Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Қазақстан педагогикасының тарихы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1.Бөлім. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ МЕН ТӘЖІРИБЕНІҢ ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Қазақстан педагогикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Педагогика тарихының пәні, мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.Бөлім. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПЕДАОГИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Қазіргі қазақ педагогикалық ерекшеліктеріне жалпы талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Қорытынды.
Кіріспе жұмыстың өзектілігі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өркениетті мемлекеттердің санатына қосылуы жағдайында өзінің қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдениет пен білім жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені қайсыбір жаңа тәуелсіз мемелекеттің болмасын рухани даму үдерісінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер сол мемлекетте мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, рухани мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және тарихи даму жолымен айқындалады.
Қазақ халық педагогикасы халықтың ежелден қалыптасып, заман өзгерістеріне қарай дамып келе жатқан ұжымдық шығармашылығы иен педагогикалық мәдениетінде көрініс алады. Онда халықтың жасампаз шығармашылық тәжірибесі, азды-көпті орнықты қағидалары, мұрат-мүддесі, қоғамдық мінез-құлық ережелері, ұрпақ тәрбиесі туралы көзқарасы бейнеленеді. Күні бүгінге дейін атадан балаға мирас болып беріліп отырған көркем туындыларда, ауыз әдебиеті үлгілерінде, музыкалық шығармаларда, сәндік қолөнерлерде, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардахалықтың педагогикалық мәдениетінің аса маңызды құндылықтары көрініс тапқан.
Педагогика тарихы ғылым және оқу пәні ретінде біздің елімізде ондаған жылдар бойы өзінің әдістемелік негіздеріне марксистік-лениндік ілімді, диалектикалық және тарихи материализмді жатқызды. Әртүрлі тарихи кезеңдегі, өткендегі белгілі педагогтардың педагогикалық көзқарастарын қарастырғанда және оған баға бергенде, олардың тәрбие мен білім беру тарихындағы орны біржақты таптық тұрғыдан пайымдалды. Демек, таптық көзқарас тарихи-педагогикалық теорияның және тәрбие тәжірибесінің бүкіл байлығын шектеді, өткендегі көрнекті педагогтардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа бой ұрдық, кей жағдайда тарихи-педагогикалық үрдісте белгілі педагогтардың алатын орны мен мәні объективтік тұрғыдан дұрыс бағаланбады. Педагогика дамуының бүкіл кеңестік кезеңде қалыптасқан тәжірибені жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмас еді. Әртүрлі тарихи кезеңде өмір сүрген, өзінің педагогикалық еңбектерімен педагогика ғылымына елеулі үлес қосқан прогрессивтік бағыттағы педагогтар мен көрнекті ойшылдар өзінен кейінгі ұрпаққа қаншама өшпес мұра қалдырды. Атап айтқанда, өткен кезеңнің ұлы педагогтары - Я.А.Коменскийдің, Жан-Жак Руссоның, И.Г. Песталоццидің, А.Дистервегтің, Н.И.Пироговтың, М. Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың және т.б. педагогикалық мұралар тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан дұрыс бағалауды қажет етеді. Екінші жағынан, өткен тарихи кезеңнің педагогтарын асыра бағалауға немесе олардың ілімдерінің әлсіз тұстары мен кемшіліктеріне көзжұмбайлықпен қарауға болмайды. Тек тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан ғана өткен мұраны дұрыс түсіну және бағалау жөн.
Педагогика тарихы пәнінде өткендегі педагогтардың ілімдерін қарастырумен қатар, ғұлама философтардың, ойшылдардың, ағартушылардың және қоғам қайраткерлерінің педагогикалық көзқарастары қарастырылады. Олар кәсіби педагогтар болмағанмен, педагогикалық теорияны дамыту үшін елеулі үлес қосқанқандығы белгілі.
Педагогика тарихын оқып-үйрену мұғалімнің мәдениетін арттыруда ерекше рөл атқарып қана қоймайды, сонымен қатар оның педагогикалық шеберлікпен қарулануына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жағдайында педагогикалық білім берудің мазмұны белгілі өзгерістерге ұшырады. Қоғамның саяси-әлеуметтік және мәдени өмірінің жаңа жағдайларына байланыстығоқу пәндерінің барлық түрлеріне жаңа талаптар қойылды. Кәсіби-педагогикалық білім берудің жүйесінде негізгі оқу пәндерінің бірі педагогика тарихы болып табылады. Педагогика тарихының мақсаты - педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қаматамасыз ететін, педагогикалық ұғымдармен, жаңаша ойлай білетін, болашақты болжай білетін студенттердің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
1 - Бөлім
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ МЕН ТӘЖІРИБЕНІҢ ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫ.
0.1. Қазақстан педагогикасы
Халық педагогикасы ежелден пайда болып, мыңдаған жылдар бойы дамыды, ол тіпті ғылым ақиқатты дүниенің мәнің оның даму заңдылықтарын білуге бағытталған адамзаттың ерекше әрекеті ретінде пайда болмағанға дейін, нақтырақ айтұанда, пайда болардың алдында және ол пайда болып қарқынды дамығанда да, педагогика оны ғылыми білімнен арнайы бір сала ретінде бөле қоймаса, да өркендеді [1].
Педагогика (грек. paida - бала, gogos - жетектеуші) - 1)жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; 2) тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық жәнке практикалық ғылымдардың жиыны [2].
Тарих сөзінің өзі (грекетің historia - баяндау, дәлелдеу, сипаттау деген сөзінен шыққан) - адам болмысының серпінін, оның өзгерістерін және дамып жетілуін ашып көрсететін ұғым. Кеңірек мағынасында ол кез келген заттың, құбылыстың, жүйенің шығу тегін, қалыптасуын, түрленуін, кез келген үдерістің өтуін және өзгеруін (табиғи тарих) сиапттау үшін пайдаланылады. Өзінің жетіліп, баюы барысында тарих ұғымы: адам қоғамының өмірін ұғындыру, түсіндіру, болжау сияқты қосымша мағыналарды да қамтиды.
Тарихтың әртүрлі түсіндірмелерін төмендегідей негізгі екі түр-тұрпатпен көрсетуге болады:
oo тарихты өткен заман ретіндн көрсету;
oo тарихты адам болмысының үдерісі, уақыт шектерінде өтіп жататын әлеуметтік болмыстың үдерісі ретінде түсіну.
Педагогика тарихы үшін білім беру саласына жататын ресми материалдар: мектептерде қолданылатын оқулықтар, оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, ұстаздардың еңбектері, педагогикалық және педагогикалық емес баспасөздер; мұрағат материалдары, естелік пен көркем әдебиет бастау бола алады. Тарихи-педагогикалық зерттеулер адамзат өркендеуінің жалпыға бірдей қабылданған кезеңділігімен тығыз байланысты.[3]
Педагогика тарихын алсақ, ол өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды адам қоғамы дамуының әртүрлі сатыларында тәрбиелеудің және оқытудың таориясы мен тәжірибесінің жай-күйін және дамытылуын зерттеуге арналған.
Педагогика тарихында білім берудің ертедегі, ортағасырлық, жаңа және жаңаша тарихы ажыратылып көрсетіледі.Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде философия, экономика негіздері - қоғамдық құбылыстарды, психология - жеке тұлғаның санасы мен мінез - құлық ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.[1.1]
Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пән өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажетінен туған. Философиялық ой-пікірлерден бастау алған педагогика тәрбиеге байланысты бірте - бірте жинақталған теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан - жақты зерттеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.
Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай) философилық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-322), Демокрит (460-370) еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты.[2.1]
Мұндай тәрбиелік тағылымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің үлгілі тұжырымдары бүкіл кітапта күні бүгінге дейін әлеуметтік - қоғамдық дәуірде ұштасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.[6. 310бет]
Педагогика пәні, адам тану ғылымының ішіндегі жетекшіліерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдарының бірі. Сондықтан педагогика ілімін адам баласының саналы өмірімен ұштастырып, оның көне заманнан бастап орын алып келе жатқанын, ешбір дәлелдерге сүйенбей-ақ оңай түсінуге болады. Адамзат қоғамның дамуына байланысты ғылым-білімінің дамуы, тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Жинақталған ғылыми мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесі қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және методологиялық жолдарын қарастырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі кеңейе түсуде. Олай болса педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды.[2.2]
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. XII - ғасырдың басында жекеғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, И,Песталоцци, И.Гербард, А. Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие білім беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу еңбекке үйретупәндері оқытылды.. Кейіннен өндіріс пен сауда саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онада тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді. Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтыңтәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Сонымен қатар, педагогика - тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшезаңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелденген.
Педагогиканың негізгі ұғымдары. Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие болып табылады. Тәрбие - 1) әлеуметтік мағынасында - өскелең ұрпақты өмірге дайындау бойынша барлық әлеуметтік құрылым: қоғамдық институттар, діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет, отбасы мен орындайтын қоғамның функциясы; 2) педагогикалық мағынасында - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер арасындағы арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын қарым-қатынас процесі, оның барысында қоғамдық-тарихи тәжірибені жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру мен оларды қоғамдық өмір мен өнімді еңбекке дайындау мқсатында жаңа ұрпаққа дарыту орындалады.
Келесі бағыттардан тұрады:
Рухани - адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасызететін өмірге құндылықты қатынасты қалыптастыру. Бұл адамның жұмысы мен ойларына жоғыра мағына беруге қабілетті парыз, әділеттілік, шынайылық, жауапкершілік т.б. қасиеттер сезіміне тәрбиелеу;
Адамгершілік - адамдармен ізгілік қатынастарды, оларды жетілдіру және қоғамдық талаптар мен нормаларды, әдептілік негіздерін құрайды.
Отансүйгіштік - атамекенге сүйіспеншілік, Отанды қорғау мен оның мүдделері үшін өз ар-намысын жоғары қою сезімін қалыптастыру.
Еңбексүйгіштік - жеке тұлғаны адал еңбек етуге, еңбек пен оның өнімдеріне жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі.
Құқықтық - ата заңды құрмет тұтуға, адам құқықтары мен құқықтық мәдениетті және заңға бағыну мінезін қалыптастыру процесі;
Дене тәрбиесі - адамның денсаулығына қатысты денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтану, жаттығу, тынығу т.б. тұлғаның дене бітімін жетілдіру жүйесі. [9.7]
Экономикалық - өндірісті тиімді жүргізу мен ұйымдастыру, бөліп тарату мен тұтыну принциптері мен нормаларының табиғатына сай білімді, іскерліктер мен дағдыларды, қажеттіліктерді, қызығушылықтары мен ойлау стилін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара мақсатты әрекеті.
Экологиялық - өскелең ұрпақты табиғат туралы білім мен аса жоғары ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық ретінде жауапкершілікті қызметті сезінетін жоғары экологиядық мәдениетке тәрбиелеу.
Эстетикалық - тұлғаны өмірдегі және өнердегі көркемдікті қабылдау, дұрыс түсіну, бағалау мен жасаудағы, сұлулық заңдары бойынша шығармашылыққа, жасампаздыққа белсенді қатынасудағы тәрбие жүйесі. [2.3]
Білім беру деп табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Бұл ұғымды тұңғыш рет еңгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоции.[2.4]
Тарихи педагогикалық мұраны сын көзбен зерттеу педагогикалық ойлауды дамытуға, педагогикалық мәдениетті арттыруға көмектеседі, педагогикалық теория мен тәжірибе мәселелерін тоталитарлық жалаң зерттеулерден сақтандырады. Педагогика тарихы өткендегі ұлы педагогикалық жүйелер мен идеяларды сын көзбен пайымдай отырып, адамзат ақыл ойы мен мәдениеттің дамуындағы ең алдыңғы қатарлы құнды және өміршең мұраларды шығармашылықпен пайдаланады. Бірақ, өткен тарихи-педагогикалық мұраны пайдалануда бұл нақты тарихи жағдайларда жасалған теориялар мен идеялардың басқа әдістемелік негізде құрылғандығын, таптық идеологияны жасаушылардың сол кезеңдегі жағдайлардың тарихи шектеушілігін ескеріп отыруы қажет. 3
Педагогика тарихының міндеттері:
Тарихилық және қазіргі кезеңнің арақатынасы туралы базалық әдіснамалық ережелерді студенттердің меңгеруі және түсінуі;
Педагогика тарихының қалыптасу, даму үрдістерін, заңдылықтарын, кезеңдерін және ерекшеліктерін білмей, педагогика ғылымының, білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын бағалау мүмкін емес;
Әрбір халықтың мәдени дамуы мен барлық адамзат қауымдастығының даму арақатынасы жағдайында қазіргі мектептің жетілу сабақтастығын анықтау.
Педагогика таризы курсының маман даярлаудағы рөлі мен маңызын, әлемдік және отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбиелік - білімдік тәжірибенің тарихи-дамуын меңгеру болашақ мұғалімге, оны кәсіптік және адамгершілік тұрғыдан жетілдіруге, оқушылармен қарым-қатынаста өзінің шығармашылық келбетін қалыптастыруына көмектеседі.
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес педагогика тарихы курсын оқыту барысында студенттерді тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің, мектепте білім берудің, әртүрлі кезеңдер мен халықтардың, оның ішінде өз халқының ағартушылары мен педагогтарының педагогикалық көзқарастарының, идеяларының қалыптасу және даму тарихы бойынша біліммен қаруландыру.
Кеңестік кезеңде ұзақ жылдар әлеуеттік-таптық қағиданы асыра бағалаушылық орын алғандығын, мәдени-тарихи, ескі әдістемелік көзқарастың салдары мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің тарихында тұтас бағыттарды бұрмалаушылыққа немесе теріс бағалауға алып келді. Сонымен қатар педагогика тарихын оқыту барысында студенттер төмендегідей біліктілікті меңгеруі қажет:
Тарихи білімнің мәдени және қоғамдық әлеуметтік - экономикалық дамуына әсерін талдау;
Отандық мектептің және педагогиканың тарихын түсіну мен объективті тұрғыдан ашып көрсету, әрі бірыңғай әлемдік тарихи-педагогикалықүрдіспен байланысын тереңірек меңгеру;
Қоғамның қазіргі даму жағдайында өткендегі жағымды тәжірибені шығармашылықпен пайдалану.
Оқыту - бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.5
Педагогиканың қандай пән екенiне түсiнiк берiле отырып, жалпы педагогика оның iшiнде дене тәрбиесiне жан-жақты талдау жасалады. Тәрбие бөлiмдерi туралыда нақты әдiстемелiк материалдар бар. М. Жұмабаев балалар әдебиетiнiң классигi мысалы әртүрлi эпостар, балаларға арналған фольклорлық туындылардыңң авторы. Ең бастысы баланы бесiктен еңбекке тәрбиелеудiң негiзiн салған ұстаз -жазушы. Мағжан туындылары бала тәрбиесiнiң - таптырмас құралы, әдiстемелiк түп нұсқасы, қолтума дүние деуге әбден болады. 5
Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек; Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады. Қазақ педагогикасының Раиса Лемберг - Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым (1883-1965), Тəжiбаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог - ғалымы, академик (1910-1964), Жүсiпбек Аймауытов - жантанушы (1889-1931) Ыбырай жастарды оқу-бiлiм, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дəлел-деуге ұмтылады. Айтпақ пiкiрдi оқушы зердесiне еркiн сiңiру үшiн əр алуан ұстаздық амал-тəсiл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендiк қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын əр шумақ сайын:
Бiр Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңiлге
Ықыласпен тоқылық! - деген жолдарды əдейi қайталай отырып, оқу-бiлiмнiң пайдасын айтуда бала жүрегiне жол таба бiлген. Қазақ халқында қолғанат болысымен-ақ балаға еңбек тәрбиесі беріледі. Еңбек етсең, емерсің, еңбек түбі - зейнет деген аталы сөздер осындайдан туған. Қазақтың шаруашылық өмір қажетінен шыққан еңбек түрлерінен үйшілер, ұсталар басқа да әр алуан қолөнершілер жетіліп отырды. Ислам дінінің шариғат тәрбиесі мен қазақтың әдет-ғұрып заңдары тәрбиесі тығыз бірлестіріледі. Осы арқылы жас ұрпақ заңға, жол-жосынға, әдет-ғұрыпқа құрмет етіп және оған бойсұнып отырады.
Қазақ халқы баланы жас күнінен өлеңқұмарлыққа, ақын-жыраулыққа, шешендікке, домбырашылыққа баулу жұмысын қалыс қалдырмайтын тарихы.
Соғыстан кейiнгi жылдарда дидактиканың əр түрлi бағытында зерттеу жүргiздi. 40 жылдары ''Сабақтың құрылысы проблемасы'', ''Бiлiмдi бекiту жəне сабақтағы бiлiктiлiк'' т. б. сабақ өтудегi мұғалiм бiлiмi мен оның шеберлiгiне үлкен мəн бердi, оның дидактикалық негiзiн қалады. Ал, 50-60 жылдары ''Оқыту əдiстемесi'', ''Дидактика-лық очерктер'' т. б. мақалаларында Лемберг Р. Г. оқу процесiн психологиялық негiзде талдайды жəне сипат-тайды. Оның оқу құралы, оқыту жолдарын айқындайды, оқыту əдiстемесiнiң творчестволық жолын белгiлеп бердi. Раиса Григорьевна елiмiзде бiрiншi болып психология-педагогикалық тоқыраудың салдарын жою жаңадан оның тиiмдi жолдарын iздеудiң жаршысы болды. Оқудың тұрпайлығын жою, сабақты көрнекiлiкпен өткiзу проблемаларын бiрiншi кезекке қойды. Оның ғылыми мектебiнiң шəкiрттерi - Г. А. Уманов пен Н. Д. Хмель Лембергтiң iлiмiн жалғастырып, өздерi оның бiлiмiн таратты.
Сембаев Iбнияұлы - қазақ мектебiнiң тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989) 1966 жылы Ғылым докторы дəрежесiн, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспондентi болып сайланды. Сембаев Ə. I. Қазақ Совет мектебiнiң қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сiңiрген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегi жарық көрдi. Ол үлкен қоғам қайраткерлерi бола жүрiп, Қазақстандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуiне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептерiне байланысты К. Д. Ушинскийдiң, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым. Т. Тəжiбаев жауапты қоғамдық, мемлекеттiк қызметтер атқарумен бiрге, зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Оның К. Д. Ушинскийдiң психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерiнiң зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым-психологтарды даярлауда көп еңбек сiңiрдi. Тəжiбаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пiкiрдiң, оқу-ағарту iсiнiң дамуы жəне мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психо-логиялық жəне педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым. ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту iсiмен педагогикалық ой-пiкiр дамуы жөнiндегi зерттеулерi көлемдi, əрi маңызды зерттеулер қатарынан саналады.
Ғылымсыз бiлiм сыңаржақ: ғылым бiлiмдi ұлғайтады; ғылымсыз бiлiм тым құрғақ, бiлiмдi орнына жұмсау керек. Бiлiмдi орнына жұмсайтын не? Ол - тəрбие''. Сонымен, бiлiмнiң адамзат игiлiгiне жұмсалуы, жұмсалмауы тəрбиеге байланысты екен. Тəрбиесiз бiлiмдi адам сол бiлiмiн адамзаттың игiлiгiне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруi мүмкiн. Тəрбиелi адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол бiлiмiн өз орнына, игiлiкке, адамзаттың гүлденуiне жұмсайды ...''Мiне, осындай-осындай iзгi ойларға жетелейдi. Жүсекеңнiң кезiнде ''Тəрбиеге жетекшi'' (Орынбор, 1926 ж.) ''Психология'' (Ташкент, 1927 ж), ''Жан жүйесi жəне өнер таңдау'' (-М.,1929 ж.), ''Сабақтың комплекстiк жүйесiнiң əдiстерi'' (Қызыл-Орда, 1929 ж.) секiлдi оқулықтар жазуы тегiн емес. Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тəрбиелеу мүмкiндiгiне деген сенiмiнен басталады. өзiнiң ''Тəрбие'' деген мақалаларында Жүсiпбек, адамның хайуаннан айырмашылығы жайында əңгiме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мiнез-қылықтарының барлығы тəрбиенiң кемдiгiнен деп қорытынды жасайды. Г. А. Уманов зерттеулерiнiң тағы бiр ерекшелiгi барлық проблеманы кез келген обьектiсiн жергiлiктi халықтың топырағынан iздейдi. өзiнiң өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресiн мəдениетi, оқу-тəрбие iсiн, əдебиетiн, тарихын өз зерттеулерiнiң берiк компоненттерi етiп ала бiлдi. Соңғы оншақты жылдар iшiнде жазған ''СССР-де оқушыларға кəсiптiк бағдар беру'' Қазақстанда кəсiптiк-техникалық бiлiм берудi дамытудың педагогикалық проблемалары, ''Жеке оқушылармен жүргiзiлетiн тəрбие жұмысының жүйесi'', ''Қиын балалар-мен жүргiзiлетiн тəрбиенiң маңызды мəселелерi'' атты еңбектерiнде жəне Қазақстандағы оқу-ағарту, тəрбие мəселелерiне арналған теориялық танымды мақала-ларында екжей-тегжейлi баяндалған. Мағжан Жұмабаев -ағартушы педагог (1893-1938)
Қ. Жарықбаевтың ғылыми - iзденiс бағыттарының негiзi - ағартушылықты: тəрбие, оқу- ағарту, бiлiм берудi, оның iшiнде психологиялық iлiмдi зерттеудi өзiнiң биiк межесi етiп ұстаған. Ғалым - жаңа рухта жас ұрпақ тəрбиелеу, адамгершiлiк, жақсы мiнез-құлық қалып-тастыру қажеттiлiктерiн тек қана тəжiрибеде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz