Заем шартының нысанасы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Экономика және құқық факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Заем шарты»
Орындаған: «Құқықтану»-202 тобының студенті
Әкімжан. Г. Е
Қабылдаған доцент: Смагулова. А. С
2023
Жоспар
І Кіріспе
1. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
. . .
1. 1 Займ шартының түсінігі . . .
1. 2 Заем шартының нысаны.
1. 3 Заем шартының элементтері.
1. 4 Заем шартының нысанасы.
1. 5. Заем шартының мазмұны . . .
2. ЗАЕМ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ …. . . .
2. 1 Мемлекеттік заем шарты
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
І Кіріспе
1. Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
2. Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн.
Несиелік келісім-бұл заңмен белгіленген нақты келісім кейбір жағдайларда бұл өзара келісім бойынша жасалуы мүмкін. Нақты қарыз шарты ақшаны немесе заттарды беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, онда бұл консенсуалды.
Көп жағдайда нақты қарыз шарты біржақты болып табылады, өйткені қарыз алушы ақшаны немесе заттарды бергеннен кейін қарыз алушы ғана міндетті тарап болып табылады және қарыз алушы оны тек сотқа беруге құқылы. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 717-бабының 2-бөлігіне сәйкес шарттың біржақты сипаты бшлшектке ақша мен заттарды беру (бөліп төлеу) кезінде де сақталады. Борышкердің белгілі бір ақшаны немесе заттарды өзіне ыңғайлы уақытта қайтару міндеттемесімен қатар, борышкердің ақшаны немесе заттарды одан әрі беру міндеттемесі де бар. Осылайша, екі тарап бір-біріне шағымдана алады, бірақ олар керісінше емес. Ақшаны (заттарды) бөліп төлеуге арналған қарыз шарты нақты шарт болып табылады, өйткені ол ақшаның (заттардың) бірінші бөлігі берілген сәттен бастап жасалады деп болжанады. Егер құқықтық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, кредиттік шарт төленген болып табылады. Кредиттік шарт бойынша төлем туралы жалпы ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 718-бабының 1-тармағында көзделген. Бұрын азаматтар арасындағы қарыз шарты, егер шартта сыйақы алу құқығы тікелей көзделмесе, негізсіз болып саналды. Азаматтық кодекстің жаңа редакциясына сәйкес, заттар берілетін қарыз шарты, әдетте, негізсіз болып табылады.
Сыйақының мөлшері мен формасы заттай және ақшалай түрде анықталуы керек, өйткені бұл мұндай шартта аз ескеріледі
1. 1. Займ шартының түсінігі
Заем шарты бойынша бір тарап яғни заем беруші басқа тарапқа заемшының меншігіне щаруашылық жүргізуіне, оралымды басқауына ақша немесе тектік және сападағы заттардың тең мөлщерін уақытында қайтаруға міндетенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 727 бабына сәйкес: 1. Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді.
2. Банк заемы шартына Азаматтық Кодекстің 728 бабында көзделген ерекшсліктерімен қоса заем шартына қатысты ережелер колданылады.
Банк заемы шартының ұғымы мен құқықтық табиғаты туралы бірнеше пікірлер кездеседі. Кейбір авторлар оны заем шартының бір түрі ретінде қарастырады. Басқалары банк заемы шартын, шарттың дербес түрі ретінде қарастыру керек деген. Соңғы авторлар өз пікірін, Совет дәуірі кезіндегі банктің ерекше ролімен, яғни мемлекеттік монополиялық шаруашылық кезеңінде заемдік ресурстарды (көбінесе бюджеттік ресурстарды) жоспар негізінде мсмпекеттік кәсіпорындар арасында таратылғандықтан, оның заем шартымен ұқсастығы алшақ деген. 1
Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік басқару органдары болып табылмайды. Сондықтанда да банк заемы шартын шарттың дербес түрі ретінде қарастыруға негіз жоғалды деуге болады. Мемлекеттің экономикасында көптеген өзгеріетер орын алғандықтан заемдік қатынастарға мемлекет тарапынан реттеуде, заңнамада өзгерді. Қазіргі заңнамаға сәйкес банк заемы шарты шартының бір түрі ретінде қарастырылады.
Банк заемы шартын реалды деген көзқарасты ұстанатын авторлар өз пікірін, банк заемы шарты, заем шартының бір түрі болғандықтан, ал заем шарты реалды, сондықтан банк заемы шарты реалды болады деп негіздейді.
Банк заемы шартын консенсуалды шарт деп санайтын авторлар, оның алдынала жасалатын шарт элементтерін банк заемы шартының ажырымас бөлігі ретінде қарастырып, банк заемы шарты өз күшіне тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді, сондыктанда оны консенсуалды шарт деп санау керек деген. Сонымен қатар шартты жасау келесі кезеңдерден тұрғандықтан:
Заемшы мен банктің заем шартынын, мазмұнын құрастыру (заем түрі, оның сомасы, мерзімі, қамтамасыз етілуі)
; 2) Банкпен заемшы ұсынған құжаттардың қаралуы. Құжаттар негізінде заемшының заемдік мүмкіндіктерін, яғни алған заемды уақытында қайтару қабілеттігін қарастыру;
П. Г. Ефимова "Банковское право" М1994 ж. 182 бет Парков М. М. "Основы банковскою нрава" М1УУ4 ж. 82б.
Тараптардың бірігіп шарттың жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
Тараптардың шартқа қол қоюы; Бұдан туындайтыны, шарт тараптар өзара мүдделерді қанағаттандыратын талаптар орындалып, көрсетілген кезден бастап, яғни келісімге келгеннен кейін шарт өз күшіне енеді деуге болады. Сондықтанда банк заемы шарты консенсуалды шарт болып табылады.
Банк заемы шартының консенсуалдығынан, оның екі жақты міндеттілігі туындайды. Себебі шарт бойынша банк заемшыға заем, беруге міндеттенеді, ал заемшы оны талап етуте құқылы(бірінші міндеттеме) . Өз тарапынан заемшы заемды қайтаруға міндетті, ал банк оны талап етуге құқылы (екінші міндеттеме) . Сонымен қатар, осы міндеттемелердің әрқайсысы бір-біріне негіз болып табылады. Сондықтанда банк заемы шарты каузальды мәміле болып табылады.
Банк заемы шартының ерекшеліктері:
Заем беруші ретінде ақшалай нысанда заем беруге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің лицензиясы бар банк және өзге де заңды тұлға болады. Себебі банктік заңнамаға сәйкес, банк заемын беру лицензияланатын қызмет түрі және Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болады.
Шарттың нысанасы алда берілуі мүмкін ақша болып табылады. Соңғы жағдайда шарт, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, оның жасалған кезінен бастап күшіне енеді деп есептеледі. Бұл мән жай, біріншіден, банк заем шартының табиғатында алдынала жасальш шарт белгілерінің болуымен, екіншіден, ҚР АК 393 бабына сәйкес, тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайлар талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелетіндігімен түсіндіріледі.
Шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Шарттың жазбаша нысаны туралы талап ҚР АКнің 152 бабының 1 тармағына сәйкес егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызметі өндірісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырыпатын мәмілелерге таралады. Ал жазбаша нысанда сақтамау АК 53 бабының 2 тармағында, заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей
көрсетілген реттерде мәмілінің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеледі.
Заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттік ақша қорларының есебінен берілген жағдайда заем берудің тәртібі мен шарттары заң актілерімен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен реттелуі мүмкін. Бұл жағдайда заем беру, заем берушінің міндеті болып табылады да, ал оның жасасқан шарты аталған заң актілерінде белгіленген ол үшін міндетті ережелерге сәйкес болуы тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттік банктер мен қорлар оның арнайы құқық қабілеттігі заң актілерімен бекітілгендіктен, олардың шарттық автономиялары шектеліп, ал басқа банктер үшін мемлекеттік (бюджеттік) ақша қаражаттары есебінен несиелік иеленудің ерекшеліктері анықталған. Аталған нормативтік актілерге: "Ұлттық Банкпен банк заемдарын беру, олар ойынша қамтамасыз етуді қабылдау және сәйкесінше құжаттарды жүргізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің 15 қараша 1999 жылы қабылданған N 404 қаулысын жатқызуға болады.
В) Азаматтық Кодекстің 722 бабының 2 тармағындағы заем шартында орын алатын заемшының міндеттемелері (ақша заем шарты бойынша борыш есебіне тектік белгілермен айқындалған заттарды қабылдау) банктік заңнамаларда көрсетілген жағдайда ғана қолданылады. Сонымен қатар ғалымдар банк заемы шартының мынадай ерекшелігін келтіреді: егер заем шарты кәсіпкерлік және тұтынушылық сипатта болса, банк заемы шарты тек кәсіпкерлік сипатағы мәміле болып табылады. Себебі шарттың бір тарабы банк. Орындалуы ақша немесе тектік белгісімен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе және тиісті міндеттемелердің мәніне қайшы келмейтін болса аванс, алдын ала ақы төлеу тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзімін өзгертіп және бөліп-бөліп төлеу түрінде беру көзделуі мүмкін.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады. Бұл тыйым салу заемшылар депозиттер қабылдауга өкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар банктер болған жағдайларда, сондай-ақ шығарылуы заңдарда белгіленген тәртіппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа қабылдау жағдайларында қолданылмайды. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушнің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болган жағдайда да тисті жазбаша нысанда жасалды деп танылады.
Заем шарты, Азаматтық Кодексте немесе таратардың, келісмінде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөліп-бөліп) беру кезделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бірінші бөлігі берілген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледі.
Заем нысанасын пайдаланғаны үшін заемшы шартта белгіленген мөлшерде заем берушіге сыйақы төлейді. Егер заем шарты бойынша заемшыға заттар берілсе, сыйақы төлеу оларды көлемі мен нысаны (ақшалай немесе заттар) шартта көзделген жағдайда жүргізіледі. Сыйақы төлеудің тәртібі мен мерзімі заем шартында белгіленеді.
Егер сыйақы төлеу тәртібі мен мерзімі шартта белгіленбесе, ол ай сайые төленеді. Егер заемшы заем нысанасын мерзімінде қайтармаса, сыйақы щаем нысанасын пайдаланған бүкіл кезеңге төленеді.
Заем нысанасын шартта көзделген мерзімде, мөлшерге және жағдайда беріледі. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе оның банктегі шотына тиісті ақша қаражаты есептелген кезден бастап берілген деп есептеледі. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заемшы заем берудің шартта белгіленбесе мерзіміне дейін заем берушіні бөліп беру туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы. Тектік белгілерімен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түр-түрі, жинақталығы, сапасы, ыдысы және буып-түйілуі туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасыз болады және заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады. Шарт заемшының заем нысанасын белгілі бір мақсатқа пайдалануы шартымен(нысаналы заем) жасалған жағдайда, заем берушінің заемның нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушінің осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Заемшы заем нысанасын нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда заем беруші заем нысанасының берілмеген бөлігіне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан зае нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен барын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заем нысанасын қайтаруға және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау осы Кодексте көзделген әдістермен қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік беруге міндетті.
Заемшы нысанасын қайтаруға және сыйақы төлеу жөніндегі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамаған кезде, сондай-ақ заем беруші жауап бермейтін мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуді жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем беруші заем нысанасының тиісінше қосылмаған бөлігіне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Заем шартта көзделген тәртіппен және мерзімді шартта белгіленбесе, оны заемшы ол туралы заем беруші талап еткен күннен бастар отыз күн ішінде қайтаруы тиіс.
Сыйақы төлеу туралы шартсыз берілген заем нысанасы мерзімнен бұрын қайтарылуы мүмкін. Сыйақы төлеу шартымен берілген заем нысанасы заем берушінің келісімімен не, егер ол шартта көзделсе, мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше белгіленбесе, заем сыйақы кез келген уақытта мерзімімен бұрын төленуі мүмкін. Заем берушінің келсімімен заемшының міндеттемелері: ақша заемшы шарты бойынша- борыш есебіне шарты бойынша-
Заем шарт нақты шарт, ал заңдарда қарастырылыған жағдайларда консенсустық шарт болып табылады. Нақты заем шарты ақшаны немесе заттарды беру туралы келісімге келген кезден бастап жасалған болып есептеледі заңдарда ненің маңызды талап болып табылатындығы туралы айтылмаған, бірақ АҚ нормаларының мағынасы бойынша оның нысанасы туралы талап маңызды болып табылатын сияқты. Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, ол консенсустық шарт болып саналады.
Көтеген жағдайлара нақты заем шарты бір жақты болып табылады, себебі заем беруші ақшаны немесе заттарды берген соң тек заемшы ғана міндетті тарап болып қалады, ал заем беруші тек оған талап қою құқығын иеленеі.
Щарттың бір жақты сипаты ҚР АҚ 717 б сәйкес заттар мен ақша бөлшектеп берілген жағдайда да сақталады. Заемшының белгілі бір ақша немесе зат көлемін тиісті мерзімде қайтару міндетімен қатар заем берушінің ақшаны немесе заттарды әрі қарай беру міндеті де жүктеледі.
Осылайша, тараптардың екеуі де бір біріне қатысты, бірақ қарама қарсы емес талап қояды. Ақшаның бөліп бөліп төленуін көздейтін заем шарты нақты шарт болып табылады, себебі ол ақшаның бірінші бөлігі берілген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
Заем шарты. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе өтемелі болып табылады. Заем шартының өтелмелілігі туралы жалпы ереже ҚР АҚ 718 енгізілген.
Бұрын азаматтар арасындағы заем шарты сыйақыалу құқығы тікелей шартта қарастырылмаған жғдайда өтеусіз болып саналған.
АҚ жаңа редакциясына сәйкес, жалпы ереже бойынша заттардың берілуін қарастыратын шарт өтеусіз болып табылады. . Мұндай шартта оның өтелмелілігімен қатар, сыйақының мөлщері мен түрі табиғи немесе ақшалай белгілену керек.
1. 2. Заем шартының нысаны.
Заем шарты жазбаша немесе ауызша нысанда жасалады. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты, немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәлаандыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп танылады. Мәселенің бұлай шешілуі заемшы міндетінің құрылымының күрделі емес болуымен, ал заемдық міндеттеменің іс жүзінде кез келген бір жақты ақшалай міндеттемеге айналдырылу мүмкіндігімен байланысты. Сонымен бірге заем талаптары келшекте туындаған сот тергеуі барысында нақтылануы керек. Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151, 152 шарты заемшының облигациясы, қол хаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі(ҚР Қ 716 бабының 2т. ) . Мәселені осылай шешу заемшының міндеті күрделі құралымды сипатқа ие емес екендігінен және заемдық міндеттемеге кез келген біржақты ақшалай міндеттеме айнала алатындығымен байланысты. Сонымен қатар заем жағдайлары сот талқылауы барысында одан әрі нақтылануға тиіс болады. Заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөліп-бөліп) беру көзделген жадайларда, егер шартта өзгеше кезделмесе, олардың бірінші бөлігі берілген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледі.
1. 3. Заем шартының элементтері. Кез келген азамттық құқық субъектілері болып заем шартының тараптары, заем берушілер және зае шылар бола алады. Жеке тұлғалардың тиісті әрекетке қабілеттілік көлемі жоқ болғандықтан олар заем шартының қатысушылары болуы мүмкін емес. Айтылмағандардың барлығы құқықтық қабілеттілігі өзгеше болатын заңды тұлғаларға да қатысты.
Олар өздерінің жарғыларында қарастырылған жағдайларда ғана, немесе осы заңды тұлғаның мүлкінің меншікті иесінің тікелей рұхстымен заем беруше бола алады. Олардың ақшаны өзінің жарғылық қызметін қаржыландыру немесе заңмен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметін қаржыландыру үшін қарызға алуға құқылы.
Алайда мемлекеттік мекемелер үшін елеулі шектеулер қойылған. Олар шарттың бағасын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп бөліп төлеуден басқа, заемдық қаражат ала алмайды себебі тек бюджеттік қаражаттар есебінен ғана қаржыландырылады. Жоғарыда айтылғандай, бұл жербес сатып алу саты шартының, басқа да шарттардың шеңберінде жүзеге асырылады, ал шарт бойынша төлемнің кейінгі қалдырылуын немесе бөліп бөліп төленуін қарастыратын талаптардың өздері тиісті шарттардың әдеттегі талаптарына жатады.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады. Соынмен қатар олар банктік заем шарттарына заем беруші ретінде қатысуға құқылы.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан Республикасында банк заемын беруге байланысты қатынастар азаматтық, банктік заңнамамен, сонымен қатар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Шарттың тараптары заем беруші мен заемшы болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 728бабының тармағы заем берушіге арнайы талап қояды, яғни заем беруші ретінде тек банк немесе банк заемын беруге Ұлттық Банктің лицензиясы бар заңды тұлға бола алады. Заем берушілер болып:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келесідей банк заемдарын береді: күндізгі заем екінші деңгейдегі банктерге олардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында қаражат болаған жағдайда төлемдер мен клиенттердің төлем тапсырыстары бойынша аударымдарды жүзеге асыру үшін беріледі; "оисрнайт" заемы - банктердің корреспонденттік шотында есеп айрысуға байланысты дебеттік сальдо пайда болған кезде бір түнге берілетін земы; ең соңғы инстанцияда заем беруші ретінде берілетін заем арнайы мақсаттағы заемдар. Аталған заемдарды бар тәртібір Ұлттық Банктің актілерімен реттелгенмен, заемдарға байланыс ҚР Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар Азаматық Кодекс нормаларымен реттеледі.
2) 2 ші деңгейдегі банктер:
а) Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылған 2 ші деңгейдегі банк.
б) Коммерциялық банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Банктің ресми мәртебесі оның банк ретінде Әділет Министрлік орындарында тіркелумен және банктік операнияларды жүзеге асыруға Ұлттық Банктің лицензиясының бар болуымен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz