Көшпелі және отырықшы мәдениеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және Бизнес жоғары мектебі факультеті

Менеджмент кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б. з. д. ІІІ ғасыр - б. з. ІІ ғасыры) .

Оқытушы: Ноянов Едил Ноянович

Студент:Қонысбайұлы Джамал

Мамандығы:Менеджмент

Алматы, 2023 ж.

Жоспар:

  1. Ұлы Дала аумағындағы көшпелі тұрмыстың ерекшелігі.
  2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттері.
  3. Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасуы.
  4. Мемлекеттік биліктің әсері және белгілері.
  5. Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары.
  6. Қорытынды .
  7. Пайдаланылған әдебиеттер.

1.

Орта ғасырлардағы жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз және түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жалқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста және аң аулауда пайталанатындығы арқасында аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. «Бұл даланың ерекшеліктері мынада:оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан», -деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута. Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда асыл тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ірі қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Ірі қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Батыс Қазақстанға ілгерілуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Құмды және шөпсіз жерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды. Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Көшпелілер діни наным сенімдері негізінде қалыптасқан зороастризмде ғибадатханалар мен сиыну орындары болмады. Олар көбінесе ашық аспан астында немесе биік тау жоталарында, үй ішіндегі ошақ алдында, өзендер мен тоғандардың жағасында сиынатын. Дала өркениетінде шөлде тұратын елді мекендер көбінесе өзендердің төменгі ағыстарында тұрған. Олар көбінесе суармалы егіншілікпен айналысқан. Суармалы егіншілік елдің оңтүстігінде жақсы дамыды.

2.

Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы мекенжайлары болуын күнілгері ойластырып отырған, өйткені сол мекенжайларда малшылар жаз бен қысын өткізеді ғой. Қысқы тұрақтар үшін жертөлелер мен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлігі жаз шыға, келер қысқа азық-түлік дайындау үшін қыстауда қалып, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен Жетсуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек алған еді. Отырықшы шаруашылықта халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы болып қалатын. Ал, оның екінші бөлігі жақын-жуық жерлердегі жазғы жайлау мен қысқы өрістерге көшіп кетіп, қайтып келіп отырған.

3.

Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б. з. д. 1 мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. Б. з. д. 1 мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Осы мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы болды. Сақтардан кейін орнына жаңа мемлекеттік бірлестіктер келді. Олар:Ғұндар, Үйсіндер, Қаңлылар. Осы бірлестіктердің қалдырған зергерлік бұйымдары, ескерткіштері, мәдениеттері әлі күнге дейін сақталған. Бұл сол кезеңдегі өмір сүру жағдайларын көрсетеді. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта шенінен бастап ортаңғы және төменгі Сырдария ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.

4.

1 мыңжылдықта құрылған мемлекеттердің биліктің әсері өте жақсы білінді. Оған дәлел Парсыларға қарсы тұрған Сақтарды айтуға болады, Сақтар парсылардан ғана қорғанған жоқ, олар гректерден де қорғанды, және де өте сәтті төтеп берді. Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар, каспилер, аргипейлер және т. б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында былайша қоныстанған делінеді:массагеттер-Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс өңірінде, дайлар-Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, исседондар-Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М. Қ. Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырды, аримаспылар-Шығыс Қазақстан аумағын, каспилер-Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер-Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген. Сақтар Ахеменидтер тұсында Персиямен қарым-қатынас жасаған және сол кезеңдегі көптеген тарихи оқиғаларға араласып отырған. Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әртүрлі тайпалардан тұрған. Содан ғұндар үлкен аумақты алып жатты . Ғұндардың билігі жоғары болды, олар Халықтардың ұлы қоныс аударуында көптеген елді мекендерді жаулап алды. Сол кезеңдегі мықты ел деп саналған Рим империясына қарсы шабуыл жасады. Басқа тайпаларға келетін болсақ, Үйсіндер Қытаймен жақсы қарым-қатынаста соншалықты, Қытай ханшайымдары Үйсіндердің гуньмоларына үйленген. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдермен, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, үйғыр, қырғыз және т. б. ) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Қаңлылар Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп айтуға болады. Археологиялық қазбалар барсында табылған әшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқанын және өз тұсындағы Қытай, Парфия Рим және Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта шенінен бастап ортаңғы және төменгі Сырдария ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.

5.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени өркениеттік рөлін айқындау
Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері туралы
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдасуы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz