Еңбек нарығы немесе еңбек күшінің нарығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту мәселелері (кәсіпорын мысалында) Мазмұны Кіріспе

1 Еңбек нарығы ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ басқарудың теориялық негіздері

1. 1 Еңбек нарығы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері

1. 2 Еңбек нарығын қалыптастыру тетіктері

1. 3 Жұмыспен қамту үрдісін мемлекеттік реттеу

2 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 «Buzen 2016» ЖШС негізгі көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

2. 2 Еңбек нарығының индикаторларына талдау

2. 3 Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын бағалау

3 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН жетілдіру жолдары

3. 1 «Buzen 2016» ЖШС еңбек нарығын жақсартуды жетілдіру жолдары

3. 2 Жұмыспен қамтудағы кәсіпкерлікті дамыту шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.

Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына назар аударады, яғни әл-ауқатынын, деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі танда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігіміздің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз ету.

Қазақстан экономикасының қарыштап дамуы қоғамдағы еңбек нарығының да қозғаушы күшіне айналғандығын заңды құбылыс ретінде қабылдауымыз керек. Өйткені экономикалық өсім өз кезегінде өндірістің өркендеуіне жол ашып отырады. Ал, ел көлеміндегі өндіріс орындарының толық қуатында іске қосылуы халықты еңбекпен қамтудағы негізгі сипатқа ие болмақ.

Біз өз еліміздің тұрғындарының әлеуметтік сипатында ала-құлалық бар екендігін мойындауымыз керек. Және бұл жердегі ала-құлалық ұғымы әлеуметтік теңсіздік тұрғысынан емес, Қазақстандағы өндіріс ошақтарының орналасуы мен еңбек нарығындағы сұраныстың өтелуінен шығып отыр. Яғни, қала мен ауыл тұрғындарының табысы, облыстардағы өндірістік ерекшеліктерге орай төленетін еңбекақы жайы тұрғындарды белгілі бір топтарға жіктеп қарастыруға әкеледі. Кедейшіліктің негізгі себептері жұмыссыздық пен халықтың төмен табыстары болып табылады. Қазіргі кезде еңбек нарығындағы жағдай шиеленісті қалпында және жұмыспен қамтылу мен табыстардың жалпы ұлғаюына қарамастан, әзірше кедейшілік ауқымдарын азайтуға септігін тигізбей тұр.

Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Еңбекші халықтың көп бөлігі - өзіне жұмыс істейтін жеке жұмысшылар. Мұндай жұмыс ұдайы пайда әкелмейді. Бірақ тұрмыс тіршілігіне байланысты әр түрлі іспен шұғылдануына тура келеді. Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне деген бәсекелестік (конкуренция) шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саны глобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0, 5 млн адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.

Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жастар арасында жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі екінің бәріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаладырылуы, еңбекті интенсивтедіру деңгейінің артуы, әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты өнеркәсіптің т. б. мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі (қаржыгер, мұнайшы) - осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.

Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.

Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру - өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еңбек нарығын басқарудың теориялық негіздерін ашу, ЖШС «Buzen 2016» жұмыспен қамту жағдайын талдау және еңбек нарығын басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Диплом жұмысының мақсатына жету міндеттері

  • Еңбек нарығы және оның қалыптасуы туралы, сонымен қатар жұмыспен қамту үрдісін мемлекет тарапынан реттеудің теориялық негіздерін қарастыру
  • Еңбек нарығының индикаторларына және жұмыспен қамтылу деңгейіне талдау жасау
  • Елдегі жұмыспен қамту саясатты жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту жолдарын ұсыну.

Жұмыстың зерттеу объектісі - ЖШС «Buzen 2016» кәсіпорыны болып табылады.

Зерттеу пәні - ЖШС «Buzen 2016» кәсіпорының еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелерін қарастыру.

Дипломдық жұмысының құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Еңбек нарығы және жұмыспен қамтуды басқарудың теориялық негіздері

1. 1 Еңбек нарығы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Американ экономисі П. Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл) ;

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес[1] .

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс) ;

- әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы) ;

- еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;

- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:

- қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;

- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;

- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;

- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.

Адамзат қоғамын зерттеуде, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса маңызды қағидаларды негізге алады. Адам техника мен технологияларды жасап қана қоймай, оны пайдалану әдістерін анықтайды. Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.

Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т. с. с.

Экономикалық адам - бұл таңдау бостандығы бар, жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын, нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі, еңбек ресурсы.

Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:

1. Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы болып табылады, ал экономикаға мемлекеттің араласпауы ең жақсы экономикалық саясат болып табылады. Бұл моделдің негізгі теориялық ережелері:

- ұсыныс меншікті ішкі сұранысты туғызатын болғандықтан, жалпы артық өндіру мүмкін емес;

- жұмыстың көп кезінде өндірілген өнімді сатып алуға жұмсайтын каржылардың жеткіліксіз деңгейін жоққа шығарады;

- егер жалпы қаржы деңгейі жеткіліксіз болса, онда баға және жалақы сияқты реттеу тетіктері іске қосылады, бұл өндірістің нақты өнім көлемінің қысқаруына, жұмыссыздыққа және нақты табыстың төленуіне жол бермейді;

- еңбек нарығындағы бәсеке ішкі жұмыссыздықты жоққа шығарады, өйткені нарықпен белгіленген жалақы ставкасымен жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс табу оңай болады;

- мемлекеттің экономикаға көмегі артық, тіптен зиян деп те айтуға болады.

2. Еңбек нарығының неоклассикалық моделі, еңбек нарығында, басқа да нарықтар сияқты баға тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді және еңбек нарығының негізгі реттеушісі, жұмыс күшінің бағасы деп ұйғарады. Себебі:

- еңбек немесе еңбекақы бағасымен жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы реттеледі, олардың тепе-теңдігі сақталады;

- жұмыс күшінің бағасы нарық қажетіне икемделу арқылы осы еңбек қызметінің нарықтық сұранысын көрсетеді. Еңбек қызметінің нарықтық ұсынымы баға арқылы барлық жұмыскерлер санын көрсетеді.

Кез келген баға арқылы еңбек қызметінің сұраныс көлеміне (санына) әсер ететін негізгі факторлар:

- еңбек қызметінің баға деңгейі;

- еңбек қызметінің көмегімен өндірілген өнімге сұраныс;

- еңбекке ұсынылатын комплиментарлық ресурстардың бағасы мен көлемі;

- еңбектің шекті өніміне әсер ететін техникалық өзгерістер;

Әрбір мүмкін деген баға арқылы еңбек қызметінің ұсыныс көлеміне (санына) әсер етуші негізгі факторлар:

- жұмыскерлердің өз еңбегін сатуға дайындығы және саны;

- туу, өлу және миграция деңгейі;

- еңбек ету қабілеттілігі;

- жалдамалы еңбектің баламалы құны;

- жалақыдан басқа да табыс көздерінің болуы. Еңбек нарығында өзіндік (спецификалык) тауар - жұмыс күші функциясы - еңбек сатылады және сатып алынады. Адамдардың дарыны мен қабілеті қаншалықты саналуан болса, бұл функция да соншалықты сан-алуан. Сонда да еңбекті сандық және сапалық сипаттамасы бойынша келесі түрлерге бөлуге болады: білікті және біліксіз, қарапайым және күрделі; ер, әйел және балалар еңбегі. Төлем деңгейіне қарай олар жынысы, жасы, ұлты және аумақтық белгісімен қатаң сараланған. Бір деңгейлі жұмыскерлер - Германияда - немістер мен түріктер, мұнайшылар - Қазақстанда - немістер, ағылшындар, қытайлар және қазақтар. Олардың әрқайсысы әртүрлі еңбекақы алады. Бұл мысалдар еңбек нарығы функциясы тетігінің қолдануымен түсіндіріледі.

- мемлекеттің ең төменгі жалақы деңгейін белгілеуі, кәсіподақтар айқындамасының күшті болуы, босаған орындар туралы ақпараттардың жоқтығы нарықтағы теңсіздікті күшейтеді,

- еңбек нарығын теңдестіру үшін орталық банктің есептік мөлшері, орталық банк шоттарында коммерциялық банктердің міндетті қор (резервтер) мөлшерінің болуы сияқты тетіктерді пайдалану тиімді.

Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы іске асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады, мұнда не жекелеген жұмыс берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер нарықтық ахуалға тұтасымен ықпал ете алмайды, жалақының тең ставкалары нарыққа қатысушылардың жалпы өзара келісімдерімен анықталады.

Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай қозғалуы болуда, оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни өндірістің ұлғаюы, оның дамуы, құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.

Еңбек нарығы - бұл динамикалық, өзгермелі нарық. Бұл ірі сегменттер мен ұсақ секторлардың, жұмыскерлердің белгілі санаттарының (категорияларының) және жекелеген экономикалық агенттердің сұранысы, ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының ірі, орташа, ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы жүреді, жұмыскерлердің елеулі бөлігі тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді, одан шығады, жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т. с. с.

Сонымен, еңбек нарығында белгілі ағын қалыптасады: жұмыс күші құрамынан шыққандар; жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа байланысты ұлғаяды немесе азаяды;

  • еңбек нарығында тепе-теңдік болса, жұмыссыздықтың болуы мүмкін емес;
  • жұмыссыздықтың себебі, жұмысшылардың аз жалақыға еңбек етуден бас тартуы;
  • кәсіподақтар ықпалы, мемлекеттің жалақының төмен ставкасын белгілеуі, акпараттың болмауы нарықтың негізгі «жетілдірілмегендігі» ретінде қарастырылады.

3. Еңбек нарығының кейнстік моделі - тұрақты және мықты тепе-теңсіздік жағдайындағы еңбек нарығы. Оның негізгі ережелері:

  • экономикада толық жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік беретін ешқандай тепе-теңдік тетігінің болмауы;
  • толық жұмыспен қамту кездейсоқ, ол заңды емес;
  • еңбек нарығына пайыздық ставканың өзгеруі және жалақы мен бағаның арақатынасындағы икемділік көмегімен әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылады;
  • жұмыс күшінің бағасы еңбек нарығының реттеушісі болып саналмайды;
  • еңбек нарығын реттеу рөлі мемлекетке беріледі, ол жиынтық сұранысты азайтып, не ұлғайтып, еңбек нарығындағы теңсіздікті жоя алады т. б.

4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономиканы тұрақтандыру және жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:

  • нарық шаруашылығының ішкі жүйесі тұрақтылық пен өздігінен қалпына келтіруге ұмтылады;
  • нарықтық шаруашылықтағы барлық үйлеспеушіліктер мен орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
  • мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.

Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес жұмыс күн уақытымен жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.

Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың жиыны жұмыс күшін құрайды. Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар, жұмысты белсене іздеуші оқушылар, зейнеткерлер, тұрғылықты мекені жоқтар, үй шаруашылығындағы әйелдер, сонымен бірге институционалды мекемелерде (жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т. б) ұзақ уақыт болған адамдар.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар саны мен жұмыс күші санының арақатынасы немесе ай сайын жұмысынан айырылғандар үлесі мен ай сайын жұмыс тапқандар үлесінің арақатынасы ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (НАІКІІ) елдің өткен 10 жылы мен келесі 10 жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейінің орта шамасымен анықталады.

Жұмыссыздықтың болатын табиғи (тұрақты) деңгейінің негізгі себептері мыналар:

1. Жұмыссыздықты сақтандыру жүйесі жағдайында жұмыс іздеу уақытының көбеюі, жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің артуына ықпалын тигізеді.

2. Жалақының тұрақтылығы «жұмыссыздық-ты күтуді» туғызады. Жалақының "қатаңдығы" жұмыс орындарының салыстырмалы жетіспеушілігіне әкеледі, еңбек ұсынысы сұраныстан асып кетеді.

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің ұлғаю үрдісі мыналармен сипатталады: жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартушылар; жұмысынан айырылғандар; жұмыстарын аяқтағандар; жұмыс алғандар т. с. с. Бұл өзгермелі ағындар қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.

ХІХ ғасырда ғалама неміс экономисі, философжәне әлеуметтанушы К. Маркс «Капитал» еңбегінде нағыз тауар еңбек емес, жұмыс күші - еңбекке қабілеттілік болып табылатынын көрсетті. Осыдан кейбір экономистер еңбек нарығы деп атаса, К. Маркс ілімінің ізбасарлары жұмыс күшінің нарығы деп атады[2] . Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік қабылдаған болатын.

Отандық экономикалық әдебиетте радикалды экономикалық реформалар кезінде, аталған нарықты қалай дұрыс айтуға болады деген сұрақ бойынша пікірталас қайта басталды. «Еңбек нарығы» немесе «еңбек күшінің нарығы». Онда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетел және отандық) «еңбек ресурстарының нарығы» және «еңбек қызметінің нарығы» терминдері пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним ретінде қолданылды. Сонымен бірге олардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық мағына беретінін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан «еңбек күші, еңбек», «еңбектік қызмет», «еңбек ресурстары» тең емес. Сонымен, жұмыс күші - бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек - адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, табиғат затын өнімге айналдыруға бағытталған мақсатты қызмет. Еңбектік қызмет - бұл термин «еңбек» терминіне жақын, алайда қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында қолданылатынын көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде - мысалы: оқу, ем алу, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету және т. б. түрінде көрінеді. Еңбек ресурстары - бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер - 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І, ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

Егер сату-сатып алу нысаны болып табылатын тауарды анығырақ бөліп алсақ, аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық экономикалық әдебиетте екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуетті еңбекке қабілеттіліктер - жұмыскер күші болып табылады десе, екіншісі тауар деп еңбекті санайды. Бірақ оның жақтастары, еңбекті мақсатты қызмет үдерісінде тауар ретінде қарастыру қиын екенін түсіне отырып, тауар ретінде «әлеуетті еңбекті» санайды.

Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден, еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады. Сонымен бірге «еңбек нарығы» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең етек алғанын атап өту керек.

Сонымен, еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі тауары мен өмірлік қаражаттарға сұраныс - ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады.

Нарыктық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалды көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығы туралы
Еңбек қызметі және оның қоғамда алатын орны
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Еңбек нарығы қызметінің теориялық негіздері
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту
Еңбек нарығының ерекшеліктері
Енбек нарығына жалыпы тусінік
Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz