Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын жұптық жұмыс арқылы арттыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Оралбаева Аружан Араловна

«Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын жұптық жұмыс арқылы арттыру»

(Қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Ақтөбе, 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

«Курстық жұмыс қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Бахтиярова Г. Р.

«__» 2023 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын жұптық жұмыс арқылы арттыру»

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындады: Оралбаева А. А.

Ғылыми жетекшісі

оқытушы, магистр: Изтлеуова С. Ш.

Ақтөбе, 2023

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫСДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1. 1 “Топтық жұмыс” ұйысдастыру туралы түсінік

1. 2 Топтық жұмыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2. 1 Бастауыш сыныптарда топтық жұмыс ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер

2. 2 Топтық жұмыстарды тәжірибеде қолдану

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К. Д. Ушинский: «Халық тілі - тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі - барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде. . -» деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К. Д. Ушинский: «Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?» - деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да дәл түсінеді.
Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасисеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор улес қосатыны мәлім.

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты. » - деген болатын. Оқушылардың топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді. Н. К. Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген.

Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу әрекетінде топтық іс-әрекетті ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

- жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылған сабақтарда топтық жұмыстардың мазмұның анықтау;

- топтық оқыту мен оқу тәсілі, мақсаттарын айқындау;

- сабақтарда топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау;

- топтық жұмыстарды сабақтарда қолдану ерекшеліктерін айқындау;

- топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру;

- топтық жұмыстарда қолданылатын әдістерді айқындау;

-әлеуметтік өзара әрекетесттікті ұлғайту: жұптық және топтық жұмыстарды орындауды айқындау.

Зерттеудің пәні: Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын топтық жұмыс арқылы арттыру

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Жалпы білім беретін орта мектептің оқу үрдісінде оқушыларды оқытуда топтық жұмыс жасау түрлерін қолданып ұйымдастыруға қатысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар және ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың жаңартылған бағдарлама бойынша алған білімін тереңдетуге, сонымен қатар тілдік материалдарды дұрыс игерулеріне, тілін дамыту, шығармашылық сөйлесуі мен жазу деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Зерттеу әдістері: Талдау жасау, салыстыру, саралау, теориялық талдау әдістері, педагогикалық тәжірибе, әдебиет көздерін зерттеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын жетілдіру
Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылардың қызығушылығын топтық жұмыстар арқылы арттыру
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау және проблемалық технологиялар
Бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында дамыта оқыту арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін және белсенділігін арттыру
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың тиімді шарттары
Қазақ тілі сабақтарында жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігі: ұжымдық, топтық және жұптық әдістер
Ағылшын тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру
Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Бастауыш сынып математика сабақтарында анализ бен синтез әдістерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz