Контекстуалды аударма


«Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі» ЖШС
Тілеухан Зайнаб Бекболатқызы
Аударма теориясы
Курстық жұмыс
Жетекші: Жабаева Айдана
Тапсыру күні «___» 2023 ж
Қорғау күні «___ » 2023 ж
Бағалау
Астана 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I ТАРАУ. . . . 4
1. 1 . . . 6
1. 2 . . . 8
1. 3 . . . 10
II ТАРАУ. . . . 12
2. 1 . . . 13
2. 2 . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Аударма теориясы» болып табылады. Аударманың тарихын, дамуын, түрлерін және тағы да басқа егжейлерін зерттейміз.
Зерттеудің және бұл курстық жұмыстың басты мақсаты аударманың теориясын анықтап, оны түсініп алу. Аударма теориясының объектісі - аударма, ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру.
Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады. Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады.
Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату;
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны - . . .
Курстық жұмыстың өзектілігі . . .
I ТАРАУ. АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ
1. 1 Аударма теориясы
Аударма (немесе аударма теориясы) - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталап бейнелейтін тілдік құрал.
Аударма теориясының объектісі - аударма, ал міндеті - аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. Ал, аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әртүрлі нақтылы мәселелерді жан-жақты дұрыс шешуі қажет. Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады. Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектемелігі бар деуіміз де сондықтан, Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де, аударма теориясының міндеттерін мынадай түйіндерге жинақтап көрсетуге болады: 1) Тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, грамматика, стилистика, логика жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілін жан-жақты қарастыру; 2) Осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кезіккен алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы талдау жүргізіп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастыруды негіз езу; 3) теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін нұрландырып, аударма нұсқасында әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз жоғарылату;
Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру үдерісі. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж. Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: Біріншіден, «метафраз» - түпнұсқаның дәл жеткізілуі, екіншіден, «парафраз» - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі, үшіншіден, «имитация» (еліктеу) - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.
Аударма теориясының көрнекті маманы Л. С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:
1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;
2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ;
3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;
4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы. М. О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші - сөзбе-сөздік - әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші - еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі - шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма.
1. 2 Аударманың негізгі түрлері
«Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін - ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма - сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Алайда аударматанушылар көбінесе, Л. С. Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция - латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі - сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.
Аударма шығармашылық іс, рухани өнер. Белгілі аудармашы ғалым Ә. Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі бар деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз және балама аударма. Біріншісі - еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін, әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады. Аудармадағы екінші әдіс -сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе оригиналдың тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады.
Қазақ аударматану ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма, баламалылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады. Баламалық жөнінде орыс ғалымдарының ішінен алғаш пікір айтқан Я. Рецкер болды. Оның айтуы бойынша, «балама» дегеніміз контексте тұрақты, тәуелсіз, теңбе-тең сәйкестік ал, зерттеуші-ғалым А. Алдашеваның түсіндіруі бойынша, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар . Балама (эквивалент) - екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексикографиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы.
1. 3 Көркем аударма
Көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап, қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі.
В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма - бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау. Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма - бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады.
Мәтін - бұл тіл шығармасы, оның көмегімен вербалды коммуникация іске асады. Аудармашы осы түпнұсқада берілетін толықтықты қабылдай ала алуы және онымен құрылып жатқан аударма мәтінін толық және дәл бере білуі керек. Әрбір аударма шығармашылық үдеріс ретінде аудармашының даралығын белгілеуі керек, бірақ аудармашының негізгі мақсаты түпнұсқаның ерекшеліктерін жеткізу және түпнұсқаға сәйкес көркем және эмоционалды әсерін барабарлы жеткізу үшін, аудармашы ең жақсы тіл амалдарын: синонимдерді, сәйкес болып тұрған көркем бейнелерді және сол сияқтыларды табу керек.
1. 4 Тілдің сөздік құрамына қарай бөлінуі
Тілдердің сөздік құрамының құрылымдық-мағыналық сипаттарының арасындағы айырмашылықтар, сөздің контексте әралуан қызмет атқаруы сөз таңдаудағы белгілі бір ортақ заңдылықтарды жүйелейді. Осыған орай жинақталған материалдарға негіздей отырып, сөз таңдаудың негізгі екі түріне ғана тоқталуға болады. Олар:
- сөз мағынасын нақтылау (конкретизация) ;
- сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу (генерализация) .
Сөз мағынасын нақтылау - түпнұсқадағы сөздің сөздіктегі сәйкестігі болмаған жағдайда, сондай-ақ қолданылған тілдік единица жалпы атау, жергілікті тіл ерекшелігі болған жағдайда игерілетін аудару амалы.
Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін - сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады.
Аударма теориясы және практикасы саласында жұмыс істеген
С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі. И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.
Кейбір лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. «Реалия» сөзі - латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше түрінен шыққан. Реалия - зат, елтану ғылымының шекараларында да кең мағынаны білдіреді.
1. 5 Неологизмнің енгізілуі
«Реалия» ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар - тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар.
Неологизмнің енгізілуі - реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Ұқсас аударма. Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz