Сыртқа шығару процестерне жалпы сипаттама



Сыртқа шығару процесінің маңызы. Зат алмасу процесінің барысында түзілетін кейбір ыдырау өнімдерін организм пайдалана алмайды. Мысалы, қалыпты жағдайда жүретін клеткадағы зат алмасу процесінің нәтижесінде бір жағынан үнемі жаңа заттар жасалса, екінші жағынан белок және нуклеин қышқылдары ыдырап мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммиак т. б. құра.мында азоты бар «қалдық» ыдырау енімдері бөлінеді. Бүл ыдырау енімдері бірте.бірте көбейе берсе, организмді улап, тіршілік процесіне үлкен зиян келтіреді. Әр түрлі ауруларға байланысты бүйректің жұмысы нашарласа, бұл «қалдық» заттардың концентрациясы қанда және лимфада, ткань аралық сұйықтықта нормадан көп жиналатындығы соншалықты, тіпті организмді өлімге соқтырады. Дені сау адамның қанында мұндай ыдырау өнімдерінің мөлшері үнемі аз қалыпта болады, өйткені түзілген «қалдық» заттарды бүйрек дереу организмнен шығарады.
Қанда кейбір заттардың концентрациясы белгілі бір мөлшерде үнемі тұрақты сақталады. Егерде бүл заттардың концентрациясы организмде керекті мөлшерден көп болса, артығы сыртқа шығару органдары арқылы шығарылады. Мысалы: қанттың мөлшері қанда 0,1%—0,12% болады, одан артығы шығарылып отырады. Ал кейбір, заттар (сульфаттар) организмнен толық шығарылады. Шығару ироцесін — экскреция деп атайды. Экскреция зат алмасу процесінің соңғы буыны болып есептеледі.
Адамдағы негізгі сыртқа шығару органдары — бүйрек пен тері бездері. Экскреция процесіне өкпе, сілекей бездері, қарын, бауыр және ішек қатысады.
Ас қорыту органдарынан щығарылатын қалдық заттар кұрамында, қорытылмай қалған тамақ заттарымен қатар, зат алмасу процесінің ыдырау

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Сыртқа шығару процестерне жалпы сипаттама
Сыртқа шығару процесінің маңызы. Зат алмасу процесінің
барысында түзілетін кейбір ыдырау өнімдерін организм пайдалана алмайды.
Мысалы, қалыпты жағдайда жүретін клеткадағы зат алмасу процесінің
нәтижесінде бір жағынан үнемі жаңа заттар жасалса, екінші жағынан
белок және нуклеин қышқылдары ыдырап мочевина, несеп қышқылы, креатинин,
аммиак т. б. құра-мында азоты бар қалдық ыдырау енімдері бөлінеді. Бүл
ыдырау енімдері бірте-бірте көбейе берсе, организмді улап,
тіршілік процесіне үлкен зиян келтіреді. Әр түрлі ауруларға байланысты
бүйректің жұмысы нашарласа, бұл қалдық заттардың концентрациясы қанда
және лимфада, ткань аралық сұйықтықта нормадан көп жиналатындығы
соншалықты, тіпті организмді өлімге соқтырады. Дені сау адамның
қанында мұндай ыдырау өнімдерінің мөлшері үнемі аз қалыпта болады,
өйткені түзілген қалдық заттарды бүйрек дереу организмнен шығарады.
Қанда кейбір заттардың концентрациясы белгілі бір мөлшерде
үнемі тұрақты сақталады. Егерде бүл заттардың концентрациясы организмде
керекті мөлшерден көп болса, артығы сыртқа шығару органдары арқылы
шығарылады. Мысалы: қанттың мөлшері қанда 0,1%—0,12% болады, одан артығы
шығарылып отырады. Ал кейбір, заттар (сульфаттар) организмнен толық
шығарылады. Шығару ироцесін — экскреция деп атайды. Экскреция зат алмасу
процесінің соңғы буыны болып есептеледі.
Адамдағы негізгі сыртқа шығару органдары — бүйрек пен тері
бездері. Экскреция процесіне өкпе, сілекей бездері, қарын, бауыр және ішек
қатысады.
Ас қорыту органдарынан щығарылатын қалдық заттар кұрамында,
қорытылмай қалған тамақ заттарымен қатар, зат алмасу процесінің ыдырау
3
өнімдері де болады. Сондай-ақ ас қорыту органдары организмге түскен бояу,
әр гүрлі дәрі-дәрмек заттарын да қоса шығарады.
Өкпенің, сілекей бездерінің, қарынның, терінің, бауырдың және
ішектің шығару қызметінің арқасында организмнід ішкі ортасының тұрақтылығы
сақталады.
Зат алмасу процесінің соңында пайда болған ыдырауі өнімдерінің
көбісі оның судағы ерітіндісі күйінде сыртқа бөлінеді. Оны несеп (зәр) деп
атайды. Тек газ алмасуі процесінің нәтижесінде пайда болған өнімдер газ
күйінде өкпе арқылы организмнен бөлініп шығарылады.
Организмдегі тіршілік процестері су мен минерал заттарының
мөлшері қажетті шамада болса ғана физиологиялық қалыпты жағдайда жүреді.
Осы көрсетілген физңологиялык, нормадан су мен минерал тұздардың мөлшері
азды-көпті ауытқыса, организмнің ішкі сұйық ортасы — қан, лимфа және ткань
аралық сұйықтықтың құрамы, оның физикалық және химиялық қасиеттері
өзгереді. Мысалы, қанның реакциясы, оның осмос қысымы т. б. өзгерістерге
ұшырайды.
Жоғары сатыдағы жануарларда сыртқа шығару органдарының
(омыртқалыларда бүйректің) экскреция пр-цесі, зат алмасу процесінің соңғы
ыдырау өнімдерін шығарумен қатар, пайда болған улы заттарды зиянсыздайды,
организмнің рН реакциясын белгілі бір шамада сақтап, осмос қысымының
тұрақты болуына себін тигізеді. Адамның терісі арқылы тердің құрамымен —
хлорлы натрий, басқа да минерал заттары, сол сияқты зат алмасу процесінде
пайда болған, құрамында азоты бар және азоты жоқ ыдырау өнімдері, өте аз
мөлшерде ас қорыту жолының кілегей қабығында, без органдарында, әсіресе
бауырда жасалатын кейбір органикалық заттар да шығарылады.

4

Негізгі бөлім
Несеп шығару жүйесі
Жануарлар дүниесінің өкілдерінде зат алмасу процесі
бірдей жүрмегендіктен, оның соңғы ыдырау өнімдерінде айырмашылық
болады.
Углеводтар мен майлардың диссимиляциясында көмір қышқыл газы, сумен қатар
толық тотықпау нәтижесінде жаңа ораникалық қышқылдар пайда болады. Мысалы,
қымыздық, сүт, ацетон-сірке т. б. қышқылдар, сонымен қатар альдегидтер,
кетондар түзіледі.
Жануарлардың түрлі топтары өкілдерінде осы түзілген заттардың
әрқайсысы әр түрлі мөлшерде шығарылады. Мысалы, дені сау адамда ыдыраудың
зиянды өнімдері өте аз түзіледі, ссбебі углеводтар мен майлар адам
организмінде толық тотығады.
Белок алмасу процесінің ыдырау өнімдері әр түрлі жануарлар
тобында әр қилы болады. Оларда әр түрлі мөлшерде кемір қышқыл газы және
сумен қатар аммиак, мочевина несеп қышқылы, креатинин, тағы басқа құрамында
азоты бар заттар пайда болады. Оның ішінде қорғағыш синтез нәтижесінде улы
бензой қышқылы сүтқоректілерде гиппур қышқылына айналып, несеп арқылы
организмнен шығарылады, ал ол құстарда — орнитур қышқылына айналады. Белок
алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдеріне — құрамында күкірті бар
органикалық заттар да жатады. Мысалы, құстарда — сульфаттар, ал
сүтқоректілерде күкірт қышқылы т. б.
Зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімдерінің түрлері
(әсіресе азот алмасуда) жануарлардың өмір сүріп тұрған орталығына
байланысты. Амин қышқылдарының дезаминденуінде бөлінген аммиак өте кауіпті
улы зат, организмнен дереу шығарылып тасталуы қажет. Суда емір сүретін
жануарлар организмінде пайда болған азот аммиак күйінде сыртқа
5
шығарылады. Теңіз суында тіршілік ететін омыртқасыздар денесінің сыртқы
қабығы арқылы сумен бірге азотты заттар сыртқа жақсы өтеді. Оларда азотты
заттардың көпшілігі аммиак түрінде диффузия жолымен
организмнен шығарыла алады. Тұщы суды мекендейтін жануарлардың
(омыртқасыздар және сүйекті балықтар) ішкі сұйық
ортасының осмос қысымы, сыртқы тіршілік етіп түрған ортасынан жоғары
болғандықтан, шала өткізгіш — сыртқы қабығы арқылы
су организмге үздіксіз өтіп отырады. Ал экскреторлық қабықшалар арқылы
өткен сумен бірге аммиак және басқа экскреция заттары шығарылады.
Теңіз балықтарында да аммиактың концентрациясы ішкі сұйық
ортада көбеймейді, өйткені сүйекті балықтарда үшметиламин,
ал шеміршекті балықтарда мочевина сияқты усыз қосылыстарға
айналады. Қос тынысты балықтарда су мөлшері жеткілікті болса, суға
аммиакты өте көп бөлінеді, ал су жеткіліксіз
болса мочевина синтездейді.
Құрлық жануарлары суды көп қабылдап және шығара алмағаңдықтан,
олардың организмінің сүйық ортасында зат алмасу процесінің қүрамында азоты
бар ыдырау өнімдерінің концентрациясы артады. Олардың организмінен азот
көбіне мочевина күйінде бөлініп шығады. Насекомдарда, құстарда және
бауырымен жорғалаушылардың көпшілігінде азот негізінен несеп қышқылы
күйінде сыртқа шығарылады. Мұндай айырмашылық олардың змбриональдық даму
жағдайымен байланысты. Жыланның, кесірткенің және құстардың
жұмыртқасының қабықтары суды өткізбейді, сондықтан да ондағы зат алмасу
процесінің ыдырау енімдері сыртқа шығарылмайды. Осы жағдайда егер аммиак
суда жақсы еритін мочевинаға айналса, жұмыртқаның ішінде мочевина
концентрациясының көбеюіне байланысты осмос қысымы жоғарылап, тіршілік
процесі қиындар еді.
6
Сол себептен оларда аммиак несеп қышқылына айналады, өйткені несеп қышқылы
суда ерімейді, аллантоиста кристалл күйінде жинала береді. Зат алмасу
процесінің ыдырау өнімдерінің мұндай жолмен шығарылуы жануарлар үлкейгенде
де сақталады.
Тіпті бірқатар омыртқасыздарда тіршілік процесінде бөлінген
несеп қышқылды натрийді өзінде жинайтын клеткалар да бар. Кейбір ұлуларда
мұндай клеткалар оның денесінде шашырай орналасады.
Капуста көбелегінде несеп қышқылы ақ тозаң күйінде қанаттарында жиналады.
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің айрықша
өзгешелігі бар. Қыртыс қабатта жіңішке артерия тамырлары Шумлянский-Боумен
капсуласына кіріп, онда 30—50 капиллярға тарамдалып, мальпигий шумағын
құрайды. Бұл тамырды қанды әкелуші тамыр деп атайды. Әрбір капиллярдың
ұзындығы 0,5 мм шамасындай. Осы капиллярлар жиналып артериялық әкетуші
тамыр құрайды. Оның диаметрі әкелуші тамырдан 2 есе тар болады. Шумақтан
шыққан тамыр ирек қаналшалар мен ілгек тұсында кайтадан тарамдалып,
екінші рет капилляр торын құрайды. Осыдан соң ғана
капилляртамырларындағы қан вена торына жиналып, одан бүйрек венасына
барып құяды. Шумақ капиллярларында қанның, қысымы әр уақытта да
басқа органдардағы капиллярлардағыдан жоғары болады. Себебі, әкетуші
тамырдың диаметрі тар, әрі ол одан да жіңішке капиллярларға тарайды
және бүйрек артериясы құрсақ қолқасынан шыққандықтан қысқа болады. Бүйрек
қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі.
Басқа органдармен салыстырғанда оған қан 20 есе көп келеді.
Бүйрек қан тамырлары минут сайын әр бүйрекке 750 смъ қан жеткізеді. Сонда
бір минутта жеткізілетін қан келемі бүйректің ез салмағынан бірнеше есе
көп екенін көреміз. Бір тәулікте адамның бүйрек қан тамырларынан
1700 дм3 қан ағып етеді, оның 170 дм3 қыртыс қабаттағы
7
мальпигий шумағынан сүзіледі. Адам организміндегі 5 дм3 қан тәулігіне
бүйректен 200—300 рет сүзіледі. Оттегін пайдалану про-центінің
жоғарылығы бүйректегі физиологиялық процесгердің өте қарқыңды жүріп
жатқанын көрсетеді. Адамның екі бүйрегінің салмағы дене салмағының тек 0,5
процентін алады. Ал екі бүйрек организмге келген барлық оттегінін, 9%
пайдаланады.
Адамның екі бүйрегінде 2 миллионнан аса нефрон бар.
Каналдардын, эпителий қабатынын, ішкі бетінін, ауданы адамның екі
бүйрегінде 4—6 м2, ал ірі қаранң. екі бүйрегінде 8 — миллионға жуық нефрон
бар, олардағы каналдар эпителийінің ішкі жақ бетінін, ауданы 40 м2.
Несептің құрамы менқасиеті
Несеп құрамына мочевина, несеп қышқылы, креатинин және басқа
белоктық ыдырау өнімдері, органикалық емес тұздар кіреді. Несеп түсінің
сарғыш болуы құрамындағы пигмент — урохром, уробилин сияқты заттарға
байланысты. Несептін, рН әлсіз қышқылдық болады, бірақ тамақтану
процесіне қарай өзгеріп тұрады. Түзілетін несептің мөлшері организмге
түскен судын. Мөлшеріне байланысты; орта есеппен бір тәулікте 1,5 л,
сыбағалы салмағы 1,010— 1,025 болатын несеп жасалады. Несептің мөлшері
азайса, құрамындағы қатты заттардын, концентрациясы көбейіп, сыбағалы
салмағы артады. Әдетте жоғарыда көрсетілген мөлшерден несептіқ
сыбағалы салмағы көп арта қоймайды.
Несеп жасалу механизмі. Шумлянский-Боумен капсуласының кеңістігінде
қаннан сүзілу арқылы қан плазмасына ұқсас коллоид
заттарынан ажыратылған алғашқы несеп жасалады. Капсуланың қабырғасында
өте кішкене тесіктер болады. Бұл тесіктер арқылы
мальпигий шумағынан молекулалық салмағы 70000 артық заттар өтпейді.
Қалыпты жағдайда қызмет жасап тұрған бүйректін
8
капсула тесігінен каналдарға 1 % альбумин, ал гемолиг уақытында 5%
гемоглобин өтуі мүмкін. Негізі капсуланың кеңістігінде
жасалған алғашқы несептін, құрамында белок болмайды. Мальпигий
шумағынан өтетін плазманың 16—110 бөлігі сүзіліп капсула кеңістігіне
түседі.
Плазманың коллоидтары (негізінде белоктар) тудыратын
онкотикалық қысым алғашқы несептің сүзілуін қиындатқанымен мальпигий
шумағындағы капиллярлардын, қан қысымы плазма
коллоидтарынын," суды ұстау қабілетінен жоғары
болады.
Шумлянский-Боумен капсуласынын, кеңістігіне сұйықтық сүзіліп өтуі
мальпигий шумағын құрайтын капиллярлардың қан қысымы мен кеңістік ішіндегі
қысым теңескенше жүреді. Мальпигий шумағында қанның қысымы 60—70 мм
с. б. Ал плазмадағы коллоид-осмос қысымы 30 мм с б Осы екі қысымның айырымы
(40 мм с. б.) фильтрация (сүзілу) қысымы деп аталады. Егер қанның қысымы
күрт төмен түссе, несеп жасалу азаяды немесе тіпті тоқталады.
Капсула кеңістігінде жасалған алғашқы несеп одан әрі
каналдармен аққанда олардың қабырғасы арқылы су және организмге керекті,
мысалы еріген кейбір тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т. б. кері заттар
қанға өтеді. Каналдарда нағыз немесе соқғы несеп жасалады Керісіңу —
реабсорбция деп аталады. Адамда реабсорбция жүретін бүйрек каналдарының
ауданы 6 м2.
Капсулаларда қан құрамында еріген заттары бар су өте көп
мөлшерде сүзіледі. Алғашқы кесеп жасалғанда, қанның көп мөлшерде суынан
айырылуы уақытша ғана жағдай өйткені нағыз (соңғы)
несеп жасалу процесінде несеп каналдарының қабырғасынан су қанға кері
сіңеді; организмге сырттан су енгізуді керек етпейді. Реабсорбция процесі
бүйректің несеп жүретін каналдарының қабырғасын құрайтын
9
эпителий клеткаларының спецификалық активті жұмысы арқылы
іске асады. Сонымен, несеп жасалу механизмі бірінен соң бірі жүретін
екі процестен тұрады: фильтрация және реабсорбция.
Несеп жасалғанда бүйрек өте көп энергия жұмсайды, ал оч энергия
бүйректегі өте жедел жүретін тотығу процесінен босап шығады. Энергияның
көпшіліп реабсорбцияға кетеді Реабсорбция арқылы су ғана толық кері
сіңеді. Судың кері сіңуі диффузия мен осмосқа байланысты пассивті түрде
болады. Ал хлоридтер мен глюкоза активті реабсорбцияланады.
Каналдарда калий және кальций иондары 90%, несеп қышқылы 80%,
фосфаттар 55%, натрий және хлор иондары 40% кері сіңеді. Өте аз мөлшерде
сульфаттар, креатинин және мочевина да қанға өтеді.
Су каналдардық қабырғасынан кері сіңгендіктен соңғы (нағыз)
несептің мөлшері, алғашқы несептен әлде қайда аз болады. Ал құрамындағы
организмге керек емес заттардың концентрациясы көп болады.
Несеп жасалу процесін жақсы түсіну үшін, қаннын, плазмасы мен
несептің құрамындағы заттардың концентрациясын салыстыру керек.
Таблицаны пайдалана отырып, 1 дмг соңғы (нағыз) несеп жасалу үшін қаннан
қандай мөлшерде алғашқы несеп капсулаға сүзілуі керек және оның кандай
мөлшері каналдарда кері сіңуі керек екендігін есептеп шығаруға болады.
Сульфаттар концентрациясы соңғы несепте басқа шығарылатын
заттармен салыстырғанда көп болғандықтан, кері сінудін, көрсеткіші етіп
сульфаттарды аламыз. Сульфаттар концентрациясы 90 есе артады. Ендеше 1 дмг
нағыз несеп 90 дмъ қаннын, плазмасынан жасалады. Сонда сульфаттар
каналдарда кері сіңбейді, нағыз несеп құрамымен организмнен толық
шығарылады. Адамда мальпигий шумағында минут сайын қан плазмасынан капсула
кеңістігіне сүзілген 120 см3 сүйықтың каналдар
10
қабырғасынан 103 смъ кері сіңеді.
Алғашқы несептің құрамы 2 топқа бөлінеді:
1) табалдырық (порог)
2) табалдырық емес заттар.
Соңғы несептің құрамымен қанда концентрациясы керекті
мөлшерден артық заттар шығарылса, олар табалдырық заттары деп аталады және
олардың қандағы концентрациясы керекті мөлшерде ғана болса, ол заттар нағыз
несептің құрамына кірмейді.
Табалдырық заттарына — қант, хлоридтер, фосфаттар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды алғашқы өңдеу туралы
Мұнайды алғашқы айдау
Мұнай және газ – теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба
Өсімдіктер мен балдырлар
Дөңгелек ауыздылардың ішкі және сыртқы құрылысы
Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама
Пәндер