Сібір казактарынан Сібір жер аударылғанға дейін


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрілігі
Торайғыров университеті
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы бойынша пәні бойынша Тақырыбы
Нормобақылаушы
(қызметі, ғылыми дәрежесі)
(аты-жөні, тегі)
Жетекші
(қызметі, ғылыми дәрежесі)
(аты-жөні, тегі)
Білім алушы
(аты-жөні, тегі) (тобы)
20__
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Потанин Г. Н-нің өмірі мен ғылыми қызметі 4
- Орта Азия, Моңғолия, Тибет, Қытай, Алтай жерлеріне жасалған
үлкен экспедициялар 6
1. 2 Потанин: Сібірлік казак және Ұлы саяхатшы 9
2 Павлодар Ертіс өңірінде мұражайдың пайда болуы 13
2. 1 Потанин мұражайы - тарихтың куәгері 15
2. 2 Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлімшелері 20
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Потанин Г. Н-нің ғылыми мұрасы кең және жан-жақты, сондықтан баспа және мұражай жұмыстарымен шектелмейді. Әр түрлі білім салаларының зерттеушілері оған бір жарым ғасыр бойы жүгінгеніне қарамастан, ол әлі де толық зерттелмеген. Ғалымның тарихи зерттеулерінің барлық нәтижелері ғылыми айналымға енген жоқ.
Потанин Г. Н-нің зерттеулеріне біздің үндеуіміз көрнекті ғалымның мүдделері саласына енген кейбір тарихи процестер туралы өз көзқарасын ұсынуға деген ұмтылысымыздан туындайды. Біздің ойымызша, ең маңызды міндет - Г. Н. Потаниннің еңбектеріндегі Қазақ тақырыбын ғылыми айналымға толық тарту. Қазақ және моңғол халықтарының этникалық процестерін салыстырмалы талдаумен, ғалымның ғылыми мұрасындағы "Еуразиялық" аспектімен және Г. Н. Потаниннің озық қазақ зиялыларының, дала элитасының өкілдерінің қарым-қатынастарына байланысты зерттеудің басқа да мәселелері осы міндетпен ұштасады. Екі этностың - қазақ және орыс этностарының өзара ықпалы барысында қазақ жерінде жаңа тарихи - мәдени қауымдастық пайда болғанын атап өту қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты: ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы музейлердің рөлі және музей қызметінің өзекті мәселелерін анықтау және талдау.
Курстық жұмыстың барысында келесі міндеттер шешіледі:
- мұражайлық маңызы бар заттарды іріктеудің ғылыми әдістерін ашу;
- Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану
мұражайының заманауи қызметіне талдау жасау, олардың жұмысында кездесетін мәселелерді анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынада: алғаш рет зерттеу әдебиеттерінің кең ауқымын тарихнамалық талдау негізінде Г. Н. Потаниннің мұрасын жүйелі зерттеу негізделіп, жүргізілді, бұл көрнекті ғалымның зерттеу және қоғамдық қызметіне, оның Орталық Азиядағы түркі және моңғол халықтарының дәстүрлі мәдениеті туралы мұражай қабырғасында ғылыми білімді дамытудағы рөліне ғылыми баға беруге мүмкіндік береді.
Mұражайдың негізгі экспoзициясы қаланың ескі бөлігіндегі Ленин көшесінде oрналасқан сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. 1890 жылдары салынған, oнда бірінші гильдия саудагері А. Деровтың дүкендері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ескі ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф кеңсесінде орналасқан. Негізгі қор қоймасы сәулет ескерткіші болып табылатын жеке ғимаратта, Ленин көшесі 129 мекен-жайында орналасқан.
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы "Қазақстанды зерттеу қоғамы"облыстық бөлімшесінің негізінде құрылды. 1959 жылы оған саяхатшы, Oрта Азияны зерттеуші Пoтаниннің есімі берілді. Мұражайдың негізін қалаушы фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Бaгаев болды.
1 Потанин Г. Н-нің өмірі мен ғылыми қызметі
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1959 жылдан бастап әйгілі саяхатшы, ғалым, этнограф, қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потаниннің есімімен аталады.
Болашақ ғалым Ямышев станицасында 1835 жылдың 4 қазанында дүниеге келген. Ғалым өз естеліктерінде Ямышево туралы былай деп жазады: «…Когда-то, в конце XVIII столетия, это был важный административный и торговый пункт, важнее Омска. Ямышево свое торговое значение приобрело очень давно, благодаря тому, что в его окрестностях было богатое соляное озеро. Сюда съезжались жители за солью со всей Западной Сибири, из отдаленных городов Туркестана из Кашгара и Яркенда. Синолог отец Палладий напечатал небольшую карту Монголии, которая, по его мнению, была составлена во времена Чингисхана, т. е., в ХIII столетии. Так давно ямышевская ярмарка была известна в Центральной Азии». «XVIII ғасырдағы Жоңғариялық Бұхарамен керуендік сауда туралы» еңбегінде Потанин «Озеро Ямыш едва ли не до начала XVIII столетия являлось торговой станицей; с юга сюда приходилибухарские караваны, с севера усские поднимались на судах за солью, которую ломали в Ямыше и выменивали здесь бухарские товары, рабов» деп жазады.
Әкесі Николай Ильич Баянаул станицасының приказында қызметін атқарған. Ол кісі бір себептермен сол кезде офицер шенінен айрылып, абақтыға түседі.
1 сурет. Омбы кадет корпусы
Омбы кадет корпусында оқып жүргенде, ол Шоқан Уәлихановпен танысып, сол кезден бастап араларындағы қарым-қатынас нығаяды. Сол жерде жүргенде, қазақ халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары жөнінде айтқаны Шоқанның әңгімелерін Потанин дәптерге жазып алып отырады, ал Шоқан осы жазбаларды қару-жарақ үлгілері, аң аулау құралдарының суреттерімен толықтырады.
Екеуінің білімге, айналамен танысуға күштарлығы сондай мол болады. Шоқан кітапханадан география, Шығыс елдерінің тарихы, саяхатшылардың естелік кітаптарын әкеліп, Потанинмен бірге оқып, басқа елдерді көруді армандайтын. Шоқанның көзқарасы Потаниннің ой-өрісіне үлкен ықпал еткен.
Әйгілі географ, саяхатшы Орыс Географиялық қоғамының вице-президенті Семенов П. П Іле Алатауына келген кезде, жергілікті тұрғындар оған казак офицері Потанин және Ш. Уәлиханов откілтең табиғат зерттеулері туралы айтқан болатын. Сөйтіп, Потанинді әскери қызметтен босату үшін, жарамсыз деген анықтама алынады. Енді Потаниннің алдында Петербор университетіне түсу жолдарын табу мәселесі тұрады. М. Бакунин болашақ ғалымды Петерборға алтын апаратын керуснге ілестіріп, Потанин Г. Н Петерборга жетіп, сол жердегі университеттің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөлімшесіне окуға түсті.
2 ̶ сурет. Григорий Потаниннің 1876-1877 жылдардағы экспедициясы бойынша жазған және Императорлық Орыс географиялық басылымы басып шығарған ХІХ ғасырдағы географиялық әдебиеттің ең іргелі шығармаларының бірі ̶ Солтүстік-батыс Моңғолия очерктеріне қосымшалар мен түсініктемер
Осы студенттік жылдары Г. Н. Потанин көптеген қоғам қайраткерлері зуши лар, ғалымдар, суретшілермен танысады. Олардың ішінде Н. М. Ядринцев, Черневский Н. Г, Щукин Н. С, Дуров С. Ф, Шишков В. Я, Шашков С. С-тар бар болатын. Г. Н. Потанин Сібірден келген студенттермен бірге үйірме құрып, Сібірдің дамуы мен халық ағарту мәселелерін көтеріп. ол үшін қудаланады. Осындай себептен, 1861 жылы оны тұтқындайды. Потанин Петербор қамалында екі ай абақтыда отырып, одан кейін Омбыға қайтадан оралады. 1862 жылы Семенов П. П-ның қолдауымен Потанин Моңғолиялық Алтаймен Жоңғар Алатауындағы Струве К. В-нің астрономиялық құрамына кіреді. 1863 жылдың көктемінде Потанин Шығыс Қазақстанның көп жерлерінде болып, көлдерді зерттеумен, гербарий жинақтаумен айналысады. [2, б. 5]
1865 жылы Потанинді Сібірді дамыту идеялары үшін «Сібірді Ресейден бөліктеу мақсатында үйірме кұрған» деген айыппен тұтқындайды. Үш жылын Омбы абақтысында өткізген ол тергеу аяқталғаннан кейін, Вологда губерниясына төрт жыл каторга жұмысына айдалады.
- Орта Азия, Моңғолия, Тибет, Қытай, Алтай жерлеріне жасалған
үлкен экспедициялар
Ғалым Орта Азия, Моңғолия, Тибет, Қытай, Алтай жерлеріне жасалған үлкен экспедицияларға қатысып, жан-жақты географиялық, этнографиялық, жаратылыстанымдық зерттеулерді қалдырады. Бұл туындылардың қазіргі күнде де маңызы зор. 1876 жылы Потанин жұбайы Александра Викторовнамен бірге Орталық Азияға үлкен саяхаттар бастайды. Ғалым бірнеше рет Моңғолияның Гоби шөлін кесіп өтеді. 1881-83 жылдары Петербор қаласында оның «Солтүстік-Батыс Моңғолияның очерктері» атты 4 томдығы жарыққа шығады. Бұл энциклопедиялық жинақты Моңғолия, Тува, Алтай халықтарының мәденисті, шаруашылығы, этникалық құрамы жөніндегі очерктер, экспедициялық маршруттардың әңгімелері, фольклор үлгілері құрайды.
Г. Н. Потанин ̶ Европаны тұнғыш рет Орта Азия, Моңғолия, Алтай халықтарының мәдениетімен таныстарған ғалым. 1886 жылы ол жаңа саяхатқа - Үнді мұхитымен Ява аралына шығады. Саяхаттың нәтижесінде ботаника, зоология, география ғылымдары жаңа мәліметтермен толықтырылады, оның ішіндекей біреулері өте маңызды еді. Потаниннің «Қытайдың Таңғұш-Тибет шеті және Орталық Моңғолия» атты екі томдығы жарық көреді. Осы еңбегі үшін Орыс Географиялық қоғамы ғалымды үлкен алтын медальмен марапаттайды. Оның есімі бүкіл Ресейге танымал болады. Осыдан кейін, 1894 жылы Шығыс Тибетке жасалған жаңа экспедицияны басқарады. Бірақ бұл сапары ғалымның зайыбы Александра Викторовнаның сырқаттануына байланысты, аяқталмай қалады. [2, б. 6]
Александра Викторовна Потанина ең алғашқы жиһанкез, этногроф ретінде ғылымда ерекше орын алады. Онын Потанин экспедициясына катысуының үлкен маңызы болды, себебі, ол әйел ретінде жергілікті халықтын отбасылық тұрмыс-тіршілігіне араласып, өз көзімен көреді. Ол монгол княздары мен қытай шенеуніктерінің әйелдерінде конақта болып, сұхбаттасып, олардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын жазып алып отырған. Бұл ол кісіге дербес әдеби туындылар жазып, ол сибектерін сапар аралығындағы бос уақыттарда Сібір өңіірінде шығатын басылымдарға жариялауға мүмкіндік берді. Потанинаның бұл жазбалары жұбайының ғылыми енбектерін толықтырып отырған. Кейін Кяхта қаласында ғалымның зайыбы Александра Викторовнаға ескерткіш қойылады.
Потанин Г. Н 1863 жылы Қытай мен Ресейдін шекарасын белгілейтін комиссияның жұмысына қатысады. Осы кезде қазақша жазу үйреніп, қазақтың, Алтайдағы түрік жұртының ауыз әдебиеті мен казактардікін салыстырып, бұл жонінде үлкен еңбек жазады. Бес жыл Г. Потанин Петербургта тұрып, Азия және Еуропа халықтарының эпосын зерттеді, осының нәтижесінде «Орта ғасырлық суропа эпосындағы шығыс әуездері» атты жинақ жарық көрді.
1899 жылы Потанин Шығыс Моңғолияға кезекті экспедицияны дайындайды. Экспедиция Үлкен Хинган жотасының бөлігін басып өтіп, Маньчжурияға дейін жеткен. 1901 жылы ғалымның ақырғы экспедиция жөнінде «1899 жылдың жазында Үлкен Хинганның орта бөлігіне сапар» деген есебі жарияланады.
Григорий Николаевич Павлодар-Ертіс өңірінің зиялы қауым өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болған, олар қазақ тарихы мен этнографиясын жинақтау барысында ғалымға кеңес беріп, өз білгендерімен бөліскен. Ертіс-Баянауыл өңірінің белгілі тұлғасы, Баянаул сыртқы округінің аға сұлтаны Мұса Шорманов
ғалыммен жақын қарым-қатынаста болып, ғылыми қызметіне көмек көрсетіп, қазақ халқының этнографиясы жөніңдегі материалдар мен Шоқан Уәлихановтың қолымен жазған қазақ руларының шежіресін, ертегі-аңыздарды ғалымға тапсырып отырған. 1904 жылы «Шоқан Уәлиханов туралы өмірбаяндық мәліметтер» мақаласында Потанин Г. Н Мұса Шорманов туралыда жазады. Г. Н. Потанин Мұса Шормановтың ауылыңда тұрып, жергілікті ақсақалдардың айтқан аңыздарын жазып алған. Оның ішінде «Солтүстік-Батыс Моңғолияның очерктері» еңбегінің төртінші басылымында жарық көрген - «Алаша хан», «Шоң би», «Бала мерген», «Жиренше шешен және Алдар көсе», «Байқұс», «Мал қорғаушылары» секілді әңгімелер бар. Қаныштың әкесі Имантай Сәтбаев Потанин үшін Бұқар жыраудың немересі, Құреке деген кісінің аузынан Абылай хан туралы айтқандарын жазып алған. Музей қорында Сәдуақас Шормановтың Г. Н. Потанинге жазған хаттарының көшірмелері сақталған. 1887 жылдың 10 ақпанда жазған хатында Сәдуақас әкесінің қайтыс болғаны туралы хабарлап, Мұса Шорманов туралы жазған естеліктерді журналда жариялауға қолғабыс жасауын сұрайды. Екінші хатында Григорий Николаевичқа Шоқан Уәлихановтың және өз әйелі Нұриламен түскен портреттерің жібергені туралы жазады. [3, б. 7]
1913 жылы Потанин Қарқаралы уезінде қазақ халқы ауыз әдебиетінің үлгілерін, ертегілерді жинап, қағаз бетіне түсіреді. Алдын-ала келісім бойынша, ғалым өзінің жас досы Ә. Ермековтың ауылына бармақ болып шешім қабылдайды. 1895 жылы Петербор университетінің студенті Дінмұхамед Сұлтанғазин ғалымның өтінішімен көптеген аңыз-ертегілерді жазып алып, орысшаға аударған. Осы ертегілер 1916 жылы жарық көреді.
Ғалым қазақ халқына үлкен құрметпен қарап және болашағы жоғары ел болады деп үміт артатын. Григорий Потанин қазақ халқының тұрмыс-салты мен дәстүрлерін, ауыз әдебиетін жақсы біліп, жоғары бағалаған.
Әсіресе, «Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу» дастанын қазақ халқының махаббат жырларының ішіндегі шыңы деп санаған. Ол былай деп жазады: «Любимая повесть, которую знает вся степь от Оренбурга до Зайсана, верх киргизской эпики, это история красавицы Баян-Сулу, которая влюбилась в бедного пастуха Козы-Корпеша».
Потанин туралы «Русская мысль» журналында Ольденбург. С «Докладчика встречало много киргизов, которые находили сказочников и привозили их к нему», - деп жазған. Смирнова Н. С: «Среди этих лиц - многочиеленная родия Чокана Валиханова: его братья, его дядя Муса Шорманов и другие, кто собирал материал для Чокана, а затем продолжали для Потанина, позже - семейство Султангазиных и Ермеконых» - деп көрсетеді.
Григорий Потанин Алаш кайраткерлерімен достық қарым-катынаста болған. 1917 жылы Орынбор қаласында өткен «Алаш» партиясының I съезінде Потанинді қазақ зиялылары Алаш партиясынын Құрметті төрағасы ретінде сайлайды.
1915 жылы Потаниниің 80-жылдық мерейтойына «Қазақ» газетінің редакторы, ағартушы, лингвист Ахмет Байтұрсынов арнайы өлең жазған.
«Алаш» партиясының аса көрпекті жетекшісі Міржақып Дулатов ғалым туралы мерейтойлық макалада былай жазалы: «Жасынан ғылымға құмар, барлық ғұмырын туған Отанының табиғат һәм түрмысын үйренуге күмеаған, ғылым жолында есепсіз қызмет еткен. Г. Н. Потанин Сібірдің санаулы ұлының бірі һәм біріншісі. Атакты жиһангер, кен ойлы ғалым, кеменгер, әлеумет косемі
Потанин Г. Н-нің сексенге толған күнін бүгін бүкіл Сібір мейрам етіп отыр, Сібірде неше түрлі халық болса, Потанин Г. Н бірдей қадірлі, бәрінің бірдей қамқоры, оның пайдалы қызметі бәріне де ортақ».
3 - сурет. Потанин Г. Н атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Потанин Г. Н өмірінің соңғы жылдарын Томск каласында өткізеді. Ғалым Азияның географиясы мен этнографиясы мәселелерімен көп айналысқан. Қартайғанда жанарынан айырылып, өзі жаза алмай қалған сон, ғалымның ойларын көмекшісі қағаз бетіне түсіріп отырған. Сөйтіп, ұлы ғалым, биік рухты тұлға 85 жасында жарық дүниемен қоштасады.
Бүгінде Тянь-шань тауларының бір жотасы, Моңғолиядағы бір мұздак, өсімдіктің бір түрі Потанин Г. Н-нің есімімен аталады. Ресей мен Қазақстанның қалаларында Потанин атындағы көшелер бар, ғалымның есімі Никольск қаласында 1876 жылы өзі ұйымдастырған кітапханаға, Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Лебяжі ауданның Қарақала селосындағы орта мектепке берілген. [1, б. 8]
- Потанин: Сібірлік казак және Ұлы саяхатшы
2020 жылдың 30 маусымда орыс саяхатшысы және зерттеушісі, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Григорий Николаевич Потаниннің қайтыс болғанына тура 100 жыл толады. Сібір тумасы Потанин Тибет пен Моңғолияның дамуына үлкен үлес қосты. Географиялық қоғам зерттеушіні Сібір қуғынынан қалай құтқарғаны, барлық экспедициялар кезінде Потанинмен бірге болған казак жастары мен махаббаты туралы - қысқаша өмірбаяндық очеркте.
Табиғат пен казак ертегілері саяхатқа деген сүйіспеншілікті қалай тәрбиеледі.
Потанин 1835 жылы 21 қыркүйекте ескі үлгі бойынша Ертіс жағасындағы Ямышевский (қазіргі Павлодар облысы, Қазақстан) ауылында дүниеге келген. Әкесі - Сібір казак әскерінің капитаны - Баянауыл округінің бастығы болған. Алайда жас Гриша бұл салада әкесінің даңқын көрмеді: болашақ ғалым дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай әкесі төмендетілді. Ал бала үш жасқа келгенде анасы қайтыс болып, туған әкесі баласын бақуатты ағасының тәрбиесіне береді. Көп ұзамай оның ағасы да қайтыс болды, ал өте жас бала қайтадан кетуге мәжбүр болды - бұл жолы Пресновская ауылына. Онда ол казак әскерлерінің қолбасшысы генерал Морис Эллисеннің қарауында қалды.
Потанин өскен жердің атмосферасы оның саяхатқа деген құштарлығын оятты.
«Қырғыз даласы жайылған Батыста қарама-қарсы жағалау әрең көрінеді, ол жақтан адамдар қыста көркем киім киіп, түсініксіз тілде сөйлейтін, ұсқынсыз, бірақ қызықты түйелермен келеді. Шығыста шексіз жасыл дала қашады. көкжиек және көгілдір қашықтыққа шақырады, қауесет бойынша, жұмбақ және жабайы Алтай бар », - деп жазды Обручев сол шабыттандыратын пейзаждар туралы.
Тоғыз жасында Гришаны үйден солтүстікке қарай Омбы кадет корпусына жібереді. Бірақ бұл жерде де бір үзім туған жер, дәлірек айтсақ, су ғимараттың терезелерінен баяғы Ертіс. Мұнда Сібірдің түкпір-түкпірінен курсанттар келіп, әрқайсысы туған жерлерін айтып берді. Әр осындай оқиғамен Григорий саяхаттау керек деген ойға барған сайын сенімді болды. Бұл үшін Сібір казак әскерлерінде қызмет ету тек плюс.
«Белгісіз елдерді зерттеуге деген ұмтылыс . . . » Корнет Потанин өзінің алғашқы жорығына 1853 жылы шықты. Бұл Ресей тарихындағы даңқты бет - Ресейдің Іле бойына жасаған алғашқы жорығы болды. Осы сапарда Верный қаласының (Алматы деп те аталады) негізі қаланды.
Семёнов-Тян-Шанский Потаниннің бір кітабының алғы сөзінде ол туралы сол кезде былай деп жазады: « Әскери экспедиция Іле өзенінен алғаш рет өткенде, Іле Алатауының асқақ мақсаты күтпеген жерден көтерілді. Ешкімге белгісіз, ешкім көрмеген сұр қарлы шыңдары бар тұман, ол талантты жас жігіттің білімге құштарлығын және белгісіз елдерді зерттеуге құштарлығын оятты . . . » .
Осыдан кейін ресми тапсырмалармен Қытай мен Алтайды аралап үлгерді. Омбыға оралған Потанин Сібір тарихына қатты қызығушылық танытты - ол Сібір Қырғыз облысы үкіметінің мұрағатын бөлшектеуге кірісті. Бұл кезде болашақ Тянь-Шань Петр Семёнов Тянь-Шаньға бара жатқан жолда Омбыға тоқтап, сол жерде жас Григорийді кездестіреді.
Петр Петрович өз уәделерімен Потанинді әскери қызметтен босатуға айтарлықтай ықпал етті, сонымен қатар астанада құрылғыны уәде етті. Сонымен қатар, Потанин Санкт-Петербургке барар алдында Томскіде болды, ол жерде революционер Михаил Бакунинмен кездесті. Бұл танысу Потаниннің өмірінде маңызды рөл атқарды - ол революциялық идеяларды шындап алды.
Сібір казактарынан Сібір жер аударылғанға дейін. Ол Петербургке 1858 жылы ғана жаңа революционер досының көмегімен барды. Семёнов пен Кавелин оған табысқа көмектесті. Потанин үш жыл бойы Санкт-Петербург университетінде дәріс тыңдады. Григорий басты мәселеге тап болды - кім болу керек: Диккенс сияқты жазушы ма, әлде жаратылыстанушы ма. Таңдау екіншісіне түсті - туған табиғаттың жастық әсерлері өз жұмысын жасады. Алайда жасалған таңдау Потаниннің жазушы болуына кедергі бола алмады. Оқу тек саяхат пен зерттеуге деген қызығушылықты арттырды.
Потанин Гумбольдттің оқыған кітаптарының бірінен өзінің сезімін есіне алды: «Қалқынған қиял Азияның қойнауында орналасқан Хух-нор көлін және оның айналасындағы қарлы шыңдарды тартты, оған жергілікті тұрғындар патриархтардың есімдерін береді; осы көлдің жағасында. Еуропалық аяқ емес еді» .
1861 жылы Потанин университетті тастап кетті. Ол ешқашан жоғары білімін аяқтамаған. Осыдан кейін ол үйіне қайтты, бірақ тағдыр Григорийге өзін көрсетуге мүмкіндік берді. Петр Петровичтің ұсынысы бойынша астроном Кирилл Струвенің басшылығымен жорыққа шықты. Ресейде жүргенде. Бірақ Орталық Азияға жорық жасау үміті Потанинді де, Тянь-Шаньскийді де қалдырған жоқ. Экспедиция барысында ол ботаникалық жинақ, халықтардың өмірі туралы мәліметтер жинады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz