Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері факультеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрілігі

Қазақ Ұлттық Өнер Университеті

«Театр өнері және өнертану» кафедрасы

«Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері» факультеті

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Француз композиторы Ф. Эрвенің «Түлкі бикеш» («Мадмуазель Нитуш») опереттасындағы « режиссердің көмекшісі » рөліндегі перформанстық ізденістер

Астана, 2023

Мазмұны

І кіріспе

Ф. Эрве және оның «Түлкі бикеш» («Мадмуазель Нитуш») опереттасы

ІІ Негізгі бөлім

  1. «Түлкі бикеш» қазақ сахнасында
  2. «Режиссердің көмекшісі» шын мәнінде кім?
  3. «Көмекші» рөлінің даму эволюциясы

ІІІ

Қорытынды

Сахнада маңызы жоқ рөл болмайды

І кіріспе

Ф. Эрве және оның «Түлкі бикеш» («Мадмуазель Нитуш») опереттасы

«Жартылай испан, жартылай француз, жартылай жазушы, жартылай сайқымазақ Флоримон Эрве өзінің осы бір сан-қырлы мінезін «Түлкі бикеш» («Мадмуазель Нитуш») опереттасындағы Флоридора-Селестен рөліне мәңгі өлместей етіп, жасырып кетті»

Бернард Грун - неміс композиторы, жазушы

Француз композиторы Фларимон Эрве әлем музыка тарихында француз опереттасының негізін қалаушы ретінде қалды. Соның ішінде көптің көңілінен шығып, автордың атағын аспандатқан шығармасы - «Түлкі бикеш» («Мадмуазель Нитуш») опереттасы. Бұл шығарма - келеңсіз оқиғалардың жиынтығы. Автор онда сайқымазақтық пен саналы адамның мінез-құлқын қатар алып шығуға тырысқан. Кейде тым ақылды, кейде тым ақылға қонымсыз. Күліп отырып ойланасың, ойланып отырып, адам мінезінің сан-қилы қатпарына көз жүгіртесің.

1845 жылы жас Фларимон Эрве Париждегі Сен-Эсташ шіркеуіндегі органистерге арналған байқауда жеңімпаз атанады. Сөйтіп онда жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бірақ дәл сол тұста ол музыкалық театрда жұмыс істеп жатқан еді. «Түлкі бикештегі» Селестен рөлі автор ойына сонда келсе керек. Былайша айтқанда өз прототипі.

Шіркеуде тәрбие алған өнерге құштар жас қыз (Дениза) образы да ХІХ ғасырдың басындағы француз қоғамындағы маңызды тақырыптардың бірі. Идеологиялық жағынан бұл шығарма рухани деградацияға ұшыраған буржуазиялық француз қоғамының бет-бердесін ашып көрсеткен жүгі ауыр туынды. Яғни шіркеудің бет-беделі түскен, тек генералдар мен полковниктар ғана элиталық шенге ие. Солардың айтқаны ғана болады. Ал, шіркеудегі қасиетті-әкейлер наным-сенімін, Құдайдың адал жолын ақшаға сатып, кедейлерді қанап күн көруде. Авторға осы бір шындықты айту қанша қиын болса да, осы шығармада Палковник пен Тәрбиеші образы арқылы оны байқатпай береді. Олардың іс-әрекетін әжуалайды, сөйтіп халықты қыран-топан күлкіге батырады. Бернард Шоу айтқандай: «Ең ауыр шындықтар -әзіл ретінде айтылады». Оны біз атақты Мольер, Штраус, Вагнердің шығармаларынан да байқаймыз. Фларимо Эрвенің бұл шығармасы сондай ұлы шығармалардың қатарынан.

Фларимон Эрве - француз композиторы, органист, француз музыкалық театрының негізін қалаушы. 1825 жылы 30 шілдеде Уден қаласында, ауқатты отбасында дүниеге келген. Балалық шағында шіркеу хорында ән айтып, өнерге деген талпынысы ерте басталған. Ол сондай таланты, әрі-жан жақты болған. Сурет салған, әңгіме жазған, аспаптарда ойнаған. Кейін Париж консерваториясын тәмәмдаған. Оқуын аяқтаған соң «Бисетр» психалогиялық- ауытқулары бар адамдарға арналған емханада музыкалық-терапия жасап, органист, композитор боп жұмыс атқарады. Оған қоса музыкалық-театрда әртіс болып та жұмыс жасайды. Дәл осы жұмыс тәжірибесі оған кейін өте үлкен табыс алып келеді. 1845 жылы шіркеуде өткен бір музыкалық байқауда Эрве жеңімпаз атанады. Содан кейін-ақ ендігі өмірін тек шығармашылыққа бағыттайын деп шешеді.

1855 жылы Эрве Парижде «Фоли Консертан» атты өзінің жеке театрын ашады. Дәл осы театрда ұлы француз операсының негізі қаланды.

Мұнда Лео Делиб, Жак Оффенбах сияқты ұлы композиторлар музыка өнері мен драма өнерін бір арнаға тоғыстырып, таетр әлеміне үлкен жаңалықтар әкеледі. Бірақ араға көп уақыт өтпей, Эрве өзі ашқан театрынан өзі бас тартуына тура келеді. Себеп ішкі ұжыммен түсінісе алмаудан туған.

Эрве мен Оффенбахтың арасындағы өнер бәскекелесі туралы өсек-аяң көп. Бірі екеуі бір актрисаға таласты десе, бірі қаржы мәселесінде ортақ келісімге келе алмаған дейді. Бірақ ел не айтса да, біз үшін екі автор да ұлы театр өнерінің асыл бекзадалары.

1883 жылы Эрвенің жұлдызды сәті орын алады. Ол сол тұстағы атақты драматургтер А. Мельяк және А. Мийомен бірігіп, «Түлкі бикеш» опереттасын дүниеге әкеледі. Опереттаның танымалдығы артқаны соншалық, театр алды халыққа толады. Басты рөлді - француздың атақты актрисасы Анна Жюдик сомдады.

Эрве оператта-буфф жанрының негізін қалаушы. «Буфф» тың негізгі шарты оған дейінгі дәстүрлі операларды әжуалау, кекету. Эрве оперетталары сол тұстағы француз қоғамын аямай сынады. Сол себепті билік тарапынан оған шектеу қойылды. Ендігі кезекте Эрвеге тек бір актілі, екі кейіпкері ғана бар шағын оперетталар қоюға рұқсат етілді. Бірақ Эрве мұның да айласын тапты. Оның қойылымдарында саңыраулар, болмаса қуыршақтар кеңінен көрініс таба бастады. Тіпті керек десеңіз суфлер ретінде кесілген бас та қойылымға қатысып отырды.

Ол музыкалық және драмалық қойылымдарда көптеген ізденістер жасай отырып, оперетта жанрының ХVIII ғасырдағы франция революциясына дейін қалыптасып кеткенін айтып кетті. Ал, Оффенбах болса оған жай ғана үн қосты деп баға берді.

«Түлкі бикеш» («Мадмуазель Нитуш») опереттасының сюжеті

Опереттаның басты кейіпкері шіркеу шәкірті, Дениза де Флавиньи өзіне музыкадан сабақ беріп жүрген Селестен дейтін мұғалімнің құпиясын біліп қояды. Селестен күндіз шіркеуде сабақ беріп, ал, кешкісін театрда қойылым қояды екен. Ендігі кезекте Дениза Селестеннен өзін сол қойылымға апаруын өтінеді. Себебі ол Селестен шығармасының әрбір үтір нүктесіне дейін жаттап алған. Оның үстіне шіркеудегі бірқалыпты тірлік оны әбден жалықтырған. Соған бір амал табуын өтінеді. Әйтпесе оның құпиясын шіркеу Тәрбиешісіне жеткізбек. Өз құпиясының ашылып қаларын сезген Селестен жан-ұшырып, Денизаны қайтсе де театрға апару амалын ойластырады. Ол үшін ол бас Тәрбиешіге жалған хат жазады. Ал, бас Тәрбиеші болса өзінің Полковник ағасы кеңес еткен жас лейтенантқа Денизаны таныстырмақ ойда жүр. Осы бір шытырман жағдай қойылымынң алғашқы сахнасынан ақ белгі беріп, әрі қарай үлкен комедиялық жағдайға ұласа береді.

Шығарманың бірінші бөлімі шіркеуде орын алады. Ал екінші бөлімі театрда өтеді.

Дениздің арманы орындалып, театрға жасырынып келеді. Келсе, мұнда екінші актіге дайындық жүріп жатыр екен. оған дейінгі басты рөлді сомдаған бір актриса (Карина) ендігі кезекте ол рөлді сомдаудан бас тартып, елді келеңсіз жағдайға қалдырады. Дәл сол сәт Денизге жол ашылады. Барлық қойылымның сөзін жатқа білетін Дениз ортаға шығып, қойылымды табысты аяқтайды. Қойылым соңы « бақытты нотада» аяқталады.

Біз қойылымда назар аудару керек кейіпкерлердің бірі әрі бірегейі Дениза де Флавиньи. Ол арманшыл, нәзік, талантты, сұлу қыз. Шіркеуден гөрі театрды жақсы көреді. Ол үшін шіркеу - шектеу, ал театр - ұлы еркіндіктің символы іспеттес. Осы арманын жүзеге асыру үшін ол қайтсе де театрға баруды көздейді. Және өз арманына жетіп, сол жерде өз махаббатын да (Шамплатро лейтенант) табады. Дениздің арманы бізге сол сәттегі үні құмығып жатқан күллі Францияның арманындай сезіледі. Осынау ұлы арман Франция ғана емес, барлық әлемнің арманы. Әркім осы рөлді сомдағанда өзінше үн қатып, өз арманын жеткізуде Дениз рөлін талай рет қолданды. Дениз рөлі ашық, кең дауысты, позитивті ырғағымен басқа рөлдерден ерекшеленіп тұрады. А. Жюдиктен Е. Потопчина, Г. Пашкова, Л. Целиковская, Н. Архипова, Р. Лазарева, Н. Унд, Е. Крегжде т. б әлемдік үлы акрисалар осынау рөлді түрлендіріп, түрлі перформанстық кульминацияға апарды. Олардың әрқайсысы Дениз образының дамытып, еркін қанат жаюына үлкен септігін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
Жалпы театр өнері мен қазақ театры
Қазақстанда театр өнері
Сюжеттік архетип
Театр және музыка өнері
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалды ескерткіш
Театр бала өмірінде
Беларусь Республикасы туралы
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz