Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Құқықтану кафедра

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Интеллектуалдық меншік құқығы

Орындаған: Құқықтану-202 тобының студенті
Ярылкапова Мунира
Қабылдаған: Смагулова А.С.

2022-2023 оқу жылы
Жоспар:
Қорытынды
1) Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі.
2) Интеллектуалдық меншік обьектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.
3) Лицензиялық шарт.
4) Авторлық құқық.
5) Патенттік құқық.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
"Интеллектуалдық меншік" термині белгілі бір құқықтық институттарға, соның ішінде маңызды коммерциялық құпия, Патенттік құқық, авторлық құқық және сауда белгілері сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия туралы заңдар мен патенттік заңдар жаңа зерттеулер мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңа әдеби, көркем және музыкалық шығармалардың, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалық жасақтаманың пайда болуына жағдай жасайды. Сауда белгілері туралы заң өнім мен өндіруші арасындағы байланысты белгілейді.
Коммерциялық құпия ежелгі дәуірден бастап өнеркәсіптік құпиялар түрінде қалыптасқан. Ежелгі шеберлер тастан қару жасау тәсілдерін жасырған. Бұл шеберлер заңды қорғаудан біраз уақыт бұрын бұл құпияны білуден айтарлықтай пайда көргенін білді.
Патенттік құқық жақында дами бастады. Патенттік құқық нарықтық экономика жүйесінің жетілмегендігін көрсетеді деп айтуға болады, өйткені өндіріс пен тауарларды бөлетін нарықтық экономика жаңа және жоғары сапалы тауарларды өндіруге жарамсыз деп айтуға болады. Бұл нарықтық жүйеде жаңа өнімді құру кезінде бәсекелестер дәл осындай өнімді шығарады, ал осы өнімге жұмсалған қаражат оның өзіндік құнына тең болады, нәтижесінде пайда деңгейі жасалған өнімдерді одан әрі дамытуға мүмкіндік бермейді.
Нарықтық жүйеде, егер жарияланған кітап жоғары табыспен сатылса, бәсекелес баспагерлер бірден сол кітапты шығарады. Мұндай бәсекелестік тауар құнының төмендеуіне де, авторлар мен баспагерлерді кітапты басып шығаруға уақыт пен ақшаны ысырап етпеуге ынталандыруға әкеледі. Автор мен баспагердің құқықтарын қорғай отырып, авторлық құқық жаңа туынды жасауға деген ұмтылысты тудырады.
Сауда белгісінің қызметі мүлдем басқаша. Дүкен ауылдық сипатқа ие болған кезде, сатып алушылар көбінесе сатушыларды танып, тауардың сапасын құны бойынша бірден анықтай алды. Уақыт өте келе нарықтар ұлттық және халықаралық деңгейге көтерілді, тауарлардың жаппай өндірісі пайда болды және тауарлардың нақты өндірушісін анықтау маңызды мәселе болды.
Интелектуалдық меншік құқығының түсінігі.
Интеллектуалды менші блып интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушыларды , тауарларды, жұмысшыларды, қызмет көрсетушілерді дараландыру құралдары жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері болып: ғылым, әдебиет, өнер туындылары, өнер табыс, пайдалы өндірістік үлгілер жетстіктер өндірістік құпиялар немесе жаңалықтар жатады. Интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқық заң актілерінде көзделген немесе уәкілеттік мемлекеттік органдардың құқық беру нәтижесінде пайда болды.
Интеллектуалдық меншік обьектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.
Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары мүліктік және мүліктік емес құндылықтарға ие болады. Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан авторға тиесілі болады, және басқаға ауысқанда да сақталып қалады.
Әнші орындағанымен оның авторы оның сөзін, әнін жазған адам болып қалады. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторы болып танылу құқығы, яғни авторлық құқық жеке мүліктік емес құқық болып табылады және оған шығарма иесі ғана ие бола алады. Авторлық құқықты иеліктен айыруға, басқа адамға беруге болмайды. Бірнеше адамның авторлығымен жасалған шығарма барлығының құқығына бірдей болып танылады. Интеллектуалдық шығармашылық меншік обектісін оның иесінің өз қалауы бойынша пайдалануға құқық береді. Айрықша құқық обьектісін басқа тұлғаның пайдалануына толық беруге тек құқық иесінің келісімі қажет болып табылады. Айрықша құқықтарды иеленуге жарамсыз деп тануға оларды тоқтатуға актілерінен өзге де заң актілерінің заң актілерінің шегі мен тәртібіне сәйкес жол беріледі . Яғни интеллектуалдық меншік обьектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамға беру мүмкін, сондай-ақ мұрагерлі бойынша немесе заңды тұлғаның құқық иесінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне лицензиялық шарт боййынша айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиялар) екінші тарап (лицензиятқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті обьектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Мұндай шарт ақылы болып саналады. Автор шарт бойынша туындана, өнер табысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтің өзге де нәтижесін жасау және оны тапсырысшыға пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзі міндет алуы мүмкін.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне жеке мүліктік емес құқық мерзімсіз қолданылады. Интеллектуалды меншіктегі айрықша құқықтарды қорғауға қазір ерекше көңіл бөлінеді. Ол туралы Азаматтық кодекстің 9-бабындығы көрсетілген жалпы адам құқығын қорғауға жататын әдістер қолданылады. Сонымен қатар:
1) Пайдалану арқылы айрықша құқықтарды бұзған материалдық обьектілерді алып қою.
2) Жіберілген кемшіліктер туралы бұзылған құқықтың кімге қатысты екендігі туралы мәліметтерді қосып міндетті жариялау жолымен және де өз міндеттмелерді бұзғаны үшін Азаматтық кодекстің 20-тарауымен шаралар қолданылады.
Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңнамасында анықталғандай ғылым, әдебиет және өнер туындылары , олардың көрсетілім тәсіліне, қолану мақсаты мен шығарманың мәнділігіне қарамастан шығармашылық қызметтің өнімі болып табылса, авторлық құқық ұғымы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жарияланған туындылар және қандай да болмасын обьективтік нысанда өмірде бар жарияланбаған туындылар да бірдей қорғалады.
Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шаққан, басып шағарылған, көпшілік алдында орындалған, көпшілікке көрсетілген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бір обьективті нысанда:
1) Жазбаша ( қолжазба, машинаға басылған, нотажазбасы және т.б.)
2) Ауызша (көпшілк алдында айту, көпшілік алдында орындау және т.б.)
3) Дыбыс және бейне жазу ( механикалық, цифрлық, магнтті, оптикалық және т.б.)
4) Бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, кино, сызба, телебейне немесе фотокадр және т.б.)
5) Көлемдік-кеңістікті ( мүсіндеме, модель, пакет, құрылыс және т.б.)
6) Басқа да нысандар қолданылды.
Осындай белгілері бар және дербес пайдалануы мүмкін туындының бір бөлігі авторлық құқық обьектісі болып табылады. Авторлық құқық эдеялардың, тұжырымдамалардың, принциптерінің, әдістердің жүйелердің, процестердің, фактілердің және өздеріне қолданылмайды.
Құқықтық әдебиеттерде авторлық құқық обьектісін көптеген ғылыми анықтамалар берілген, алайда ең көп таралған ие болғаны, 1956 жылы В.И.Серебровский берген анықтама : Шығарма (туынды) - бұл автордың шығармашылық қызметінің нәтижесінде дүниеге келіп, адам сезімдерімен қабылдауға мүмкін нақты нысанда көрініс тапқан, жарату мүмкіндгін беретін, ойлар мен бейнелердің және идеялардың жиынтығы - деп көрсетеді.
Осы және басқа да анықтамаларды айтылғандай, шығарма бәрінен бұрын мүліктік емес игіліктерге жатады, қоршаған ортаның шынайы өмірде бар құбылыстарда идеялармен бейнелердің кешені түрінде көрініс табады. Осыған байланысты әр шығарманың өзін материялдық емес мәнін және ауысу нысанын шығарманың заттық көрінісі (мысалы, қолжазба, сурет, ноталыө жазба ). Осының өзінде шығарма және оның материялдық жағы арасында үзіліссіз байланыс болады. Мысалы, суреттемелік көрініспен мүсін суретшінің еңбегі нәтижесі ретінде өзінің берілген нысаны мен заңнамалықты байланыста болады, тіпті оны біртұтас деп те айтуға болады. Бірақ, бұл біртұтастыққа қарамастан сурет көрінісі мен адам мүсін авторлық құқық обьектісі ретінде де, меншік құқығы обьектісі ретінде де қарастырылады. Шығарманың матриалдық жағы ерекше болуы мүмкін, дегенмен авторлық құқығын орындау мүмкіндігіне байланысты бейнелердің, олардың және идеялардың жүйесі ретінде қорғайды. Сондықтан шығармаға авторлық құқық оның материалдық тасушысының қайтыс болуына қарамастан сақталады, әрине, оның практикалық мәні тек мына жағдайда болады. Мысалы, көшірмесі сақталғанда немесе өнер туындысын қайта өмірге жасап шығарғанда, әдеби немесе музыкалық шығарманың кімнің болмасын еске қалғанының қайта орындалуы. Алайда, адамның ой қызметінің нәтижесі ретінде барлық шығармалар авторлық құқық нормалар қорғалынбайды. Авторлық құқық обьектілері болып заңмен қарастырылған сипаттық белгілеріне ие шығармалар ғана танылады. Мұндай белгілер болып туындының шығармашылық қасиеті және оны бүлдірудің обьективтік нысаны табылады.
Әдебиеттерде біршама анықтамалар берілгендіктен, заңның өзінде шығармашылық сипаты анықталмайды. Көп жағдайларда шығармашылық сапалы жаңа және қайталанбастығымен, түпнұсқалығымен, біртұтастығымен ерекшеленетін дүние туғызатын адамның қызметі.
Туындының шығармашылық қасиетінің көрсеткіші болып, көптеген ғалымдардың пікірі бойынша жаңашылдық туындының түпнұсқалығының синонимі ретінде қарастырылады. Ол туындының жаңа нысанда, жаңа идеясында, жаңа мазмұнда, жаңа ғылыми тұжырымдамаларында көрініс табуы мүмкін.
Туынды авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі ретінде авторлық құқық обьектісі болып, тек қандай да болмасын обьективтік нысанда көрініс тапса ғана саналады. Ал, авторлық ойлары мен бейнелері сырттан көрініс таппай, тек шығармашылық түпкі ойында ғана жүрсе, онда ол басқа адамдардың түйсілімен қабылдауға мүмкін болмайды. Сол себепті оның құқықтық қорғаудың практикалық еш қажеттілігі болмайды. Шығармашылық нәтижеде қоғамдық мәнге және авторлық құқық құқық обьектсінің сипатына ие болуы үшін, ол қандай да бомасын объективті нысанға айналуы тиіс - жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.), ауызша (көпшілік алдында айту, көпшілік алдында орындау және т.б.), дыбыс және бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.), бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне және фото кадр және т.б.) басқаша айтқанда шығарма автрлық тұлғасынан айырылып жеке өзіндік мәнге ие болуы керек.
Авторлық құқықтың обьектісі болып тек тұтас туындының өзі ғана емес, оның шығармашылық қызметінің нәтижесі болатын және оны жеке қолдауға жарайтын болса, көлемдерінде авторлық құқықтың объектісі ретінде қарастырамыз.
Өнер және әдебиет теориясында бұл элементтердің шығарманың мазмұны деп атайды. Оларды үлгі ретінде алу қолданушыларға ешқандай міндеттеме жүктемейді, яғни авторлық құқықты бұзу болып табылмайды. Шынында да бір ғана тақырыпқа, бір ғана материялдық өзіне бірнеше шығарма тудыруға болады және авторларға ұқсас интерпетация, оқиғаны, кейіпкерді оның әрекеттерін ұқсас етіп жасауына ешкім тиым сала алмайды. Негізінде шығарманың желісінде ядросыда ұқсас, бола бермейді. Өнер және әдебиет тарихында бірдей және ұқсас желелер және бір матриял қолданатын туындылар жеткілікті.
Авторлық құқық ғылымында суретшінің жасаған бейнелері шығарманың ішкі нысандары болып табылады. Ол құқықтық қорғауға ие болады. Өйткені ол шығармашылық қызметінің нәтижесінде дүниеге келген және жасаушының жекелігін көрсетеді. Кейде бейнелер жаңа шығармашылық дүние жасау үшін үлгі ретінде алынады. Дегенмен бұл жерде заң тәртібі бойынша бейнені бірінші жасаған автормен міндетті түрде келісім болуын немесе автор болмаған жағдайда қайнар көзін көрсетілуін талап етеді.
Шығарманың сыртқы нысаны болып шығарма тілі болады. Ол ретінде авторға лайық көркем бейнесі жасау құралдары, әдіс тәсілдері жатқызылады. Басқаша айтқанда шығарма тілі - бұл бейнелеу көрсету құралдарының жиынтығы шығарма тілі үлгі ретінде алынбайды, алынған жағдайда тек цитата мәнері қолданылады.
Авторлық құқық обьектілері тізіліміне жатпайтын шығармаларға білім, өнер мен әдебиет шығармаларының біреуінің сипатына ие болмаса жатқызылмайды. Тұлға мен өзінің жұмысы мен барысында ешқандай шығармашы нәтижесінде болса, тек техникалық нәтижеге болса, ол авторлық құқықпен қорғалмайды. Мұндай нәтилерге телефон анықтамалары , жүріс кестесі, мекен жайы кітаптары жатады. Әрине егер құрушы мен анықтамалық мәліметтерді ерекше, өзгеше жасау нұсқаны қолданылмаса.
Авторлық құқық заңнамасына сәйкес, идеялар, әдістер, процестер, жүйелер, тәсілдер, тұжырымдамалар, фактілерге авторлық құқық тарамайды. Жоғарыда аталған ақыл-ой қызметінің нәтижелерінің кейбір түрлері басқа құқық институттарымен қорғалады. Жекелеп айтсақ патенттік құқық, басқа жетістіктер ғылыми ортада талқыланады. Жекеден жеке идеяларды, қағидаларды, фактілерді және басқа интеллектуалдық қызмет нәтижелерін авторлық құқық қорғамайды. Осындай обьектілермен қатар, барлық қорғау үшін қажетті белгілерге ие, бірақ арнаулы заңдағы нұсқаусыз қорғалынбайтын шығармалар бар. Оларды төрт категорияларға бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, қорғау мерзіміндері өтіп кеткен шығармашылық құқықтық қорғауға жатпайды. Бұл жерде атап өтетін нәрсе, қорғау мерзімінің өтіп кетуі авторлықтың және шығарманың қол жетіспеушігін жоғалтпайды. Құқықтық қорғау саласына ресми құжаттар, ресми құжаттар, ресми аудармалар және де мемлекеттік рәміздер мен белгілер алынып тасталған. Ресми құжаттарға заңдар және нормативтік сипаттағы актілер-инструкциялар, стандарттар, заңды тұлғалардың жарғылары, тәртіп ережелер және т.б. соттың шешімдері және құқық қолданушы органдық актілері. Мемлекеттік рәміздер мен белгілерге ту, елтаңба, әнұран, орден және ақша құралдары жатады.
Екіншіден, заңның тікелей нұсқаусыз халық шығармашылығының туындылары қорғалмайды. Оларға - ауыз әдебиет туындылары, көркем өнер туындылары, дәстүрлі сәлет өнері жатады. Мұны қорғаудың мүмкін болмауының себебі, бұл туындылар авторы - халық.
Үшіншіден, ақпатарттық сипатқа ие оқиғалар мен фактілер хабарлар авторлық құқық обьектісіне жатпайды. Бұл хабарларда болған нәрсенің көрінісі ғана болады, ол шығармашылық элементтерін таба алмайсыз.
Авторлық құқық субьектілері болып, шығарма қатысты субьективті авторлық құқығы бар тұлға табылады. Субьективті авторлық құқық иелері болып Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, мұрагерлері және басқа да құқық иеленушілері. Авторлық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі шығарма авторлары болып табылады. Автор болып шығармашылық еңбекпен туындыны жасап шығарған тұлға танылады. Туынды жасаушысы кез-келген жасына, азаматтығына, әрекет қабілеттігіне қарамастан жеке тұлға бола алады. Жасаушының авторлық құқығы жеткен шығармашылық нәтиже басқа адамдар мен қабылдана алатындай обьективті нысанға айналғанда пайда болады. Азаматтардың авторлық құқыққа ие болуы олардың азаматтық құқық қабілеттігіне жатады. Ал өз кезегіне адам жасына, денсаулық жағдайына тәуелсіз. Бұо обстрактілі мүмкіндікті нақты субьективті құқыққа айналдыру үшін заңды факт болуы қажет. Бұл заңды факт болып шығарманы жасау болады, мәмілемен шатастырмауымыз қажет.
Кәмелетке толмағандардың және әрекет қабілеттігі жоқ адамдардың авторлық құқықтарын олардың ата-аналары және асырап алушылары жүзеге асырады. Он төртпен он сегіз жас аралығында кәмелетке толмағандар өздерінің автолық құқықтарын өздері жүргізеді. Қазіргі Қазақстан заңнамасына сәйкес шығарма авторлары болып тек жеке тұлғалар танылады. Заңды тұлғалар авторлық құқықты тек құқық қабылдаушы тәртібінде, яғни, заң негізінде немесе шартпен ие бола алады. Бірақ ешқашан заңды тұлға шығарма авторы болып табылмайды. Шетелдіктердің және азаматтардың авторлық құқығы:
1) Қазақстан Республикасының территориясында орындалса;
2) ҚР халықаралық келісіміне сәйкес қолғалатын болса сәйкесінше біздің елде де қорғалады.
Ғылым, өнер және әдебиет шығармаларының авторы бірнеше жеке мүліктік емес мүліктік құқықтарға ие болады. Қазіргі авторлық құқық доктринасында әдетте өзгешелер деп аталады. Авторлық құқық туралы заң қабылданғаннан кейін, авторлық құқықтың өзгешерін қайта түпкі мағынасын беруге болады. Заң бойынша авторлық құқықты иеленуші ғана авторлық құқық әрекеттерін жүзеге асырумен байланысты , әрине оның ішінде шығарманы пайдалануға байланысты сұрақтарды шеше алады.
Қазіргі заңнама шығарма авторда көптеген құқықтық мүмкіншіліктерді қарастырады . Заңның әр бабында авторлық құқық, авторлық құқықтар, авторлық құқықтық өкілеттіктер деп әртүрлі аталады. Осыған байланысты заң әдебиетінде субьективті авторлық құқыққа біржақты қарауда қарастырылмаған. Бұл мәселеге байланысты даулар ойластырылған сипатта болады. Өйткені Авторлық құқық термині заңның әр бабында әр түрлі мағынада қолданылады. Жалпы тәртіпке байланысты, авторлық шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды сипаттарға ие. Көптеген жылдардан бері жалпы заң әдебиеттерінде авторлық шартқа байланысты даулар тоқтамай келеді. Көбіне автор өз құқығын уақытша пайдалануға ма, әлде, толығымен өз құқығынан тартына ма деген сұрақтарға саяды.
Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкілдерінің Тізіліміндегі жазба мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) куәлік нөмірі ретінде колданылатын тіркеу нөмірін;
2) патенттік сенімді өкілді тіркеу күнін;
3) патенттік сенімді өкілдің тегін, әкесінің атын;
4) тұрақты тұрғылықты жерінің атауын;
5) Апелляциялық комиссияның немесе Аттестаттау комиссиясы шешімінің нөмірін және күнін;
6) хат алмасу үшін мекен-жайын, сондай-ақ егер олар болса, телефон, телетайп, телефакс нөмірлерін, хат жазысу тілдерін;
7) куәлікті беру немесе жіберу туралы мәліметтерді;
8) патенттік сенімді өкілдің жұмыс орнының атауын, лауазымын;
9) қызметті тоқтата тұру туралы мәліметтер.
Патенттік сенімді өкілді тіркеу және оны Тізілімге енгізу оның аттестаттау туралы шешім қабылданған күнінен бастап үш жыл аралығында берілуі тиіс өтініші негізінде жүзеге асырылады. Комитет өтініш келіп түскеннен кейін бір ай ішінде Тізілімге патенттік сенімді өкілдер туралы қажетті мәліметтерді енгізеді. Патенттік сенімді өкілдер кәсіптік даярлық деңгейін анықтау мақсатында әр бес жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзімнен кейін алты айдан кешікпей өткізілуі тиіс. Аттестаттау осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Комитет Тізілімге енгізілген мәліметтер негізінде патенттік сенімді өкілді тіркеу туралы куәлік береді. Куәлік мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Куәлік патенттік сенімді өкілдің өзіне беріледі немесе тапсырыс бойынша поштамен жіберіледі. Куәліктің колданылу мерзімі шектелмеген.
Патенттік сенімді өкіл Тізілімнен алынып тасталған жағдайда куәлік жарамсыз деп танылады. Патенттік сенімді өкілдің қызметі Аттестаттау комиссиясының шешімімен. Патенттік сенімді өкілдің Аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын тұлғаларға, соның ішінде Комитетте және оның бағынысындағы ұйымдарда істейтін қызметкерлерге қызмет істеп жүрген мерзімінде тоқтатыла тұрады. Патенттік сенімді өкілдің осы Ереженің 59 - тармағының негіздері бойынша тоқтатылған қызметі, осы негіздер тоқтатылғаннан кейін, Аттестаттау комиссиясына берген өтініші бойынша қайта басталуы мүмкін. Патентттік сенімді өкіл қызметінің тоқтатылуы немесе қайта басталуы туралы мәліметтер тиісті шешім қабылданғаннан кейін бір ай ішінде Тізілімде жарияланады.
Патенттік сенімді өкіл Атестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенімді өкіл өз міндеттерін ойдағыдай орындамаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзған жағдайда;
4) патенттік сенімді өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенімді өкіл қайтыс болған немесе қайтыс болды деп немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайда;
6) патенттік сенімді өкілдің әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекет қабілеттілігі жоқ дем танылған жағдайда;
7) осы Ереженің 53-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген жағдайда Тізілімнен алынып тасталады.
Тізілімнен альнып тасталған тұлға, ол туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап патенттік сенімді өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оның патенттік сенімді өкіл ретінде тіркелуі туралы куәлігі қайтарылып алынады. Патенттік сенімді өкілді тіркеу туралы мәліметтерді жариялау Тізілімде тіркеу шартымен жүргізіледі. Патенттік сенімді өкіл ретінде тіркеу туралы мәліметтерді жариялау кезінде, Комитет Өнеркәсіптік меншік - Промышленная собственность ресми бюллетерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді жариялайды:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) тіркеу нөмірі;
3) жұмыс орны, лауазымы;
4) хат алмасу үшін мекен-жайы;
5) өнеркәсіптік меншік объектілері, білім салалары бойынша шектеулер;
6) хат алмасу тілдері.
Бәсеке - кұрылымдық ұтым, ол бақталастық мінез - құлықтық ұтым. Оны мына кестеден байқаймыз. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталыстық мінез-құлық нарықта байқалып қалады.
Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарыктық қарқыны басқа өндірушілермен тепе-тең болса. Монополизмге мынандай экономикалық қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагенттеріне, жалпы қоғамға жүктеу мүмкін және олардың өзінде керекті тутынысын жоққа шығарады.
Әрбір мемлекет пен қоғамның өміріндегі ең маңызды орынды материалдық өндірістен басқа рухани өмір де алады. Әрбір адам дерлік жасына, психикалық жай-күйіне, азаматтығына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бастапқыда белгілі бір дәрежеде ғылым мен мәдениет туындыларын жасау, жасау қабілетіне ие. Дегенмен, адамдар бұл сыйлықты әртүрлі тәсілдермен пайдаланады. Белсенді жасампаз адамдар өз туындыларын безендіруді және қорғауды, белгілі бір дәрежеде осы объектілерді иеленуді қажет етеді. Терминнің өзі, зияткерлік меншік ұғымы еліміздің заңнамасы үшін жаңалық болып табылады. Бұрынғы Қазақ КСР Азаматтық кодексі мұндай ұғымды білмеді, ең алдымен Қазақстанда, бүкіл бұрынғы Кеңес Одағы сияқты, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің көп бөлігін пайдалану құқығы әлеуметтендіріліп, не мемлекетке тиесілі болды. толық немесе әртүрлі мемлекеттік ұйымдарға. Интеллектуалдық меншік термині буржуазиялық мемлекет пен құқықтың атрибуты ретінде ұсынылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуымен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің құқықтық режиміне көзқарас түбегейлі өзгерді. Сонымен бірге 1991 жылғы 31 мамырдағы КСРО және республикалар заңнамасының негіздеріне (бұдан әрі - 1991 ж. Негіздері) құрметпен қарау керек. Аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасының зияткерлік меншікті қорғау туралы заңнамасы қалыптасқанға дейін олар біздің еліміздің аумағында әрекет етті. Дәл 1991 жылғы Негіздер зияткерлік меншік терминін енгізді және оны қорғаудың ең жалпы шараларын белгіледі.
1886 жылғы 9 қыркүйектегі әдеби және өнер туындыларын қорғау туралы Берн конвенциясы; 1971 жылғы 29 қазандағы Фонограмма жасаушыларды олардың фонограммаларын заңсыз көшіруден қорғау туралы конвенция;
Түсініктеме берілген бөлімде және, атап айтқанда, оның жалпы ережелерінде зияткерлік меншік объектісі немесе зияткерлік меншік құқығының анықтамасын қамтитын норма жоқ. Бұл Батыс елдерінің заңнамалық дәстүрлеріне және халықаралық конвенцияларға деген құрмет деп есептейміз, оларда да мұндай анықтама жоқ. Сондықтан зияткерлік меншік құқығының объектісі түсінігін осындай объектілерді санаудан түсінуге болады.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымын құру туралы Конвенцияның 2, зияткерлік меншікке мыналарға қатысты құқықтар кіреді: әдеби, өнер және ғылыми туындыларға; әртістердің қызметін орындау, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларын беру; адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстар; ғылыми жаңалықтар; өнеркәсіптік үлгілер; тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, сауда атаулары және коммерциялық белгілер; жосықсыз бәсекеден, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, әдебиет пен өнер салаларындағы зияткерлік қызметке байланысты барлық басқа құқықтардан қорғау. Мақалада аталған объектілердің абсолютті көпшілігі Өнер мәтінімен сәйкес келеді. жосықсыз бәсекеден қорғауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 961. Соңғы күндерге қатысты айтарымыз, құқық объектілері мен құқық субъектілерінің әрекеттері әртүрлі жазықтықтағы ұғымдар болғандықтан, оларды бір қатарға қою дұрыс болмас еді.
Бұл әдетте "шығарманың материалдық формаға қолданылуын талап ету"деп аталады. Қандай жолмен болса да, қандай тасымалдаушыда немесе қандай тасымалдаушыда жазылғанына және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Патент құқығы обьектілері
Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Инновациялық жобаны бағалау ерекшелігі
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Меншік құқығы түсінігі
Сабақтас құқықтың пайда болуы
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Автордың мүліктік құқықтары
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі
Пәндер