Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Қорғауға жіберілді
____________2023 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Абайдың нақыл сөздерін оқу және оқудан тыс жұмыстарға қолданудың тәрбиелік маңызы
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111073 Физика мұғалімі
Орындаған 20-ФМ -1
тобының білім алушысы Жолбарысова. Н
Ғылыми жетекшісі Даутова М.Т
___ ________2023 ж.
Өскемен, 2023 ж.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбайұлының өмір жолы ... ... ... ... ... ...
5
1.1
Абай Құнанбайұлының шығармаларының әлеуметтік маңызы ... ... ... ..
5
1.2
Абай Құнанбайұлының тәлім-тәрбиелік мәселесіндегі шығармалары ... ...
9
1.3
Абай Құнанбайұлының өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарасы ... ... ...
12
1.4
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны ... ... ... .
15
2
Абайдың нақыл сөздерін оқу және оқудан тыс жұмыстарға қолдану ... ...
25
2.1
Абайдың нақыл сөздерінің негізгі мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
2.2
Нақыл сөздерді оқуда қолданудың маңызы ... ... ... ... ...
28
2.3
Абайдың философиялық ойлары ... ... ... ... ...
32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
36
Мазмұны
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзктілігі: Еліміздің әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы -- сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін анық. Ал осы даналықты ұрпақтың бойына сіңіре білген қазақтың ұлы ақыны Абайдың әдебиетте орнының биік болуы тегін емес.
Абайды тану арқылы біз әлемге қазақ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абайдың ағартушылық көзқарастары мен нақыл сөздерінің тәрбиелік идеаларын теориялық тұрғыдан талдау және зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Абай шығармаларындағы тәрбие және ағартылушылыққа қатысты идеяларға талдау жасау.
-Абай туындыларын жинақтап,танысу.
-Абай шығармаларындағы нақыл сөздері мен тәрбиелік тағлымдарын практикада зерттеу.
Зерттеу құрлымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің болжамы:Абайдың нақыл сөздерін оқуда және оқудан тыс жұмыстарға қолданса балалардың ой санасын дамытуға әрі әдеби мұраларымыздың қадір-қасиетін түсінуге және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беретін еді.
Зерттеу көздері: Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар,Абай шығармалары,мерзімді басылымдағы материалдар мен басқа ғалымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.
Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық ғылыми әдебиет негізінде талдау,тұжырымдау және тәжірбиелік тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу.
1.Қазақтың бас ақыны Абай құнанбайұлының өмір жолы.
1.1 Абай Құнанбайұлының шығармаларының әлеуметтік маңызы.
Қазақ әдебиетінде өзіндік өшпес із қалдырған қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының әдебиетте алар орны ерекше.
Абай Құнанбайұлы тамыз айының 10-шы жұлдызында 1845жылы Семей облысының Қарқаралы аймағында өмір есігін ашқан.
Абай Құнанбайұлы - ұлы ұстаз,ақын, ағартушы ,философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.
Абайдың кез-келген шығармалары арқылы әрбір адам бойына рухани азық жинақтай алады.
Әдебиеттегі Абай шығармалары келешек ұрпақтың бойына тәлім - тәрбиемен қатар үлгі-өнеге беруде маңызы өте жоғары.Сол себепті де Абайдың шығармаларын,өлең жолдарын оқудың негізінде жамандықтан жиреніп,жақсылыққа үйренуге негіз бола алады.
Абай Құнанбайұлының шығармашылығы тек қазақ халқына ғана емес сонымен қатар орыс және еуропа елдеріне де кеңінен таралған.Өзге елдердің мәдениетімен байланыс жасаудың негізінде қазақ мәдениетін жаңғыртуда әрі дамытудағы негізін салушы болып табылады.
Абай шығармаларының негізінде қазақ халқының бастан өткерген шынайы әлеуметтік мәселелерімен қатар қоғамдық моральдық тұстарын көп көтерген .
Шығармаларды оқу арқыла бұрынғы ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігімен қатар тарихымыздың шежіресін білуде сіңірген еңбегі өте көп.
Қазақ халқында: тарбие- тал бесіктен басталады деген мақал тектен-текке айтылған сөз емес дана болсаң да ,дара болсаң да соның барлығы шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап бала бойына сіңірген тектіліктің негізінде қалыптасды.
Абайдың да осындай шығармашыл, озық ойлы , дара адам болуының басты себебі де текті ортадан алған тәрбиесінің негізінде.
Ұлы ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.
Болашақ ақынның тәрбиесі адамгершілік қасиетімен, кеңпейіл мінезімен , халық анасы атанған әжесі Зеренің таусылмайтын қызықты әңгімелерімен қатар ,мол қазынадай ертегілерін естіп, бойына сіңірсе, екінші жағынан сабырлылығымен көнтерлі мінезімен ,әзіл - қалжыңға шебер,кез-келген жұмысқа епті ,жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.
Абайдың өмірдің ыстығы мен суығына төзіп ,алдынан шыққан кедергілерден мұқалмай өте білуінің басты себебі- әкесі Құнанбайдың берген тәлім тәрбиесі.
Баланы жастайынан өмірдің ащысына үйретіп , ел ісіне араластырады ,соның нәтижесінде Абай әкесінің қасында болған уақыттарда би-болыстардың қулық сұмдықтарын ,қазақ даласында болып жатқан кереғар қайшылықтардың , кертартпа салт-сана мен әдет ғұрыптардың ,қажетсіз заңдарының залалдарын түсініп ,қазақ халқының тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп,өзіндік сабақ алады.
Осындай тектілікпен тәрбие қалыптасқан отбасында дүниеге келген Абайдың болашақ ұрпақтың бойында саналылықпен -адамгершілік адами қасиеттерін қалыптастыру мақсатында туындап жатқан шығармалары келешек ұрпаққа әдебиетімізді құрметтеу, ой санамызды дамытып, пайдалы іспен айналысуға, жан-жақты әрі талғампаз, өзіндік ойлауы бар, болашағы жарқын ұрпақтардың көбеюіне берер үлесі өте көп.
Қазақ әдебиетін дамыту мен көркейтуде Абай шығармаларының әдебиеттегі алар орны ерекше .
Абай өлеңдерінің басым көпшілігі лирикалық жанрдан құралады.
Қысқа туындыларында табиғаттың ерекшелігін, әрі адамдардың бейнесін, ішкі қасиеттерін, мінез-құлықтарын, бітімдерін, суреттеп көрсетуде айырықша орын алады.
Кез-келген өлең жолдарын алып қарасақ та қазақилықтың,қазақ халқының ұлттық сипатының иісін сезуге болады.
Абай шығармаларында қатты сынға алған адам бойындағы жағымсыз қасиеттер еріншектік ,жалқаулық, өтірікшілік ,күншілдік ,ашкөздік ,мақтаншақтық, жағымпаздық сынды қасиеттерден кез - келген адам егер өзі қаласа арылуға болатындығын көрсетеді .Мұндай жағымсыз әрекеттер адам бойындағы туа біткен қасиет болмайтындығын, бұл жүре келе ортадағы болып жатқан дүниелерді адам өзіне сіңіруінің негізінде пайда болады .Сол себепті де Абай өлеңдері жақсы қасиеттерді бойға жинақтап, бұрынғы бабаларымыздың бойынан байқаған кемшіліктерді ұрпаққа дәріптеу емес саяси - әлеуметтік қатынастардың себебі ретінде көрсетуге жол ашқан.
Абай шығармалары қанша ғасырлар бойы өзіндік маңызын жоймайтын құнды қазына.
Қазіргі күннің өзінде маңызын жою былай тұрсын керісінше өзіндік ерекшеліктері қалыптасып,жаңа қырлары ашылып ,өшпес із қалдырып келеді.
Сол себепті де мән-мағынаға толы,берері көп,өнер-білім жолындағы ізденісті қалыптастырушы ,шабыттандырушы,адамдық пен азаматтықтың негізін қалаушы Абай шығармаларын келешек ұрпақтың бойына сіңіре отырып,дәріптеу арқылы біз болашақты жалғаушы өз-өзіне сенімді ерік жігері басым күш қуаты айқын жалынды да патриот ұрпақтың негізін құрай аламыз.
Абай Құнанбайұлының жеке әлемі өлеңдері қара сөздері шығармашылығы тек қана қазақ халқының жан жүрегінің сәулесіне айналған жоқ ол бүкіл әлемдік дүниенің жарық нұры болып үлкен сұранысқа ие болған шығармалар жиынтығы.
Абайдың шығармаларының басқалардан ерекше болуының басты себеі оның асқан білімділігі мен үлкен ізденісінің нәтижесінде.Себебі бір ғана емес көптеген философтардың еңбектері мен шығармаларын толық оқып қызығушылық танытуының негізінде Абай өзіндік дара жолын қалыптастыра алды.
Абай шығармаларының әлеуметтік маңызы өте жоғары себебі адами қасиеттерді дәріптеу мен жағымсыз әрекеттерді сынға ала отырып, адамзатты өнер - білімге құштарлыққа ізденімпаздыққа шақырады.Халықты өнер-білім жолына күш жұмылдыруға біріктіреді.
Әрбір шығармасының өзіндік ерекшелікке ие болуының басты себебі онда бір ғана ұлттың емес парсы,араб,орыс мәдениетімен ұштасып жатуымен байланыты .
Сондай-ақ Абайдың өлеңге деген ерекше құрметін, өлеңнің қадірін кетіретін кейбір ақындарды сынға алған өлең жолының бірі:
Өлең- сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы .
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Бұл жерде ақын сөз қадірін кетіретін бөтен сөздер арқылы өлеңнің маңызын жоятын ақындарды білімсіз адамдардың қатарына теңейді.
Абайдың бұл шығармашылығының негізі тыңдаушыларға сөзі дұрыс мән мағынасы бар үлгі-өнеге беретін маңызын жоймаған өлең жолдарын оқуға әрі содан тәрбие алуға шақырады.
Яғни өлең жолын оқу арқылы бізде өлеңдердің дұрысы мен бұрысын ажырата алатын салиқалы мағынасы бар шығармалардың қатарын көп оқуға назар аударамыз.
Ең әуелі адамзаттың поэзияға деген қызығушылығын арттыру үшін өлеңге көркемдік шартын қойып эстетикалық талғамды қалыптасыра білу қажеттігін ескерген.Егер өлеңді жоғары деңгейде әсемдеп жеткізе алатын ақын болса тыңдаушының да сол деңгейде өлеңнің қадір-қасиетін бағалай алатындығын көрсеткен.
Өскелең ұрпақтың адами қасиеттерді бойына сіңіріп өсуінің ең негізгі себептерінің бірі дәл осы әдебиеттегі рухани дүниені дамытатын шығармалардың әсерінен жүзеге асады.
Сондықтан да әрбір адамның ой санасында пайдалы, маңызды дүниелерді сіңдіру үшін ең бастысы адамды рухани байыта алу қажет.
Болашақ ұрпақтың саналы да, білімді, әрі асыл қасиеттерді бойына жинаған өз-өзін алға қарай дамыта білетін сенімді, қайсар ұрпақты тәрбиелеу мақсатында өз өлең жолдары мен шығармалары арқылы насихаттаған Абай Құнанбайұлының еңбегі өте зор.
Абай өз шығармаларында адам бойындағы тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударған. Сол себепті біз секілді оқырмандарға Абай атамыздың шығармаларын оқу арқылы жағымсыз әрекеттерден арылып,дұрыс бағыт-бағдар алуда оқушыларға берер тәлім-тәрбиесі мол.
1.2 Абай Құнанбайұлының тәлім-тәрбиелік мәселесіндегі шығармалары.
Хакім Абайдың өлеңдерін бүгінгі таңда білмейтін адам жоқ соның ішіндегі туындыларының бірі де бірегейі:
Ғылым таппай мақтанба өлеңінің негізгі мақсаты жастарды бос жүрмеуге пайдалы іс - әрекетпен айналысуға оқуға білімге деген құштарлыққа ізденімпаздыққа шақырады.
Білім алмай өзін-өзі дамытпай жатып құр мақтанға салынбау қажеттілігін көзі ашық көкірегі ояу азаматттар мен азаматшалардың қатарын толықтыру идеясын көрсетеді.
Бес асыл іске:талап, еңбек ,терең ой ,қанағат, рақым,- дәл осы қасиеттер адамның өмір сүруіне қажет, әрі кез-келген адамның бойынан табыла бермейтін асыл қасиеттер.
Бес дұшпан:өсек өтірік мақтаншақ еріншек мал шашпақ-ал бұл қасиеттер адамды тура жолынан тайдыратын надандыққа шақыратын әрекеттер екенің нақты көрсетеді.
Бізге Абай шығармаларымен танысу арқылы өте үлкен өмірлік сабақ алуға болады, себебі жастар үшін айтылатын мәнді сөздерімен қатар ,берері мен тәрбиесі өте көп.Яғни алған білімінді дұрыс жаққа жұмсау керектігін пайдалы іспен айналысуға жұмсайтын орын екенің көркемдеп ерекше жеткізе біледі.
Мен Абай Құнанбайұлының әрбір өлеңдерін оқудан өзіме өте көп рухани азық аламын әрі үлкен қызығушылықпен қараймын.
Әрбір оқырманның жүрегінен ерекше орын ала білген ұлы дара тұлға Абайдың өлеңдері жаныма қатты жақын соның бірі: Әсемпаз болма әрнеге өлеңі көзге көрнекілік беретін ерекше көркемдегіш сөздер мен қатар естір құлаққа да өте жағымды .
Өлеңнің негізгі мағынасы да жастарға кез-келген дүниеге қызығып,әр істің басын шалмай нақты мақсат қойып, сол өзі сүйетін, жүрегі қалайтын, іспен айналысып, сол істі соңына дейін апаруға тәрбиелейді.
Өмірді құр бос жалқаулықпен өткізбей өз орнынды тауып сенде бір жердің кетігіне қалан - деген ойын білдіреді .Әрбір өлеңнің негізгі мағынасы жастарды білімділікпен қатар ізденіске жетелеп алдыңғы ұрпақты ізденімпаздық пен білімділікке шабыттандырып үлкен қолдау береді.
Ең әуелі біз болашақты жақсартуымыз үшін өскелең ұрпақтың қалай өмір сүріп жатқанына аса қатты назар аудара білуіміз қажет.Егер жастар дәл осы Абай атамыздың өлеңдерімен шығармашылығымен танысып зер салып қызығушылықпен оқитын болса онда әрбірінің бойында адами қасиеттер мен қатар еліне жеріне деген патриоттық сезімдері де қалыптасатын еді.
Сол себепті Абай атамыздың әрбір шығармашылығын дәріптей білуіміз керек.
Абай атамыз тек өз дәуірінде ғана емес қазіргі уақыттың өзінде шығармашылық мұрасы ерекше орын алады .Көптеген шығармаларын алып қарайтын болсақ жастар мәселесіне айырықша көңіл бөлген. Оның ұстанатын басты қағидасы - адам тәрбиесі.
Ең әуелі жастардың тәрбиесіне кімнен үлгі алады қызығушылықтары қандай осы дүниелерге мән бермей жатып біз жастарымыздың болашағын жарқын қыла алмайтындығымызды көрсете білді.
Абай- тек жастарды ғана емес, халықтың кішісі мен үлкені ,әке мен балаға ,қыз-келіншектер, барлығына дерлік бірдей өнеге көрсетіп тәлім-тәрбие бере алады.
Өнер білім адамгершілік сезім достық-жолдастық қарым қатынас адамдық борыш секілді асыл қасиеттердің үлгілерін тек өлеңдерімен ғана емес қара сөздерімен де жеткізе білді.
Ақын жастар жағының бір мәселесіне ғана емес, сан қырына шолу жасап, өзекті мәселелеріне назар аударып, жастарға үлкен үміт артқаның байқауға болады.
Абай білімді байлықтан да ақшадан да өте жоғары қойып ең әуелі ғылым ізденіс жолында еңбек етіп білімді жоғары бағалайды.
Ұлы Абай-адамның ең қымбат кезі қайтып оралмайтын жастық шақ ол сәтті бағалап мүмкіншілігін көп кезінде ойын сауықты бос әурешілікті қоя тұрып ең әуелі оқуға ғылымға жұмсау керек дей келе - Дүние де, малда өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз,- деген тұжырымды ұсынады.
Абай шығармашылығы әдебиеттегі өшпес мұрамыз асыл қазынамыз. Сол қазынамызды бағалай отырып, әрбір уақытымзды, қайтарылмас жастық шағымызды, оқу мен ғылымға көңіл бөле білетін болсақ, болашақ ұрпақтың келешегі үшін, Абай атамыздың әрбір шығармашылығын ұмыттырмай, әр баланың бойына сіңдіру, мақсатында жұмыс жасай білуіміз қажет.
Абайды тану шығармашылығын меңгерту- әр адамның өмірде іздегенін табуға, бағыт-бағдарын айқындауда, өмірлік күш қуат бола алатын да Абай шығармашылығы .
Абай әрбір оқып жүрген қазақ балаларына үлкен үмітпен қарап, бүгінгі қараңғылықты жоятын, елдің болашағы осы жастар деп сеніммен қарады. Сол сенімге селкеу түсірмеу біздің қолымызда.
Қазіргі таңда өздерінің алтын уақыттарын мүлдем тиімсіз пайдасыз нәрсеге жұмсап жүретін жастар өте көп.Оның себебі өз болашағы қараңғы болуға әкеліп соқтырады сол үшін де ең әуелі жастарды оқу білімге шақырып қолдау көрсетіп отыру қажет.Сол кезде ғана жастар өздерін барынша қолға алып болашақтарының жарқын болуы үшін әрекет жасайтын болады.
Менің ойымша жастар үшін үлкен қолдау көрсететін алға қарай жетелеуші бұл-Абай өлеңдері мен қара сөздері шығармашылығы.
Абай атамыздың өлеңдері өз алдында бір бөлек ерекше болса қара сөздерінің де мағынасы адамға тереңінен ой салып ақыл ойынды дамытуға бойындағы кемшіліктерден арылтуға үлкен мүмкіндік береді.
Мен өзім Абай Құнанбайұлының шығармашылығына ерекше қызығушылықпен әрі үлкен құрметпен қараймын .Әрбір туындысы арқылы өзінің дара әрі ұлы тұлға деген атқа лайық адам екендігін дәлелдей алады .
Әсіресе қара сөздері - ұлы ақынның сөз құдіретін, дүниетанымдық көзқарасын, даналығын, зерделілік пен көркемдік сана сезімін, сөз өнеріндегі күш қуатын, көрсететін шығармасы.
Абайдың қара сөздері тек қана бір ғана тақырыпта емес өте кеңінен шолу жасайды. Оның тіпті қысқаша берілген қара сөздерінің астында үлкен мағына жатыр .Абай қара сөздерінде тек тақырыптың ауқымдылығына немесе оның көлеміне назар аудармаған ойдың тереңдігіне мән-мағынасына аса назар аударған.
Қара сөздерінде осы уақытқа дейін пайдаға асатын қандай іспен айналысқандығы адам өміріндегі адамгершілік тәрбиесін дамыту руханиятты нығайту мәселелері негізгі ойы болып табылады.Өйткені адамзат өзіне рухани азық жинамай өзін-өзі толықтыра алмайды.
Кез - келген ұлы тұлғаларды алып қарасақ та барлығын ең әуелі тәлім-тәрбиеге адамгершілікке ізгілікке өнер білімге тәрбиелейді.Болашақ ұрпақтың бойына рухани азықтарды жинақтауға үндейді.Себебі ең әуелі адамгершілік пен тәрбиенінің адамзат үшін алатын орны өте жоғары.
Әлемге әйгілі атақты ғұлама ғалым Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің де Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауыдеген ұлағатты сөзінен - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын байқауға болады.
Қазақ халқы үшін әдебиетімізде ауызекі сөйлеу мәдениетінде мақал-мәтелдердің алатын орны өте ерекше .Алайда өзінің сөздік қорында осы мақал- мәтелдерді тиімсіз пайдаланатын мән мағынасы жоқ мақал-мәтелдерді Абай атамыз өзінің жиырма тоғызыншы қара сөзінде сынға алады .Сондай мақалдардың бірі - Әуелі жарлы болсаң арлы болма - дейді.Адам баласы қандай нәрсе болмасын ең әуелі өзінің ар-ұятын намысын жоғары қоя білу керек.
Мейлі жарлы болсаң да адал жолмен наныңды тауып ерең еңбекпен келген дүние ғана берекелі әрі тәттті болады.Сол үшін де кедей болдым екен деп ардан аттап кетуге шақырып тұрған бұл мақалдың ешбір маңызы әрі берер тағылымы жоқ екенің айтады.
Бір-ғана қара сөзді оқу арқылы үлкен ой түюге болады. Болашақ ұрпақты адалдыққа еңбектенуге ар-намыстарын жоғары қоюға тәрбиелейді.
Ата-анадан мал тәтті,алтынды үйден жан тәтті-деген мақалдың да мүлдем іске татымайтын нағыз антұрған сөз деп сынайды .Ата-ананың адам өміріндегі алатын орны өте жоғары.Баланың ыстығына күйіп, суығына тоңып ,бар жиған тергенің баласына беріп, қанаттыға қақтырмай ,тұмсықтыға шоқтырмай, өсірген ата-анадан малды тәтті деу- нағыз құдайға қайшылық көрсететін іс дейді.
Расымен де ең әуелі әрбір бала өз ата-анасын сыйламаса, ата-ананың қадірін білмесе, құрмет көрсетіп, ата-анасына ризашылық көрсетпесе, ол айналасындағы адамдарға да жақсылық жасай алмайды.Өйткені адам жақсылық жасауды ең әуелі өзінен бастайды, егер айналасындағы ата-анасына, жақындарына, қамқорлық жасап, мейірімділік көрсете алмаса, адам бөгде адамдарға да мүлдем жақсылық жасай алмайды.
Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзінен аларымыз өте көп.Бірнеше мақалдардың сөз арасында қолдануға татымсыз екенің көріп,мақалдарды біреуді тәрбиеге салу үшін айтылып жүргені керісінше адамзатты азғырып ,тәрбиесіздік пен қатар тура жолдан тайдыруға әкеле жатқандығын байқауға болады.
Яғни, Абайдың болашақ ұрпақты тура жолға салып ,осындай кері жаққа итермелеуші мақалдарды өмірлік ұстаным етіп алмай, дұрысы мен бұрысын ажырата білуге шақырады.
Абай қара сөздері әр түрлі тақырыпта қозғалып қоғамда болып жатқан керітартпа әрекеттердің алдын алу мақсатында өзінің негізгі ойын қағаз бетіне түсіру арқылыжас ұрпақты түзу жолдан адаспауға шақырады .Сондай қара сөздерінің бірі үшінші қара сөзі бұл жерде Абай қазақтардың бір-бірімен күндесуін қайырымсыз болуының себебі не ?-деген сұраққа жауап іздейді.Оның басты себебі байлыққа таласқыш болуы ақшаны билікті абыройларынан намыстарынан артық көруі.Көп жағдайда жалқаулық танытуы мұның басты себебі тек қана төрт аяқты малды көбейтіп өзгелерден үстем болудың қамын күйттеуі .
Қара сөздегі басты мақсат келешек ұрпақты мал дүниеден байлықтан басқа өнер білімге егінге нағыз еңбекке қарай болашақ жастар әрекет жасайтын болса жастарымыз білімді әрі жалынды қайсар болып өсетін еді.
Абайдың отыз бірінші қара сөзінде адам баласы есте сақтайтын ақпараттарының барлығы егер пайдалы өмірін үшін қажжетті алдыға қойған мақсаттарына жету жолында пайдалы болса онда ол ақпаратты есте сақтап қалудың төрт жолын ұсынады.
Ең бірінші көзін ашық көкірегін байлаулы болу керек екінші сол нәрсені көрген кезінде де тіпті естігенде саған беретін ғибраты өнегесі болуы керек үшінші сол естіген нәрсенді үнемі қайталап есте сқтап көңіліне бекітіп отыру қажет төртінші жаман ойлардан қашық болу қажет олар уайымсыздық салғырттық немесе қайғыға салыну не болмаса белгілі бір нәрсеге құмарлық пайда болу тәрізді .Бұл төртеуінің де адамға беретін пайдасы жоқ барлық ақылынды да ғылымынды да тоздыртып өшіретін нәрселердің дәл өзі екендігін жеткізеді.
Абайдың сөздері жай айтылып жатқан сөздер емес әрбірі келешек ұрпақтың өсуіне өмір жолында өздерінің түзу жолдарын адаспай табуда тигізіп жатқан септігі өте жоғары.
Абай Құнанбайұлы қарт адамдардан қарағанда жастаарға көп үлгі-насихат жүргізеді.Өйткені болашақты жарқын етуде өнер-білімді дамытуда өзгеше ерекше жаңашыл жаңалықтар мен қатар тың өзгерістер еңгізуде қарт адамдардан қарағанда жастарымыздың мүмкіндігі өте жоғары .
Осындай мүмкіндіктері барында жас ұрпаққа түзу жол сілтеп өскелең ұрпақты тәрбиелей алатын болсақ кез-келген баланың бойында өзіне деген сенімділігімен қатар жауапкершілік сезімі қалыптаса бастайды.
Дәл осылай жас ұрпақтың рухын көтеріп санасын кеңейтетін шғармалардың негізін қалай білген Абай атамыз сегіз қырлы бір сырлы ұлы тұлға.
Біз әрбір нақыл сөздерін оқу арқылы өзімізді дамытуға өмірге жаңа еркекше көзқараспен қарауға ненің жаман ненің жақсы екнің көрсетіп тәрбиелеуде маңызы өте жоғары.
Абай атамыз әрбір қара сөзін айтылған сөздерімнен кімде-кім өзіне керектісін тапса соны алып пайдаға жарата білсің деген ниетте қағаз бен қара сияны ермек қылған.
Абайдың педагогикалық көзқарасы өмір бойы білімді игеру ізденіс жасау өз бетінше оқу өзін - өзі дамытумен қатар жүретін мәселелердің негізгі айқын көрінісі болып табылады.
Абай атамыздың пікірінше егер адам баласы өзінің көп уқытын білімді игеруге жұмсап оқуға деген қызығушылығы артуы ол адамды тәрбиелі етеді.
Ақын алған білімдерін елдің тағдыры үшін емес өз қара бастарын ойлап керісінше халықтың ортасына от салып өз қамы үшін жүрген жастарды да сынға алады.
Оқып білім алған соң бар білгенінді еліңнің қамы үшін жұмсауға халқымыздың сана сезімін мәдениетін арттыру мақсатында жұмсауға шақырады.
Ұлы тұлға білімді алушыларды да екі топқа бөліп қарастырады.Бірі әділдікке ақиқатқа негіздеп азамат болу үшін үйренетін болса ал екіншісі - біреуге деген күндестікпен өзгелерден артық болып оқу мақсатын ғана көздеушлер.Білім алудың мұндай екінші тобында болу кез-келген адамды ұзаққа апармайды бұл нағыз қараңғылықтың белгісі.
Абай атамыздың ұстанатын басты қағидасы Адам өзіне-өзі сыншы болу керек-дейді .Шынымен де әр адам өзінің әр күніне есеп беріп өз-өзінен жауап ала білуі керек .Әр адам өз-өзімен жеке жұмыс жасай білмесе оның болашақтада алға қойған мақсаттарына жетуге шамасы да келмейді.Сол себепті де Абай Құнанбайұлының жасаған тұжырымы жас ұрпақтың халық алдындағы жауапкершілік сезімдерін арттырып өз-өздеріне деген сенімдері ерік жігерлерінің артуын қалыптастырады.
Болашақ ұрпаққа ұлы ақын Абай Құнанбайұлы қараңғылық бойлаған шаһарда жанған оттай жарқырап , жол көрсетті.
Қазақ халқының заңғар биік тұлғасы Абай Құанбайұлынан кейін де талай дүлділ өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де Абайдың орны қашанда биік болып тұрады .Оның басты себебі Абай шығармашылығының әмбебаптылығы.
Жоғарыда айтып өткенімдей Абай шығармашылығы ішкі рухани қазынамызды байыту өз қолымызда екенің көрсетеді.Кез-келген тұлғаның дүниетанымы бойынша сана-сезімінің ой өрісінің ақыл-ойының пайда болуы күнделікті өзінің өмір сүру дағдысы мен өмірлік тәжірибесінің негізінде қалыптасады.
Сол себепті Абай өзінің он тоғызыншы қара сөзінде- Адам ата - анадан туғанда есті болып тумайды естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе дүниедегі жақсы жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені, көп болған адам білімді болады .
Кез-келген ата-ана баласын жаман жаққа қарай тәрбиелемейді барынша қолынан келгенше ақыл кеңестерін беріп, баланың жақсы тұлға болып өсуі үшін аянбай тер төгеді.
Алайда ,қоғамнан ата-анасы қаншалықты жақсы тәрбиеге негіздесе де, теріс жолға түскен жастарды кездестіреміз ,бұл да баланың өзінің санасына, өмір сүру дағдысының әрекетінен пайда болғаны.Есті адамдардан естіп, жақсылыққа бой бұрып, жамандықтан қашықтап, айналасында болып жатқан әрекеттердің оң терісін ажырата білетін болса, нағыз саналы, тәрбиелі ұрпақтардың санын көбейте аламыз.
Ата-ана үшін де баласының жақсы болуы үлкен абырой.Қартайған шақтарында баласына үлкен үміт артып отырған кез-келген ата-ана үшін баласының әр басқан шалыс қадамдары ауыр соққы болып тиеді,ал аздаған жетістіктері биік белестерді бағындырумен тең.Сол себепті ата-ананың көңіліне қаяу салмай ата-ана алдындағы борышын сезіндіруде барында қадіріне жетуі үшін баланың саналы болып өсуі басты рөлді атқарады.
Адамзаттың дүниеге адам болып келген соң, адам болып өтуі ,өмірден адаспай өз орнын табуы ;жақсы мен жаманды арамдық пен адалдықты айыра білуі ақынның барлық қара сөздерінде негізгі ой ретінде орын алған.
Біз қаншама данышпан ғалымдардың еңбектеріне шолу жасап ақтарып қарасақ та, ақыр соңында кемеңгер Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне тоқтау жасаймыз.
Өйткені бір ғана қара сөздерінің өзінен ақ, іздеген барлық қажеттіліктерінді табуға болады.
Ұлы ақын адамзат баласын бір-бірінен артық көрсететін байлық немесе ақша, оның дәрежесі емес ,тек қана алған білімі мен адамгершілігі ғана екенің ,он сегізінші қара сөзінде көрсетеді.Адам баласы жақсы мінез-құлықтары ар-ұяты мен асыл қасиеттерінің негізінде бір-бірінен басым бола алады .
Адамзаттың бір-бірінен озып, өзінің дәулетінен де асып, артық болып киінуге ұмтылғанының өзі нағыз- кербездің ісі, киімі бүтін ,әрі таза болса болғаны ,қолда барға қанағат тұтып ,өзгемен санаспай-ақ ,адами қасиеттері жағынан артық ,болған кезде ғана адам баласы бір-бірінен қаншалықты жоғары екенің дәлелдейді.
Бұл қара сөзді оқыған кез-келген есті адам өзіне өмірлік сабақ ала біледі.Қазіргі уақытта да тек үстіне киген киімімен қолда бар ақшасымен байлығына қарап сыйласатын адамдардың қатары өте көп бірақ ондай адамдардың материалдық жағы бай болғанымен рухани жағынан өте кедей екендігін көрсетеді.Ал адамгершілік пен адалдық сүйіспеншілік тәрізді қасиеттерді бойына сіңірген адамдарды нағыз бай адамдар деуге болады өйткені нағыз таусылмайтын шексіз байлық рухани адами қасиеттер.
Абайдың бұл қара сөзі өскелең ұрпақтың рухани қасиеттерді бойына жинақтап жақсы мінез-құлықтарды бойларына сіңіріп жан дүниелерін байыту үшін пайдалануға болатын сарқылмайтын қорек.
Еліміздің дамуы болашақтың жарқын болуы жастардың қолында.Ал сол жастарымызды еліміз үшін еңбек ететін қамқор жанашыр елін сүйетін патриот азаматтар мен азаматша болып өсулері үшін жалпы қоғам болып бірлесе жұмылып әректет жасау керек.
Осы жастар үшін қанша ғасырлар бойы тәрбие мен құндылықтарды дәріптеп ,өлең жолдары мен қара сөздері, тың шығармашылығы, арқылы жастарға болашақтарының жарқын болулары үшін аянбай тер төгіп, жинақтаған асыл мұраларының бүгінгі таңда жастарға берері мен үйретері өте көп.
Абай шығармашылығы жалынды жастарымыздың болашағының ертеңі.Абайды оқу мен тану арқылы жаңа өмірлік мақсаттарының пайда болуымен қатар, өмірлік қиыншылықтарға төтеп беріп, ақ пен қараны ажырата білетін ,өзіндік өмірлік ұстанымы қалыптасқан ,қайсар да батыл ,жас ұрпақтың саны көбейетініне нық сенімдемін.
Абай Құнанбайұлының қара сөздері өзекті мәселелелер мен қатар терең ой мен ащщы шындық ,күрделі пікірге, құрылған нәтижелі шығармашылық.
Ұлы ақын өз шығармашылығында шындықты тура басып айтып Жаманшылыққа бір ілініп кеткен соң ,бойын жиып алып кетерлік қасиет қазақта кем болады,дейді
Бұл жерде ақын қазақ халқының алға жылжуына кедергі келтіретін кертартпа қылықтарын тайға таңба басқандай қылып айта отырып, халықты жақсылыққа, адалдыққа бет бұруға шақырады.
Ақын тек тәрбие,еңбек,білім,мәселелерінде ғана емес отбасылық әдет-ғұрыптардағы ерсі қылықтарды да қатты сынайды.Әсіресе әйел затының намысын, ар-ұятын, бәрінен биік қоюымен қатар, отбасындағы береке мен бірлікті, ынтамқты сақтай білу, сүйкімді қылығымен, гүлдей жайнап жүру, әйел атаулысына нағыз қажет нәрсе екендігін түсіндіреді.
Ал кейбір жас келіншектердің үй шаруасына олақ болуы, тіпті өз-өзіне қарауға мұршасы келмей ,салдыр-салақ кейіпте жүруін сынға алады.Бұл жерден болашақ бойжеткен қыздарды да сабақ алуға шақырады.Барлық қыз бала болашақта аяулы жар ,әрі ана атанады сол себепті қыз баласын бойжеткен сәттен бастап барынша үй шаруаына тәрбиелеп, өз-өзін жинақы ұстауды әуел бастан үйренуге дәріптейді.
Абай әйел адамның сыртқы сұлулығына емес жан дүниесінің сұлулығына ерекше назар аударды .Әйелдер қауымының өсек, жалқаулық, шаруаға деген икемсіздік, салғырттық ,тәрізді қасиеттерден бойларын алшақ ұстап, инабаттылық ,тазалық, сияқты қасиеттерді бойларына жинап, жақсы ана, асыл жар, сүйкімді келін болып, отбасының береке-бірлігін сақтап, құт - береке әкелетін қадірлі адам болуын аңсады.
Отау құрған жас отбасылардың арасында шынайы махаббатпен, адалдық сезіммен құрылуын қалады.Махаббатсыз некеде отбасы жылулығы болмайтының, бір-біріне деген қызығушылықпен, шынайылық болмайтының алға тартады.Сол үшін де шаңырақтың тұғыры биік болуы, отбасылық өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көтеру үшін, арада шынайы сезіммен, сыйластық болуы шарт екендігін дәлелдейді.
Жарық етпес, қара көңілім неғылсада- өлеңінде нағыз махаббатын ешқашан сөнбейтінін адамның өмір бойы қажымай жұмыс істеуі үшін күш қуат беріп нәтижелі жұмысқа жетуіне ықпалын тигізетінін шынайы сезім адамды адамгершілікке тартып зұлымдық атаулысынан алыстататынын ескертеді.
Абай әйел адамның бас бостандығын .жастардың өзі ұнатқан адамына қосылып, шынайы махаббатпен өмір сүруін қолдаушы, әрі қорғаушы жақта болды.
Дара тұлға өзінің отыз үшінші қара сөзінде - көпшілік оқу білімнен қарағанда малды көбейтудің қамын жасайтынын айтады .Алайда мал керек болса ең әуелі қолөнер үйреніп адал еңбек ету керек мал жұтайды ал өнер жұтамайды - дейді .
Екінші ерінбей қызмет жасау керек біраз ақша тапса бірден малға жұмсап еріншектік пен кербездікке салынбау керек.
Үшінші-біреу өтініш жасаса саған мұқтаж болып тұрса маған да біреу жалынады екен күні маған түсіпті деген жаман ойдан мақтаншақтықтан аулақ болу қажет.
Төртінші-әлдекімнің болымсыз нәрсені беріп жалған бауырмал болғанына алданып сол адамның қол астында жүріп еңбек қылар уақытынан айырылып соңында пайдасыз күнің өткізу.
Сол себепті болмашы мал табудың қамын емес өнер-білімге қолөнерге ізденіс жасап әр үнді еңбекпен өткізе білу керек.
Бұл жастарымыз үшін де үлкен насихат әркімнің бір алдауына түсіп кім-көрінгеннің мақтауына алданып нағыз еңбек етіп жұмыс жасайтын уақытында біреуге жалтақтап қарап күн кешу жастардың болашағына деген жігерлерін сөндіреді.Сондықтан ең әуелі қолыңнан келетін іспен айналысып мүмкіндігін бар кезде тиімді дүниелерді қолдана білуге шақырады.
Бос мақтаныш пен әлдекімнің мақтауына алданып сол адамды шынайы ДОС ретінде қабылдап бетіне мақтау айтқандарға сеніп жүру мақсаттарына жету жолына шектеу жасайды.Әрбір жерде адал еңбекпен қатар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz