Әдістеме және оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Орал жоғары гуманитарлық және экономикалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Информатиканы оқытуды ұйымдастыру»

Орындаған: Сансызбаева Қ. А

Тексерген: Жумагалиева Ж. А

Орал 2023ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-БӨЛІМ.

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 4

  1. Әдістеме және оқыту технологиясы . . . 4
  2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері . . . 7
  3. Информатика пәні бойынша үй жұмысы . . . 12
  4. Үй жұмысын ұйымдастыру әдістемесі . . . 15

2-БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ САБАҒЫ . . . 19

2. 1 Инфоматика сабағының ерекшеліктері мен құрылымы . . . 19

2. 2 Қазіргі сабақтың формалары мен құрылымдары . . . 21

2. 3 Сабақтың үшбірлік мақсаты мен қойылатын талаптар . . . 24

3-БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ЖОБАЛАУ . . . 27

3. 1 Тақырыптық жоспарлау . . . 27

3. 2 Сабақты жоспарлау . . . 29

3. 3 Информатика сабағын талдау әдістемесі . . . 32

3. 4Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНЫЛАН ӘДЕБИЕТ . . . 39

Кіріспе

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Қоғамды информатика дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. . Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.

Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, - ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.

Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. "Информатиканы оқыту" деп аталатын курс мектептегі информатикакурсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылады. "Информатика” курсы бойынша толық оқытудың əдістемелік жүйесін құру курстың оқу пəні болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан оның құрамдас бөліктерін талдап, негізгі құрылымын анықтап, көрсетпейінше пəннің әрі қарай дамуы мүмкін емес. Оқытудың мазмұны мен құрылымы анықталғанан кейін, қалған компоненттерді қалыптастыру əрбір оқытушының, зерттеушінің жеке шығармашылығы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс. Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

3

1-БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1 Әдістеме және оқыту технологиясы

Қазіргі білім берудің ең басты мақсаттарының бірі - оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі. Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда. «Педагогикалық технология» термині шетелде, өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Содан бері әр елдерде, мысалы АҚШ-та, Жапонияда «Педагогикалық технология», Англияда «Педагогикалық технология және оқыту процессі» журналдары баспаға шыға бастады. Ал ЮНЕСКО-ң халықаралық білім беру бюросының бюллетені «Педагогикалық технологиялар» топтамасын шығарды. «Оқыту технологиясы» ұғымы 60-жылдардың аяғында пайда болып, 70-жылдары көптеген жақтаушыларға ие болды. Қазіргі уақытта, ол педагогикалық сөздікке бекем енді. Әйтсе де, оны түсіну және қолдану әртүрлі болуда. Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик В. Беспалько болатын. Оның айтуы бойынша - «Педагогикалық технология - бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы» Ал жаңа технологияның жеке сүрақтарын зерттеген және «Модулді оқыту технологиясын» енгізген В. М. Монаховтың пайымы 38 бойынша - «Педагогикалық технология - бұл оқушы мен мұғалімге барлық жағдай жасау арқылы оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің жанжақты ойластырылған моделі» «Педагогикалық технология - техникалық және адами ресурстарды, олардың өзара байланысын ескере отырып, оқыту және білімді игерту үрдістерін құрайтын, қолданатын және белгілейтін, білім беру түрлерін оңтайландыруды міндет санайтын жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО) . Дегенмен, әдебиеттерде, мысалы: «массив ұғымын енгізу әдістемесі», «бағдарламалауға оқыту әдістемесі», «ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі» және т. б. сөз тіркестері кездеседі. Мұндағы «әдістеме» ұғымы мүлдем басқа мағына беретіні анық, ол «алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын. Осыған байланысты, «әдістеме» және «технология» ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды. А. В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы „бәріне барлығын“ (жалпы дидактика) және жеке оқу пәнін оқыту немесе белгілі типті мекемелерінде оқыту теориясы (дербес дидактикалар) болып ажыратылады. Дербес дидактикалар . . . оқыту мәселелерін сәйкес оқу пәндеріне қарай үйлестіреді және де әртүрлі деңгейде - бала бақшадан бастап орта және жоғарғы оқу орындарына дейін. Дербес дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды . . . Олардың мақсаты - сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқушыларды дамыту және тәрбиелеу, оқыту құралдары және жолдары заңдылықтарын зерттеу» Г. К. Селевко педагогикалық технология ұғымының үш иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді

4

- бүтіндей білім беру үрдісін сипаттайтын жалпы педагогикалық немесе жалпы

дидактикалық деңгей (аймақта, оқу орнында, оқу деңгейінде), синонимі - «педагогикалық жүйе»;

- бір пән, сынып, мұғалім және т. б. аясындағы білім беру үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі - «жеке әдістеме»;

- оқшауланған немесе модульдік деңгей, яғни оқу-тәрбиелік үрдістегі жеке элементтер технологиясы (ұғымдарды қалыптастыру, бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т. б. ) .

Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық :

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (информатиканы оқыту әдістемесі) - кез келген жас шамасында және кез келген ұйымдастырушылық-әдістемелік оқыту түрінде информатиканы үйрету объектісі болып табылатын педагогикалық ғылым. «Технология» сөзі грек тілінде «techne» - өнер, шеберлік және «logos» - ғылым, заң дегенді білдіреді. Сөзбе-сөз аударғанда, «технология» - шеберлік туралы ғылым болып табылады. Кез келген технологияның негізгі өзіндік белгілері болады: ол процессуалды категорияға жатады; объектінің жағдайын өзгерту әдістерінің жиыны түрінде ұсынылуы мүмкін; экономикалық үрдістерді тиімді жобалауға және пайдалануға бағытталады. Сонымен, технологияның әдістемеден айырмасы, мына сипаттамалардың болуымен анықталады: аспаптылығы - яғни, мақсатқа кепілді жеткізетін, қатал анықталған орындау нұсқамалар жүйесінің болуы; жаңғыртылымдығы (орысш. - воспроизводимость) ; кепілді және өлшемді нәтиженің болуы.

Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Педагогикалық технологияларды әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Педагогикалық технологияларды жіктеу белгілері

  1. Білім беру мазмұнының сипаты- зиялы және діни, оқытушылық және тәрбиелік, жалпы білім беру және кәсіптік бағдарлы, гуманитарлы және технократтық.
  2. Оқушылар санаты- жалпы мектеп; алға басқан деңгей (лицейлер, гимназиялар және т. б. ) ; қосымша оқыту (дәлдеу, қолдау, түзету мектептері) ; жалпы мектеп аясында күрделі және дарынды балалармен жұмыс.
  3. Қолдану ұзақтығы- пән, тақырып, модуль, сабақ.
  4. Оқу әрекетін ұйымдастыру- Сынып сағаттық жүйе (дидахография) ; дидахография мен техникалық құралдарды пайдалана отырып заманауи дәстүрлі оқыту, топтық және дифференцияланған оқыту тәсілдері және т. б. Баламен қарымқатынас Авторитарлы; жеке бағдарлы; ынтамықтастық технологиясы және т. б.

5

  1. Білімді игерудің ғылыми тұғырнамасы-ұғымдарды қалыптастыру теориясы (Богоявленская, Менчинская, т. б. ) ; Гештальт теориясы; ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы (Гальперин, Талызина) ; суггестивті теория (шамадан тыс
  2. еске сақтауға жетелейтін эмоционалды иландыру негізінде оқыту) ; В. В. Давыдовтың және т. б. мазмұнды жалпылай теориясы.

Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді:

а) ынтымақтастық;

б) ұжымдаса жұмыс істеу;

в) өзіндік бастама (иницатива) ;

г) өз жұмысын бағалауға үйрету;

д) логикалық ойлау;

е) мәселелерді шеше білу;

ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу.

Жоғары сыныптар үшін тиімді технологиялар: өздігінен даму технологиясы, модульдік оқыту технологиясы (МОТ), бағдарлап оқыту, ынтымақтастық, компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО) .

Орта буын сыныптарына тиімді технологиялар: түсіндіре оза оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, СТО, МОТ. Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру, ақпаратты оқыту, зерттеу, көрнекілік технологиялары. Өздігінен даму технологиясы - баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, сонда бала өзін өзі дамытады. Баланың: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» - деуіне жету. Оза оқыту технологиясында - грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады.

Тірек сигналы - сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сызбаларда көбіне дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Тілдік категориялар ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады.

Белсенді оқыту технологиясы - оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін, шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:

- сабақ құрылымының икемділігі, оқығаны бойынша пікірталастың болуы;

- дидактикалық ойындар, интенсивті өзіндік әрекет, бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру;

- жеке тұлғаға бағдарланған технологияда оқу тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру; әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай туғызу көзделеді;

- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту) ;

6

- білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс) .

- оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (тапсырманы орындауға жағдай туғызу) .

1. 2 Информатиканы оқыту формалары мен әдістері

Оқыту формалары - мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, нақты ұйымдастырылған, мазмұны толыққан және әдістемелі қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың өзара әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның, оқыту құралдары және әдістердің мақсатты ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге асырылады .

В. Г. Крысько оқыту формаларын үш топқа: жоспарлыоқыту (сабақ, дәріс, семинар, үй жұмысы, емтихан және т. б. ), жоспардан тыс (бригадалы-зертханалық сабақтар, консультация беру, конференциялар, үйірмелер, экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар) және қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі. Қазіргі көптеген басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады.

Жалпыоқуформалары - жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, депбөлінеді . .

Жаппайоқытуформасы - , , . Бұл, ауызекі, көрнекі, практикалық әдістерді, сондай-, , информатика .

А. И. Бочкин айтқандай, . Бұлретте, , () ауыстырып, сондай- орнатады.

Оқытудың жаппай формасында оқушылардың іс-әрететтері мұғалімнің басқаруымен жүзеге асатыны айқын. Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек.

Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудан айырмашылығы, сынып оқушыларының арасында лидері бар қарым-қатынас ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ұжым ретінде қарастырылады. Топтық оқыту формасында - оқушылар әртүрлі негізінде, алуан түрлі мерзімге құралатын топтарда жұмыс жасайды

7

Бұл компьютерлік техниканы қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді игергенде, жобалармен жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т. б. жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады, сондықтан деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан құралған топтарда топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.

Жұптық оқыту - негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жүзеге асады [45] . Белгілі бір кезекпен оқушылардың жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.

Жеке оқыту формасы - мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру және т. б. ) . Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы.

Оқытуды ұйымдастыру түрі - уақытпен шектелген оқыту үрдісінің жеке буынының құрылымы.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік сипатты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы.

ЭЕМ жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты. Педагогикалық бағдарламаларды және мультимедиа курстарының таралымын көбейту мен Интернет ресурсын пайдалану арқылы оқытудың жаппай формаларының мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың әртүрлі көздерін пайдалану артықшылықтары сақталады. Компьютер жаппай және жеке оқыту арасындағы қайшылықты жояды.

Мұғалімнің ең маңызды міндеті - оқушылардың өзіндік танымдық дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудың сыртқы формалары - сабақтың белгілі бір түрін - сабақ, дәріс, семинар, саяхат, практикум, факультативтік сабақ, емтихан, пәндік және техникалық шығармашылық үйірмелер, оқушылардың ғылыми қауымдастықтары және т. б. білдіреді. Олар мақсаттан, мазмұннан, әдістерден, оқыту құралдарынан, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастардан тұратындықтан, өзара біріктіруші рөлін атқарады.

Оқытудың қосымша ұйымдастыру формалары , білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны қанағаттандыру мақсатына арналады. Қосымша сабақтарда әртүрлі көмектесу формалары ұйымдастырылуы мүмкін: жеке сұрақтарды түсіндіру, нашар оқушыларды жақсы оқушыларға бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру.

Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын арттыру үшін, жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады, бағдарламадан тыс ғылыми проблемалар талданады, қызығушылықты тудырған проблема бойынша өз бетімен игеруге бағытталған нұсқаулар беріледі.

8

Қосымша сабақтармен кеңес беру тығыз байланысты. Олар ағымды, тақырыптық және жалпылама (мысалы, емтиханға немесе сынаққа дайындалғанда) болып бөлінеді.

Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары - көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру (практикум) сабақтары болады. Көрсету (демонстрациялау) .

Көрсету экранын пайдалана отырып, мұғалім оқушыларға курстың алуан түрлі оқу элементтерін (интерфейс элементін, бағдарламалардың үзінділерін, сызбаларды, мәтіндерді және т. б. ) көрсетеді. Оқыту барысында мұғалім ЭЕМ-де жұмыс істесе, оқушылар оның әркеттерін бақылап отырады немесе өз компьютерінде мұғалімнің соңынан қайталап отырады. Көрсетудің негізгі дидактикалық қызметі - оқушыларға жаңа мәліметті жеткізу .

Зертханалық жұмыс (жаппай) информатика кабинетіндегі негізгі жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында тиісті бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді.

Жаппай зертханалық жұмыс кезіндегі мұғалімнің басты рөлі - оқушылардың жұмысын бақылау (оның ішінде жергілікті желі арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру.

Пайдаланылатын бағдарламалық құралдардың әртүрлі дидактикалық мақсаты болуы мүмкін: жаңа тақырыпты меңгерту (мысалы, оқытушы бағдарламалардың көмегімен), жаңа тақырыпты бекіту (мысалы, жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін немесе операциялық дағдыларын тексеру (бақылаушы бағдарламалардың немесе компьютерлік тестілердің көмегімен) .

Жеке жаттықтыру(практикум) сабағы - күрделілік деңгейі жағынан, өзіндік деңгейі жағынан әртүрлі тапсырмалармен сипатталатын, жаппай зертханалық жұмыстармен салыстырғанда анағұрлым қарқынды жұмыс түрі; оқулықтарға, анықтамалық құралдарға, Интернет ресурстарына сүйену арқылы; мұғалімге неғұрлым күрделі сұрақтар қою арқылы іске асады.

«Дәріс» терминінің екі мағынасы бар: ол форма және әдіс . Дәріс қашанда жаппай өтеді. Ол көрнекілік және демонстрациялау құралы ретінде компьютерді пайдалану арқылы өткізіле алады, ол үшін дәріс компьютерлік сыныпта өтуі керек. Оқушыларда компьютерде алдын ала дайындалған конспектілері болған кезде (мысалы, гипермәтін немесе презентациялар түрінде) танымдық қызметтің өзін-өзі басқару деңгейі жоғарылап, маңыздысын жаза алмай қалу үрейі жоғалады. Оқушылар конспектінің баспалық түрін де ала алады. А. И. Бочкин атап өткендей, егер қағаз бетінің сол жағында негізгі мәліметтің тезистері, оң жағында оқушының ой-пікірін жазуына орын қалдырылса конспекті оңтайлы болар еді. Бұл әдіс оқушының жеке әрекет етуіне, ойлау қабілетін дамытуға өз әсерін тигізеді.

Семинар фронтальды формадан жеке жұмыс жасауға ауысу түрі болып табылады, сол себепті информатиканы оқытуда өз маңызын сақтап қалып отыр.

«Көзбе-көз» компьютерлік әдістің дербестігін алдын алуда ұжымдық жұмыс формалары да семинарда іске асады. Семинарда рөлдік ойындарды қолдану да өте орынды, себебі оларды талқылап отыру керек.

9

Оқушы семинар жұмысының қорытындысы қалай шығарылатындығын білуі тиіс. Оқушы нені тапсыру керектігін білу үшін, ықтимал бақылау нәтижелерінің тізімін келтіріп кетейік:

1) түзетілген, енгізуге дайын алгоритм мәтіні;

2) ЭЕМ-сіз толтырылған алгоритмді орындау кестесі;

3) бағдарламамен болатын диалог жобасы;

4) нұсқаулық бойынша сұрақ жауаптары;

5) өзінің немесе өзгенің бағдарламасының нұсқаулығы;

6) өзінің немесе өзгенің бағдарламасына ой-пікірі;

7) бағдарлама жұмысынан күтілген нәтижені сипаттау;

8) ойынға қатысушыларының рөлдік әрекетін сипаттау, белгіленген қателіктерді анықтау.

Жобалы оқыту түрі. Оқытудың бұл түрі, оқушылардың шығармашылық әрекеттеріне негізделеді. Жобалы оқыту түрінің белгілері келесідей:

- жобаға дайындықтың ұйымдастырушылық кезеңінің болуы - өзіндік таңдау мен шешім нұсқасын әзірлеу, бағдарламалық және техникалық құралдарды таңдау, ақпарат көзін таңдау;

- жоба қатысушылары арасынан лидерді таңдау (ұйымдастырушы, үйлестіруші), рөлдерді үлестіру;

- өзін-өзі сараптау және өзін-өзі бағалау кезеңінің болуы (қызмет рефлексиясы), нәтижені қорғау және орындау деңгейін бағалау;

- әрбір топ жеке жобаны әзірлеумен айналыса алады немесе ұжымдық жобаны әзірлеуге қатысу мүмкіндігі бар.

Экскурсиялар - информатиканың өндірісті басқаруын немесе ЭЕМ-ді қолданатын мамандықтарды көрсету үшін ұйыдастырылады. Бұл сабақ не курс басында, не соңында өткізіледі.

Сабақ1 . Педагогика бойынша классикалық оқу құралдарында - сабақ (басқа да оқу формаларымен толығып отыратын) оқытудың негізгі ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады.

Мектепте жиі қолданылатын ұйымдастырушылық форма сынып-сабақтық оқыту болып табылады, себебі оқушылар 85-95% оқу уақытын сабақта өткізеді.

Сынып-сағаттық оқыту жүйесіне тән белгілері келесідей:

  • оқушылардан құралған оқу тобының тұрақты құрамы;
  • әрбір сыныпта оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
  • оқу сабақтарының кестесін анықтау;
  • оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларын үйлестіру;
  • мұғалімнің жетекші рөлі;
  • оқушыларды жүйелі тексеру және білімдерін бағалау.

- жоғарғы оқу орындарындағы (ЖОО) сияқты сабақтар (дәріс-сабақ, семинар-сабақ, практикалық сабақ, коллоквиум сабағы, консультациялық сабақ, сынақ-сабақ) ;

- арнайы бағыттағы сабақтар (практикум-сабақ, өздік жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс сабағы, экскурсия-сабақ, пән аралық

сабақ) ;

10

- ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ) ;

- мазмұнды құрылымдардан тұратын сабақтар (кітаппен жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, қарқынды тірек сигналдар негізіндегі сабақ, жалпылаушы кестелер негізіндегі сабақ, диктант-сабақ, типтік бағдарламалық құрылымнан тұратын сабақ) .

Информатиканы оқыту әдістері

Әдіс (грек. - «methodos» - «зерттеу») - бұл тәсіл, әдіс немесе әрекет бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған түрде реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы. Әдебиетте әдіс ұғымына әртүрлі анықтамалар келтіріледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялар
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Педагогикалық технологиялардың дамуы
. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Ұжымдық оқыту технологиясы
Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі
Кәсіптік білімнің электрондық оқулықтарын құрастырудың функционалдық – модульдік технологиясы
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz