Айседора Дункан биі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ

ТЕАТР ӨНЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ДРАМА ТЕАТР АКТЕРІ ЖӘНЕ РЕЖИССУРА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

З.Сагаловтың Айседора спектакліндегі басты кейіпкері Айседора Дуканның образын ашудағы би мен музыканың маңыздылығы

Мамандық:В023 Режиссура
Мамандандырылу:6В02163 Драма театрының режиссурасы

Орындаған: Өмірзақова Әмина Елдосқызы
Жетекші:Асылхан Сәулебек Есімбекұлы -
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
профессор

Астана 2023 ж.
Мазмұны

Анықтамалар

Қысқартулар мен белгілеулер

Кіріспе

(Негізгі бөлім екі тараудан немесе оданда көп болуы мүмкін)
1. Айседора Дункан деген кім?

2. Айседора спектаклінің дайындық процессі. Музыкалық әсемдеу және би қою процессі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

1. Айседора Дункан деген кім?

Анджела Айсадора Дункан 1877 теңіздің жағасындағы Сан-Франциско қаласында банкир Джозеф Дунканның отбасында дүниеге келді. Өміріндегі маңызды оқиғалары да теңіз маңында орын алатын секілді. Тіпті қозғалыс, би туралы алғашқы түсінігі де толқынның ырғағымен туындағаны сөзсіз. Дункан отбасыда төрт бала болды: Элизабет, Рэймонд, Остин және Айседора. Айседора туылғаннан кейін көп ұзамай әкесі отбасын тастап кетеді. Аналары таң атқаннан кеш батқанша пәтер-пәтерді аралап, ауқатты отбасылардың балаларына музыкадан сабақ беретін. Оның азғантай табысы олардың күн көрісіне әрең жететін. Дегенмен ол ештеңеге қарамастан: Нансыз өмір сүруге болады, бірақ өнерсіз болмайды деп балаларына жиі айтатын. Дункан отбасының үйінде әрқашан музыканың ғажап әуендері естілетін, балалар көп кітап оқитын, жұмыстан шарашап келген аналары үшін ежелгі трагедияларды ойнайтын. Бұндайды көріп өскен кішкентай Айседора екі жасынан бастап билей бастайды, ал алты жасында ол көрші балалар үшін алғашқы би мектебін ашты: ол оларға өзі ойлап тапқан ерекше би комбинацияларын үйретті. Кішкентайынан өзімен жасты балаларға сабақ беріп, жас биші анасына көмек ретінде қосымша табыс көзін таба алды. Он үш жасында Айседора мектепті тастап, барлық уақытын биге, музыкаға, әдебиетке және философияға арнады.
18 жасында Айседора анасын Чикагоға көшуге көндірді. Қалталарында жиырма бес доллар және әжелерінің неке жүзігі болды, ал Айседораның биін әлемге паш еткісі келді. Анасының күмәнін көріп, ол сол кезде анашым, маған сенші. Бұдан былай кедейлікті көрмейсің, саған мұндай жүзіктердің жүзін алып беремін. Тек маған сенші деді. Анасы қолында өмір бойы таққан жүзігін шешіп, алақанына салды. Жас Айседора театрда жұмыс істеп, би клубтарда өнер көрсетті. Оның биге деген көзқарасы классикалық идеялардан өзгеше болды. Балет, бишінің айтуы бойынша, эмоциялық тәжірибені жеткізбейтін дененің механикалық қозғалыстарының кешені ғана болды. Оның биінде дене - сезімдердің жүргізушісіне айналуы керек еді.
Айседора ежелгі дәуір кезеңдерінен шабыттанатын. Оның идеалы - грек вазасында бейнеленген биші Гетера болды. Дункан оның бейнесін өзіне қабылдады: ол билерін жалаңаяқ, аппақ туника киіп, шашын жайып орындады. Жиырмасыншы ғасырда бұл стиль жаңа және қайталанбас болды, көпшілік көрермен бишінің стиліне де, оның пластикасының өзіндік ерекшелігіне де тәнті болды. Дунканның қимылдары өте қарапайым болды, дегенмен би саласында балет қана көріп жүрген адамдар үшін бұл ол ғажайып көрінетін. Айседора Дункан қарапайымдылықта нағыз сұлулықты көретін. Ол бәрін бимен көрсетуге ұмтылды - музыканы, суреттерді және поэзияны.
Жиырмасыншы ғасырдың басында Дугкан отбасысы алдымен Лондонға, содан кейін Парижге көшті. 1902 жылы актриса және биші Лои Фуллер Айсадораға Еуропаға гастрольдік сапарға өзімен бірге баруға ұсыныс жасады. Олар бірге жаңа композициялар қойды: Жыландар биі, От биі. Сандал және тағы басқалары. Ақырындап Айседора Дункан еуропалық көрермен арасында өте танымал бола бастады. Оның аты бір ғажайыпқа айналды. Қайда барсаң бәрі ол туралы айтатын.
1903 жылы ол Грекияға барып, онда жанына жақын ежелгі грек пластикалық өнерін зерттеді, содан кейін Германияға көшті. Грюневальдта Дункан вилла сатып алып, ол жерде балаларды биге үйреткен және дарындарын іс жүзінде дәлелдеген оқушыларын жұмысқа алды. Бұл мектеп Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін жұмыс істеді.
Дункан өзінің философиялық көзқарастарын бимен қатар дамытты. Ол адамдардың табиғи күйіне қайта айналуы үшін би үйрену керек деп есептеді. Ницше философиясының ықпалымен Дункан Болашақтың биі кітабын жазды.
Берлиндегі концерттердің бірінде Айседора алдыңғы қатарда отырған адамды байқайды. Әдетте ол көрермендерге қарамайтын, бірақ сол күні ол бұл адамды бар жан-тәнімен сезді. Қойылым біте сала ол Айседораның киім ауыстыратын бөлмесіне келіп, өзін таныстырды. Гордон Крейг - атақты актриса Эллен Терридің жалғыз ұлы болатын. Европа элитасының мұрагері, театр ортасында танымал актер, сымбатты жігіт, жас режиссер. Модернист театр режиссері Гордон Крейгпен кездесу Айседораның өмірін түбегейлі өзгертті. Екі апта бойы ешкім оның қайда екенін және оған не болғанын білмеді. Барлығы биші қызды іздеп аяқтарынан қағылды, ал Гордон мен Айседора махаббат отына өртеніп, бір-бірін тапқаннан естерін ұмытып, ғашық болғандарын түсінді. Айседораның анасы мен әпкесі бұл байланысты айыптап, би мектебінің қамқоршылары мұндай еркіндікке жол бермейтіндерін Айседораға ашық айтты. Сол жылы Айсадора өзінің танымалдылығының шыңында болды, бұл Гордонның еркектік намысын қорлады. Олар жиі ұрсысып, үнемі тарқасып, қайта татуласатын. Гордон өмірінің соңына дейін онымен бірге болмайтынын түсінді және бұл туралы Айседораға ашық айтатын, бірақ ессіз ғашық Айсадора мұны көпке дейін елемейтін. 1901 жылы қыздары Дейдри дүниеге келді. Ана болған сәтте Айседора өмірімнің бақытсыз кезеңі басталғанын сезді. Ол қызын өмірімнен артық жақсы көрді, бірақ тіпті дүниеге алғышқы сәбилерінің келуі Гордонға ешқандай әсер тигізбеді. Оның қарыздарға белшесінен батқанын, отбасын мүлде жақсы көрмейтінін Айседора сол сәтте түсінді. Көп ұзамай ол сүйіктісінің басқа әйелге жазған хаттарын тауып алды. Қыздары тіпті бір жасқа толмаған кезде Айседора Гордоннан кетеді. Ақшаның жоқтығынан ол сахнаға тым ерте оралуға мәжбүр болды.
Айседора жалғыз қалғаныммен, жалғыз болған жоқ. Оның қызы Дейдри және балаларды биге үйрететін мектебі болды. Бірақ төленбеген мектеп шығындары күн сайын өсті. Кредиторлар бишінің мазасын алды, банктегі есепшот бос болды. Бір күні Айседора әпкесі Элизабетке қалжыңдап: Бізге миллионер керек. Біз оны кез келген жағдайда табуымыз керек деді. Ол өзі келді. Оны кездестіргеннен кейін оның өмірі ертегіге айналғандай болды. Бірақ соңы қайғылы ертегі. Оның есімі - Парис Юджин Зингер еді. Айседора оны Лоэнгрин деп атады. Ол Американың ең ауқатты отбасынан шыққан миллионе, бұған дейін үйленген, 3 баласы бар еді. Ол Айседораға жаңа өмірді көрсетті. Ол Айседора мен Дейдриді Англиядағы Зингер әулетіне көшіріп әкелді. Көп ұзамай олардың ұлдары Патрик дүниеге келді. Кішкентайынан кедейлікте өскен Айседора үшін жаңа өмір нағыз ғажайып көрінді, дегенмен екеуінің қарым-қатынасында да қиыншылықтар болды. Лоэнгрин өте қызғаншақ етін, сол себепті де екеуі үнемі жанжалдасатын. Сүйіктісінің осы қасиеті үшін ол онымен айырылысуға шешім қабылдады.
1913 жылы Айседора екі баласымен бірге Версальға барады. Жолда көліктің моторы тоқтап қалып, жүргізуші оны тексеруге шықты. Бірақ көлік кенеттен қозғалып, Сенаға қарай домалап, құлап кетеді. Екі бала да қайтыс болады. Бұл ауыр соққыдан Дункан өмір бойы қалпына келе алмады.
Балалары қайтыс болғаннан кейін Айседора Ресейге көшуді бел буады. Ресейге ол жиі гастрольге баратын және Ресей халқы оны әрдайым жылы қарсы алатын. Көшкен жылы 43 жастығы Айседора Дункан 27 жастағы Сергей Есенинмен танысады. Олар 1921 жылдың күзінде суретші Жорж (Джордж) Якулов кешінде кездесті. Би шараға қызыл желке киіп келіп, ақынды бағындырды. Бұл кездесудің куәгерінің бірі Айседораның диванда жатқанын, ал оның жанында Есениннің тізерлеп отырғанын жазды. Куәгердің айтуынша, биші оның шашын сипап: Алтын шашты періште депті. Айседора орысша әрең сөйлейтін, ал ақын ағылшын тілін білмейтін. Жас айырмашылығы мен тілдік кедергіге қарамастан, олардың қарым-қатынасы тез дамыды. Суретші Кеңес Одағында мансап үшін перспективалар аз екенін түсінді - ол өзінің жас ғашығын гастрольге АҚШ-қа апарғысы келді. Есенинге виза алуда үлкен қиындықтарды тудырмау үшін олар 1922 жылы 2 мамырда үйленді. Бұл бишінің алғашқы ресми некесі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуі де Есенин-Дункан қос фамилиясын алды. Көпшілік Есениннің Дунканның өзіне емес, оның даңқына ғашық болғанын айтты.
Ғашықтар ым-ишарамен және аудармашының көмегімен сөйлесті. Үйлену тойынан кейін Есенин Дунканмен бірге Франция, Германия, Бельгия, Италия және Америка Құрама Штаттарына гастрольдік сапарларға шықты. Ақын гастрольде оны Дунканның серігі ретінде ғана қабылдағанымен келісе алмады. Оның көңіл-күйі жиі өзгеріп, әйеліне айғайлап, тіпті анда-санда қолын көтеретін. Есениннің ішімдікке де әуестігі бар еді, тіпті бір күні Айседора күйеуін тыныштандыру үшін полиция шақырған. Орынсыз мінез-құлық ошақтарынан кейін ақын үнемі кешірім сұрады, ал әйелі оны қайта-қайта кешірді. Олардың некелері екі жылға созылып, аяқталды.
1927 жылдың 14 қыркүйегінде биші Ниццада көлікпен серуенге шығады. Әдеттегідей ол кең киім киген еді. Кенет Дунканның ұзын қызыл орамалының шеті дөңгелекке ілініп, оны орап, бишіні көліктен лақтырып алды. Оның өліміне мойынның үзілуі себеп болған.
Айседора Дунканның күлі Париждегі Пер-Лашез зиратындағы колумбарийде сақтаулы.
Айседора Дункан образы 19-20 ғасырлар тоғысындағы рухқа, стильге және ең маңызды эстетикалық идеяларға сәйкес болды. Оның биі өнердегі төңкеріс деп аталды, бұл туралы суретшілер, ақындар, музыканттар, режиссерлер, мүсіншілер жазды. 20-ғасырдың алғашқы онжылдығында оның билеріне арналған басылымдар санының көптігі соншалық, олардың толық библиографиясын құрастыру мүмкін емес. Айседора Дунканның ерекше өнері заманауи хореографияның дамуына жаңа жолдар ашты. Алайда бұл мәдениет тарихындағы маңызын жоймайды. Би әрқашан өз дәуірінің рухани өмірінің ең эпицентрінде болды, ол өз замандастарын бар рухани стереотиптерді қайта қарауға және мәдени нормаларды жаңартуға мәжбүр етті. Сонау 1913 жылы А.В. Луначарский, Айседораны данышпан деп атай отырып, ол мәдени феномен, соншалықты үлкен және жұмбақ. Ол туралы бұдан басқа не айтуға болады? деген екен. Айседора Дункан ежелгі өнерден, В.Уитменнің, Р.Вагнердің, Ф.Ницшенің идеяларынан шабыт алды. Ол өзінің шығармаларында Л.ван Бетховен, Ф.Шопен, К.В.Глюк, П.И.Чайковский, Ф.Шуберттің музыкасын, сонымен қатар революциялық әндердің әуендеріне импровизациялаған. Ол ашық, мөлдір әуендерге жалаң аяқ биледі. Оның биінің қимылдары ежелгі фрескалар мен ваза кескіндемелерінің суреттеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы би
Данс терапия
Би терапиясы
Денені физикалық қалпына келтіру әдістері
Әлеуметтік медицинаның пәні. Қазіргі заман әлеуметтік медицинаның негізгі бөлімдері
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Жалпы психологиясы әрекет қимыл анықтау
Ақыл-ой және әлеуметтік мәдени орта
Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
Баскетболдың спорттық ойын түрі пайда болуы және оның даму кезеңдері
Пәндер