Психология ғылымының мақсаты


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
университеті
Фаультеті: Теология
Тобы: ТДТ-212
БӨЖ
Тақырыбы: Психологияның мақсат-міндеттері.
Қабылдаған: Ашикбаева. Г
Орындаған: Серікбай. А
Түркістан-2023
Кіріспе
Психолгия- психикалық құбылыстардың, жан қуаттарының пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Психология зеттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттері, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылаулуарды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интег-рациялау да, оларды жүйелеу де және тағы басқалары кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйен-се, онда теорияляқ білімнің эмприкалықпен алмастырылуының қаупі туады.
- Психология ғылымының зерттеу әдістері
Бақылау әдісі - әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап - бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап - оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, тағы басқа жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері тағы басқа. Психологияның негізгі әдістерінің бірі - эксперимент.
Эксперимент әдісі -Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады. Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді. Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы. Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Лонгютидтік әдіс -Лонгитюдтік әдісі көбінесе «бойлық зерттеу» деп атайды. Бұл жерде сол бір баланың ұзақ уақыт бойына дамуы қадағаланады. Мұндай зерттеу дамудың дәйектірек үрдістерін, «көлденең» кесінділермен қамтылмайтын аралықтардағы кішігірім өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Лонгитюдты бақылау зерттеушінің ұзақ уақыт бойында бақылауға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты зерттеу -сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы: психология тарихында А. Газелл 165 баланы 12 жыл бойы лонгитюдты бақылағаны туралы айтылған.
Контент талдау әдісі -Контент талдау әдісін психологиялық зерттеу жүргізуге пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеген ғалымдар Лассогл, Осгуд, Бельсон.
Контент талдау дегеніміз бір кісінің жазған шығармасын, хатын, түсініктемесін тағы басқа. тексттерін психологиялық талдау жасау.
Мақсаты:
Зерттелінушінің жазған шығармашылық жұмыстарының мазмұнына байланысты оның психологиялық ерекшеліктерін кейіпкердің жан дүниесін бейнелеуіне байланысты шығармашылық қабілетін зерттеу.
Тарихи жағдайларды талдау тарихи кейіпкерлерді немесетарихи шығармалар авторларының портретін жасау.
Саяси психологияда көсемдерге психологиялық мінездеме беруге ұлы адамдар өмірбаянын зерттеуге, олардың психологиялық портретін жасау.
Жарнама жұмысын ұйымдастыруда жеке сөз мазмұнының және ұғымның әсерлі болуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау.
Маркетинг жүйесінде кеңінен қолданылады.
Бұл талдау нәтижесінде оның авторы шығармасындағы кейіпкерлердің психологиялық қасиетттерін сипаттауға негізделген. Автор өзіне тән көптеген жағымды және жағымсыз қасиеттерді сол кейіпкердің ерекшеліктері ретінде көрсетілетіні анықталған. Адамның іс әрекетінің нәтижесін талдау әдістеріне жатады.
Талдау барысында зерттелінушінің жазған шығармаларының мазмұны ең қарапайым элементтерге бөлініп көрсетіледі. Шығарма мазмұнының ең қарапайым элементі ретінде сөз алынады. Сонан соң осы символ арқылы көрсетілген ой және пікір анықталады, оның тақырыппен байланыстылығы, кейіпкердің бір бірімен байланыстылығы, тәуелділігі немесе тәуелсіздігі көрсетіледі. Жалпылап алғанда авторлардың өз ойын логикалық жүйеде баяндауы, мазмұнының толықтылығы, шығарманың барлық құрамды бөліктерінің бір бірімен ұштасуы талданады. Контент талдау әдісін қолдану нәтижесі зерттелінушінің психикалық жағдайына жекелік қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Тіптен контент талдауды зерттелушіге білдірмей, табиғи жағдайда жүргізуге болады.
- Психология ғылымының салалары
Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:
а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және тағы басқа мәселелерді зерттейді.
- Психология ғылымының міндеттері.
Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу. Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру. Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу, Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу.
Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.
Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.
- Психология ғылымының мақсаты.
Психологияның алғашқы мақсаттарының бірі - мінез-құлықты сипаттау. Адамдар мен басқа жануарлардың мінез-құлқын сипаттау арқылы біз оны жақсы түсінеміз және қалыпты және ненормальды болып саналатын нәрсеге жақсы көзқарас ала аламыз. Психология зерттеушілері мінез-құлықты, натуралистикалық бақылауды, кейстік зерттеулерді, корреляциялық зерттеулерді, сауалнамаларды және өзін-өзі есепке алу қорларын қоса алғанда, зерттеу әдістерін пайдаланады.
Психологияның тағы бір басты мақсаты біздің ойымыз бен әрекеттеріміз туралы болжам жасау.
Не болып жатқаны туралы неғұрлым көп түсінгеннен кейін және неге олай болса, біз бұл ақпаратты болашақта, қашан, неге және қалай қайталануы мүмкін екендігі туралы болжам жасау үшін пайдалана аламыз.
Мінез-құлықты табысты болжай отырып, біздің іс-әрекеттеріміздің негізгі себептерін түсінудің жақсы тәсілдерінің бірі. Болжам психологтар құбылыстың негізінде жатқан механизмдерді міндетті түрде түсінбей, адам мінез-құлқына қатысты болжам жасауға мүмкіндік береді.
Психологтар оны мінез-құлықты түсіндіруге ғана емес, сонымен қатар оны сипаттауға да мүдделі. Адамдар не істеп жатыр? Дамудың, тұлғаның, әлеуметтік мінез-құлықтың және психикалық денсаулықтың проблемаларына қандай факторлар ықпал етеді?
Психология тарихы бойынша көптеген теориялар адам мінез-құлқының әр түрлі аспектілерін түсіндіруге көмектесті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz