Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тқырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр - б.з. ІІ ғасыры).
Фaкультеті:экономика және бизнес жоғары мектебі
Орындаған:К.Думан
Тексерген:Ноянов.Е.Н
Алматы 2023
Ұлы Дaлa аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр - б.з. ІІ ғасыры).
Жоспар:
1) Ұлы Дала аумағындағы көшпелі тұрмыстың ерекшелігі.
2) Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы.
3) Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасуы.
4) Мемлекеттік биліктің әсері және белгілері.
5) Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары.( Геродот, Фергюсон, Адам Смит:т.б)
6) Қорытынды .
7) Пайдаланылған әдебиеттер.
Көшпелі тұрмыстың ерекшелігінде Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени- шаруашылықтың бірнеше түрлері болды. Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылыми әдебиеттердегі қолданылып жүрген көшпелі қоғам мен көшпелі мемлекет деген ұғымдардағы көшпелі сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Түркі көшпенділер қоғамда қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан. Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы салаларына айналды.
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Шаруашылық, мәдени және саяси байланысКөшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды деген пікірлер де жиі кездеседі.Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. aсауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII -- VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі аң стилі Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді
Дaлa өркениеті мемлекеттіліктің өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуы мен көшпелі мемлекеттердің құрылуына алып келді. Ғасырлар бойы көшпелі мемлекеттілік дәстүрі қалыптасты. Ол саяси басқаруда, шаруашылық және рухани-мәдени өмірде, өнеге мен тәртіп нормаларынан орын алды. Қaзaқстaн aумағында ежелгі және орта ғасырлaр дәуірінде мемлекеттілік үрдісі екі басты белгілермен сипатталады, олар - үздіксіздік және сaбақтастық. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған сақ қоғамымен (б.з.д. VIII-III ғғ.) байланысты. Сақтардың мәдени шығармашылығындағы ерекше құбылыстардың бірі аң стилі деп аталған бейнелеу өнері болды. Бұл стиль олардың дүниетанымының көрінісі мен олардың мифологиясының бейнелеу өнерінде іске асуы және көшпелілер идеологиясын көрсетудің ерекше белгілік жүйесі ретінде қалыптасқан. Бұл олардың көркемдік ой-өрісінің дамығандығын және металлдар технологияларын жоғары дәрежеде меңгергендігін білдіреді. V-IV ғғ. сақтарда мемлекеттіліктің басты белгісі - жазу пайда болған. Осылайша,сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы және бір мезеттегі үрдіс болды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін (1465 жыл) сабақтастық байланыста 18 көшпелі мемлекет өмір сүрді. Қазақ хандығы төрт ғасырға жуық дәуірде елеулі рөл атқарды, өзіндік саясат жүргізді, мемлекеттің, халықтың бірлігін нығайтты. Мемлекеттің іргесінде қазақ халқы бірікті, оның этникалық территориясы қалыптасты, қазақтың тұрмыс тіршілігі, рухани және материалдық мәдениеті дамыды. XIX ғасырда Ресей империясы Қазақстандағы дәстүрлі мемлекеттік билікті түбегейлі жойды.Өркениеттің өлшемі жазу тек отырықшы шаруашылықтың басты белгісі деген қағидат археологиялық табыстар негізінде күмән туғызды, өйткені Жетісу өлкесінде көшпелі сақ қоғамда біздің заманымызға дейін V-IV ғасырларда жазу пайда болған. Осылайша, сақтарда мемлекеттің қалыптасуы мен жазудың пайда болуы өзара байланыстағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz