Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ӘОЖ (УДК)

Вoкaл, дирижeрлey жәнe
мyзыкaлық білім бeрy факультеті
Хор дирижерлеу кафедрасы

Дипломдық жұмыс
6B02127 Хор дирижерлеу білім беру бағдарламасы бойынша
Тақырыбы Қазақ сазгері Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әні
6В02127 Хорды дирижерлеу мамандығы

Орындаған: Абдугалимова А.Б
Жетекшісі: Профессор Куттыбадамова Г.К

Астана 2023 ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Р.Елебаевтың өмірі мен шығармашылығы
1.1 Өмірбаяны және шығармашылығының кезеңі
1.2 Рамазан Елебаевтың әскери патриоттық әндері
2 Жас қазақ әнінің шығу тарихы
2.1 Жас қазақ әнінің орындаушылық талдауы
2.2Жас қазақ әнінің С.Мұхамеджановтың Ғасырлар үні ораториясы және Төлеген Тоқтаров операсында
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бұл дипломдық жұмыста Қазақтың сазгер композиторы, Ұлы Отан Соғысының майдангері Рамазан Елебаевтың өмір баяны мен шығармашылығына соның ішінде Жас қазақ әніне арналады. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі әні қазақ даласы танылып бірақ әннің авторы мен шығу тарихын аса танылмағандықтан, осы тақырыпты ауқымды етіп сіздерге жеткізгіміз келеді.
Зерттеудің мақсаты: Көп музыка саласындағы оқытушылар Қазақ реквиемі деп айтады, бырақ әннің шығу тарихы мен композиторы жайлы аса қатты біле бермейді. Сондықтан бар мәліметтерді жинап, зерттеп Рамазан Елебаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен бөліскіміз келіп отыр. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты, аз ғана ғұмыр кешкен өте талантты композитор, орындаушы жайлы мұра қалдыру. Композиторды тек қана кішкена ауқымдағы туған жеріндегі халық қана танып қоймай, барлық қазақ халқы осындай қаһарман майдангер және бірінші Қазақ реквиемін жазған композиторды барлық қазақ музыканттары білсе екен.
Зерттеу нысаны: Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу.
Зерттеу пәні: Жас қазақ әнінің С.Мұхамеджановтың Ғасырлар үні ораториясы және Төлеген Тоқтаров операсындағы ерекшеліктер.
Зерттеу міндеттері:
1.Рамазан Елебаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
2.Рамазан Елебаевтың әскери патриоттық әндерімен таныстыру
3.Жас қазақ әнінің орындаушылық талдау жасау
4.Жас қазақ әнінің С.Мұхамеджановтың Ғасырлар үні ораториясы және Төлеген Тоқтаров операсындағы ерекшеліктері
Ғылыми жаңалығы: Өнер жолында Рамазан Елебаевты зерттеген адамдар жоқтың қасы. Біздің негізгі ғылыми жаңалығымыз талантты композитор және оның Жас қазақ әні жайлы болмақ. Қазақтың ән өнерінде бірінші қазақ реквиемін жазған. Бұл реквием басты лейтмотив ретінде Сыдық Мұхаммеджановтың Ғасырлар үні ораториясында, Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың Төлеген Тоқтаров операсында және де Алдымызда Москва кинофильімінде қолданылған. Жоғарыда айтылған сөйлемдердің бәрі біздің ғылыми жаңалығымыз болып табылмақ
Тәжірбиелік маңызы: Зерттеу жұмысын дәрістерде және оқу - жаттықтыру сабақтарында нұсқаулық ретінде пайдалану болып келеді.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

І Рамазан Елебаевтың өмір баяны
1.1 Өмірбаяны және шығармашылығ бастауы
Рамазан Елебаев

Қазақ елінің бастан кешкен қилы-қилы замандарында немесе тарихи жағдайларды ескергендігі жайлы соңғы уакытта жиі-жиі жазылып жатыр.
Солардың бірі 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысы. Сол соғыста қазақ елінің де ауыр жолдарда көрсеткен ерлік істері, басына түскен осы бір ауыр кезеңде өз ерлігімен ерекшелене білген сан мыңдаған жауынгерлерді келешек ұрпақтарга шындық дәлелді сөзбен жеткізу - біздің рухани адамгершілік борыпшымыз. Солардың бірі - Рамазан Елебаев туралы сөз.
Рамазан Ержанұлы Елебаев Кеңестік қазақ композиторы 1910 жылы казіргі Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылының маңындағы Өтей жұртында дүниеге келген. Рамазанның әкесі Елебайдың Ержаны осы ауылдан, руы - Ақсары керей. Ұлы Біржан салдың аталас інісі болып табылады.. Ержан ерте есейген, іскер, пысық, шаруасын диірменнің тасындай дөңгелеткен еңбекқор адам болған. Бір башқұрт еліне кірешілерге еріп сапар шегеді. Сол елде қалып, біраз уакыт аялап қалып қалады. Башқұрт қызы (бір деректе татар) Сабираға үйленіп, содан Рамазан туылады. Елге ұлы мен әйелін ертіп келеді. Өйтсе де жат-жұрттық келіншек жерсінбей кері қайтып кетеді. Сонда Ержан тұрып балам, анаңмен қайтасын ба, қаласын ба? дейді. Сонда Рамазан: "Ол жақта атымды атамай "эй, қазақ!" дейтін апа бар, мен осында қаламын" депті. Ержан көп ұзамай Зейнепке үйленген, одан Шәмшия, Қанипа деген қыздарды көрген. Рамазанның әкесі сайланған халық арасында басқарушы ретінде би болған екен. 1931 жылы Рамазанның әкесі Ержан аштықтан қайтыс болады. Рамазанның анасы Зейнеп бүкіл ауылдың ішінде қалай тігуді және қаптауды білгендіктен елге жәрдем болып аштықтан аман қалады. 1967 жылы анасы дүниеден озады.
Рамазан бала кезінен сызылтып ән салады, түрлі аспаптарда ойнайды, әсіресе сырнай, гармонь ойнауға ықыласы болады. Есейе келе Алматыға білім іздеп кетеді. Алматыға кетерде Рамазан қарындасы Қанипаны өзімен бірге ала кетеді. Оқу, білімнен кенже қалмасын дегені ғой аяулы ағасының. Содан оны музыка мектебіне түсіреді. Қарындасы Канипа Алматы консерваториясын бітіреді. Қанипа ұзақ жылдар шәкірттерге музыка пәнінен дәріс береді.
Қазіргі уақытта туған елі Құдықағаш орта мектебіне Рамазан Елебаев аты берілген. Мектеп жанында Республикалық халық ағарту ісінің үздігі, ақын Жамаш Нұралыұлының жетекшілігімен ашылған шағын мұражай жұмыс атқарады.. Анасы Зейнепте ән салуды ұнатқан. Ерекше тембірімен қазақ әндерін орындап анасы Зейнеп, Рамазанның кішкентайынан музыкаға деген махаббатын оятқан. Осындай ортада өскен Рамазан жасынан халық композиторларының әндерін естіп өседі.
Мектепті тоғызыншы сыныпта бітіріп Орынбор қаласына Жұмыскер жастар факультетіне түседі. Содан сон 1930 жылдары Алматыда құрылған атты әскер полкінде қызмет етуге барады. Сәкен Сейфуллиннің от жалынды сөзіне сайма-сай "Жолдастар" маршы осы әскери өмірдің қуатты әсерінен туған еді.
1931 жылы туған елге оралган Рамазан театр табалдырығын аттайды. Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Иса Байзаков, Жұмат Шанин, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров сынды қазақ театр өнерінің қара шаңырағын көтерген тарланбоздардың тәлімін алып, талай-талай рольдердің төрін де, сәнін де келістіреді. Рамазан Елебаев 1933 жылы Алматы шекарашылар мектебіне курсант болып оқуға түседі, оқуды бітіргеннен кейн Лепсіде шекара заставінде қызмет етеді.
1934 жылы Алматы медицина институтына түседі. Бірақ екі жылдан соң, бойындағы қайнаған өнер оны филармонияға, қазақ концерт, одан қазақ драма театрына әкеледі. Ол жерде драма театрының актері болып жұмыс жасайды. Рамазан Елебаев тек қана композитор емес, ол актер, орындаушы, гармонь және мандалин аспаптарында шебер ойнаған, қысқаша айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы адам болған.
1936 жылы филармония әртістерімен бірге қазақ өнерінің онкүндігіне арналған Москвада өткен Қазақ әдебиеті мен өнеріне қатысады. Бірінші шығармасы Сәкен Сейфулиннің сөзіне құрмет ретінде Жолдастар әнін жазады. Сонымен қатар , Иса Байзақовтың сөзіне жазылған Ана сыры әні, Қазақстан атты әндерін орындайды. Оған арнап тағы да Қуанышты жол сапар атты әнін жазады. Әртіс боламын деген арманы орындалды-ау, бірақ бойдағы була талант буырқана бүлкініп театр шаңырағы астына сыйғызады деген не! Жоқ, оның өмірдегі орны, маңдайына жазылған сыбағасы әртістік емес, композиторлық! Сал Біржанмен тектес туған екен! Музыкалық арнайы білімі жоқ болған, қинайтыны осы жары. Рамазанның кен дүниеге сыймай жүргендей күйін ұққан Ахмет Жұбанов ақыл айтып, жөн сілтеуімен Мәскеуге жолға шығады. Москвадағы А.В. Луначарский атындағы театр өнері институтының композиторлық бөлімін бітіріп, музыка жазумен шұғылданады. Ол үшін музыкалық шығарма жазуға тиіс еді. Ноталық грамотаны меңгеріп "Біржан-Сара" атты екі актылы пьеса жазылады, пьесса қабылдау комиссиясының ойынан шығып жоғары бағаланады.
Рамазан Елебаев Мәскеудің Чайковский атындағы мемлекеттік консерваториясының жанындағы қазақ жастарына арналған қазақ опера студиясына 1937 жылы түскен жастардың бірі еді. Соғыс басталысымен Рамазан Алматыға оралып, жора-жолдастарымен, туған-туыстарымен, аға-ұстаздарымен жүздесіп, төрт жылдан астам алған білімін тәмәмдап сағынышын басқандай болады. 1943 жылдың қыс мезгілінде Алматыдан кейін аты әйгілі болған майдан шебіндегі В.И. Панфилов дивизиясына Қазақстаннан келген жауынгердің бірі болып келеді. 1075 полк Ново-Николск елді мекеніне орналасады. Жаңадан келген жауынгерлерді қабылдауға қазақ жауынгері сол кездегі капитан дәрежесіндегі Бауыржан Момышұлы болады. Рамазан Елебаевты пол коммисары болып тағайындалады. Рамазан Елебаевты сазгер екенін білген Бауыржан Момышұлы полктегі өнерпаз жігіттердің басын қосып, жауынгерлерге концерттік бағдарлама ұйымдастыру жайлы ұсыныс жасайды. Осы қсыныстан бастап Рамазан Елебаев арасынан әнші, домбырашы, биші жігіттерді іріктеп алып дайындық жүргізген. Дегенмен Мәскеуге жақын қалған неміс фашистерінің қимылынан секемденген жас Рамазан өз өтінішімен 1942 жылы майданға аттанып, Алматыдан жасақталған 8-гвардияшыл Панфилов дивизиясының атқыштар полкіне түседі. Полк сабында жүріп өнерпаздардың концерт бригадасын ұйымдастырып, көрші дивизия солдаттарына өнер көрсетеді.
Рамазан Елебаев 1943 жылы 4 қарашада Псков облысы, Аршахино селосының маңында қайтыс болды. Кейін Новосокольники қаласының жанындағы Золотково деревнясының жанындағы жаппай бейітке қайта жерленді. Осы кезден бастап композитор әскери-патриоттық әндер шығара бастайды.
Ұлы композитор Мұқан Төлебаевтың Біржан-Сара классикалық операсы Рамазанның өлмес еңбегінің қисынды қорытындысы болып табылады және қазақ халқының театр өнерінің алтын қорында лайықты орын алады. Серке Қожамқұлов Рамазан туралы жазды. Үйде де, отбасы шеңберінде және театрда дайындық кезінде Рамазан өзінің қарапайымдылығымен, жұқпалы оптимизмімен және сезім тереңдігімен ерекшеленді. Бір сөзбен айтқанда, ол біздің кеңестерімізді игерді, оларды дереу іске асыруға тырысты. Оның бәрі достық пен сүйіспеншілік ағымдарын таратқандай болды. Біздің Рамазан мен жоғары музыкалық қабілетімен ерекшеленді. Шынында да, кез-келген қиын және жаңа іс оның өткір және ұстамды ойымен басқарылатын шебер қолында таласты. Қазақтар айтқандай, ол барлық қолдың шебері болып көрінді-сегіз қырлы талант. Рамазан: басқа жүздеген мың қазақстандық жауынгерлер сияқты біздің ортақ Отанымыздың бостандығы мен өркендеуі үшін шайқас алаңында ерлікпен өз өмірін қиды. Рамазан Елебаев соғыстың алдында Мәскеуден келген әдемі қыз Полина Волковаға үйленеді. Ағасы қайтыс болғаннан кейін Полина Мәскеуге оралады. Қазіргі уақытта оның тағдыры туралы ештеңе білгісіз.
2017 жылы бірінші тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы аясында қараша айында, Ақмола облысы, Біржан сал ауданында композитор Рамазан Елебаевқа артнап мүсін қойылды. Мүсіннің ашылу салтанатына Рамазан Елебаевтың Алматы қаласынан келген жиен қарындасы Қарлығаш Мақатова қатысты. 2010 жылы Құдықағаш ауылының 80 жылдық мерейтойы тойланатын жылы Рамазан Елебаевтың әкесі Ержан Елебаевтың бейітінің басына жерленген (ортақ бейіт) жерден бір уыс топырақ әкелінді.
Қазіргі уақытта туған елі Құдықағаш орта мектебіне Рамазан Елебаев аты берілген. Мектеп жанында Республикалық халық ағарту ісінің үздігі, ақын Жамаш Нұралыұлының жетекшілігімен ашылған шағын мұражай жұмыс атқарады!
2022 жылы Көкшетау қаласында Рамазан Елебаевқа арнап көшеге ат қойылды.

1.2 Рамазан Елебаевтың әскери патриоттық әндері
1942 жылы шілде айы. Өткен қыста ұйымдастырылған концерт бригадасы қайта жұмысқа кірісті. Оның жетекшісі, дирижері, композиторы болып Рамазан тағайындалды. Бұл кезде бұрынғы әртістердің біразы қатарда жоқ еді, олардың орнына басқалар келді. Олар батальоннан батальонга барып, алдыңгы шептегі жігіттерге концерт беріп жүрді. Сол концерттерде хормен айтылатын әннің бірі Жас қазақ болды. Бұл ән тек қазақтардың емес, басқа ұлт өкілдерінің де жан жүйесін босатты. Рамазан бастаған өнерпаздар бригадасын полк жауынгерлері филармония деп атады. Оның жұмысына қатардағы жауынгерлермен қатар командирлер де қатысты. Миномет батальонының комиссары Тайыр Сафаев, лейтенант Ербатыр Ермеков, лейтенант Александр Сафонов, капитан Михаил Булатов, аға лейтенант Николай Трофименко әнші, әрі биші больш жүрді. Осы бригаданың мүшесі болмаса да, концерт қойылған жерде жігіттердің шақыруымен Балтабек атты өнерпаз сахнага шығатын. Ол қазақша, орысша, татарша ән салатын, әсіресе орыстың "Сергей поп, Сергей поп" деп аталатын өз өленің айтып тыңдаушыларды қыран күлкіге батыратын болған екен. Полктары өнерпаздар бригадасы күн санап нығая берді, программасы мен репертуары да жанарып отырды. Олар дивизияның құрылғанына бір жыл толу тойын полк көлемінде мейрамдауға белсене араласты, батальондарға барып, мерекелік концерттер беріп жүрді. Сөйтіп жүрген кезде СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1942 жылы шілде айының 21-күні арнаулы бұйрық қабылдап, Москваны қорғауда тамаша ерлік көрсеткен 28 гвардеецке Совет Одағының батыры келеді. Бұл хабар көзді ашып жұмғанша барлық жауынгерлерге жетті. Дивизияның полктары мен батальондарында осы оқиғаға арналған салтанатты митингілер өткізіліп жатты. Келесі күні осындай бір митингі дивизия көлемінде өткізілді. Митингінің ресми бөлімі аяқталған соң 1075-ші полктың Рамазан бастаған өнерпаздары әдемі концерт берді. Концертке жұрттың бәрі разы. Дивизия командирі полковник Серебряковтың өзі өнерпаздарға алғыс айтты. Кезінде Ұлы Отан соғысы деп тарихқа еңген екінші дүниежүзілік майдан өзінің бұрын-сонды болмаған тағылық қаталдығымен, жабайылық жауыздығымен, буып жіберер озбырлығымен, қанды қасап қырғың-сүргіндігімен, сұрапыл сұмдық алапат апатымен адамзат есінде. Соғыстың қай-қайсысы да адамзат үшін орны толмас апат, ала қайғы-қасірет, жазылмас жара екендігі мәлім. Қасым Аманжолов жырлаған "Қып-қызыл өртке" айналған майдан қазақ жұртына солақай соққы болып тиді. Рамазан да көппен бірге майданға аттанды. Ол даңқты батырлар Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Токтаровтармен бір сапта ұрыстарға қатысты. Қолы қалт еткенде сырнайға қосылып халык әндерін шырқатып салатын, қаруластардың бойына қуат құйып, жігерге жетелейтін. Музыка әліпбиіне қомағай құштарлықпен, қауырт құлшыныспен кіріскен өрең жүйріктің алдынан тағы да "Әттен" шықты. Алапат соғыс дауылы соқты басқа музыка аспаптарын алып жүруге мүмкіндігі жоқ Рамазан ең қолайлы он екі тілді сырнайын иығына іліп, майдан даласына аттаңды. Қаратаудың мұзбалағы Бауыржан Момышұлының полкіне, Көкшетаудың тас түлегі Мәлік Ғабдуллиннің ротасына осылайша тап болған да, полк комиссары Ахметжан Мухамедияровтың хатшысына айналған еді. Өмір мен өлімнің бітіспес айқасы ортасында жан алып, жан беріп жүргенінде де өнер құдіретінің әсерлі өміріне бағынбай, бас имей қала алмайсын. Рамазанды кайда барса да жауынгерлер қоршап ала қойып отыра қалған. Рамазан олардың жүрегін әсем әнмен де әлдилейді, қызықты әнгімемен де баурайды. Сондай бір көңілді жиында Рамазанның жанына автоматын арқалаған Төлеген Тоқтаров келіп отырады. Алтайдың ақ иығының атақ-даңқы дүрілдеп тұрған кезі еді. Ерлігі басқаларға үлгі ретінде әдемі жырдай әңгімеленетін. Рамазанмен танысып, достасып та алған екен. Бір бақыраштан ас ішіп, бір үзім нанды бөліп жейтін. Осы оқиға Мәлік Ғабдуллиннің Менің майдандас достарым деп атаған кітабында жазғаның сөзбе-сөз қайталамай өз тарапымыздан сипаттасақ, былайынша көз алдына елестетер едік.
-Менің бір сұрағым: әдемі ән ерліктен туама, әлде әдемі әннен ерлік туама?-деді Төлеген.
- Өзін қалай ойлайсың?- қарсы сауал салды Рамазан. -Менің түсінүімше, әдемі әннің шығуына әйгілі ерлік себепкер болса керек. Ерлік болса ән туады, ал ән қанша әдемі болғанымен де айтулы ерлікті тудыра бермеуі мумкін. Төлегеннің бұл айтқаны дұрыстыққа келеді,-деді
Рамазан ойлана сөйледі
.-Асылында, әдемі ән үлкен оқиғадан туады. Сондай ән шығару міндетін мен алайын, бірақ оның тууына себеп болатын ерлікті сіздер алыңыздар.
Бұған біз де келістік;-деп күлді Төлеген.
Төлеген Тоқтаров 1920 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлеген Тоқтаров бала кезінен бір сөзді, өзіне де өзгеге де қатаң талап қоя білетінер азамат болып өскен екен. Қазақ мектебінде тәлім алады. 1942 жылы 10 ақпанда Бородино селосы үшын болған ұрыста неміс бөлімінің штабына басып кіріп неміс әскерінін көзін жойған. Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағынан батыры атағы берілген.
Мәлік Ғабдуллин өзінің Менің майдандағы достарым атты шығармасын Рамазанға арнады, Саурбек Бақпергенов Алтын күрек, А.Лившиц Отан үшін өмір, Жас қазақ повестерін Тамти Ибрагимова жазды. Осылайша, Тамті Ибрагимов Рамазанның жұмысын былайынша сипаттайды - Ол өз әндерін бос сағаттарда жасатын, ұзақ уақыт бойы ноталары бар парақтың үстінде отырды, жаңа үндестіктерді таңдады. Дайын ән бірден жауынгерлермен бірге жекпе-жекке шығып, блиндаждар мен жорықтарда шырқалды. сарбаздардың, Отан қорғаушылардың рухын көтеретін. Панфилов дивизиясының офицері Алексей Иванович Кузнецов Рамазан туралы былай айтқан екен Тыныштық күндері және түнгі уақытта Елебаев блиндаждың алыс бұрышына көтеріліп, қолында қарындашпен ұзақ уақыт отырды.Көп ұзамай біз 28 панфиловшылар туралы әннің әуені мен сөздерін естідік. Кейін оны Жамбыл поэзиясының аудармаларымен танымал Отан үшін газетінің редакторы Павел Кузнецов орыс тіліне аударды. Ол алғаш рет алдыңғы блиндажда орындалды. Автор гармоньды қолына алып өрісті бәріне шырқатын еді дейді.

Шығармалары: Рамазан Елебаевтың скрипка мен фортепианоға арналған сюитасы, Біржан Сара музыкалық пьессасын жазылып кеткен жолын өлтірмей, өзіне тән ұлылықпен жалғастырған ұлы композитор Мұқан Төлебаевтың классикалық Біржан Сара операсының орны ерекше Талғар полкінің маршы, Жиырма сегіз батыр, 23 полктің маршы өңдеген Л.Хамиди Асқан бұлбұл Аэроплан атты әндері бар. Ол Қызыл Ту орденімен және медальдармен маратталган. Дивизия бойынша көркем өнершілер бригадасы құрылып, оған әрі дирижер, әрі жетекші болып Рамазан Елебаев тағайындалды. Бұл бригадаға дивизияның барлық бөлімдерінен талантты өнерпаздар алынды. Соның ішінде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген артист - Темірбек Көкебаев және басқа өнерпаздар бар еді. Дивизияның көркем әншілері жаз бойына полктан полкка барып, концерт беріп жүрді. Және осы кезде Рамазан аса бір шығармашылық шабытқа келіп, 28 батыр. Панфиловшылар маршы, 23-полк маршы, Талғар полкының маршы, Біз Отанның солдаты, Қазақстан атты шығармаларын шығарды. Уақыт өте бере оның Жас қазағы мен аталған марштары көркем өнершілердің хормен айтатын басты нөмерлеріне айналып кетті. Жас қазақ әні Сыдық Мұхамееджановтың Ғасырлар үні ораториясында жәнеде Алдымызда Москва атты кинофилимінде пайдаланды.
Рамазан Елебаев аз ғана ғұмыр кешседе өте көңілді, айналасына қуанышты көңіл күй сыйлай білген екен. Тек қана бір салада ғана емес, әнші, актер, орындаушы композитор болған. Шығармалары арқылы артқы ұрпаққа арнап патриоттық, елге рух беретін әндер жазып кеткен. Өкінішке орай қазіргі таңда әскери композиторды танитын адамдар азайып баруда. Егерде соғыстан аман қалып, оқуын бітіргенде қазіргі бәріміз танитын, үлгі тұтатын композиторлардың бірі болатынбеді? Шығармалары танылып инструменталды жәнеде хорға арналған көптеген шығармалары болатын еді. Латиф Хамиди, Ахмет Жұбанов секілді композиторлармен жақсы араласып таныс болған. Латиф Хамиди 23 полк жыры шығармасын екі дауысқа салып өңдеген, сөзін орыс тіліне аударып жазған. Н.Кузнецов.шығарманың өлшемі 2\4. Марш екпінімен жазылған.

Шығарманың әдеби мәтіні:

Біз панфиловшылар ерлерміз,
Қан майданда қарысқан.
Жауды жайлап жерлейміз біз,
От тұтанып намыстан.

Қайырмасы:

Ей! Панфиловшылар гвардия,
Шыңдаған шар болатпыз.
Туған Отан туған ұя,
Мәңгі қормғамақпыз!

Окоп бізге - солдат уйі
Майдан өтті - мың ерлік
Туған елдің қолда туы,
Тік көтеріп жүрелік біз.

Қайырмасы:

Біздің ерлік аңыз толған,
Жанар мәңгі нұр болып
Гвардияның жолын салған
Александр Суворов

Қайырмасы:

Майданда қызыл жұлдыз
Мәр Панфилов генерал
Қыран ерлер самғап жүрміз,
Оқпен оттан он орап.

Қайырмасы:

Қарт майданға, батальон,
Жақындай түс жемісім,
Гвардияның атағымен
Туған Отан, ел үшыін!

23 Панфиловшылар туралы ән Әні мен сөзін жазған Рамазан Елебаев. Марш екпінде. Шығарманың өлшемі 2\4.
Шығарманың әдеби мәтіні:

Бұлт басып күңіренді,
Күзге қарсы ақ аспан.
Дабыл қағып ерлер жөнелді
Қару-жарақ белге асқан.

Кірпік қақпай алға аттай,
Бейне темір болаттай.
Қарсы тұрды жиырма сегіз ер,
Келсе де жау жер қаптай.

Ала алмайсың, - деді батыр,
Дұшпанына, - еркімді.
Кең жерімді туған өрт салып,
Бұза алмайсың көркімді!

Жолын бөгеп дұшпанның
Құрбан болды қайран ер,
Ер боп туған адал баласын,
Қойнына алды туған жер!
Жолдастар әнін жазған Рамазан Елебаев, әдеби мәтіні Сәкен Сейфулин. Шығарманың өлшемі ауыспалы 2\4, 3\4.

Шығарманың әдеби мәтіні:

Намысымыз бір нашардың балалары,
Кеше мың жыл құл болған балаларын, жолдастар.
Кейде ұлы жігерді,
Бірігіп ұран салыпқал.
Қызыл туы майданда,
Бостандықты алыпқал.

Аяқ асты ажал аузына тап болғандықтан Рамазан Елебаевтың көптеген шығармалары біздің күнге дейін жете алмай қалды. Композитор соғыстан аман қалып жатқан жағдайда, соғыста болған барлық көрген оқиғаларын опера жазып тарихта қалдыру мақсаттары болған екен. Рамазанның қаза болған күні кейбір деректерде 1943 жылы сәуір айы деп көрсетіліп жүргені кездеседі.
Оразақын Асқаның Рамазан Елебаевқа арналған Жас қазақ әні және Рамазан Елебаев туралы балладасы.

Жас қазақ туды қанды шайқастарда,
Ықтырып ерлер жауды айқасқанда.
Тудырды досқа жігер, жауға үрей,
Жас қазақ кең қанатын жайса аспанға.

Окоптан көкпен бірге ол да атылды;
Күзетіп өлшеленді жолда тұрды.
Сап түзеп жеңімпаздар жылжырда алға,
Назар боп азат жерді шолды ақыры.

Дем берді, жауынгерге рух берді,
Бастады шабуылға жігіттерді
Тылға да сәлем хат боп тыңбай келіп,
Жас қазақ жалынымен жылытты елді

Шығарған әнді осында жас жауынгер,
Алайық жойып елдің қас жауынгерлер.
Аз ғана мұрсат болса ағытылар,
Кеудеде жатты тұнып асқақ үндер!

Сурет, ән - суйген өнер салалары,
Болмаған елден алып бағаны әлі.
Рамазан Көкшетаудың түлегі еді,
Сал Біржан, Ақан сері ағалары.

Үнін Мәскеудегі тәмәмдаған,
Енді елге қажет маман болам.
Ұстатты қалам емес, қолға мылтық,
Сұм соғыс ұлы тілі жаландаған.

Бір жігіт әкесі аттас басқа жақта,
Шырқатса ұйытты елді Жас қазаққа
Шығарған әнді менің ұлым-дейтін,
Қуланып қарап қойып қас-кабаққа.

Ішінен армандайтын: Бір керсем, - деп,-
Әні үшін алғыс айтып, гүл берсем,-деп,-
Осы әнді өз аузынан бір естісем,
Мен де айтып тындатсам-деп жүрген шөлдеп.

Ерлікпен қаза тапты Рамазан,
Деп жазған газетке ел жоқ жыламаған.
Барлаудан кештеу қайтқан Елебайға,
Беттеді естірткелі біраз адам.

Хат әкеп уәдесі бар қызынан,
Қуантар десе бұл жұрт салғызып ән.
Куйзелді жат хабарға жас Елебай,
Әкедей айрылған жалғызынан.

Кең дала қар жамылған қанға бөгіп,
Сұр аспан күркірейді өлім төгіп.
Уралап мұрттай ұшқан жас қазақты,
Көңілінің көзіменен тұрды көріп.

Жылаудың, қайғырудың шағы бұл ма,
Қашанғы қас жау тиіс қағынуға.
Шырқатып ырза-кекпен Жас қазақты,
Елебай көтерді елді шабуылға.

Зорайды, қостаған үн қаулай түсіп,
Дала, орман дурліккендей тау да айтысы.
Алдында аруақты Жас қазақтың,
Сұм дұшпан жайрап жатты баудай түсіп.

Жас қазақ шабуылға сұранды әр күн,
Күш жияр гимніндей қырандардың.
Ty ұстап Берлинге де бірге кірді,
Бірі боп қасиетті ұрандардың.

Кезінде қызғалдақтың толар белге,
Қиқулап жыл құсының қонар көлге.
Женіспен Елебайлар ер атанып,
Шырқаған Жас қазақты оралды елге.

Сүйді ердің бірі анасын, жарын бірі,
Карсы алды Елебайдың қалындығы.
Басынан кен кепкасын алып киіп,
Әкенің күлім қақты жанында ұлы.

Думанды жеңіс тойы тойға ұласты,
Үдеген шат күлкіден қайғы қашты.
Елебай өз алдына отау тікті,
Ел болып, үйлендіріп қойды жасты.

Еңбекпен еркін бейбіт жылдар өтті,
Інгәләп жас отауга ұл да жетті.
Елебай Рамазан деп атын қойып:
Ал, балам, Жас қазақты тыңда,-депті.

Бұл сенің шілдехана, бесік жырын,
Алынған сенен осы шешім бұрын.
Жарыққа Жас қазақпен көзді ашып,
Жиясын Жас қазақпен есінді, ұлым.
Өнерлі ұл болсын текке неге ғайып,
Тірілді Рамазан Елебаев.
Әнші бол, композитор, азамат бол,
Сен де ес атағынды елге жайып.

Баланың Жас қазақпен тілі шықты,
Шалына ән құлағына тыныш ұқты.
Шырқатып қаршадайдан Жас қазақты,
Риза етіп әке ішін жылытыпты.

Үмітім, арманына жет , - деді де,
Берді ерте музыканың мектебіне.
Жас шәкірт әнге ерекше ынта қойып,
Өнердің ұмтылды ол да тек төріне.

Сүйсінтті, сынағанды, байқағанды,
Көз жетті концерттерде үлкен айтар әнді.
Қол соғып көрермендер отырып ап,
Жас қазақ әлденеше қайталанды.

Тен қазір әншілермен терезесі,
Көзінен бір кетпейді ер елесі.
Әрқашан әке үмітін адал ақтап,
Атына сай боп өсу ережесі.

Өзі де оқта-текте шығарды ән,
Дәмелі өмірде әр сыбағадан,
Жас қазақ ансамбілін құрсам,-дейді,
Ардагер аға үлгісін мұралаған.

Іздеген табар, талмай қуған жетер,
Тайынбай шешінген жан судан да өтер.
Бұл күнде Елебаев - ел серісі,
Ойын той туған жерін думанды етер.

Өмірге екі туды Рамазан,
Алдынан кең жол ашты мына заман.
Өңерге тірі ескерткіш орнаттым,-деп,
Алдымен Елебай қарт риза оған.

Халқы да қадірлейді екі еселеп,
Бар оған дайын дәлел, жетсе себеп.
Тілеймін өзінің де екі үлесін
Әрқашан абыроймен өтесе деп.

2 Жас қазақ әнінің шығу тарихы
2.1 Жас қазақ әнінің орындаушылық талдауы
1942 жылдың ақпан айында қиянкескі ұрыс даласында сұм ажал ерлігі аңызга айналган Төлеген Тоқтаровты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғажап ғұмыр
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Соғысқа дейінгі өмірі
Ақындар шығармалары
Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері
А. Жұбановтың шығармашылығы
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Алаштың айбозы
Пәндер