Философияның қысқаша тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№ 4 Дәріс

4 апта Болмыс. Онтология және метафизика

Жоспар:

1. Онтология - болмыс туралы ілім

2. Болмыс және бейболмыс. Болмыс және метафизика

Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т. б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады. бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін) . Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.

Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі - табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш - реніші, психикалық жай - күйі, ойы, мінез - құлқы, ерік жігері, іс - әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.

Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы) . Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т. б.

Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.

Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б. э. дейінгі V-VII ғасырлар) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз - бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу - болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі. Сонымен Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философия тарихында болмыс категориясы
Философия мен мәдениет
Тарихи - философиялық таным табиғаты
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Өркениеттер мен мәдениеттегі ғылым мен философияның байланысы
Философияның мәдениеттегі орны және ролі
Қазақ философиясы қалыптасуы
Философияның мақсаты мен мәні
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz