Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ

КОЛЛЕДЖІ

Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беру

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған:Ахтан И. Қ.

Тексерген:Толегенова И. Қ.

Саран-2023жыл.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-БӨЛІМ. XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 5

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері . . . 7

1. 2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие . . . 11

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ . . . 17

2. 1 Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы . . . 19

2. 2 Экологиялық тәрбие негіздері . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мен «Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беру» тақырыбын тереңірек талдап, толығырақ зерттеп көрсетемін. Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші - адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап, табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе. Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым - қатнастың қарама - қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы « ҚР жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы « ҚР білім беру туралы » заңында, 1996 жылғы « ҚР экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында » көрсетілген. Сонымен қатар, ҚР « Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 - бабының әрқайсысы еліміздің болашағын, экологиялық жағынан қаматамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, эологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі. Ғылымда «экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам - Эрнест Геккель. Ол «экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген « экология » сөзін дәлме - дәл аударғанда « үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым» деген грек сөзінен шыққан. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің «ойкос» үй, тұрақ, мекен және «логос»- білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатнастарының, табиғи орта мен байланыстарын зерттейтін ғылым» деп сипаттаған.

Зерттеу мақсаты : Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтау, білім берудің тиімділігін қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

- Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктерін дамыту;

- Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбиенің басты міндеттерін жүзеге асыру;

-экологиялық мәдениет туралы түсінігін қалыптастыру;

Зерттеу пәні: Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі

Зерттеу нысаны: Мектептерде экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-БӨЛІМ. XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде мектепке дейінгі ұйымда жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Балаларды тәрбиелейтін ата-ана мен ұстаздар өте сауатты, білімді болуы керек. Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т. б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоций, А. Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я. А. Коменский «Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы», - деді. Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді. Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған - тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р. Риклефс. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар ментәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Экологиялық тәрбие мектепке дейінгі ұйымда - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері

Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға с2йкес есепке алып отырады. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүниетану көзқарасын қалыптастырады. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша « тіршілік үшін күресу» ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді. Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. Сонымен, экология - тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Көптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен - көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтжесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптер ( химия, мұнай, көмір, АЭС т. б. ) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық - түлік, ет - сүт тағамдарының қалдық - қоқыстары іріп - шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды. Соңғы жылдары экологиялық тәрбиеге қалам тартқан Кеңес Одағының педагог - ғалымдары: И. В. Зверев, А. Н. Захлебный, И. Т. Суравегина, Ю. К. Бабанский А. П., Сидельниковский, В. П. Иоганзен, В. А. Курбановтвр экологиялық тәрбиенің психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтап, экологиялық білім берудің мазмұнын толықтырды. Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім - тәрбие беру республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н. Д. Хмель, Г. А. Уманов, Қ. Б. Жарықбаев, И. Н. Нұғыманов, С. Қ. Қалиев, Ж. Б. Қоянбаев, Б. Р. Айтмамбетова, А. А. Бейсенбеава, т. б. еңбектерінде зерттелінді. Экологиялық тәрбиенің бағыт - бағдарын, оның әдістемелік жүйелерін айқындаған қазақстандақ педагог - ғалымдар : А. Бейсенова, Р. Байсекеева, Н. Нұғыманов, К. Жүнісова, Д. Жангельдина, К. Бұзаубақова, А. Ш. Икрамова Н. С. Сарыбеков, , А. Тұрдықұлов және т. б. өздерінің зерттеу жұмыстарында мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбиелілігін арттырудың педагогикалық тәсілдерін дамытып, нақтылы әдістемелік жолдар, практикалық ұсыныстар енгізді. Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері анықталынады. Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге байланысты биологиядан Ә. Қарамергенов, Л. П. Салеев, Т. В. Машарова, физикадан Э. А. Тұрдықұлов, М. К. Хакимова, табиғаттанудан М. Н. Сарыбеков, Д. І. Жангельдина, геогафиядан І. Есназарова, қазақ тілі мен әдебиетінен Ө. Танабаевтар айналысты. Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатындығы туралы А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ш. Уәлиханов еңбектерінде де көп көңіл бөлінеді. Мәселен, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс - тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады. Сондай - ақ С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. Жабаев, С. Торайғыров сияқты қазақ әдебиетінің негізін салушылар да тамаша табиғат әсемдігін ашатын лирикалық шығармалар қалдырды. Табиғат әсемдігі, әсіресе жануарлар дүниесі қазақ композиторлары Д. Нұрпейісова, А. Жұбанов, С. Кәрімбаев, Қ. Сағырбаев шығармаларында музыка арқылы енеді. Жоғарыдағы ғұламалардың асыл ойларын, ғалым - педагогтардың ұсыныс тұжырымдарын ескеріп, экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты ғылым салаларын саралап құндылық нормативтік көзқарастарын айқындап табиғатты аялауды, оны тиімді мөлшерде ғана пайдалануды насихаттау жолдарының ұлттық тәрбие тұрғысында өлкелік принціпке негізделіп, үш мәселені қамтуы тиіс: бірінші, балаларға, ата - ана, оқу орны, қоғамдық бірлестігімен ұштастырылып экологиялық тәрбие жұмыстарының ұлттық, тәлімдік тағылымға негізделіп қарастырылуы; екінші, табиғат өнімдерін тиімді пайдалану шараларын, оның көптүрлілігін, зат алмасу заңдылықтарын, тепе - теңдік қасиетін және қайта қалпына келу мүмкіндігін пайымдау; үшінші, адам өміріне, оның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды анықтап, олардан сақтану жолдарын қарастыру және туған өлке табиғатының өсімдіктер әлемін аялап, қорғап - еселендіруде экологиялық біліктілік, ұлтжандылық, табандылық таныту. Адамзат қоғамының даму сатысында өзі туып - өскен ортасын сақтау, қорғау, аялау мақсат - міндеттеріне жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі күнделікті өмірде өз орнын табуда. Оған дәлелді мысал ретінде атақты ғұлама ғалым Әл - Фарабидің дүние құбылыстарын философиялық тұрғыдан негіздеп, соның ішіндегі табиғаттың адам өмірімен байланысын ашып, этикалық ( экологиялық) және заң нормаларымен байланыстырып, қоршаған ортаны қорғауды мінез - құлық нормаларына айналдырып, жастардың рухани адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге нұсқаулар беруі. Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезімімен ғана емес, олардың біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де адамдар экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс - әрекеті осы заңға сәйкес жүргізілсе ғана « осы кезге дейін жиі болып тұрғандай» адамның табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып табылады. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

1. 2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда өлі және тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz