Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер


Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Сұраулы сөйлемдердің типологиясы туралы көптеген лингвистикалық еңбектер жазылған, дегенмен бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Сөйлем синтаксисі шет тілін үйренудегі басты мәселелердің бірі болып табылады және бұл жағдайда ағылшын тілі де ерекшелік емес.
Тіл білімін зерттеу тарихында сөйлем типологиясы ең маңызды орынды алады. Алпысыншы жылдардың аяғында синтаксистік типологиялық зерттеулерге деген қызығушылық үлкен болды, сексенінші жылдардың басында сөйлем синтаксисін тілдің негізгі бірлігі ретінде зерттеуге деген қызығушылық айтарлықтай төмендеді. Зерттеудің басымдығы сөйлем құрылымынан сөйлеудегі қызметіне ауысты. Сонымен қатар, сұраулы сөйлем синтаксисі бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу тек ағылшын ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінің синтаксисі бойынша кез-келген ғылыми жұмыста немесе оқу құралында сұраулы сөйлем түрлерінің бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін жіктелімдері және олардың интерпретациясы ұсынылатындығын көрсетеді.
Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдер олардың құрылысы жағынан да, коммуникативті бағыты жағынан да өзіндік ерекшеліктерге ие. Сондықтан оларды зерттеу тілдің грамматикалық дағдыларын игеру тұрғысынан да, коммуникативті құзыреттілікті игеру тұрғысынан да маңызды, жалпы ағылшын тілін үйренудің басты мақсаты.
Ағылшын тілінде сөйлемдердің үш негізгі түрі бар:
Баяндау сөйлемдері-declarative sentences
Сұраулы ұсыныстар-interrogative sentences
Императивті сөйлемдер-imperative sentences
Ағылшын тілінде сұраулы сөйлемді құру үшін, ағылшын тіліндегі сұрақтардың түрлерін және оның формулаларын есте сақтау керек. Ағылшын тіліндегі сұрақ формасы әрқашан сөйлеу кезінде интонациямен айтылады.
Негізі қазіргі тіл білімі сөйлемдерді грамматикалық жүйесіне қарай хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты деп бөліп қарастыратыны бізге мәлім. Осылай бөліну принциптеріне мән беретін болсақ, сұраулы сөйлемді талдау барысында, жалпы грамматиканың ең өзекті мәселелері қозғалады. Қазақ тілінде сұраулы сөйлемдер құрылымы жағынан күрделі тілдік бірліктердің бірі болғандықтан, оны ағылшын тілімен салғасытырып, екі тілдегі сұраулы сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын зерттеу біз үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Қазақ тілінде сұраулы сөйлемге ең алғаш анықтама берген - А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов. Одан кейінгі зерттеулерде оның жасалу жолдары мен интонациясы сөз етіліп, сұраулы сөйлемнің коммуникативтік қызметі мен функционалдық жұмсалысы зерттеле бастады. Кейін уақыт өте сұраулы сөйлемде қолданылатын сұрақтар айқындалып, олардың мағыналық түрлері сараланды.
Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің ерекшеліктері ондағы грамматикалық тәсілдер мен интонациялық белгілері арқылы жасалады. Бұлар сөйлемде сондай-ақ сұрау мағынасын білдірудің тәсілі де болып табылады. Мұндағы грамматикалық амалдар төмендегідей:
1) демеулік шылаулары;
2) сұрау есімдіктері;
3) сұрау мағынасын туғызушы одағайлар - ә, ау, апыр-ай, япырау, т. б. ;
4) сұрау мағынасын туғызатын модаль сөздер: болар, шығар, бәлкім, мүмкін;
5) сұрау мағыналы қыстырма сөздер - кәне, сірә, амал не, әлде, кім білсін;
6) сұрау мағыналы көмекші сөздер - ғой, мыс, ше-шы-ші.
Бұған қоса тілдегі сөйлем құрамын анықтай білуде интонация айрықша қызметке ие болады. Ол өзінің ерекше дауыс ырғағы арқылы ешбір қосымша амалдарды қажет етпей-ақ сөйлем түрлерін ажыратады.
Ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдер әдетте what (не, не), who (кім) және how (қалай) сияқты сұраулы сөздерден немесе do/does, will, can, would және т. б. көмекші етістіктерден басталады.
Мысалы:
- Where is the olive fork? (O. Henry)
- What part of the East was you from, anyway? (O. Henry)
- I had a most remarkable dream. What is it, Peabody? (O. Henry)
Ағылшын тіліндегі сұрақ сөйлемдерінің 4 түрі бар. Олардың әрқайсысын біз күнделікті өмірде қолданамыз:
1. Жалпы сұрақ (general question yes/no question) . Егер біз жалпы, негізгі ақпаратты білгіміз келсе, оны қолданамыз:
Will you buy my hair? (O. Henry)
2. Арнайы сұрақ (special question, wh‒question) . Біз бұл сұрақты белгілі бір, нақты ақпаратты білу қажет болған кезде қоямыз:
What are we going to do about a hoss for you, Bob? (O. Henry)
3. Альтернатив сұрақ (Alternative questions) Бұл сұрақ сұхбаттасушыға екі балама нұсқаны таңдауды ұсынған кезде қолданылады:
You couldn’t find the workbook or you found it and didn’t make it? (O. Henry)
4. Ілмекті сұрақ (tag question) . Бұл сұрақты қою арқылы сіз кейбір ақпаратты растағыңыз немесе жоққа шығарғыңыз келеді:
By jingoes, we made a haul, didn’t we? (O. Henry)
Алдағы тарауларда олардың әрқайсысына жеке жеке тоқталамыз.
Сұраулы сөйлемдердің барлық тіл біліміне тән бір қызметі бар, яғни сұраулы сөйлем жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. Алайда, одан басқа сұраулы сөйлем ақпарат беру үшін, пікір білдіру үшін жұмсалып, түрлі коммуникативтік қызмет атқарады.
Зерттеудің өзектілігі. Орыс жазушысы В. Пелевиц «сұрақты адамнан адамға жіберетін түсінік көпірі деп атауға болады» деп сұраулы сөйлем туралы өз пікірін қалдырған. Сұрақты таным процесінің бірінші, бастапқы бөлімі ретінде алсақ қателеспейміз. Ғалым К. Ахановтың сөзімен айтқанда, «Сұраулы сөйлем коммуникативті қызметі жағынан басқа бір хабардың келіп тууын қажет ететін хабар болып саналады» [2, 209] . Сұраулы сөйлем басқадан жауап алу, тыңдаушының ой-пікірін білу мақсатымен айтылады.
Қазіргі таңда елімізде ағылшын тілінің қажеттілігі артуда, яғни ағылшын тілін игерген азаматтарға сұраныс артуда. Бұл қоғамның жаңаруына, мемлекеттің өсуіне үлесін қосады.
Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда білім ордаларында, жоғарғы оқу орындарында бұл тақырыпты оқыту барысында екі тілдегі сұраулы сөйлемдердің айырмашылығын ескермейді, яғни жеке-жеке оқытады, бірақ менің мамандығымның мақсатының бірі екі тілді салыстыра оқыту. Ағылшын тілі мен ана тіліміздегі сұраулы сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын аңғару.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тілі және ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің зерттелуін қарастырып олардың ерекшеліктерін, мағыналық түрлерін салыстыру.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Сөйлемнің зерттелуін қарастыру;
- Сұраулы сөйлемге анықтама беру;
- Екі тілдегі сұраулы сөйлемдердің ерекшеліктерін, олардың коммуникативтік қызметін анықтап, екі тілдегі сұрақты білдіру амалдарын салыстыру. ;
- Осы сөйлемдердің құрылымының ерекшеліктерін, семантикалық реңктерін, интонациясын, ондағы сөздердің ретін талдау және сипаттау;
- Олардың мәнін көрсету.
Осы мақсатқа жету барысында, бірнеше міндеттерді шешу көзделеді:
- Сөйлемге анықтама беру және оның рөлін көрсету;
- Сұраулы сөйлемдердің негізгі түрлеріне жүйелік сипаттама беру;
- Сұраулы сөйлемнің әр түрінің ерекшеліктерін зерттеу;
- Әр түрді белгілі бір контексте қолдану ерекшеліктерін талдау;
- Екі тілдегі сұраулы сөйлем туралы айтылған пікірлерді қарастырып, саралап, сол еңбектерге шолу жасай отырып, сұраулы сөйлемнің формалары мен тәсілдерін анықтау.
- Екі тілдегі грамматикалық сипатын анықтау.
- Қазіргі кездегі екі тілдегі сұраулы сөйлемнің қызметін анықтау.
- Сұраулы сөйлемдердің түрлерін анықтап, сұраулы сөздерді топтарға жіктеп қарастыру.
- Алдыңғы міндеттерді орындау арқылы, екі тілдегі сұраулы сөйлемді салыстыру.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Қазіргі жаңартылған оқу-білім жүйесінде үш тілділік қалыптасуына орай, тіл білімінің грамматикасын да екі тілде салыстырып оқыту ыңғайлы әрі тиімді тәсіл. Дипломдық жұмыста берілген оқыту әдістемесі тіл үйренушілерге осы тақырыпты меңгеруде тиімді рөл атқарады.
Диплом жұмысының құрылысы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі 4 бөлім және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер және қосымша көркем әдебиеттер тізімі берілген. Негізгі бөлімнің әрбір тарауы тараушалардан және қорытындылардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың мақсаты, міндеті, өзектілігі, маңыздылығы берілген.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде сөйлемнің зерттелуі, сұраулы сөйлемнің жасалуы, екі тілдегі сұраулы сөйлемді салыстыру және оны оқыту әдістемесі туралы айтылады.
Қорытындыда зерттеуді түйіндеп, соңғы нүктесі қойылады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі сұраулы сөйлемнің зерттелуі
1. 1. Сөйлемге жаңаша көзқарас
Синтаксис саласындағы басты зерттеу объектілерінің бірі - сөйлем. Сөйлем-коммуникативтік функция. Себебі әрбір қарым-қатынас сөйлем арқылы іске асады, тілдің басқа элементтерінің ешқайсысы бұл қызметті іске асыра алмайды. Яғни қарым-қатынас барысында адам өзінің ойын, сезімін, эмоциясын сөйлеу арқылы білдіреді және басқаларда сөйлем арқылы оның көңіл-күйін, ішіндегі ойын біле алады.
Қазақ тілінде сөйлем туралы өз пікірін айтып, анықтама берген зерттеушілер өте көп. Жай сөйлем синтаксисі жөнінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, М. Балақаев зерттеулерімен нығая түскен жай сөйлем синтаксисі саласында Р. Әмір, Т. Сайрамбаев еңбектерімен орныға түскендігін айтпай кетуге болмас. Мысалы, қазақ тілі білімінде синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы - қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, : «Сөйлем дегеніміз- сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады. Қыры келетін сөздер тұрған күйінде алса да, қиындаса қалады. Қыры келмейтін сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын келтіреміз . . . ауыздан шыққан сөздердің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады . . . Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар» [13] деп өз пікірін білдірген. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылу түрлеріне қарай 1) сұраулы сөйлем, 2) лепті сөйлем, 3) тілекті сөйлем, 4) жай сөйлем деп төртке бөлсе, Құдайберген Жұбанов қандай сазбен айтылатынына қарай сөйлемді үш түрге бөлген. 1) хабар сазды сөйлем. 2) сұрау сазды сөйлем, 3) леп сазды сөйлем деп бөлген. Соның ішінде хабар сазды сөйлем болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалардың жайын хабарлай сөйленген болса, сөйлем хабар сазды болады. Мысалы:
Хабар сазды сөйлем: он жылдықты екеуі бірге бітірді, бірге бітірді де, бірдей жұмысқа қалды. (О. Бөкей)
Сол жылы күзде тойдың ырымын жасап, қосылып, тұңғыш ұлын тауып та үлгерді. (О. Бөкей)
Қойшы бүгін тосын түсініс пайда болғандай өзін бөтенше сезінді. (О. Бөкей)
Ала көлеңке орман арасында түннің жарымына дейін әңгімелесіп тұрдық. (О. Бөкей)
Жұмысшылар шырт ұйқыда, тек қана Құмырай ояу, теріс қарап дорбасын ақтарып, тамақ жеп отыр екен, маған алая қарады да, ұрлығының үстіне түсіп қалғанымды жақтырмағандай, оны- мұнысын жасыра қойды. (О. Бөкей)
Сұрау сазды сөйлем: Айтшы айғыр болып көрдің бе? Әлде, үйірге қарап, арқырап бір кісіне алмай, тай кезіңнен тартылып кеттің бе? Әлде, сенің де көкейіңді мұғалима қыз елес беріп жүр ме? (О. Бөкей)
-Алыстағы баласы жаманаттан аман ба екен?
-Мұғалім қызы қайда?(О. Бөкей)
Тілекті сөйлем: Ей, торы шолақ, бері қара! (О. Бөкей)
Айт, айт жаныңның барында! (О. Бөкей)
Леп сазды сөйлем: Дүниедегі ең жаман нәрсе, ең жиіркенішті нәрсе - алдау! (О. Бөкей)
Онда мен өлгенім, ал өлгенім - әлемнен әділдік таба алмағаным, әлеми дүниеде тірі пендеге сенбегенім! (О. Бөкей)
Анық-қанығын білмей тұрып оттама! (О. Бөкей)
Енді ойлаймын, әлемдегі ең қажырлы, шыдамы берік, жаны сірне тек қана әйелдер! (О. Бөкей)
Шыдау керек! Шіркін-ай, басымды ұстап, қолтығымнан демер тірі жан табылмады-ау! (О. Бөкей)
Құдайберген Жұбанов жай сөйлемдер туралы зерттеген. «Қазақ тілі жөнінде зерттеулер» кітабында сағат санына бөліп ереже беріп кеткен. Ғалым осы еңбегінде:
«Сөзбен білдірілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. «Балалар бүгін …» деп айта түсіп, сөзді осымен үзе қойсақ, балалар жайындағы айтпақ ойымыз аяқталмай қалған болады. Ал, балалар бүгін ойнады десек, онда айтатын ойымыз түгенделіп, әңгіме түсінікті болады» - дейді [14, 38] .
7-сыныпқа арналған «Синтаксистік программы» деген бөлімге 84 сағат бөліп, соның ішінде 18 сағатын жай сөйлемге арнаған. Бұл зерттеуде ғалым жай сөйлемге берілген тақырыптарды бөліп, қарастырған [14, 390] .
Одан әрі «Сөйлем жүйесінің бастауыш білім» деп аталып параграфтармен тақырыптар берілген, бұл бөлімде автор сөйлем түрлеріне, «бөлшектеріне» тоқталады, соның ішінде сөйлемнің сазына ереже беріліп, сөйлем түрлі сазбен айтылады. Қандай сазбен айтылатынына қарай, сөйлем үш түрлі болады:
1. Хабар сазды сөйлем.
2. Сұрау сазды сөйлем.
3. Леп сазды сөйлем - деп топтастырып, әрқайсысына жеке - жеке анықтама береді» [14, 52] .
Сөйлем - бұл логикалық интонациямен, эмоционалды бояумен және грамматикалық нормалармен қоршалған ойлардың құрылымы. Кез - келген анықтамалықтар айтқандай, сөйлем-бұл толық ойды білдіретін және сөйлеудің тәуелсіз бірлігі болып табылатын сөздердің тіркесімі.
Ағылшын грамматикасында сөйлемнің құрылымы дегеніміз - сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің және сөйлемдердің орналасуы. Сөйлемнің грамматикалық қызметі немесе мағынасы осы құрылымдық ұйымға байланысты, оны синтаксистік немесе синтаксистік құрылым деп те атайды.
Қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын зерттеудің өзектілігі өте зор, өйткені шет тілінің құрылымын түсіну оны зерттеудегі ең маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Бұл аспектідегі барлық тілдер бір-бірінен ерекшеленеді. Кез-келген шет тілін үйрену барысында ауызша және жазбаша тілде көптеген қателіктерге тап боламыз, өйткені тіл үйренушілерге оның құрылымы негізінде қалыптасқан ана тілінің стереотиптерінен бас тарту және зерттелетін тіл құрылымының барлық заңдылықтарын толығымен қабылдау өте қиын.
Сөйлем синтаксистік үлгіге сәйкес сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын және айтылымның контекстік-салыстырмалы мақсатымен ерекшеленетін тілдің ажырамас бірлік бірлігі. Сөйлем коммуникативті бірлік болып табылады, сондықтан оны жіктеудің негізгі негізі коммуникативті принцип болып табылады - сөйлемдегі белгілі бір сөйлемнің қызметі мен мақсаты. Сондай-ақ, дәстүрлі грамматикада сіз мәлімдеменің мақсаты сияқты принципті таба аласыз.
Әр халықтың өзіндік қарым-қатынас нормалары мен әдет-ғұрыптары бар. Белгілі бір ұлттық қарым-қатынас стилі белгілі бір ұлттың барлық өкілдеріне тән болмауы мүмкін, бірақ әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы қарым-қатынасты сәтті жүзеге асыру үшін сөйлеушінің қарым-қатынас стилінің кейбір ұлттық ерекшеліктерін және оның мәдени құндылықтарын білу қажет. Ағылшын тілді әлем өкілдері үшін негізгі мәдени құндылықтардың бірі-өмірге оң көзқарас, позитивті ойлау деп аталады. Бұл көзқарас протестанттық дүниетанымға тән және адамдарға оптимистік көзқарас пен мейірімді қатынасты қамтиды.
Джеймс Р. Хурфорд өзінің «Грамматиканың шығу тегі: Эволюция II тіліндегі» еңбегінде «Сөйлемнің грамматикалық құрылымы - бұл мақсатпен, бағдарлаушы үшін фонетикалық мақсатпен және тыңдаушы үшін семантикалық мақсатпен жүретін жол. Адамдар сөйлеуді құруға қатысатын күрделі иерархиялық ұйымдастырылған процестер арқылы өте жылдам өтуге болатын ерекше қабілетке ие. Синтаксисттер сөйлемдердің құрылымын құрғанда, олар осы процестерге ыңғайлы және тиісті стенографияны қолданады. Тіл білімінің сөйлем құрылымы туралы жазуы - бұл туындайтын және түсіндіру процестеріне тән бір-біріне сәйкес келетін суреттердің абстрактілі жиынтығы» деген анықтама беріп өткен.
Тіл білімінде сөйлем (sentence) осы бірлікке минималды мәлімдеме (қайта жариялау) ретінде, атап айтқанда, көмекші-экспоненциалды құрылым ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін құрылыммен белгіленген тілдік бірлік деп аталады.
Cөйлемнің белгілері:
Сөйлем-бұл тілдің бірлігі, бірақ берілген тіл бірлігіне минималды, яғни минималды сөйлеу өнімі ретінде қолдануға мүмкіндік беретін құрылыммен сипатталатын бірлік;
Сөйлемде өзін-өзі пайдалану мүмкіндігінің тілдік баламасын беретін құрылым көмекші-предикаттық құрылым (субъективті-предикаттық құрылым) болып табылады . Дәл осы құрылым сөйлемге салыстырмалы тәуелсіздік береді, ол сөйлеу өнімінің минимумы ретінде өзін-өзі пайдалану қабілетінде көрінеді;
Субъективті-предикаттық құрылым сөйлемді сөйлеуде өз бетінше пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік әрдайым жүзеге асырыла бермейді: сөйлем үлкен құрылымдардың құрамына енуі мүмкін ("күрделі сөйлемдер") және осылайша өз тәуелсіздігін жоғалтады және кем дегенде сөйлеу қарым-қатынасын емес, үлкен тұжырымның бөлігі ретінде әрекет етеді. Алайда, бұл ұсыныс сөйлем болуды тоқтатпайды, өйткені оның субъективті-предикаттық құрылымы сақталады.
Сөйлем сөйлеуде коммуникацияның минималды бірлігі, хабарлама бірлігі ретінде қолданылады; кез-келген сөйлем бір нәрсені хабарлайды - бір нәрсені растайды немесе жоққа шығарады, бірдеңе туралы сұрайды немесе тыңдаушыны (оқушыны) сол немесе басқа әрекетті орындауға итермелейді. Сондықтан ешқандай хабарламасы жоқ, яғни ақпаратты беруге арналмаған сөйлеу туындыларын (мәлімдемелерін) сөйлемдер қатарына жатқызуға болмайды. Сөйлемдердің бұл түрлеріне мыналар жатады:
Шылаулар, мысалы: Ah! Oh! Hullo! Bang! Alas! Cock-a-doodle-doo! etc. ;
Сыпайылық формулалары, мысалы: сәлемдесу-Good morning; How do you do; etc. ; қоштасу-Good-bye; So long; құттықтау-A merry Christmas; A happy New Year; Many happy returns; etc. ; ризашылық -Thank you; т. с. с.
Өзара байланыс та, сыпайылық формуласы да, үндеудің өзі де ақпаратты беруге арналмаған; біз олардан алатын ақпарат мәлімдеменің тікелей мазмұнынан емес, бірқатар тұжырымдардың нәтижесінде алынады. Сөйлемге жатпайтын, айтылған сөздердің типтері предикативті құрылымға ие емес.
Сөйлем, кез-келген басқа маңызды тіл бірлігі сияқты, формада болады. Тілдің басқа маңызды бірліктері сияқты, ана тілінде сөйлейтіндердің назары әдетте сөйлем түрінде жазылмайды, сондықтан оның болуы сөйлемдердің әртүрлі коммуникативті түрлерін сипаттайтын интонацияның қарама-қайшылығына негізделген мазмұн сияқты айқын көрінбейді.
Дәстүрлі грамматикада сөйлем құрылымының төрт негізгі түрі - жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі сөйлем және күрделі құрмалас сөйлем.
Қазіргі уақытта сөйлемдерді оқыту жүйесі қазіргі ағылшын тілінің жаңадан құрылған және аз зерттелген саласы болып табылады. Ағылшын тіліндегі жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін зерттеу ерекше қызығушылық тудырады, өйткені сөйлеу кезінде және жалпы қолданыста жай сөйлемдер көп қолданылады. Олар күрделі сөйлемдердің құрамына кіреді, фразеологиялық бірліктерді, әртүрлі сөйлеу айналымдарын құрайды. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін зерттеу қазіргі лингвистика ғылымымен байланысты салаларының дамуына айтарлықтай үлес қоса алады.
Ағылшын тілінде сөйлемдер мақсатына қарай 3ке бөлінеді:
* Хабарлы
* Сұраулы
* Лепті (Бұйрықты) .
Мысалы:
- I like this fine. (O. Henry)
I want some more gravy (O. Henry)
That boy had Bill terrorized from the start (O. Henry) - баяндау мақұлдау сөйлемі.
- We weren’t afraid he`d run away (O. Henry)
I wasn’t nervous or afraid; but I sat up and lit my pipe and leaned against a rock (O. Henry)
He don’t seem to be much of a home body (O. Henry) - баяндау теріс сөйлем.
- Have you got a gun about you, Sam? (O. Henry)
Isn’t it a dandy, Jim? (O. Henry)
Eight dollars a week or a million a year - what is the difference? (O. Henry) - сұраулы сөйлем.
- My hair grows so fast, Jim! (O. Henry)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz