Балама өсиет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі ата-аналардың баланы тәрбиелеу ерекшелігі

Аңдатпа
Бұл мақалада бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі қарастырылған. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды мемлекеттік құжаттарда тұжырымдалған тәрбие жұмысының басты қағидалары жөнінде қарастырылған. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Отбасында баланың жанжақты қалыптасуына ата-анамен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында: махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік, келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші - ата-ана. Бүгін отбасы құндылықтарымыз үлкен қауіпте. Жаһанданып жатқан дүниеде заманауи деген ұранмен ұсынылып жатқан әдепке жат қасиеттерді сіңіріп, ақырын ақырын түп тамырымыздағы құндылықтарымызды жоғалтып келеміз. Ұмытпайық отбасы күшті болса, адам да, қоғам да күшті болады. Отбасылық құндылықтарымызға бекем болмасақ, келеңсіздіктер шешілмейді. Шешім отбасылық құндылықтарымызды сақтап қалу қажет.

Кілт сөздер. Ата-ана, отбасы, тәрбие, бала, отбасылық қарым-қатынастар, әлеуметтік орта,бала дамуы.

Жоспар:
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Әке-шеше қылықтарының балаға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
4. Бала тәрбиелеудің 10 ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.Ата-аналарға кеңес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қоғамның негізін қалаушы құрылым - отбасы. Отбасы құрылымы қаншалықты күшті болса, онда өсіп жетілген балалардың құрайтын қоғам да денді, қуатты болады. Отбасы өзара құрмет, махаббат мекені деген сөз. Бір-біріне құрметі жоқ жанұялар, отбасылық құрылымын жоғалтқан қоғамдар күйзеліс ішінде өмір сүреді.
Бала - ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, бала да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болады.Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: Баланы жастан - деген халық даналығын ұмытуға болмайды.Сондықтан, Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді - деп қарау барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі - әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәрбие отбасынан басталады. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық, кей кезде физиологиялық қыспақтардан шығу мәселелерін шеше алмай жүрген жағдайларда баланың тұлға ретіндегі дамуы мен тәрбиесі мәселелерін өздігінен шешуден шеттеу үдерісі етек алып барады. Ата-аналар көбіне бала тәрбиесін оның жеке және жас ерекшеліктері жайлы білімді игермей-ақ жүзеге асыруда.
Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар Екеуміз де жұмыстаймыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа?! Балаға теріс әсер ететін жәйттерді де есте сақтағанымыз жөн: жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы, арақ ішу, темекі тарту, көңіл-күйіңіз нашар болса баланың қуанышына ортақтаспау, т.б үйдегі жаман әдеттерді көрсетпеу қажет, себебі, 5-6 жастағы кішкентай балалар сол айтқан жаман әдеттерді үлгі тұтып, үлкендер не істеп, соған еліктеуі мүмкін. Бұл келеңсіз жағдайдан балаларды қорғауымыз керек.
Негізгі бөлім
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол -- бала тәрбиесі.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау керек.
Ата - ананың міндеті - мәдениеті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс, ата - аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен кездесіп, пікір алысып, баласының мектеп өмірімен толық араласуына және қоғамдық іс-шараларға қатысуға бейімдеу.
Ұлы педагог А.С. Макаренко : Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады деген.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Ата-аналардағы қателіктердің тағы бірі - баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін, қызығушылығын шектей беру. Баланың қате қылығын тыйған кезде, оның дұрысын көрсеткен жөн. Олай болмағанда, бала істеген қателіктерін қайта жасауы немесе қырсық мінезділікке бейімделуі әбден мүмкін. Мысалы, үйдің қабырғасын қаламсаппен сызғыштап ойнаған баланың қолына дереу басқа бір дәптер, қағаз ұстатып, сызсаң мынаған сыз, жүгірсең мұнда емес, ана жерге жүгір, көрсең бұл фильмді емес, мынау фильмді көр дегеніміз абзалырақ.
Төменде бір-біріне мүлдем ұқсамайтын үш түрге жататын атааналар көрсетіліп әрі олардың әрқилы әрекеттері нәтижесінде баланың қандай болып өсетіндігі берілген.
Қорғаушы
Қысым көрсетуші
Демократияшыл
Қорғаушы отбасының іс-әрекеті. Баланың асты-үстіне түсіп бәйек боп, барынша айналып-толғану немесе тым өбекшіл болу.
- Қарның ашып қалмасыншы, жаным! Ұрты томпаңдап жүргені қуаныш емес пе бұның?!
- Қарашы, тамақты тағы да тауыспапты. Менің баламның аузы аспандай, кәне, кәне, мыналарды да жей ғой.
- Айналайын-ай, ауыра көрмесінші. Түшкірсе де дәрігерге қаратып тұрғанға не жетсін!
- Күнім сол, менің жаным да, барым да сенсің, айналайын!
Қысым көрсетуші отбасының іс-әрекеті. Баланың ой-пікірі мен сезімдеріне мән бермеу.
- Тыңдама, баланың айтқанын! Мынау жөнді, мынау жөнсіз деп қарап жатпа!
- Ешқашан айтқанын істеуші болма!
- Бетін қайтарып ұрсып таста! Өте қатал бол!
- Есіртпе, жазасын беріп, көкесін таныт әбден! Көрсін сенің күшіңді!
- Не істесе де ылғи өзің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз ұзату дәстүрі
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау
Абайдың жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінің ағылшын тілі аудармасындағы тілдік ерекшеліктері, аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасау, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері
Асыл ана
Азаматтық құқықтықта сенімхат
Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Пәндер