде оқу барысы кезеңінде баланың көзі қайталап оқу үшін жиі артқа орала берсе (бала әуелі іштей оқып, содан соң дауыстап оқиды) немесе ол бір жолдағы сөздерді түсіну үшін қайталап оқи берсе, демек онда оқудың бала қолданып отырған бұл тәсілінде регрестің бар болғаны. Peгpестің баланың бойында болу себебі:

1. Әдеттерінің әсері.

2. Мәтін сөздерінің қиын болып көрінуі.

3. Зейінінің төмендігі.

Адамдар оқи отырып көптеген сөздің аяқ жағын оқымайды. Яғни бұл, ол сөздің мағынасын оқымай тұрып ақ алдын-ала түсіне қояды. Мәтіннің әрі карай мәнін түсіну үшін бұл тәсіл антиципация деп аталған. Бұл келешектегі құбылысты алдын-ала психологиялық тұрғыда болжай алатын процесс. Осы жағдай оқиғаның даму қисы тұрғысынан ойлау, білуге негізделген, сөйтіп оқу шапшаңдығын тездетеді. Оқырмандардың көпшілігі осы тәсілді жиі қолданады. Егерде балада сөздің мәнін түсіну қабілеті дамымайтын болса, онда oғaн әр сөзді соңына дейін оқуға тура келеді. Оқу жылдамдығын тежейтін келесі себептің бірі- сөйлеу мәнеріндегі артикуляциялық аппараттың бұзылуынан. Яғни бұл, осы себептен өзі оқу жылдамдығы тежелуінің неден болатынындығын түсіндіреді. Артикуляциялық аппарат бұл керекті жылдамдықпен дауыстай оқуына кедергілер келтіреді. Әсіресе бұл дыбысты дұрыс айтпайтын балаға өте қиын түседі. Олардың демек сөйлеуі анық емес және түсініксіз болады. Басқа балалармен салыстырғанда оларда сөйлеу қарқыны өте баяу. Бұл артикуляциялық аппараттың қозғалуының жетіспеушілігімен айқын. Оқушының тілі, ерні астыңғы жағы 6іp дыбыстан екінші дыбысқа ауысқан кезде 6ip- 6ірімен келісімді түрде қозғалыста болмайды. Шындығына келгенде, бұл бала сәби шағындада алғашқы сөздерді дұрыс айтып үйренбегендіктен. Осы уақытта оның қатарластары таза сөйлей білгенін көруге болады. Осындай оқушылардың оқу жылдамдықтарының арасында үлкен алшақтық көрінеді. Зерттеу көрсеткіші бойынша оқып отырған адамдардың көзі екі жағдайда болады.

1. Бip нүктеге көз тоқтату (тоқтау)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шапшаң оқу дағдысын үйрету технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін және жаңа технология негіздерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқуға және жазуға үйрету
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Жазуға үйрету мақсат міндеттері
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz