Шет тілі сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Шет тілі сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану

Жоспары

І. Кіріспе
1.1 Шетел тілін оқыту процесінде мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сөйлеу және түсіну дағдыларын дамыту
2.2. Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі
ІІІ. Қорытынды
IV. Ұсыныс
V. Әдебиеттер

Кіріспе
2011-2020жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлеуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған.Электронды оқулықтарды 2015 жылға дейін 50%-ына, ал 2020 жылы 90%-ына енгізу жоспарланды.
ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы, ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзара әрекеттестігі негізінде, қағидасы ғұмыр бойы оқу болуы тиіс. Оқытудың жаңа парадигмасына өту механизмі, оқытудың тиімділігін түбегейлі арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігін көріп отырмыз.
Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқта амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпаратты қоғамда тұлғаның өмірі мен іс әрекетіне қажетті, тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетін түрлендіру болып табылады.

0.1 Шетел тілін оқыту процесінде мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану - заман талабы болып табылады. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция бола алады. Компьютердің оқу үдерісіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа ақпараттық технологияны адамхат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының пайда болуына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарды толықтырып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс- әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психолгиялық-педагогикалық, бағдарламалық- техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.
Кез- келген педагогикалық технология - ақпараттық технология болып табылады.Оқу- тәрбие үдерісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалану қажет . Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу - тәрбие материалдарының, есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдарының оқу үдерісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге,оқытудың жеке тұлғаға бағытталған модельін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Қазіргі жаңа оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті д-бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор.
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды кең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс- тәсілдері, сонымен қатар білім беру үдерістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсірін тигізеді:
-оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;
-ақпараттың түрлі көздері мен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;
-ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыны үйрету;
- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі бөлім
2.1.Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сөйлеу және түсіну дағдыларын дамыту.
Шет тілін коммуникативтік бағытта оқытуда мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалану жүргізілетін сабақтың тиімділігін арттырады, яғни оқушылардың сабақ материалдарын тез әрі терең түсінуін қамтамасыз етеді. Шетел тілі пәні өзге пәндерден шынайы тілдік ортаның қажеттілігімен ерекшеленеді. Ал сол ортаны жасанды түрде қалыптастыру мұғалімнің негізгі міндетінің бірі. Мультимедиялық құралдардың заманауи технологияларын енгізу- оқу үдерісінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретеді және мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зерттеушілер шетел тілі сабағын өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділішг төңірегінде көптеген тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол зерттеулердің негізгі мақсаты заманауи оқыту әдісінің тиімділігі мен дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі.
Мұғалім ағылшын тілі сабағында электрондық оқулықтарды ұтымды пайдалану керек, өйткені ол сабақты жекелеп өткізеді, яғни мұнда қайта оралу қарым-қатынасы жүзеге асады. Ал қайта оралу барысы- оқытудың негізгі құрамды бөлігі, сабақты ұйымдастырудағы орынды қолданылған естіп-байқау құралы оқытудағы басқару жүйесінің бірлігін құрайды.
Оқушылардың танымдық қасиеті көрнекілікті сезім арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Сондықтан да естіп байқау, көру, қатысымдық, таным-сөйлеу, қарым-қатынасқа жағдайда оқу құралдары практикалық қарым-қатынасқа енгізуге мүмкіндік туғызады.
Электрондық оқулықтар оқушыларға мәтінді есту мен көру арқылы өз жадыларында бес есе жақсырақ сақтауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар электрондық оқулықты шетел тілін оқыту үдерісінде қолдану оқушының өз бетінше білім алуға және сөйлеу әрекетіне ынталандырады. Сабақ барысында видео көру оқушыға қосымша күш пен сенім бере отырып, тілді ары қарай дамытуға ынталандырады. Сонымен қатар біз оқушылардың барлығының сабаққа белсенді араласып, олардың сөздік қоры мен қатар шетел тілін тыңдап түсіну және сөйлеу дағдыларының біршама жақсарғанына көз жеткіземіз. Электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық- электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану мұғалімге қысқа мерзімде өзінің дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б. Интерективті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
- лекцияны оқып үйретеді;
-сөйлеу ырғағын ;
- диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
-хат жазуға үйретеді;
- грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Ағылшын тілі сабақтарында АКТ қолдану жолдары
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми - педагогикалық, əдістемелік негіздері қалыптасу үстінде
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Пәндер