Президенттің құқықтық тәртібі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика және Құқық факультеті»

«Құқықтану кафедрасы»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: ҚР Конституциялық құқығы

Тақырыбы: Президент. Президенттің құқықтық тәртібі.

Орындаған:Жұмағұл Зейнеп

Тексерген: Бердыбаев Н. М.

Ақтөбе 2023

МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ . . . 2

КІРІСПЕ . . . 3

1. ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 5

1. 1 Президенттің құқықтық мәртебесі . . . 5

1. 2 . . . 5

1. 3 Президенттік институт . . . 5

2. ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУ ТӘРТІБІ . . .

2. 1 Жалпыға бірдей сайлау құқығы . . .

2. 2 ҚР Президентінің сайлауы . . .

2

КІРІСПЕ

Әлемдегі әрбір елдің өзіндік жүріп өткен жолы мен тарихы бар. Олардың барлығы мемлекеттің құрылуы мен қалыптасу үдерістерін басынан өткерген. Мемлекеттің басқару нысанына және саяси режиміне қарай өз басшысы болады. Және бәріміз білетіндей бұл лауазым көптеген елде «президент» деп аталады. Президент - бұл республикалық басқару нысанындағы мемлекет басшысы. «Президент» термині латынның praesidens сөзінен шыққан, ол басшы, төраға деген мағынаны білдіреді. Парламенттік республикаларда оны, әдетте, өкілді орган сайлайды, бұл оның шектеулі өкілеттігімен түсіндіріледі. Термин 1787 жылы Америка конституциясы қабылданғаннан бері штаттың сайланбалы лауазымын белгілеу ретінде қолданылып келеді.

Президент конституциялық талаптарға сәйкес келетін азаматтар арасынан және белгілі бір мерзімге сайланады.

Президенттің атқаратын қызметтері басқару нысанына байланысты ерекшеленеді. Парламенттік республикаларда олар әдетте, бірақ барлық уақытта емес, республиканың мемлекет басшысы рөлімен шектеледі. Президенттік, сайланбалы парламенттік (мысалы, Ботсвана және Оңтүстік Африка) және жартылай президенттік республикаларда президенттің рөлі басымырақ, сонымен қатар (көп жағдайда) үкімет басшысының функцияларын қамтиды. Авторитарлық режимдерде бір партиялы мемлекеттің диктаторын немесе басшысын президент деп те атауға болады.

Үкіметтегі ең жоғары лауазымды тұлғаға қатысты президент сөзін алғаш рет Англия қолданған. Монархия жойылғаннан кейін мүшелерін Қауымдар палатасы сайлайтын ағылшын мемлекеттік кеңесі Достастықтың атқарушы үкіметі болды. Мемлекеттік кеңес бұрын лорд-президент басқарған Құпиялық кеңестің мұрагері болды; оның мұрагері Мемлекеттік кеңесті де лорд-президент басқарды, біріншісі Джон Брэдшоу болды. Алайда, тек лорд-Президент мемлекет басшысы болған жоқ, өйткені бұл қызмет жалпы кеңеске жүктелді. Республиканың мемлекет басшысы болып табылатын жалғыз адамға қатысты президент терминінің заманауи қолданылуын тікелей Америка Құрама Штаттарынан байқауға болады. Америка Құрама Штаттарының Президентінің кеңсесін бекіткен 1787 жылғы Конституция. Бұрынғы американдық үкіметтерге «президенттер» кірді (мысалы, Континентальдық конгрестің президенті немесе Массачусетс провинциясының конгресінің президенті), бірақ олар атқарушы биліксіз ескі мағынада төрағалық етті.

Терминнің атқарушылық қолданылуы әдетте президент басқаратын ерте американдық колледждер мен университеттерден алынған деген болжам бар. Британдық университеттерді «канцлер» (әдетте салтанатты лауазым) деп аталатын шенеунік басқарды, ал бас әкімші «проректор» атағын алды.

Америка Құрама Штаттары өзінің Республикалық мемлекет басшысына

3

«президент» атағын қабылдағаннан кейін, көптеген басқа елдер де осы үлгіні ұстанды. 1807 жылы Анри Кристоф бұл атаққа ие болған кезде Гаити Латын Америкасындағы бірінші президенттік республика болды. 1810 және 1820 жылдардың басында Испаниядан тәуелсіздік алған американдық мемлекеттердің барлығы дерлік АҚШ президентін бас атқарушы директоры етіп сайлады. Бірінші еуропалық президент Наполеон Бонапарт тұлғасындағы революциялық Францияның клиенттік мемлекеті болған 1802 жылғы Италия Республикасының президенті болды. Африканың тұңғыш президенті Либерия президенті (1848) және Азияның бірінші президенті Қытай Республикасының президенті (1912) болды.

Президенттік басқару жүйесі бар барлық дерлік штаттарда президент мемлекет басшысы және үкімет басшысы қызметін атқарады, яғни президент атқарушы билік тармағын басқарады. Америка Құрама Штаттарында президент әрқашан мемлекет басшысы және үкімет басшысы болды және әрқашан президент деген атаққа ие болды. Осылайша біз президент терминімен таныс болдық.

4

1. ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. 1 Президенттің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің ең жоғарғы лауазымды тұлғасы. Республика Президентіне халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі ретінде әрекет ету өкілеттігі берілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 26. 12. 1995 ж бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңында оның құқықтық мәртебесін, жоғары органдар жүйесіндегі орнын анықтайды. Конституциялық заңның бірінші бабында көрсетілгендей Президент - мемлекеттiк билiктiң және мемлекеттiк басқарудың жоғары органдары жүйесiнде шешушi рөл атқара отырып, халық пен мемлекеттiк билiктiң бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, құқықтарының нышаны және кепiлi болып табылады. Сонымен қатар адам және азамат бостандықтарын қаматамасыз етеді. Ол Конституцияға сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды және халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, жасы қырық жастан асатын, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін және Қазақстанда кемі 15 жыл тұрған болуы шарт. Және ҚР Президенті соңғы өзгерістерден кейін бұрыңғыдай 5 жылға емес, дауыс беру арқылы 7 жылға сайлана алады. Мұның барлығы Конституцияның 41 бабында көрсетілген. Сонымен қатар ҚР Президенті 1 адам қатарынан 2 реттен артық мерзімге Президент болып сайлана алмайды, және бұлда Коституцияның 42 бабында көрініс табады. Президент сайланатын жағдайда алдынмен ант беруі тиіс. Ант беру кезінде « Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, адам және азамат бостандықтарын қамтамасыз етуге, және өзіне жүктелген істі адал атқаруға ант береді». Және осы сәттен бастап Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына тағайындалып, өз қызметіне кіріседі. Ант беру уақытында жиынға Жоғарғы Сот судьялары, Парламент депутаттары, Коституциялық Кеңес мүшелері және мемлекеттің бұрыңғы Президенті қатысады. Президенттің өкілеттігі жаңадан сайланған Президент қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе шеттетілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі.

1. Жыл сайын Қазақстан халқына елдегі жағдай, Республиканың ішкі және сыртқы саясаты туралы жолдау арнайды.

2. Республика Парламенті мен оның палаталарының кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттары Қазақстан халқына ант береді; Парламент Сенаты енгізген заңға бір ай мерзімде қол қояды, заңды жариялайды немесе заңды оның

5

жекелеген баптарын қайта талқылауға және дауыс беруге қайтарады;

3. Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындайды; оларды лауазымдарынан босатады;

4. Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5. Республиканың дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды және кері шақырады;

6. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге тағайындайды;

7. Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;

8. Республика Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Республиканың мемлекеттік бюджетінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

9. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10. Республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;

Президенттің Заң шығарушы жиналыстағы өкілеттігі:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды және оның депутаттарының Қазақстан халқына ант береді;

2. Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидат ұсыну;

3. Парламент сессияларын ашады;

4. Сенат енгізген заңға, оның кейбір баптарына қол қояды немесе қайта талқылауға және дауыс беруге қайтарады;

5. Парламентке Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар жобасын енгізуге құқылы.

6. Заң жобаларын қараудың басымдығын айқындайды, сондай-ақ Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп тану туралы ұсыныс енгiзедi;

7. Сенаттың немесе Парламент депутаттарының Үкiмет мүшелерiн қызметiнен босату туралы өтiнiштерiн қарайды;

8. Парламент палаталарының барлық отырыстарына қатысу құқығы.

Президенттің атқарушы билікке қатысты өкілеттіктері:

1. Парламенттің келісімімен Премьер-Министрді тағайындайды; оны қызметінен босату;

6

2. Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Үкiметтiң құрылымын айқындайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3. Премьер-Министрдің Үкімет қызметі туралы есебін тыңдайды;

4. Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша қаржыландырудың және еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;

5. Үкіметке Парламент Мәжілісінің қарауына заң жобасын енгізуді тапсырады, Үкіметке заңнамалық тапсырмалар береді;

6. Үкімет актілерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады;

7. 10 күн ішінде Үкімет немесе оның кез келген мүшесі мәлімдеген отставкаға кету туралы шешім қабылдайды;

8. Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-Министрдi немесе оның кез келген мүшесiн қызметiнен босату туралы шешiм қабылдайды.

Президенттің сот және құқық қорғау органдарына қатысты өкілеттіктері:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларын және судьяларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынуы бойынша Президенттің ұсынуы бойынша Сенат сайлайды. ;

2. Президент Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынуы бойынша облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағаларын және облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларын тағайындайды;

3. Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент Республиканың басқа соттарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқcтaн Рecпубликacы кoнcтитуцияcының қaғидaлaры
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Президенттің құқықтық мәртебесі.
Конституциялық құқығындағы шешілмеген проблемалары
Конституциялық құқық қайнар көздері
Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары
Шетелдердің конституциялары мен конституциялық заңнамаларын қабылдау тәртібі (Қырғызстан мысалында)
Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан Республикасының конституциясы: 1993 - 1995 сабақтастығы мен айырмашылығы
Республика Үкімет Аппаратының жетекшісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz