Білім беруді цифрландыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан ғылым және білім және ғылым министірлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Диплом жұмысы
Тақырыбы: Химия пәнін басқа пәндермен кіріктіріп оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері

6В01512-химия биология мамандығы

Орындаған: Дәрменова Ақбота, Жақсылықова Саяжан, Пащыйева Лачын
Ғылыми жетекші:Кенжебаева Б.П

Алматы 2023
Мазмұны
Кіріспе

Негізгі бөлімі
1. (Кіріктіріп оқыту)
1.1 Кіріктірілген сабақтар - оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін белсендіру тәсілі
1.2 Білім беруді цифрландыру
2. (Химия пәнін басқа пәндермен кіріктіріп оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері)
2.1 Химия пәнін ағылшын пәнімен кіріктіріп оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану
2.2 Химия пәнін ағылшын пәнімен кіріктіріп оқытуда қолданылған цифрлық технологиялар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Өзектілігі:Қазіргі заман талабына сай білім беруде білім беру сапасын арттыру үшін, бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға қалыптастыру үшін кіріктіріп оқытудағы цифрлық технологиялардың маңызы.
Маңызы: Білім беру жүйесінде, кіріктіріп оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану,заманауи технологияларды енгізу озық жетістіктерге жетуге, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Химия пәнін басқа пәндермен атап айтқанда ағылшы пәнімен биология пәндерімен кіріктіріп оқытуда цифрлық технологиялардың алатын маңызын көрсету.
Міндеті:Цифрлық технологиялардың білім беру жүйесінде, білім берудің жаңа технологияларын қолдануда алатын рөлін пайымдау.

Кіріспе
Қазіргі таңда әрбір мұғалімнің алдына қойған мұраты, ең негізгі міндеті - жан-жақты, жаңашыл, дамыған, рухани бай, тұлғаны қалыптастыру және өзінің пәнінен тек білім беріп қана қоймай әрбір оқушының барынша мүмкіндіктер мен дарынын ашу, оны шығармашылық тұлға болып қалыптасуына үлес қосу.Мұғалімнің шеберлігі әртүрлі ізденістермен, жаңа заман талабына сай сабағын озық үлгілермен өтуі ізденістермен, дамыта отырып, еңбектенуімен жалғаса бермек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің құрылтайында Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында, деп атап көрсеткендей келешек ұрпақтың тағдыры үшін жауапты біздер, яғни мұғалімдер жаңа замакн талабына сай озық технологияларды игеруі керек. Білім беруді демократиялау мен ізгілендіру оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды, әсіресе, оқытудың жаңа технологияларды енгізуді талап етеді.
Қазіргі нарық заман талабына сай жұмыс жасау үшін әрі мұғалім еркін және қолайлы еңбек ету үшін не істеу керек? Ал өмірге саналы, бәсекеге қабілетті, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектеп қандай міндет атқаруы керек және ол келешекте қандай болуы керек. Міне, қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналып отырған осы сұрақтар көптеген ұстаздардың назарында жүр.
Болашақ мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті - оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген жаңа технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, үнемі әдістемелік жетілдіріп отыру. Міне, инновация жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.
Сондықтан осы талаптарға сай жұмыс жасау үшін мұғалім жаңа педагогикалық технологияларды іздеп, қолайлысын оқу үрдісінде пайдалануы қажет.
Р. Декарттың Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту - олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс кіріктірілген технологияның құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалім білім берудің жаңа жолдарын қарастыру керек.
Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы - ақпарат тандырылған жан - жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Соның бірі кіріктірілген сабақтар жүргізу. Кіріктіру - ХХІ ғасыр талабы. Кіріктірілген сабақ - бірнеше пәндердің бірігуі негізінде қандай да бір тақырыптың оқытылуы.
Кіріктірілу - бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кіріктіру сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.
Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Кіріктірілген сабақтарды өтуде төмендегідей артықшылықтары бар:
оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);
сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ - Ы, т.б.).
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық немесе компьютерлік технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт - бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару әрбір ұстаздың азаматтық парызы.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың алған білімдерін бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігін жетілдіруге көмектеседі.
Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырумен қатар уақыт талабына сай оқыту үдерісін жетілдіру. Сабақ сапасы мен білімділігін арттыру - әр мұғалімнің басты міндеті.
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін білім беру жүйесінің негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру, жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру болғандықтан, осы аталған міндет, мақсаттарымызға жету үшін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды тиімді ұйымдастыруымыз қажет.
Өз сабақтарымды басқа пәндермен бірге өткізу себебім де осы заманауи инновациялық технологияларды пайдаланудың қазіргі күні тиімді әдіс екендігін мойындайтындығымды.
Жалпы алғанда кіріктіріп оқытудың негізінде өзіндік ерекшеліктері бар кіріктірілген сабақтар жүйесі жатыр:
1) арнайы ұйымдастырылған сабақ, яғни, егер ол арнайы ұйымдастырылмаған болса ол мүлде болмау мүмкін немесе ол ортақ мақсаты жоқ жеке сабақтарға бөлінуі мүмкін;
2) мақсат қойылуы мүмкін, мысалы:
а) оқылатын тақырыптың мәнін тереңірек қарастыру;
б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
в) тақырып бойынша оқылатын сұрақтарды тұтас, жинақтап қабылдау;
г) оқу уақытын үнемдеу және т.б.);
3) түрлі пәндерден алынған білімді кеңінен қолдану, яғни пән аралық байланысты мазмұндық деңгейде жүзеге асыру. Жалпы алғанда кіріктірілген сабақтар уақытты үнемдеуге, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырумен қатар, түрлі пәндерде бір материалды қайталамауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының негізі болып:
1) танымдылық көзқарас тұрғысынан түпнұсқалық оқу материалын кеңінен қолдану ұстанымы;
2) оқыту процесінде мұғалімге белсенді демеу және көмек көрсету ұстанымы;
3) екінші немесе шет тілді өнімді және қарқынды меңгеру ұстанымы;
4) көпмәдениеттілік ұстанымы;
5) жоғары дәрежеде ойлау дағдыларын дамыту ұстанымы;
6) оқытудың тұрақтылығы ұстанымы .Аталған ұстанымдардың бірінші, түпнұсқалылық, ақпараттың толықтылығы және когнетивті жүктеменің нақты деңгейі оқу материалдарына қойылатын негізгі талаптар екенін білдіреді. Бұл түпнұсқалық интерактивті материалдар тек жоғары уәждемелік әлеуетпен ғана емес, жасанды тілдік орта құру үшін негіз ретінде және жоғары деңгейлі қиын тапсырмалар әзірлеумен де қолданылуы мүмкін екенін көрсетумен де байланысты. Мұғалім осы ұстанымға байланысты екінші тілді, яғни мақсатты тілді белсенді қолданады (біздің жағдайда - ағылшын тілін), ол оқушылар үшін тілдік модель ретінде жүреді.
Тілді білу ерекшелігі пәннің мазмұнын зерделеудің құралы болып табылады. Тіл оқу бағдарламасына кіріктірілген жағдайда оқушылардың назары арнайы мәтіндердің мазмұнымен қатар, пән бойынша қажетті терминдерді меңгеруге де аударылады, ал тақырыптық материалды талқылау мүмкіндігі болу үшін тілдік ортаға ену қажеттілігі оқылатын тақырып контексінде тілді қолданудың маңыздылығын арттырады. Аталған ұстанымдарды сақтау барысында тілді зерделеу мақсатқа бағытталады, өйткені тіл нақты коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қолданылады. Сонымен бірге білім алушы оқылатын тілдің мәдениетін жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігіне ие болуымен қатар, бұл оқушының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Білім алушы тілдік материалдың үлкен көлемін өзінің бойынан өткізеді, бұл тілдік ортаға толық ену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ түрлі тақырыптармен жұмыс істеу білім алушының пәндік терминдермен сөздік қорын толықтыруға және алған білімдері мен біліктерін қолдануға және одан әрі зерделеуге жағдай жасайтын арнайы терминдерді, белгілі тілдік құрылымдарды жаттап алуға мүмкіндік береді. Осылайша шет тілін және тілдік емес пәнді бір мезетте оқу білім беру мақсаттарына жетуге арналған қосымша құрал болып табылады және шет тілі мен тілдік емес пәнді оқуда тиімді жағдайларға ие болады. Әрине, оқудың мұндай түрі пәнді ана тілінде оқытуды толығымен ауыстыра алмайды, бірақ оны айтарлықтай дәрежеде толықтыра алады. Сондықтан да пән бойынша оқу материалы оқушылардың ана тіліндегі пәндік білім деңгейінен сәл төмен күрделілік деңгейінде іріктеліп алынуы тиіс. Оқу материалдарын таңдау пәннің құрылымы мен ерекшелігіне байланысты болады. Сонымен бірге мәтінді өңдеу бойынша тапсырмалар оқушыларды түсіну процесіне жұмылдыру, мәтіннің басты ойын талқылау және тексеру арқылы, пәннің мазмұнына назар аударумен құрастырылуы тиіс. Тапсырмалар лингвистикалық форманың ерекшеліктерін көрсетуі, оларды құрастыру білігін жетілдіруі, оқушылардың өз бетінше және шығармашылық іс-әрекеттерін бақылауға, бағалауға және ынталандыруға жағдай жасауы тиіс. Барлық тапсырмалар ең алдымен коммуникативтік, яғни шет тілінде жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары:
1) көпжақтылығық қыры: - тілді оқыту пән және тілмен қолдау табады; - пән мазмұнын меңгеру тіл сабақтарында қолдау табады; - пәндерді кіріктіру жүзеге асырылады; - оқытуға рефлексия жасау жүргізіледі;
2) қауіпсіздікті болдыратын оқу ортасы: - жаңалыққа қарсы шығатын іс-әрекеттер және тілдік орам қолданылады; - зерделенетін пәндік мазмұн және тілдік құрылымдар көрнекі бейнеленеді; - тілдік қателер түзетілмейді, бірақ мұғалім тілдік құрылымның дұрыс қолданылу моделін береді; - тілді саналы меңгертуге арналған оқу материалдардың түпнұсқасы қолданылады; - оқушының бойында тілді меңгеру туралы сана-сезім дамиды;
3) түпнұсқалық және дереккөзге жақындық: - оқушылар сөйлеу, жазу, сонымен қатар өздерінің ауызша және жазбаша тілдік дағдыларына рефлексия жасау мүмкіндіктерін қолданады; - оқушы өз қызығушылығын есепке ала алады; - оқу материалы оқушының күнделікті өмірімен байланыстырылады; - бұқаралық ақпараттық құралдарының және басқа да дереккөздердің өзекті материалдары қолданылады;
4) белсенді оқыту: - сабақта мұғалімге қарағанда оқушылар көп сөйлейді; - пәндік мазмұнды меңгеру және тілдік, сонымен бірге оқу дағдыларын дамыту үшін оқушылар мақсаттар мен тапсырмаларды өздері тұжырымдайды; - оқушылар оқудың нәтижелерін және оларға қол жеткізу жолдарын сипаттайды; - сабақ барысында жұпта және топта жұмыс істеудің тиімді болуы үшін жағдай жасалады; - оқушылар мен мұғалім әңгімелесу және түрлі тапсырмаларды орындаудың көмегімен пәндік және тілдік материалдың мәнін түсінеді; - мұғалімнің рөлі - сыныптағы үш процесті басқару мен мүмкіндік туғызуға жағдай жасау (оқу процесі, ынтымақтастыққа әкелетін топтағы қарымқатынасты дамыту процесі, тұлғаның даму процесі;
5) тірек құрылым: - білім беру процесінде мұғалім оқушының тәжірибесіне, біліміне, білігіне, пікіріне және қызығушылықтарына сүйенеді; - сабақты жоспарлау және өткізу барысында оқушыларды оқытудың түрлері есепке алынады; - шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамытуға көңіл аударылады; - оқушыға қиын жағдайларда болуына мүмкіндік беріледі және оған сол қиындықтарды жеңу үшін эмоционалдық тұрғыдан көмек көрсетіледі;
6) ынтымақтастық: - пән сабақтары, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар - пәндік сабақтар, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар мұғалімдердің жұмыс барысындағы қарым-қатынасы және ынтымақтастығы арқылы жоспарланады; - ата-аналар оқу процесіне оқушылардың ана тілін және мәдениетін меңгерулеріне көмектесу үшін, сонымен бірге мақсатты тілді пайдалану үшін де қатысады; - жергілікті жердің қоғамдастығы, лауазымдық ведомстволар, жұмыс берушілер және басқа да мақсатты топтар білім беру процесіне қатыстырылады. Оқу процесінде ағылшын тілі және жаратылыстану-ғылыми бағыты пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдарын сақтау, келесідей нәтижелер береді: - оқушылардың ғылыми ойлауына мүмкіндік жасайды; - ғылыми-жаратылыстану танымдық әдісті кеңінен қолдану мүмкіндігін береді; - мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулиды; - қоршаған ортаның дәлелді байланыстарын көрсететін кез-келген мәселеге жаратылыстану ғылымдары кешеніне ортақ көзқарас қалыптастырады; - жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндерге оқушылардың қызығушылығын арттырады және дамытады; - білім алушылардың информатика, физика, химия, биология пәндерінен жалпы түсініктерін қалыптастырады, есептеу, өлшеу, модельдеу, бақылау, эксперимент жүргізу, сызбалар құрастыру және т.б. білігі мен дағдыларын қалыптастырады; - оқушылардың сенімін қалыптастырады, оқулықта берілгеннен де қиын материалдарды түсініп, зерделеуіне мүмкіндігі болады; - оқу процесінде оқушылардың өздері құрастырған авторлық компьютерлік бағдарламаларын (кіріктіру арқылы жасалған) қолдануға мүмкіндік береді; - оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасайды, жаратылыстану-математика бағытындағы оқу пәндерінің (информатика, физика, химия, биология) негізгі курсының бағдарламалық материалдарын неғұрлым тереңірек түсінулеріне және қабылдауларына, сонымен қатар алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қолдана білуге көмектеседі. Оқу процесін кіріктіру арқылы ұйымдастырудың кейбір мүмкіндіктері білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін сапалы және ойдағыдай жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен бірге ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндерін және ағылшын тілін кіріктіріп оқытудың нәтижесінде алынған білімді күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігі пайда болады. Цифрлық білім беруге және цифрлық экономикаға жаһандық көшу цифрландыру процесі өзектілігінің белсенді өсуін тікелей көрсетеді. Табысты цифрлық экономика мен білім беруді құру біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табыладыБілім беру процесін цифрландыру қазіргі заманғы жағдайларға қарай қалыптасатын білім беру процесін және білім беру процесіне енгізілетін қазіргі заманғы техникалық құралдарды өзара трансформациялауды білдіреді.Білім беру үдерісін өзгертудің мақсаты барынша тиімді цифрлық технологияларды қолдану болып табылады. Өз кезегінде, білім беру саласындағы технологияларды дамытудың мақсаты оларды толық бейімдеу және қойылған педагогикалық міндеттерді барынша ыңғайлы шешу үшін оқу процесіне барынша ыңғайлы енгізу болып табылады.Заманауи технологияларды енгізу процесінің басталуымен мекемелердің білім беру мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Атап айтқанда, корпоративті онлайн оқыту, инверттелген білім беру, Мобильді платформалардың барлық түрлері, микро оқыту және басқалары сияқты оқыту форматтары белсенді дамуда. Бұл білім алушының да, оқытушының да бір орынға ұтқырлығы мен байланысуын қамтамасыз етеді.
Электрондық білім беру ресурстарын енгізу студенттер мен оқытушыларға оқу материалдарының кең таңдауына ыңғайлы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындары өз кезегінде кітапхана қорларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Цифрлық Қазақстан бағдарламасына талдау
Цифрлық технологиялар олардың пайдалылуы
Цифрландырылған оқыту жүйесінің жоғарғы және бастауыш сынып оқушыларының білім алуының мәселелерінің шешу жолдарын ұсыну
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Ауыл шаруашылығын цифрландыру терминдері
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Пәндер