Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Қостанай қаласы №8 жалпы білім беретін мектеп
ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Ойыншық мәселесі - ойыншық емес
Оқушының аты-жөні: Құрманғали Ж.
Жетекшісі: Сакауова А.С
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі ойыншықтар
1.1 Ойыншықтар бізге қайдан жеткен?! ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Бізге, балаларға қандай ойыншықтар керек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
II. Ойыншық мәселесі - ойыншық емес
2.1 Ойыншықтардың бала дамуына септігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қостанай қаласы ойыншықтар дүкеннің сатушыларынан
бір сұхбат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аннотация.
Бұл жұмыста негізгі мәселе ойыншықтардың бала өміріндегі маңыздылығы, жақсы жақтары мен керіс жақтары, достарымның қандай ойыншықтар ойнайтынын және оның тарихын біле ме? деген сұраққа жауап табу болды.
Зерттеу жұмысым барысында мен достарымның ғана қоймай, өз ойыншықтарым жайында біраз ақпарат білдім. Ғаламтордан түрлі видео роликтар көріп, ойыншықтар қалай, қайда пайда болғандардың, осы салада жүрген адамдардан сұхбат алып, мазалап жүрген сұрақтарыма жауап алдым десе де болады.
Зерттеу жұмысым: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде теория жағын қарастырсам, екінші бөлімде тәжірибе жағын қарастырдым.
І.Кіріспе.
Ойын бала үшін -- нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Ертеректе, заманның қызылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз малдың сүйегінен жасалған ойыншықтармен ойнаған.
Техниканың дамыған уақытында бір ойыншық жасау үшін бірнеше қала жұмылдырылады. Біреуі жұмсақ ойыншық жасаса, енді біреулері олардың дыбыс шығаратын динамиктерін жасайды, біреулері киімін тігеді, тағы бірі қосымша бөлшектерін жасайды. Қажетті шикізатпен, технологиямен толық жабдықталған. Әлем ойыншықтарының 95%-ы Қытайда құрастырылады.
Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте істен шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей Қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң қабылдаған. Өкінішке қарай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы қытайдікі көрінеді.
Тақырыптың өзектілігі:
Ең алғаш мұғалім бізге тапсырма берген кезде мен өзімнің және достарымның сүйіп ойнайтын ойыншығымызды зерттеу нысанасына алдым.
Бар жақсымыз - балаларға!. Сол сияқты ойыншықтар да балалар үшін жасалады. Ол баланың дамуы, ой-өрісінің кеңеюі үшін қажет. Ойыншықтармен ойнау арқылы баланың дүние танымы да жетіледі, жақсы-жаманды ұғады. Әрі-беріден соң, ойыншық баланың күн ұзаққа сөйлесетін сырласы. Үлкендерге айта бермейтін кейбір тәтті ойларын балалар өздерінің ойыншықтарына сыр қылып айтады. Әйтсе де, өкініштісі сол бүгінгі ойыншықтар балаларға арналмаған. Арналмағаны былай тұрсын, қауіпті. Өміріне, денсаулығына, психологиясына, психо-эмоционалдық дүние танымына аса қауіпті...
Зерттеудің мақсаты: Ойыншықтардың шығу тарихымен таныса отырып, балалардың денсаулығына ойыншықтардың қандай әсер тигізетінін анықтау.
Зерттеу нысаны:балалар ойыншықтары
Болжам: егер ойыншықтардың жағымсыз иісі болса, олар балалардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Аталған мақсатымызға жету үшін алдыма төмендегідей міндеттер қойдық:
1. Ойыншықтардың маңыздылығын ашу.
2. Ойыншықтар туралы тарихымен танысу.
3. Сүйікті ойыншақтарымызды сараптамадан өткізу.
4. Сараптама қорытындысы бойынша талдау жасау.
Осы міндеттерге жету мақсатында ойыншықтардың шығу тарихына тоқталдым. Бала ағзасына қандай қауіп төнеді ? - деген сұраққа жауап іздедім.
Зерттеу барысы: Ойыншықтар туралы ақпарат көздерін, кітапханаларды пайдалана отырып мәліметтер жинақтап, көрнекілік материалдарды іздестірдім. Осы тапқан материалдарды жинақтап, зерттеу барысында туған сұрақтарға жауап іздеп, қорытынды жасадым.
Жұмыстың кезеңдері:
Тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді.
Жинақталған мағлұматтар іріктелді, жұмыстың бағыт - бағдары айқындалып, жоспар құрылды.
Жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.
Зерттеудің әдістері: Жұмыста зерттеу, талдау, салыстыру, жинақтау және сараптама жүргізу, түрлі қызықты ақпараттар қолданылды.
Эксперимент әдістемесі:
Зерттеу барысында нысана туралы ақпарат алу үшін бақылау жасалып,тікелей сол тақырыпқа қатысты адамдармен сұхбат жүргізілді.

1.1 Ойыншықтар бізге қайдан жеткен?!
Қазақстанға қырық мемлекеттен ойыншық келеді екен. Олардың ішіндегі ең алпауыттары, былтырғы есеп бойынша, Америкaдан - 74 млн, Қытайдан - 50 млн, Ресейден - 12 млн долларға ойыншық сатып алынады екен.. Қып-қызыл қаржы сыртқа сыңсып кетіп барады. Ал, ұсақтары қаншама. Осыншама қаржы шығарып сатылып алынған ойыншықтар қаншалықты сапалы, қаншалықты қауіпсіз, баланың дамуына, ақылды болып өсуіне қаншалықты пайдалы? Жауабы қиын сұрақ.
Ата-ана шіркін, шетелден ағылып жатқан ойыншықтарды аларда сертификат сұрап, сапасын тексермейді, баласының санасы немен ластанып жатқанына мән бермейді. Кейін опынады. Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін қытай тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар қытайдың тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін көшірумен белсенді түрде айналысып отырған қытай кәсіпорындары ақшаға құныққандықтан, сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.
Қытай тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері қытай ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері қайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру туралы жаңа заң қабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады. Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі -- зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар.[1:344]
Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі. Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ. Ойыншық - арнайы балалар ойынына әзірленген зат. Әрбір бүлдіршін үшін ес білгелі ойыншық ойнау жасына сай әдеттердің бірі. Ойыншық ойнау баланың ақыл-ойын дамытып, ондағы бейнелеген заттар арқылы айналаға деген ықыласын кеңейтіп, жақсы қасиеттерге тәрбиелеуге көмектеседі. Иә, әр отбасындағы бүлдіршін үшін ойыншық маңызды рөл атқарады. Бақытты бүлдіршінге қызықты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойыншық немесе басқа да түрлі-түстегі ойыншықтар қызықты болып көрінеді.
Барлығымызға белгілі, бүлдіршіннің ең алғашқы ойыншығы - сылдырмақ. Ежелгі Греция және Римде сылдырмақты дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге сыйлаған. Сондай-ақ біздің алғашқы ойыншықтар заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған. Ертедегі ойыншықтарды ағаш, саз және сүйек, тіпті металдардан жасаған. Археологтардың қазба жұмысы барысында көне қорымдардан адамдармен қоса әр түрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталған. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары, сонымен бірге ат бейнесі ағаштан, саз балшықтан жасалған. Ең алғаш рет адам бейнесіне ұқсас қуыршақтарды біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырлар шамасында ежелгі гректер саз балшықтарды күйдіру арқылы дайындаған. Ерте кезеңдегі грек қыздары тұрмысқа шыққанға дейін қуыршақ ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Афродита және Артемида құдайларына қуыршақтарын сыйға тартатын болған.
Түрлі ойыншықтар бала үшін тек ермек ғана емес, ол баланың дамуына да тиімді зат. Яғни ол баланың қимыл-қозғалысы, тіл түсінуді және сезім ағзаларын жетілдірудің алғашқы баспалдағы десек қате болмас. Сонымен бірге қай затты болмасын қолмен ұстап, көзбен көру арқылы оның логикалық ойлау жүйесіне де әсерін тигізеді. Бүлдіршін қолына алған затын ұстап қарайды, лақтырады және оны аузына салып, тістеуге тырысады. Міне, осы бір қимыл-қозғалыс кезінде құлақ, көз, иіс сезу жүйесі мен қозғалыс іске қосылады. Әрине бұл әрекеттер баланың дамуына біршама пайдасын тигізері анық.
Иә, барлық нәрсенің тек пайда жағы бола бермейді. Бір өкініштісі, қазіргі ойыншықтардың түр-әлпетінің қорқыныштылығы. Яғни, қай бала болмасын ойыншық арқылы ой қалыптастырып, есейеді. Сондықтан да үйдегі бүлдіршіндерге ойыншық аларда қателікке бой алдырмағанымыз дұрыс. Сонымен қатар алғалы тұрған ойыншығымыздың сапасы мен қай жерде өндірілгенін басты назарда ұстағанымыз абзал. Айта кетейік, Қытайдан әкелінетін ойыншықтың екі түрі бар екен. Оның бірі - арнайы зауытта өндіріліп, елімізге ресми түрде әкелінеді. Сондай-ақ тексеруден өтіп, сапасы жайында сертификаты болады. Ал екіншісі - заңсыз әкелінетін ойыншық түрлері. Олардың арнайы тексерістен өткізілген сертификаты болмағаннан соң, алудан да аулақ болғанымыз жөн. Әдетте мұндай ойыншық түрлері қанық түске боялып, менімен ойнашы деп тұрады. Яғни, бұл өнімдердің сапасы былай тұрсын, бала денсаулығына да біршама зиянын тигізеді. Атап көрсеткен ойыншық түрінің құрамында фенол, қорғасын, мырыш, формальдегид элементтерін кездестіреміз. Бала денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізетін арзан ойыншықтар, бүлдіршіннің көз бен тыныс алу мүшесімен қатар жүйке жүйесіне де зияны тиеді. Сол үшін ойыншық сатып алар алдында оның сапасына аса мән беріп, сертификатталғанын тексеру қажет. Бұл жөнінде елімізде балалар ойындары мен ойыншықтары сапасы мен қауіпсіздігі Кедендік одақ комиссиясы бекіткен Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы техникалық регламенті бойынша қадағаланады.[1:23].Сонымен бірге мемлекетімізде ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заң да бар. Бұл заңда бала қолданатын ойыншықтар мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауда қамтамасыз етілуі қажет. Сондай-ақ техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.
Қазіргі күннің өзінде жан-жағын енді танып келе жатқан баланың психикалық жүйке жүйесін бұзатын түрлі ойыншықтарды көріп жүрміз. Мәселен, қолына суық қару ұстаған құбыжықтар мен жезтырнақ, шаштары түрлі-түске бояулы ойыншықтар. Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы құжаттың 8-бабында: Ойыншықтар баланы агрессиялық іс-әрекеттерге, қатыгездік танытуға, өнегесіз іс-әрекеттер мен зорлық-зомбылыққа, баланың жас ерекшелігі құзыретінің аясынан шығатын басқа да проблемаларға, балалар мен ересектердің нәсілдік ерекшеліктеріне және денесінің кемшіліктеріне менсінбей және теріс қарауға итермелемеуге тиіс деген.
Айта берсек, қозғайтын мәселе де таусылар емес. Соның бірі - өзіміздің отандық ойыншықтарды да шығаруды қолға алсақ артық болмас еді. Әрине көпке топырақ шашып "мүлде жоқ" деп айта алмаймыз. Қыдырәлі Болмановтың Бал-бала ойыншықтарынан басқа атауларды құлақ естімейді. Өзіміздің Алдар көсе сынды отандық өнімдеріміздің бағасын айтуға да келмейді. Оны сатып алу қарапайым отбасы үшін аз ақша емес екені белгілі. Бірақ бала айналасын тани бастаған уақытында өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз толы, отандық ойыншықтармен ойнағаны дұрас-ақ. Тіпті бүгінгі бүлдіршіндеріміз ертедегі жыр-дастан кейіпкерлері мен ертегі-аңыздардағы кейіпкерлерді танымайтындығы көңіліңді қалдырады. Себебі олардың түпкі санасын шет елдің мультфильміндегі кейіпкер бейнесіне толы ойыншықтар жаулап алғандай. Сол үшін отандық ойыншық өндіру саласын кәсіп ретінде ғана емес, ұлттық идеология ретінде қарағанымыз жөн.
Көріп отырғанымыздай, ойыншықпен ойнаудың бала үшін пайдасы зор. Бүлдіршін ойыншықпен ойнау арқылы қоршаған орта мен өмірді танып бастайды. Бала дамуына сапалы, әрі ақыл-есінің толықтай жетілуіне пайдасы бар ойыншықтарды таңдай білейік. Өзіміздің асыл қасиеттерімізді бала бойына сіңіртіп, оның болашағына назар аударайық. Себебі ертеңгі болашағымыз - бүгінгі бүлдіршін қолында.
1.2 Бізге, балаларға қандай ойыншықтар керек
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.
Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға
болады.
II. Ойыншық мәселесі - ойыншық емес
2.1 Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Сәбидің дүниетамының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі. Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты. Көп ойыншықтардың арасынан өзіне тән ойыншық болып табылады.Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып жұбатады.Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата-аналары бір жаққа кеткенде, жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын ұүшағына алып, қорқыныш сезімін сейілтеді. Жатарда жарық сөнгенде де, дос ойыншығы баланың құшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, жұлып тастаған қалың мата орнына тігіп қояды.Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.Шынайы өмірден алынған ойыншықтар. Қуыршақтар отбасы (жануарлардың отбасы), қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат,теміржол, телефон, т.б.Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар: сарбаздар, мылтық, доп, жастық, т.б.Сонымен қатар, шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар : конструктор, әліпби, үстел үсті ойыншықтары, қиылған суреттер, бояз,мозайка, жіп, мата кескіндері, желім, т.б.
Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар-олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болуы керек.[3:87]. 1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар, олар: пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетін дамытады. 3-4 жастағы балалардың ойыншықтары әр түрлі болып келеді. Олар-конструкторды жинайды. Бұл жастағы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке-ана, қыз-ана т.б.5-6 жастағы балалардың ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға ауысады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды жақсы көреді. Ойыншықты ауыстыруыңыз қажет. Себебі, бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылығы қайта оянады.
Зиянды заттардың балалар ағзасында қатерлі ісік аурын тудыру мүмкіндігі зор екенін, репродутивтік қызметін бұзатынын, иммундық және жүйке жүйесін зақымдайтынын әлі де ескермейміз. Білген күннің өзінде ондай жағдайдың өзіміздің баламыздың басында болатынына сенгіміз келмейді. Мамандардың айтуынша, еліміздегі әрбір үшінші ойыншықтың құрамында улы заттар болады. Зерттеулер барысында белгілі болғандай, жұмсақ резеңке ойыншықтарын сырлайтын бояу құрамында кадмий мен қорғасынның мөлшері қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойын - шықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қана қоймай, асқазан- ішек дерттеріне де ұшыратады екен. Сондықтан, оны сатып алар алдын неге баса назар аудару керек?[3;12] Қандай ойыншық болса да, бала оны аузына салады. Сондықтан, ойыншық сатып алмас бұрын, ең алдымен тауардың белгісіне, қай елде жасалғанына, иісіне, тағы басқа факторларға нара аударған жөн. Мәсеоен, ойыншықтың иісі болса, ол міндетті түрде баланың тыныс алу органына әсер етеді. Ал кейбір ойыншықтардың қырлары үшкір болып, бала жарақат алуы мүмкін. Біз тексерген 13 ойыншықтың дәл осындай кемшілігі болған. Ата-аналардың кейбірі қандай ойыншық сатып алу керектігін ойлана бермейді. Тіпті, оны пайдаланғанда да салақтыққа бой алдырады. Кез келген жерден тауар алған соң, оны үй жағдайында жақсылап жуып барып, баланың қолына ұстатуға болады. Жұмсақ ойыншықтар туралы айтар болсам, олар аллергия тудырады. Оның қалай жасалғанына көзіміз жете бермейді ғой. Кейбір кәсіпкерлер қолданыста болған заттарды жұмсақ ойыншықтың ішіне толтырып, тігіп қояды. Сатып алғанда , әлбетте оның сыртықы пішіні мен түсіне ғана назар аударамыз. Ал, егер сапасыз болып шықса, жаңағы ойыншықтың ішіндегі зиянды қоқыс заттар баланың аузына түспейді деп кім айта алады? Оның құрамында химиялық заттың болуын да жоққа шығармаймыз. Егер, жұмсақ ойыншықтың құрамында химиялық қоспа бар болса, күннің астында ұзақ уақыт қалып қойса, жанып кетуі ғажап емес. Бояуы кеткен ойыншықтарды алудың қажеті жоқ. Сәби оны аузына салса, уланады. Бала дүниеге келгенде алғаш алып берер ойыншығымыз ол - сылдырмақ. Кейбірінің дауысының тым ащы болатыны соншалық, тіпті ересек адамның жүйкесі шыдамайды. Ал кеше ғана туылған бала сол сылдырмақтың дауысын күн сайын ести берсе, керең болары анық. Оған қоса, психикасына әсер етеді.
Демек, ойыншық сатып аларда оның белгісіне, ойыншықтың орамына, түріне, түсіне назар аударып, сол ойыншықтың сапасының дұрыстығын растайтын құжатты - декларацияны сұрауды ұмытпаған жөн. Егер ойыншықтардың декларациясы мемлекеттік стандартқа сәйкес болмаса, онда мамандар Кәсіпкерлер палатасына және прокуратураға шағым түсіре алады.
Ол баланың дамуы, ой-өрісінің кеңеюі үшін қажет. Ойыншықтармен ойнау арқылы баланың дүние танымы да жетіледі, жақсы-жаманды ұғады. Әрі-беріден соң, ойыншық баланың күн ұзаққа сөйлесетін сырласы. Жалпы алғанда балалар тауарлары сауда жүйесінде ең өтімді тауарлар қатарына жатады. Балалар тауарларының әлемдік нарықтағы айналымы 500 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сауда айналымындағы ойыншықтардың барлығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz