Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым - қатынасы


Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, мектепке дейінгі кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балалардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік - балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д. Б. Эльконин [1], Л. И. Божович [2] және т. б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге - психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы баланың психикалық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі күнге дейін жүйелі табылмаған. Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың арсеналында арнайы контингентке бейімделген зерттеу
әдістері жоқтың қасы. Осы контекстте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын қамтымайтыны бомайды. Алайда ұлттық ойындардың, құндылықтардың балалардың жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.
Балалар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қою арқылы мектепке дейінгі мекеме тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеме өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектепке дейінгі мекеме психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.
Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.
Зерттеудің мақсаты - мектеп жасына дейігі балалар психикасының дамуына ересектермен қарым-қатынасын теориялық жағынан және практикалық жағынан тексеру.
Зерттеудің нысаны: мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында ересектермен қарым-қатынасы
Зерттеудің пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасының мазмұны
Зерттеудің міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балаларға психикалық дамуындағы қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектепке дейінгі мекемедегі топтық ұжымда балалардың өзара қарым- қатынасын зерттеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы -Егер мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастарымен, ересектермен қарым-қатынасын жетілдіру үшін, мәдени және әдептілік құндылықтарды біз арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы балалардың ересектермен қарым-қатынасының жоғарылай бастағынына көз жеткіземіз.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы: Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда балабақша және мектепке дейінгі мекеме қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, ұжымнан изоляциялану себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектепке дейінгі мекеме психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін арттырады.
Зерттеу жұмысының базасы: Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл елді мекені Қызылжар ауылындағы «Ерке-Нұр» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Зерттеудің әдістері: Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған Г. А. Урунтаева, Т. А. Репина, К. Т. Шерьязданова, т. б. әдістемелері [Қосымша 2], эксперименттік баға, бақылау әдістері қолданылды. Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.
Дипломдық жұмыс көлемі және құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына ересектермен қарым-қатынасының әсерін мәселесінің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас ерекшеліктері
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады [3] .
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы М. И. Лисина [4] зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.
Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен өзара қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.
Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін ажыратады.
А. Н. Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет, шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді [5] .
Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.
Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.
Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады.
Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық балалар қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.
Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру Л. С. Выготский [6], С. Л. Рубинштейн [7], Л. И. Божович [8] еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың ойы: «Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады»[9] .
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы: жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу, рольдерді таңдау) .
Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады.
Бала тікелей кіретін отбасылық қатынастар бала мен ата-ана қарым-қатынасы болып табылады. Бала мен ата-ана қарым-қатынасын зерттеу баланың жеке басының қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіну үшін де, оқу тәжірибесін ұйымдастыру үшін де өте маңызды. Бұл мәселенің маңыздылығын психоанализ, бихевиоризм немесе гуманистік психология сияқты көптеген беделді психологиялық теориялардың ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты бала дамуының маңызды көзі ретінде қарастыра отырып, бұл мәселені назардан тыс қалдырмағаны дәлелдейді. Австриялық психолог Альфред Адлерді ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеудегі пионерлердің бірі деп атауға болады. Жеке психология мектебін құрушы Адлер невроз ауру емес, патологиялық өмір салты деп есептей отырып, ересектердің психологиялық мәселелерінің себептерін олардың балалық даму ерекшеліктерінен іздеді. А. Адлердің ата-ана мен бала қарым-қатынасы саласындағы негізгі ұғымдары «теңдік», «ынтымақтастық» және «табиғи нәтиже». Олармен тәрбиенің екі орталық принципі байланысты: билік үшін күрестен бас тарту және баланың қажеттіліктерін ескеру. А. Адлер құқық саласында да, жауапкершілік саласында да ата-ана мен баланың теңдігін атап көрсетеді. Отбасы тәрбиесінің басты қағидасы, А. Адлердің пікірінше, отбасы мүшелерін өзара сыйлау. Ол баланың өзіндік санасын оның отбасында қаншалықты жақсы көретініне және құрметтейтініне тікелей тәуелді етеді. Сонымен, А. Адлер ата-аналарды ерте жастан балалардың бірегейлігін, даралығын, тұтастығын құрметтеуге үйрету қажеттігін атап көрсетеді [10] . Психикалық дамудың ауытқуы басқаларға және өзіне деген бұзылған қарым-қатынастардың салдары, сонымен қатар жеке тұлғаның өсуіне кедергі болатын қарама-қайшылықтардың, қарама-қайшылықтардың салдары деп есептейтін К. Хорнидің [11] көзқарасы сөзсіз қызығушылық тудырады. , оның өзін-өзі жүзеге асыруына кедергі жасайды. Ата-ананың ықпал ету мәселесі; жеке тұлғаның психикалық салауаттылығы туралы да гуманистік психология шеңберінде қарастырылады. Батыс психологиясында бұл бағыт А. Маслоу [12], Г. Олпорт [13], К. Роджерс [14] және т. б. концепцияға сәйкес өмір сүреді. Шетелдік психологияда ата-ана мен бала қарым-қатынасының ерекшелігі дәстүрлі түрде психоаналитикалық (З. Фрейд, Э. Эриксон, Э. Фромм, Д. Винникот, Э. Берн, т. б. ), мінез-құлық (Дж. Уотсон, Б. ) шеңберінде зерттеледі. Скиннер, Р. Сирс, А. Бандура, т. б. ) және гуманистік (Т. Гордон, К. Роджерс, Дж. Баярд, В. Сатир, т. б. ) бағыттар. Психоанализ бала дамуының негізгі концепцияларын дамытудың айқындаушы бағыты болды, онда негізгі рөл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне беріледі. Тіркеу теориясы ең танымал болды. Тіркеу теориясындағы орталық концепция «ішкі жұмыс моделі» болып табылады, ол өзінің және басқаның ажырамас және өзара тәуелді бірлігі болып табылады. Бала анасының оған деген қатынасы арқылы өзін таниды, ал анасы оны өзіне деген қатынастың көзі ретінде қабылдайды. Бұл күрделі қарым-қатынас бастапқы нұсқада қауіпсіздік пен қауіпсіздік сезімін беретін өзіне және жақын ересек адамға деген көзқарас ретінде түсінілді. Бұл мәселенің маңыздылығын Э. Эриксон, А. Фрейд, М. Кляйн, Д. Винникот, Э. Бронфенбреннер, Дж. Боулби, М. Эйнсворт, П. Криттенден сияқты ғалымдардың зерттеулері дәлелдейді. Әлеуметтік бейімделу негізі баланың өмірінің бірінші жылында жақын ересектерге деген сүйіспеншілік сезімінің пайда болуымен қалыптасады. [15] . Бұл ретте авторлар анықтаған баланың ата-анаға (ересектерге) байланыстылық түрлері оның әлеуметтік бейімделуінің шарттары ретінде қарастырылады. Олар отбасын баланың ең жақын әлеуметтік ортасы ретінде қарастырады, баланың қабылдауға, тануға, қорғауға, эмоционалды қолдауға, құрметке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Отбасы, ғалымдардың пікірінше, мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік бейімделуінің сәттілігіне әсер ететін фактор және жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің себептерінің бірі болуы мүмкін. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік бейімделуінің негізгі шарты ретінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың сипаты бөлектеледі. Баланың дамуы үшін жақын ересек адаммен қарым-қатынастың шешуші рөлін жетекші отандық теориялық тәсілдер де атап көрсетеді, бірақ бұл қатынастардың өзі іс-әрекетте де, мәдени-тарихи көзқараста да зерттеу нысаны болып табылмайды (Л. С. Выготский) . , А. Н. Леонтьев және т. б. ) . Осымен қатар клиникалық психологтар (А. Я. Варга, А. С. Спиваковская, Е. Г. Эйдемиллер және т. б. ) ата-ана мен бала қарым-қатынасы саласында мол тәжірибе жинақтады. Балалық шақта бұл қарым-қатынас бұрынғыдан да күшті және өзекті [16] . Д. И. Фельдштейн, «Өсіп келе жатқан адамның іс-әрекет пен қарым-қатынастың әлеуметтік тәжірибесі арқылы меңгеру дәрежесі . . . оның қоғамға қатысты «Мен» ұстанымында ерекше жинақталады». Сонымен бірге, 6 жасқа дейін балалар интимдік-тұлғалық қарым-қатынастың тар шеңберінде болады және оларды негізінен жақын адамдар басқарады. Яғни, ата-анамен қарым-қатынас баланың басқа барлық әлеуметтік байланыстарының негізі болып табылады, ол оны орнатуға және құруға мәжбүр болады. Сонымен қатар, бұл қарым-қатынастар өзін-өзі танудың дамуында орталық рөл атқарады - олар арқылы бала басқалармен ғана емес, өзімен де қарым-қатынас жасау тәжірибесін алады [17] . Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «бала мен ата-ана қарым-қатынасы» ұғымының мазмұны нақты анықталмаған. Біріншіден, ол өзара байланысты, бірақ тең емес қатынастарды қамтитын отбасылық қатынастардың ішкі құрылымы ретінде ұсынылады: ата-ананың балаға - ата-аналық (аналық және әкелік) қатынасы; және баланың ата-анасымен қарым-қатынасы. Екіншіден, бұл қарым-қатынастар тұлғааралық қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары айқын көрінетін ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, өзара ықпал, белсенді әрекеттестік ретінде түсініледі (Н. И. Буянов, А. Я. Варга, А. И. Захаров, О. А. Қарабанова. , А. Г. Лидерлер, И. М. Марковская, А. С. Спиваковская, Т. В. Якимова, т. б. ) [18] . Бұл қарым-қатынастар тұлғааралық қатынастардың барлық басқа түрлерінен ерекшеленеді және осы мағынада олар айтарлықтай ерекше. Е. О. Смирнова бала мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктерін аша отырып, біріншіден, олар бала үшін де, ата-ана үшін де күшті эмоционалдық мәнмен сипатталады деп санайды. Екіншіден, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста екі ұштылық бар. Бұл екі жақтылық, мысалы, бір жағынан, ата-ана балаға қамқорлық жасауы керек, ал екінші жағынан, оны өзіне қамқорлық жасауға үйретуден көрінеді. Адамның психикасы мен жеке басының дамуының қозғаушы күштері, көздері мен шарттары туралы қазіргі заманғы түсініктерге сәйкес, баланың психикалық дамуы ересек адаммен, ең алдымен ата-анамен қарым-қатынас және қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. В. Сатирдің бейнелі өрнектері бойынша отбасы - жаңа адамдар қалыптасатын фабрика [19] . Бұл отбасы оның барлық мүшелерінің шығармашылық өсуіне және жеке дамуына кең мүмкіндіктер береді, бірақ отбасы жеке дисгармонияның көзіне айналуы мүмкін. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтік ортасы ретінде баланың қабылдауға, тануға, қорғауға, эмоционалды қолдауға және құрметке деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Отбасында бала әлеуметтік және эмоционалдық қарым-қатынастың алғашқы тәжірибесін алады. Баланың дүниетанымының қалыптасуына бала тәрбиеленіп жатқан отбасындағы эмоционалдық климаттың әсері зор. Бала мен ересек адам арасындағы қарым-қатынаста «проксимальды даму аймағы» құрылады, онда аға серіктеспен ынтымақтастық балаға өзінің әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалар қарым-қатынасының психологиялық негіздері
XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
«Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларының арасында біз «коммуникативті іс-әрекет» ұғымымен синоним деп қарастыратын позицияларына жүгініп, М. И. Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. [20] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz