Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Археология-этнология және Отан тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Ортағасырлық Қазақстан тарихы

Тақырып: Әмір Темір

Мамандығы: 6В02204

Тобы: ГИ-22-2К

Орындаған: Тоқмамбаева Ақгүл

Қабылдаған: аға оқытушы Смагулов Нұртас

Қарағанды 2023

Жоспар:

Кіріспе

I тарау «өмірінің басы»

  1. Әмір Темірдің дүниеге келуі.
  2. Әмір Темірдің билігі кезіндегі Сыр өңірі қалаларының тағдыры.

II тарау «билік басындағы Темір»

  1. Әмір Темірдің шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аумағындағы басқыншылық соғыстары.
  2. Ақсақ Темірдің соңғы жорығы

III тарау

  1. Әлемді мойындатқан Әмір Темір.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Кіріспе:

Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде әлемге әйгілі хандармен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» өмірі, жорық жолдары мен оның салдары әркезде де өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы секілді мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылғанды. Әмір Темір 1336 жылы сәуір айының 8 жұлдызында Мәуераннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқандтың оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген деп жазылған. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады.

Оқырмандар мен тарихшылар үшін де Ақсақ Темір тұлғасы толық ашылмаған жұмбақ, тарихи дүниеде қарама-қайшылыққа толы тарихи тұлға болып келеді. Оның өмірі туралы жан-жақты баяндаулар Тоғылық Темірдің жорығынан басталады. Бірақ Ибн Арабшахта, орыс жылнамасы мен Рюи Гонзалес де Клавихода 1360 жылға дейінгі Темірдің биографиясын айқындайтын кейбір жайттар келтірілген. Темірдің үстемдікке деген ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы шапқыншылықтар сол кезеңде салтанат құрған әлі де болса құдіретті Алтын Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ оны күйретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері - Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлердегі агрессиясының алғашқы нысандарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасап бақты. Темір 1370-90 жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам шапқыншылық жорықтар жасады. Төл тарихымызды таразылап, ұлтымыздың бастан өткерген осы уақытта өткерген дерек көздеріне тоқталып өтетін болсақ, Темірдің өмірбаяны қиян- кескі тартыстарға толы аса күрделі тұлға. Оның жалпы алғанда тарихи-саяси өмірбаянын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы 1370 жылы ол Мауреннахр билігін басып алғанға дейінгі

уақытты қамтиды. Бұл кезеңде Темір қатардағы барлас ақсүйектерінің ұлы Темір билік, мансапқа ұмтылған жанкешті күресімен айшықталады.

I тарау

1. Әмір Темірдің дүниеге келуі.

Әмір Темір (1336-1405) дүниеге келген күннен бастап Шыңғыс әулетінен катты жәбір көрген еді. Шешесі Сақыпжамал Темірге жүкті кезінде жыланның етіне жерік болыпты. Күйеуі Тарағай жыланды ұстап әкеліп пісіреді де, жерік әйеліне оның етін жегізіп, сорпасын ішкізеді. Өзі жорыққа аттанып кетеді. Сақыпжамал бір күні түсінде бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп, айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын, артынша Сырдария алқабын билеуші Шыңғыстың тұқымынан шыққан Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат Сақыпжамал үйінде кездейсок қонақ болған жолаушы Баршақатынға жорытыпты. Ол кемпір Тоқалактын әйелі Буренейдің шешесі болып шығады. Баршақатын естіген әңгімесін Тоқалаққа айтып келеді. Иассының (Түркістанның) катал ханы екіқабат Сақыпжамалды алдырып, ез қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатады. Апасынын ізін андыган сіңлісі Теккене тунде жылаған баланын даусынан Сақыпжамалдың денесін тауып алады. Теккене жеті айлык тірі жаткан баланың кіндігін тісімен қиып, етегіне орап алып кетеді. Әлі беті ашыл- маган он алты жасар қыздың емшегінен шыққан сутпен бала коректеніп аман қалады. Аяғына қанжар тиген баланы Теккене емдейді, бірақ ол ақсақ болып қалады. Бұл оқиға 1336 жылы Йассы қаласындағы Қожа Ахмедтің шикі кесектен. тұрғызылған мазарында, Ақсақ Темірдің кіндік қаны тамған жерде болған еді. Тоқалақ хан екіқабат әйелі Суренейді және онын апасы баршақатынды ордадан қуады. Кейін Суреней босанып, Әлфия деген кыз туады. Ақсақ Темірдің әкесі, Тоқалақ ханның жауынгері Тарағай жорықтан қайтып келгенде бала төрт жасқа толған еді. Әйелінің сіңлісі Теккене болған жәйдің барлығын айтады. Олар Тоқалақ ханның қуғынынан қорқып Қазығұрт пен Алай (Памир) тауының арасына барып жасырынады.

2. Әмір Темірдің билігі кезіндегі Сыр өңірі қалаларының тағдыры

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Моғол хандығы
Темір империясы, оның Азиядағы саясаты
Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде
Әмір Темір жорықтары
Әмір-Темір - ірі мемлекет қайраткері
Әмір-Темір және оның дәуірі
Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері
Әмір темір және оның мемлекеті
ӘМІР ТЕМІР тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz