Тараптардың міндеттері мен құқықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Құқықтану кафедра

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Мердігерлік шартындағы кепілдікті қамтамсыз ету

Орындаған:Құқықтану-202тобының студенті Аймбетова А.С
Қабылдаған:Смагулова А.С

2022-2023 оқу жылы
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Мердігерлік шарты
2.Кепілдік
3.Мердігерлік шартындағы кепілдікті қамтамасыз ету
III.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Шарт бойынша бір тарап (орындаушы) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға, оның нәтижелерін қабылдауға және белгіленген мерзімде төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен жүзеге асырылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда тапсырыс - бұл қызмет, оның нәтижесі материалдық.
Жұмысты орындау жөніндегі міндеттерге еңбек шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жатады. Олардың көмегімен белгілі бір адамның еңбегінің нәтижесі сәйкес ақшалай құнға айырбасталады.Шарт консенсуалды төлем және өзара келісім болып табылады. Жұмысты аяқтау үшін белгілі бір уақыт қажет, сондықтан шартқа сәйкес жасалу уақыты мен оның аяқталу уақыты сәйкес келмеуі мүмкін.Шарттың тараптары мердігер және тапсырыс беруші болып табылады.Тапсырыс беруші - шартта көрсетілген белгілі бір жұмыстарды орындауды екінші тарапқа - мердігерге тапсыратын тұлға.Мердігер - шарт негізінде белгілі бір жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіби қызмет субъектісі жеке тұлға және дербес кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға болып табылады.
Келісім шарттардың кейбір түрлеріне мыналар жатады:
Ішкі келісім-шарт;Құрылыс шарты;Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар;Ғылыми зерттеу тәртібі;Технологиялық жұмысқа келісім-шарт.
Еңбек шартының жекелеген түрлеріне қатысты қатынастар осы Азаматтық кодекспен, сондай-ақ еңбек шартының жекелеген түрлеріне байланысты заңды әрекеттермен реттеледі. Бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі осы тақырыптың маңыздылығын көрсету болды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері оның өзектілік дәрежесіне тікелей байланысты.Бұл курстық жұмыста біздің мақсатымыз - Азаматтық кодексте көрсетілген шарттық келісім тақырыбының өзектілігін барынша толық сипаттау.Осы мақсатты жүзеге асыруда біздің алдымызға қойған ең маңызды міндет - шарт тұжырымдамасын егжей-тегжейлі қарастыру және осы шартқа қатысушылардың құқықтық мәртебесін нақтылау және осы тақырыппен жұмыс істеудегі ең өзекті мәселе. маңыздылығын түсіндіру болып табылады
II.Негізгі бөлім
1.Мердігерлік
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады.Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады).Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді.Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі. Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды.Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады.Бірақ негізінен мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады.Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді. Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге міндетті). Мердігерлік шарт консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары тез фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттардың тапсырысшының себептенуші негізінде болуы мүмкін. Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бектілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарында бұрын қолданылған, Қазақстан Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды. Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызы және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасынан мыналар кіреді: 1)тұрмыстық мердігерлік; 2)құрылыс мердігерлігі; 3)жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)ғылыми-зерттеу, тәжірбиелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартының элементтері.Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады. Тапсырысшы-екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарыныңкез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізутәртібінің ережелері. Мердігер шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субьектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, комерциялық заңды тұлға.Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, Лицензиялау туралы 17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес,(содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс.Мысалы, жобалау-ізбестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек. Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін. Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін. Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы).Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болады.Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшының келсімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысгының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады. Бас мердігердің келсімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы.Мердігердің келсімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін.Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесіде байланысты болады.Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты емес құқықтық қатынастардың субьектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек мердігерлік шарттары жасалады.Мердігерлік шартының нысанасы бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі.Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс ж.ргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларада өзінің бейнеленуін табады.Шарттың бағасыы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек.Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін.Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі.Мердігерлік шартының мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндететрін атқаруға байланысты қызметтің уақыттық өлшемдерін анықтайды.Мысалы,тапсырысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті.Ең жоғры жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол меррзімдерге тікелей тәуелді болады.Оның аралығында жұмыс толығынан жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартаның жалпы мерзімін құрайды.Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үішн қарастырлыған ақырғы мерзімдер де бекітіледі.Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері аралық мерзімдерде көзделуі мүмкін.Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады.Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қызмеетінің бірдей етіп бөлінуін қаматамасыз етеді.Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын, бақылауын қамтамсыз етеді.Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шыңындарды өтеулі талап етуге құқылы.Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уаықтылы кріспесе де осы нәтиже орын алады.
Тараптардың міндеттері мен құқықтары.Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті.Яғни мердігердің мойында ол кәсіби субьект болған соң, оның жұмысты орындалмағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді.Мердігердің осы міндеттің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін.Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерлі жауапкершіліктен босататын жағдайларда әсер етеді.Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті.Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады.Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақатуға және нормативтік-техникалық құжатарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті.Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын мердігерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 632-б.2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немес толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ материалдар мен құралдарды еруге міндетті.Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдармен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшні жауапты болады. Жұмыс аяқталағаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалаған материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті.Мердігер тапсырысшының келімімен, қалған пайдаланылмаған материалдардың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемітіп сол материалдарды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға міндетті.Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады.Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби тәжірбиесіне байланысты бағалайды.Мердігер:1)тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;2)оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;3)орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сілтеме жасауға құығы жоқ (ҚР АК 628-бабы 2-тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзімнің ішінде беруі тиіс.Егер мердігер белгіленген талаптарды саұтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдарынан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болмауы керек.Осыған байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немес жоқтығына қарамастан жауап болады.Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады.Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке де қатысты болады.Мысал қылып мердігерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөндеу кезінде оны алып кету қажеттілгі болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға болады.Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орынау үшін арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субьект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз.Кез келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.Мердігер де үндемеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б).Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болған еді.Оны кірістіру мердігердің тиымды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болды.Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда болып келеді.Үндемеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының салдарынан болады.Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны белгілеу) кезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқыған сақтайды.Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-б.2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетін баға азаяды.Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді.Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін, оның тұрықты іскерлік атғы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолднау қосымша ынталандыру болуы мүмкін.Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді.Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс.Кейбір жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілетін мақсаттарда пайдалану тиісті ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердігердің осы жөніндегі міндеті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады.(ҚР АК 637-б).Осындай ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсініктемелер және т.б. жатады.Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді талап ететініне және т.б. себептерге байланысты болып келеді.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік обьектісімен сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің (құқықтарын) қамтамсыз ету міндеті жүктеледі.Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келсімінсіз бере алмайды (бұл ақпарттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлері туралы ақпарат кіре алады).Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібіне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың біреуінің коммерциялық құпиясы болып келетін ақпарат та қорғалады.Осындай ақпаратты (барлық түрлерін) жарияламау міндеті тараптар оны шартта бекіткеніне, бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың анықталады (ҚР АК 638-бап).Мұндай ақпартты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келсімімен белгіленеді.Мердігер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшін берген құралдарды қайтаруға міндетті.Сол сияқты тапсырысшы мердігер жұмысты орындауға кіріспегені немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшілктері болғаны себебімен шарты бұзса (одан бас тартса), онда мердігер тапсырысшымен берілген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге мүлікті қайтаруға міндетті.Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкін.Егер мүлікті қайтарып беру мүмкіндігі жоқ болса, мердігер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің бағасын қайтаруға міндетті (ҚР АК 639-бабы).Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі.Бұл тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін білдірмейді.Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру міндеті болмайды.Қазақстан Республткасның Азаматтық кодексінің 629-бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттеріне байланысты болса.Мысалы, тапсырысшы салынып жатқан обьектіге жолды тазалауға, тиісті мерзімде, егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелерді (жайларды) беруге міндетті.Мердігерге көмектесу міндеті тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекітілген тәртібін қайта құруды талап етпеу керек екенін, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергі жасамау керек екенін, керісінше онымен ынтымақтастықта болу керек екенін білдіреді.Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, мердігер зиянды, соның ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзімдердің өзгеруіне немесе жұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеуді талап етуге толық құқылы.Егер мердігерлік шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерінен (қателіктерінің) мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес келетін мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін.Жасалған жұмысты қабыладу шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі.Қабылдауға жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді.Егер жаға зат жасалынса немес бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке алу бойынша іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді.Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабы 8-тармағы).Сілтеме жасалған норманың мәтінінде бізің ойымызша қателік бар, себебі жұмыс нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік құқығы өту сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес (меншік құқығы онсыз да жалпы тәртіп бойынша тапсырысшыға оған зат берілгенін өтеді), мерзімді өткізіп алған несие берушіде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзімін өткізіп алудағы кінәсі болмаса, онда ол мүлікті қабылдауға міндетті болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлікті күтіп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетініне (ол сол шығындарды өтеуге міндетті болатынына) әкеледі.
Тапсырсшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемістіктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс.Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап қоймақ болса, онда кемістіктер қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады.Осы қойылатын талапты ескерсек, біз мердігерлік жөніндегі нормалар мердігерлік шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу-сату шартына (оның нормаларына қарағанда) қатаңдау талаптар бекітетінін айта аламыз.Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз қабылдаса, онда ол қабылдаудың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда анықталуы мүмкін болған кемістіктерге (айқын кемістіктерге) сілтеме жасау құқығынан айыралады.Егер тапсырысшы жұмыс нетижелерін қарап қабылдағаннан кейін қарапайым қарағанда көрінбейтіндей кемістіктерді анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердігерге қисынды мерзімде хабарлауға міндетті.Тапсырысшы мердігерге оның орындаған жұмысының кемшіліктері туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі кемшіліктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесі қабылдағаннан кейін бір жылды құрайды.Мердігерге ғимараттардың, құрылыстардың кемістіктері туралы немесе мердігер қасақана жасырған кемістіктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі үш жылды құрайды.Көрсетілген мерзімдерді кепілдік мерзімдер ретінде бағалауға болады.Аталған мерзімдер заң актілерімен немесе шарттармен ұзатылуы мүмкін.Сапа кепілдігі, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесінің барлық құрамаларына тарайды.Егер мердігерлік шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тапсырысшы жқмыс нәтижелерін қабылдағаннан кейін бастап немесе тапсырысшы оларды қабыладауы керек сәттен кейін бастап есептеледі.Егер тапсырысшы мен мердігер арасында жасалған жұмыс кемшіліктері немесе оның себептері туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргізілуі мүмкін.Сараптау шығындары мердігер өтейді.Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердігердің жасаған әс-әрекеттерінің және табылған кемшіліктердің өзара баайланысы жоқ деп тапса мердігер осы шығындардан босатылады.(ҚР АК 630 бабы 6-тармағы).Бұл жағдайларда шығындарды кім сараптауды жүргізуді қаласа, сол өтейді.Егер сараптауды тараптар келісімімен жүргізсе, онда екі жақ тең шығынды өтейді.Жасалған жұмысқа ақы төлеу міндеті тапсырысшының негізгі міндеті.Бұл міндет жалпы тәртіп бойынша мердігер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиіс.Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерінде ақы төлеу міндеті қарастырылыуы мүмкін.Ақы төлену үшін жұмыс уақытылы орындалуы керек.Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келсіміне бұрын кірсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келіссе пайда болады.Аванс төлемін жасау немесе кепілпұл беру солар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады.Аванс төлемінің, кепілпұлдың мөлшері де шарттармен немесе заңнамамен анықталады.
Тапсырысшы белгіленген бағаны немесе шартпен белгіленген өзге соманы төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесілі құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсырысшы керекті ақша сомасын төлегенше бермеуге құқылы.Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла береді.Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай құқық беріледі, ол мердігерге тиесілі сыйақы мөлшерінен өз уақытылы анықталған кемшіліктерді жоюға арналаған шығындарды өтеу үшін ұстап қалуға құқылы.Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесін қабылдауды жалтарып, жұмыс үшін төлмесе мердігер жұмыс нәтижесін өз бетімен сатуға (өткізуге) құқылы болады.Бұл тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтіп кеткеннен кейін бір айдан соң және тапсырысшыға екі рет ескертілгеннен кейін жүзеге асады.Мердігер жасалған жұмыс нәтижелері егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзіне тиесілі ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелік көзделмесе тапсырысшы депозитіне салады.Мердігерлік шарты бойынша тараптарда тиісті көлемде тәуекелдер болып келеді.Егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелін шарт бойынша келісілген жұмысты тапсырудың мерзімі келгенше мердігер көтереді.Егер мердігерлік заты тапсырылғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкіндігі болмаса, онда тараптар кінәсі болмаса, мердігердің жасалған жұмысқа ақы төлеуді талап етуге құқығы болмайды.Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелі барлық жағдайда мердігерге жүктеледі.Затты қабылдауды немесе берудің мерзімін өткізіп алу болса егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзімді өткізіп алған тарапта болады.Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзімін өткізіп алса мердігер сыйақы алу құқығын сақтайды.Мердігерлік шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдердің қайта бөлінуіне әкелетін жағдайлардан тараптардың біреуінің кінәлі іс-әрекеттері болатын жағдайларды айыра білу қажет.Мысалы тапсырысшының кінәсі болмауы мүмкін.Егер мердігерлік затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкінсіздігі тапсырысшы берген материалдардың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердігер алдын ала ескертсе, онда мердігер орындалған жұмыс үшін ақы алу құқығын сақтап қала береді.Мердігерлік шарты бойынша жауапкершілік өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған шарт тараптарының біреуінің кінәлі жүріс тұрысының салдары болып келеді.
Мердігерліктің жекелеген түрлеріне тұрмыстық мердігерлік,құрылыс мердігерлігі,жобалау және іздестіру жұмыстарында, ғылыми-зерттеу, тәжірбие-конструкторлық және технолгиялық жұмыстардың мердігерлік шарты.Тұрмыстық мердігерлік тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді.Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады.Мысалы:косметика салондарының шаштараздар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады.Тұрмыстық мердіерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметі жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырысы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жұмысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктері
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Заңды тұлғаның мүлкіне құқықтарды қорғау
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Сот төрелігін жүзеге асрушы тұлғалар
Мүлік жалдау шарты
Пәндер