Әмір Темірдің дүниеге келуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Археология-этнология және Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Ортағасырлық Қазақстан тарихы
Тақырып: Әмір Темір
Мамандығы: 6В02204
Тобы: ГИ-22-2К
Орындаған: Тоқмамбаева Ақгүл
Қабылдаған: аға оқытушы Смагулов Нұртас
Қарағанды 2023
Жоспар:
Кіріспе
I тарау өмірінің басы
Әмір Темірдің дүниеге келуі.
Әмір Темірдің билігі кезіндегі Сыр өңірі қалаларының тағдыры.
II тарау билік басындағы Темір
Әмір Темірдің шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аумағындағы басқыншылық соғыстары.
Ақсақ Темірдің соңғы жорығы
1. Кіріспе:
Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде әлемге әйгілі хандармен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған әлем жаулаушысының өмірі, жорық жолдары мен оның салдары әркезде де өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы секілді мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылғанды. Әмір Темір 1336 жылы сәуір айының 8 жұлдызында Мәуераннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқандтың оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген деп жазылған. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады.
Оқырмандар мен тарихшылар үшін де Ақсақ Темір тұлғасы толық ашылмаған жұмбақ, тарихи дүниеде қарама-қайшылыққа толы тарихи тұлға болып келеді. Оның өмірі туралы жан-жақты баяндаулар Тоғылық Темірдің жорығынан басталады. Бірақ Ибн Арабшахта, орыс жылнамасы мен Рюи Гонзалес де Клавихода 1360 жылға дейінгі Темірдің биографиясын айқындайтын кейбір жайттар келтірілген. Темірдің үстемдікке деген ұмтылысы 1360 - 1370 жылдардағы шапқыншылықтар сол кезеңде салтанат құрған әлі де болса құдіретті Алтын Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ оны күйретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері - Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлердегі агрессиясының алғашқы нысандарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасап бақты. Темір 1370-90 жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам шапқыншылық жорықтар жасады.Төл тарихымызды таразылап, ұлтымыздың бастан өткерген осы уақытта өткерген дерек көздеріне тоқталып өтетін болсақ, Темірдің өмірбаяны қиян- кескі тартыстарға толы аса күрделі тұлға. Оның жалпы алғанда тарихи-саяси өмірбаянын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы 1370 жылы ол Мауреннахр билігін басып алғанға дейінгі
уақытты қамтиды. Бұл кезеңде Темір қатардағы барлас ақсүйектерінің ұлы Темір билік, мансапқа ұмтылған жанкешті күресімен айшықталады.
I тарау
1. Әмір Темірдің дүниеге келуі.
Әмір Темір (1336-1405) дүниеге келген күннен бастап Шыңғыс әулетінен катты жәбір көрген еді. Шешесі Сақыпжамал Темірге жүкті кезінде жыланның етіне жерік болыпты. Күйеуі Тарағай жыланды ұстап әкеліп пісіреді де, жерік әйеліне оның етін жегізіп, сорпасын ішкізеді. Өзі жорыққа аттанып кетеді. Сақыпжамал бір күні түсінде бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп, айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын, артынша Сырдария алқабын билеуші Шыңғыстың тұқымынан шыққан Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат Сақыпжамал үйінде кездейсок қонақ болған жолаушы Баршақатынға жорытыпты. Ол кемпір Тоқалактын әйелі Буренейдің шешесі болып шығады. Баршақатын естіген әңгімесін Тоқалаққа айтып келеді. Иассының (Түркістанның) катал ханы екіқабат Сақыпжамалды алдырып, ез қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатады. Апасынын ізін андыган сіңлісі Теккене тунде жылаған баланын даусынан Сақыпжамалдың денесін тауып алады. Теккене жеті айлык тірі жаткан баланың кіндігін тісімен қиып, етегіне орап алып кетеді. Әлі беті ашыл- маган он алты жасар қыздың емшегінен шыққан сутпен бала коректеніп аман қалады. Аяғына қанжар тиген баланы Теккене емдейді, бірақ ол ақсақ болып қалады. Бұл оқиға 1336 жылы Йассы қаласындағы Қожа Ахмедтің шикі кесектен. тұрғызылған мазарында, Ақсақ Темірдің кіндік қаны тамған жерде болған еді. Тоқалақ хан екіқабат әйелі Суренейді және онын апасы баршақатынды ордадан қуады. Кейін Суреней босанып, Әлфия деген кыз туады. Ақсақ Темірдің әкесі, Тоқалақ ханның жауынгері Тарағай жорықтан қайтып келгенде бала төрт жасқа толған еді. Әйелінің сіңлісі Теккене болған жәйдің барлығын айтады. Олар Тоқалақ ханның қуғынынан қорқып Қазығұрт пен Алай (Памир) тауының арасына барып жасырынады.
2.Әмір Темірдің билігі кезіндегі Сыр өңірі қалаларының тағдыры
Тарағай Теккенеге үйленіп, үшеуі тауда өмір сүреді, аңшылықпен айналысады, мал ұстап күн көреді. Ақсақ Темір жастайынан атқа мініп, аң аулайтын ержүрек жігіт болып өседі. Қаратау, Қазығұрт, Қараспан тауларын паналап журген қашқындар Тарағай мен Ақсақ Темірдің айналасына топтасады, қырық жігіттен тұратын қарақшылар тобын құрады. Олар тек Шыңғыс әулетінің керуенін тонайтын болады. Бүкіл Сыр бойына, Қаратау бөктеріне қырық қарақшы, оның жетекшісі Ақсақ Темір туралы аныз тез тарайды. Бір күні Йассыдан Отырарға қарай шықкан керуенді Ақсақ Темірдің қырық жігіті қоршайды. Керуенге көмекке келіп улгірген Тоқалақтың әскерімен шайқас басталады. Ортаға Ақсақ Темірдің әкесі Тарағай мен Йассының әкімі Тоқалақ шығады. Бұл шайқаста Тоқалақ хан катты жарақаттанып әскерімен Йассыга қарай шегінеді, ал ауыр жарақат алған Тарағай тауга жеткізіледі. Ақсақ Темір керуенде келе жатқан керуен иесінің әйелі Әлфияны тұтқынға алады. Кезінде Ақсақ Темір сүйген Әлфия кейін саудагерге турмыска шыққан болатын. Тоқалақ ауыр жарақаттан кейін ұзақ жатып, іріп-шіріп өледі. Тарагай да сол жарақаттан айыға алмай, көп кешікпей дүние салады. Ақсақ Темір әкесін Қазығұрттағы Жыланды деген жерге жерлейді. Ақсақ Темір тауда жатып жараланған аяғын емдейді. Оның Әлфияға деген бұрынғы сезімі қайтадан оянып, екеуі бірге тұрып жатады. Ақсақ Темірдін екеуінің бұл өмірінің уақытша екенін білген Әлфия еліне сұранады, өлген күйеуінің Шаштағы (Ташкенттегі) дүниесіне иелік жасайтынын айтады. Сол жақта жүріп Ақсақ Темірге керекті ха- барлар жеткізіп тұруға уәде береді, Екеуі атқа мініп, тау аралайды, Әлфия Қашқан болып, Ақсақ Темір оған жете алмағанын қырық жігітіне айтады. Шашқа келіп орналасқаннан кейін Әлфия елген күйеуінің дүниесіне иелік жасайды, Ақсақ Темірдің тұтқынынан қашып шыққан деген қауесет Самарқандтың ханына дейін жетеді. Ол Әлфияны ордасына алдырып, Ақсақ Темір туралы әңгімені барынша мол, әрі шын түрде айтып бер деп бұйырады. Екеуі қайта-қайта кездесіп, әңгімелескеннен кейін Самарқандтың ханы Әлфияны Ақсақ Темірге жұмсайды. Ол Ақсақ Темір Тоқалақты өлтіргеннен кейін кегін алды, ендігі жерде ханның қол астына кіруін ұсынады. Ханға Ақсақ Темірдей ержүрек жауынгер, мықты адам керек еді. Хан мынадай ұсыныс қояды: Ақсақ Темір бір қалаға әкім болады. Екеуі ешқашанда кездеспейді. Хан оның қаласына жоламайды, ол Самарқандқа жоламайды. Ақсақ Темірге және оның сарбаздарына өмірлерін сақтауға уәде береді. Осы бағытта келіссөздер жүргеннен кейін Самарқандтың ханының әмірімен Ақсақ Темір 1360 жылы Кешкент қаласының сының билеушісі болып тағайындалады. Аксак Темір Кешкент каласын он жылдай билейді. Өйелі Ұлдайдан бес бала кереді. Әйелінің ағасы Бахрам әскерге қолбасшы болып тағайындалады. Мауараннахрдын билігін алған Тоқалақтың баласы Ілияс Қожадан тәуелсіз болу үшін қимыл жасауға бел байлайды. Самарқандқа байқатпай кіру туралы жасырын жоспарды Ақсақ Темір, Бахрам және Әлфия үшеуі жасайды. Қолдарына каланын, оның ішінде хан ордасының жоспары қолға түсіріледі. Осындай құпия дайындықтың арқасында Ақсақ Темір өзіне берілген 40 жігітімен түн ішінде хан ордасына кіріп, таққа отырады. Сонымен 1370 жылы Ақсақ Темір Самарқандтың әмірі болады. Әмір Темір 35 жыл бойы ұлы империя құру үшін көрші елдерге жойқын шабуылдар жасайды. Орта Азияның жерін Әмір Темір 18 жыл бойы қарудың күшімен. ұстап тұрды. 1388 жылы бес рет жорық жасап Үргеніш қаласын талқандады, Хорезм қаласын, бүкіл түріктер жерін бағындырды. Дешті Қыпшақ, Жетісу жерлеріне, Арал және Сырдария бойындағы қалаларға дүркін-дүркін жорыққа шығып отырды. Әмір Темірдің басқыншылық әрекетіне Алтын Орда мемлекеті бөгет жасады. Жорықты Әмір Темір Ақ Орда мен Моғолстаннан бастады. Бұларды әлсірету үшін 1370-1404 жылдары онға жуық шабуыл жасалынды. Сырдария қалаларының ішінде Отырар, Сауран, Йассы (Түркістан), Сайрам қалаларынан басқасы жаулап алынды. Әмір Темір Ақ Орда мемлекетінің билігін Тоқтамыстың қолына берді. Темірдің үш үлкен жорығының нәтижесінде Тоқтамыс хан Алтын Ордаға үстемдігін нығайтып, Темірдің үстемдігінен шығуға әрекет жасады. Көздеген максатына жете алмай Тоқтамыс хан құлады. Бұл жорықтар кезінде Қазақстан, Кавказ, Оңтүстік Русь халықтары да Темір әскерлерінің шылауына түсті. Алтын Орданың Сарай, Берке, Астра- хань, Азов қалалары қирады. Әмір Темір 1380-1404 жылдары Хорасанды басып алды, Иран бағындырылды, Армения мен Әзербайжанға жорық жасалынды, Сирия мен Грузия аркылы Солтүстік Кавказға және Алтын Ордаға етті. 1398 жылы Үндістанға жорық жасап, Кавказ елдеріне қайта оралды. 1400 жылы Әмір Темір Түрік сұлтаны Баязидке қарсы күрес бастап, оны 1402 жылы Анкара маңында жеңді. Өмірінің соңғы жылдарында Әмір Темір Оңтүстік Қазақстан жерін басып өтіп, 800 мың әскермен Қытайға жорыққа шығуға әзірленді. Ақсақ Темір 1381 жылы Герат қаласын алып, көңілі толып, шалқып отырған кезде оның бір кеңесшісі: Артымызда, сонау Қаратау мен Алтайдан бастап жатқ- ан калын елімізді, көршілер, кешпелілер басып алуы мүмкін, - деп ескерткен екен. Кеңесшінің бұл айтканы Темірді кеп ойландырады, айла іздейді. Сондай айланын бірі Сыр бойында әйгілі ата- бабаларының аруағына бағыштап зәулім, сымбатты ғимараттар, сағаналар, ескерткіш белгілер, қасиеті мол таңбалар салу арқылы оларды айналадағы көшпелілер келіп табынатын, бас иетін жерге айналдыру қажеттігін түсінеді. Әмір Темір әулие Қожа Ахмед жатқан Йассы каласынан зәулім сағана-ғимарат салуға бұйырады. Қожа Ахмет жерленген қорымда бұл әнірді Темірден бұрын билеген Сұлтан Ахмед, үшіншісі Құбылай Ханбалықты алғанда, оның әскерінің оң канатын ба- сқарған батыр Ахмет жататын. Солармен қатар, Ақсақ Темірдің анасы Сақыпжамал жерленген, Әмірдің кіндік қаны тамған жер болатын. Осындай ой үстінде Әмір Темір өзінің шешімін былай деп жеткізіпті: Шыңғыс- ханда мен тәрізді жиһангер, үлкен колбасшы. Бірақ, ол бұзушы, бүлдіруші, жүрген жерін талқандап кеткен адам. Ал, мен болсам, сол сиякты жиһангермін. жеңімпазбын. Алдымен берілмесе бұзамын, жеңіп алғаннан соң қайтадан жасаймын, жығылганды тұрғызамын, құлағысы келмегенді жатқызамын... Жүрген жерлерінде өзіне, осында болғанына ескертілген тәрізді етіп қала орнат, күмбез орнат. Сонымен Кожа Ахмет кесенесін салдыру үшін Әмір Темір тұтқынға алынған, болмаса кезіне түскен ұсталарды, үй салатын шеберлерді, қыш құятын мамандарды Сырдарияның бойына айдап әкелді. Отқа күйдірілген әдемі әрі кішкене қызыл қыш Сауран қаласының тұрғындарының қолымен жасалынды. Деректерге қарағанда 30-40 шақырым жерде туратын Саураннан қатар тұрып, қолма-қол беру арқылы қыштар Йассыға жеткізілген екен. Жергілікті халықты құрылыс жүріп жатқан жерге жақын әкеліп орналастырады. Олар Қожа Ахмед Йассауи кесенесін салушыларға көмек көрсететін, негізгі қара жұмысты, қол жұмысын атқаратын қалаларға айналады. Ең алдымен, оларды Шыңғыс-хан жорығында күл-талқан болған Отырар мен Бұзықты қайта тұрғызуға, Қарнақ, Иқан, Сығанақ сияқты жаңа қалалар салуға пайдаланады. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысын Әмір Темірдің сенімді адамы Мәулен Убайдулла Садыр мен ирандық Хасан басқарады. Сағана құрылысына керекті ағаш Сыр бойынан Үшқайық деп аталатын жерде әзірленеді. Ал мәрмәр тастар Самарқаннан түйемен жеткізілді. Бұрын еш жерде болмаған бояулар, сырлы құпиялы өрнектер пайда болды. Ешбір жеріне не темір шеге, не ағаш жа- лғау жасалмай, тек қызыл қыштан көтерілген зәулім сағана Сыр бойындағы кешпелілерді таң қалдырды. Сонымен Шираз, Герат, Табриз, Мауараннахр, Отырар, Испиджаб, Шаш, Исфаганнан айдалып келген шеберлер тұрғызған зәулім ғимарат көк күмбезді Қожа Ахмед Йассауидің кесенесі бой кетерді. Қырық құлақты, қырық ту биенің еті сия- тын казанга керекті қорғасынды, мысты, жезді Қаратау жерінен қазып, оны қорытып құйған, сонау Табризден келген ұста Сыр өңірі Сәруар ад-диннің баласы Әбд әл-Әзиз ибн Шарафиддин болатын. Бул өз дәуірінде шойын құю өнерінің таңғажайып үлгісі еді. Қазанның диаметрі 12,5 метр, биіктігі 1,7 метр, салмағы 2 тонна. Сыртқы жақтауына құранның 9 сүресінің 19 аяты, төменгі жағына Әбд әл-Әзиздің өз аты жазылған. Сондай-ақ, 1399 жылы 25-шілдеде құйылғаны бедерленген. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Әмір Темірдің мақтанышы ғана емес, онын атын шығарды, көреген Әмір деп ен алдымен Сыр елінің халқы айтатын болды. Кожа Ахмет Йассауидың сымбатты әрі көркем сағанасы халықтың көңіліне ұялады, атағы бүкіл Шығыс еліне тарады. Меккеге баруға қаржысы, күші жетпегендер, осы Қожа Ахмедтің кесенесіне келсе, бұл да қажылық еткенмен бірдей деген ұғым қалыптасты. Әсіресе, Сырдария бойында орналасқан калалардын тұрғындары лек-лек келіп жатты. Олар қасиетті жерге келіп, ас беріп, куран оқытып, түнейтін болды. Жан-жақтан жосылып жатқан керуеншілер, мінәжат етіп келген халық қалтасындағы алтын, күміс, мыс теңгелерін тай қазанға тастайтын болды. Тай қазан Әмір Темірге қазына, дәулет беретін байлық кезіне айналды. Әмір Темір жорыққа шығар алдында Қожа Ахмет Йассауидың кесенесіне келіп, бір уыс топырағын бет орамалының шетіне түйіп бойтұмар ретінде өзімен бірге алып жүретін болған. Сонан кейін Әмір Темір Қаратаудың солтүстік бектерінде орналасқан Ақсүмбе деген биіктігі 12 метр, көлденеңі 14 метр карауыл мұнараға барып, етегіне түнейді екен. 1405 жылы Қытайға жорыққа шығар алдында кіндік қаны тамған, шешесінің денесі жатқан Йассы қаласына өзі касиет тұтып салдырған Қожа Ахмедтін кесенесіне келеді. Бұл кезде Әмір Темір жетпіске аяқ басқан. Оның төрт әйелі болған. Ақсақ Темірдің бірінші әйелі жалайыр руының қызы Ұлдай, екіншісі атақты Сараймүлік, үшінші әйелі Шығыс Түркістандык Түкелханымы, ал кіші әйелі Таншолпан Йассыда туған, өзінің досы Бердібектің інісі Әжібектің қызы еді. Әмір Темірдің әйелдері атынан оның кеңесшісі әрі ақылшысы Әлфия жасы келген Ақсақ Темірді Қытайға жорыққа аттанбауға көндіру үшін Йассыға келеді. Әмір Темір олардың үгітіне көнбей, Соңғы рет Қытайға жорыққа дайындала береді. Бұл жорықтан қартайған Әмір Темірдін аман қайтпайтынын сезген Әлфия, оның соңғы әйелі Таңшолпан туралы ынгайсыз әңгіме айтып, айла жасайды. Деректерге қарағанда Қожа Ахмед Йассауидің кесенесі біту алдында Әмір Темірдің әйелі Таңшолпан ғимаратқа барады. Сол кезде соңғы екі қышты қалауға кіріскен ұста Хасан-Әзиздін кезі Таншолпанға түсіпті де, қолындағы екі қышты жерге түсіріп алыпты. Түскен қышты ұста қайта көтермей Таңшолпанның сәулетін, көркін мақтап жанынан шықпай қойыпты. Оның пиғылын түсінген Таншолпан ұстаны үйіне шақырып, колынан дәм таттырып, сый-сияпат көрсетіп, басқа әйелге көз қырын салғанының ұят екенін айтып, еліне қайтарып жібереді. Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу. мақсатында Әлфия осы жағдайды баяндап, Таншолпанның ұстаны үйіне шақырғанын, оның ыдысынан тамак бергенін, төсегін былғағанын айтып береді. Ақсақ Темір Таншолпанды шақырып алып, ақиқатына жетпей әйелін кере құлаш қара бұрымымен буындырып өлтіреді. Әмір Темір Отырардағы бұрын өзімен бірге талай жорыққа шыққан, өзі осы елге билеуші етіп қойған Таңшолпанның ағасы Бердібектің үйіне барып бір жеті күтеді. Бірақ Бердібек үйіне келмей кояды. Әмір Темір намаз оқып отырып, көзін жұмып бұл дүниеден кете береді. Әмір Темірдін басында өмір бойы бірге журген серігі тек Әлфия ғана болады. Өзі тірі кезінде Әмір Темір Самарқанда Гер Өмір мазаратын салдырған болатын. Оның сырт көрінісі сегіз қырлы, ішкі жағы шаршыланып келген, әр қабырғасында терең текшелері (ниша) бар. Гер Әмір мазаратынын алып күмбезі араб жазуларымен, ою-өрнекпен әсемделген. Мазараттын ішкі ернектері бояуларынын байлыгымен, ағаштағы, темірдегі оюлардың әсемдігімен көз тартады. Гер Әмір мазаратына Темірдің табыты қойылады, кейін Темірдің әулетінін, Ұлықбектің мүрделері жерленді. Сонымен, 1370-1507 жылдары Мауараннахрда, Хорезмде, Хорасанда Темір әулеттері билігін жүргізеді. Әулет негізін қалаған Әмір Темір өлгеннен кейін Темір мемлекетінің басшысы Шахрух болды. Ол Гераттың билеушісі еді. Шахрух Ақсақ Темірдің үлкен баласы Ұлықбекті Самарқандтың әкімі етіп тағайындады. Екеуінін мемлекеттерінің әрқайсысы жеке уалаятқа бөлініп, оған Темір әулетінің үрім-бұтақтары билік жүргізе бастады. Шахрух пен Ұлықбек елгеннен кейін болған Әбусаит Мауараннахр мен Хорасанды біріктіріп үлгірді. Әмір Темірдің немересі Хұсаин сұлтан билік жүргізген кезде (1469-1509) Темір әулетінің мемлекеті қатты әлсіреді, оны Мұхаммед Шайбани бастаған көшпелі өзбектер жаулап алды. Темірдің бесінші ұрпағы Бабыр Орта Азия мен Сыр бойынан қуылып, Үндістанға барып құрған Ұлы моғол әулетінің негізін қалады. Атасы Әбілқайыр өлгеннен кейін онын ыдыраған иеліктерінде Мұхаммед Шайбани мен ұрпақтары өз үстемдігін орнатпақ болды. Осы кезеңдерде Жәнібек, Керей, Бұрындық, Қасым Қазақ хандығын нығайту мақсатында қазақтың барлық этникалық жерлерін, атап айтқанда Түркістан қаласының мәдениеті және егін шаруашылығы дамыған елкені біріктіруді көздеді. XV ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойы мен оған іргелес Қаратау өңірінің бірсыпыра жерлерін басып алды. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұқараға қашты. Екі жылдан кейін Темір әулетінің көмегімен Шайбани Арнук пен Сығанақты басып алды. Артынша Бұрындық хан мен Махмұд Султан бастаған қазақ әскерінен тағы да куйрей женілген Мухаммед Шайбани Маңғыстауға қарай қашады. Ол тағы да күш жинап Темір әулетінің Ахмет мырза мен моғол ханы Сұлтан Махмұдты Шыршық өзені маңында болған соғыста жеңіп, Арнук, Үзгент, Сығанақ қалаларын басып алады. Дегенмен, бұл жолы да қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, Түркістанды тастап Хорезмге қарай кетеді. Сонымен, Сырдария бойындағы қалалар үшін қазақ- тармен 40 жыл бойы ұзақ соғыста Мұхаммед Шайбани бірде Темір әулетіне, бірде моғол хандарына арқа сүйеді. Ұзақ жылдар бойы журген күрестен кейін ол қазақтармен бітім жасасады. ХV ғасырдың ақырында Отырар, Сайрам, Йассы (Түркістан) калалары мен Түркістанның біраз белігі Мухаммед Шайбаниға қарайды да, ал Сауран, Сығанақ, Созақ қалалары мен Түркістанның солтүстік бөлігі қазақ хандарының иелігінде қалады. Бұдан кейін Мұхаммед Шайбани кешпелі казактардын мал шаруашылығы өнімдерін езіне қажет коленер бұйымдарына айырбас жасап отырған, Сырдария бойындағы қалалармен қатынастарын біржолата үзіп тастау саясатын жүргізеді. 1503-1509 жылдары қалың әскермен Түркістан арқылы онын солтустік шекараларынан талай рет етіп, Сырдария бойындағы қазақтарды тонайды, қыруар олжаға батады. Мұхаммед Шайбани Қазақ хандығына соңғы рет 1510 жылдың қысында шабуыл жасайды. Шайбанидің жеңіліске ұшыраған әскері Самарқандқа әрең жетеді. Мұхаммед Шайбанидің тынымсыз жорықтары Сырдария қалаларына ауыр қасірет әкелді. Көшпелі қазақтар мен отырықшы диқандардың және қолөнершілердің бейбіт сауда-саттық қаты- настарына зиянын тигізді.
II тарау
ӘМІР ТЕМІРДІҢ ШЫҒЫС ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН ЖЕТІСУ АУМАҒЫНДАҒЫ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ.
XIV ғасырдың соңғы үштен бірі-XV ғасырдың басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне әмір Темірдің жаулап алушылық, тонаушылық жорықтары зор қауіп төндірді.
Жаулап алынған елдердің түрік және түріктенген көшпелі моңғол ақсүйектері мен жергілікті отырықшы ақсүйектердің ішкі қайшылықтары, моңғол мемлекеттерінің саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, моңғолдар бағындырған аймақтардың халық - азаттық күресі бұл мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі - Мәуереннахрда XIV ғасырдың 50-60 жылдарында ірі-ірі түрік- моңғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өршісі. Моңғолдар жаулап алуының барлық ауыртпалығын мойнымен көтерген еңбекші бұқараның, шаруалар мен қолөнершілердің жағдайына ауыр салмақ түсірген талас - тартыстар, сондай-ақ Шағатай ұлысының бұрыңғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекетті қайта туғызуға тырысқан Моғолстан хандарының Мәуереннахрға жасаған жорықтары халық бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауіп-қатері Мәуереннахрдың ақсүйектері мен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық-азаттық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар моңғолдардың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы әмір Темірді осындай басшы деп тапты. Атаққұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын әмір Темір әскерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып-жаныштап, көршілес жердегі халықты талап-тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, еш нәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мәуереннахрда билікті басып алды. Темірдің жеке-дара билік құрған 35 жылы көрші аймақтар мен елдерге жасаған басқыншылық, тонаушылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мейлінше мейірімсіз тағылық әдістермен жүргізді. Темір бұл соғыстаржы Мәуереннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау, Орта Азияныңда, бағындырылған аймақтардың да еңбекшң бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізілген еді.
Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылп, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына - Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісуға және Тянь- Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды. Темірдің үстемдікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы талас - тартыстар шайқалтқанымен, әлі де құдіретті Алтан Ордамен бетпе-бет келді. Бірақ оны күйретпестен мәжбүр етті. Олар монғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы әмір Темірді (1336-1405 жж.) осындай басшы деп тапты. Атаккумар, жігерлі, алған бетінен кайтпайтын өмір Темір әскерлерді пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып-жаныштап, көршілес жердегі халықты талап-тонау мен Күйзелту аркылы байып алды да, еш нәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мауараннахрда билікті басып алды. Темірдің жеке-дара билік құрған 35 жылы (1370-1405 жж.) көрші аймақтар мен елдерге жасаған баскыншылық, тонаушылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мейлінше мейірімсіз тағылық әдістермен жүргізді. Темір бұл соғыстарды Мауараннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі аксүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау, Орта Азиянын да, бағындырылған аймақтардың да енбекші бұқарасын қанау есебінен баюга мүмкіндік беріп, оларды бүлік шыгару мен өзара кыркыстан тыю үшін жургізген еді.
Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылып, Қазақстан мен Кырғызстан аумағына Шығыс Дешті Кыпшакка, Жетісуға және Тянь-Шаньға тонаушылык, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды). Темірдің үстемдікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы талас-тартыстар шайқалтқанымен, әлі де кұдіретті Алтын Ордамен бетпе-бет келді. Бірақ оны күйретпестен бурын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері - Ак Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлерге агрессиясының алғашқы нысаналарына айналды. Ак Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға ұмтылған Темір 70-90-жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам жорық жасады. Ақ Орда билеушілері мен Темір арасындағы соғыс қимылдарына мұрын- дык болған соңғысы еді. Алтын Орданың астанасы Сарайды жаулап алуға катысудан бас тартқаны үшін Ұрұс хан өлтірткен, Манғыстаудын үлесті билеушісі, Жошы ұрпағы Түйе-Қожа оғланның баласы Токтамыс Ак Ордадан Темірге қашып барды. Ұрұс хан Алтын Ордада болған кезде Темір өзінің солтүстіктегі коршісінің істеріне араласу үшін қолайлы жағдайды пайдаланып, Тоқтамыстың Ак Ордада орнығып алуы үшін оған әскер берді. Сауран түбегінде Тоқтамыспен шайқаста Ұрұс хан балаларының бірі Құтлығ-Бұға каза тапқанымен, Тоқтамыстың хижра бойынша 776 жылы (1374-75 жж.) алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Тоқтамыстың Самарқандтағы өз камқоршысына кашып баруына тура келді. Темірден тағы да әскер алып, Тоқтамыс Сауранга дейін жетті, бірақ Ұрұс ханның үлкен ұлы Тоқтақия оны тағы да тас-талқан етті. Темірдің Ақ Орданың онтүстігіндегі әрекеттері, оның әулет ішіндегі араз- дық пен талас-тартыстарға араласуы Ұрұс ханды Сарайдан асығыс шығып, өзінің байырғы жұртына кайтып оралуға мәжбүр етті. Темір Ак Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады. Сол кезде, 1375- 76 жылгы кыста, Ұрұс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және Ұрұс хан әскерлерінін Түркістан жеріне аяк басқанын хабарлаған елші келді. Оған жауап ретінде Темірдін өзі Сырдариядан өтіп, әскерімен Отырар маңына орналасты. Урус хан Сығанаққа жетіп тоқтады. Алайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz