Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері



Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Наср әл.Фараби (870.950жж.), Махмұд Қашқари (1029.1101жж.),Мұхаммед Хайдар Дулати (1499.1551), сияқты ұлы ғалымдар, А.Левшин (1799.1879), Ш. Уалиханов (1835.1865), Н.Стремоухов,А.Эихгорн(1844.1909), А.Затаевич(1869.1936) және басқа көптеген ғалым.зерттеушілер мен этнографтар көп жазды. Әбу Насыр әл.Фарабидің бізге жеткен музыкалық.теориялық еңбегінің бірі «Музыка туралы үлкен трактат» атты кітабы Орта Азияда қолданылған ыспа аспаптардың зерттеулерінің дәлелі болып табылады. Б.Сарыбаев қазақ аспаптарын зерттеуші, Әбу насыр әл.Фарабидің зерттеу трактатында екі ішекті қыл.қобыздың сыртқы түрі садаққа ұстайтындығын өз еңбегінде атап өткен.Әбу Насыр әл.Фараби «Музыка туралы үлкен трактат» еңбегінде сол кездегі аспаптардың шығу тегі, музыка мәдениеті, орындаушылық өнері, эволюциялық дамуы жайында толық түсінік берген. ...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі.жаңасы тегіс.тарих үшін елеулі бұйым,.деп Мұхтар Әуезов айтып кеткен. Сондықтан өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін ата.бабаларымыздан келе жатқан ұлттық музыка мәдениетімізді сүймейтін адам жоқ деп ойлаймын. Қай халық болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ
халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол
заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыкалық мұралары, музыка
өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта
ғасырлық ойшылдар, Әбу Наср әл-Фараби (870-950жж.), Махмұд Қашқари
(1029-1101жж.),Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551), сияқты ұлы
ғалымдар, А.Левшин (1799-1879), Ш. Уалиханов (1835-1865),
Н.Стремоухов,А.Эихгорн(1844-1909), А.Затаевич(1869-1936) және басқа
көптеген ғалым-зерттеушілер мен этнографтар көп жазды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен музыкалық-теориялық
еңбегінің бірі Музыка туралы үлкен трактат атты кітабы Орта
Азияда қолданылған ыспа аспаптардың зерттеулерінің дәлелі болып
табылады. Б.Сарыбаев қазақ аспаптарын зерттеуші, Әбу насыр әл-
Фарабидің зерттеу трактатында екі ішекті қыл-қобыздың сыртқы
түрі садаққа ұстайтындығын өз еңбегінде атап өткен.Әбу Насыр әл-
Фараби Музыка туралы үлкен трактат еңбегінде сол кездегі
аспаптардың шығу тегі, музыка мәдениеті, орындаушылық өнері,
эволюциялық дамуы жайында толық түсінік берген.
...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы
салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана
емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп
күйлердің ескі-жаңасы тегіс-тарих үшін елеулі бұйым,-деп Мұхтар
Әуезов айтып кеткен. Сондықтан өз елін, өзінің кіндік кескен
туған жерін ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық музыка
мәдениетімізді сүймейтін адам жоқ деп ойлаймын. Қай халық
болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің
қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық
музыка өнері болады және әр халықтың белгілі бір өз ішінде кең
тараған, өріс аспаптары да болады.
Қазақта қаншама арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты
батырлар мен ақындар, ел билеген көсемдер, небір дүлдүл
шешендер, ақылы асқан даналар, аруақты бабалар елімнің
елдігін сақтап қалған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Қарасай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тағы да
басқа қазақ даналары туралы айтып мақтан етеміз.
Тарихқа қарасақ, қазақ халқын құраған бірлестіктер ежелден
көп уақыт күрескен . Ол дәуірдегі бабаларымыздың
ерен ерліктері, бастарынан өткен қиыншылықтары мен
қуаныштары аңыз – жыр болып бүгінгі күнге дейін
жетіп отыр. Алтын Орда дәуірі мен Қазақ хандығы
тұсындағы батырлар мен баһадүрлердің айтулы ерліктері
де әлі күнге дейін ел аузында жүр. Алпамыс,
Ер тарғын, Қобыланды, Ерсайын, осылар сияқты
қаһармандық жырлар - ежелгі ел үшін жасалған ерліктердің
аңыздық нұсқасы. Халқымыздың еркіндікті аңсауы
сөзінде ғана емес, сазында қалғанын осылар дәлел
етеді. Осы замандағы күйлерде азаттықты сағыну
сарыны анық байқалады. Сары - өзен, Бозінген, Ертіс
толқыны, сияқты күйлерді мысалға келтіруге болады.
Музыка – халықтың жаны. Сондықтан онда сезім күй анық
көрінеді. Осы кездегі халық күйшілері екі ішекті
домбырада, қылқобыз, сыбызғы, шертер арқылы өз дәуірінің
ауыр тұрмыс жағдайын, мұңын, арманын, күресін,
ерлік істерін, қуаныштарын, қазақ даласының кең және сұлу
табиғатын суреттейтін философиялық, героикалық, ана сүтімен
дарыған туған тілін, ата-бабаларымыздан жалғасып лирикалық
күйлерімен көрсеткен. Көне заманнан ғасырлар бойы
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың ең
ежелгі музыкалық аспаптарының бірі - ысқымен
ойналатын қылқобыз аспабы. Халық арасындағы аңыздарға
қарағанда қылқобыздың пайда болуы шамамен
сегізінші-тоғызыншы ғасырларда өмір сүрген күй атасы
Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қылқобыз аспабының күйге
келтіретін құлағына, шанағының ішкі – тысына дыбыс
әсерлігін күшейту үшін темірден жасалған сылдырмақ
тенгешелер, шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының
беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен
қапталады. Мұндай қылқобызда көбіне бақсылар ойнап , күй
сарынының әсерін күшейте түсу үшін
әдейі темір тенгешелер тағатын болған. Бұл қылқобыз
аспабының ескі түрі. Ал жетілдірілген түрі ішектері ат қылынан
тағылған шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы
терімен қапталады.[1;24] Ұзақ уақыттар бойы қылқобыз аспабы
шамандар мен бақсылардың аспабы болып саналады.
Қазақ халқы бұл аспапты көп уақыттар бойы
перілерден үйді қорғаушы ретінде пайдаланып, киіз үйдің
есігіне іліп қоятын болған. Ахмет Жұбанов айтқандай
Ықылас Дүкенұлы бұл аспапты бейне бақсылардың қолынан
жұлып алып оны халықтың өзіне табыс етті.Революцияға
дейін қылқобыз аспабында тек ер адамдар ойнаған, ал
қазір қылқобызда әйел адамдар да шебер тарта біледі.[2;6]
Қариялардың сөзіне тоқталатын болсақ,
Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз
– қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы
батагөй, асқан ұлы ақын, болашақты болжап сөйлеген сәуегей
кісі болған. Сонымен қатар Қорқыт атамыз күй шығарған,
өз дәуірінің композиторы, әнші – күйші, қобызшы екенін
білеміз. Сол күйлерінің көбі біздің заманымызға
дейін жетіп отыр. Мысалы, Арыстан Баб, Аққу,
Башпай, Тарғыл – тана, Елім – ай, Қорқыт күйі, Қоңыр,
тағы да басқа осындай күйлері көп болған. Қорқыт -
оғыз, қыпшақ тайпаларының Қайы руынан деп айтылады.
Қорқыт туралы қазақ халқының қариялары айтқандай
Европа әдебиетіне өткен ғасырдың ортасынан бастап белгілі
бола бастады. Олардың кейбір ұшқындарын ең алғаш
жарыққа шығаруға ой бөлген ғалымдар Шоқан Уалиханов,
В.В.Вельяминов, Г.Н. Потанин тағы да басқа ғалымдар
қосылып Қорқыт туралы әдебиет жасайды.[3;42] Кейін
қылқобыз аспабын жалғастырған, Тілеп Аспантайұлы,
Ықылас Дүкенұлы, Ысмайыл Шәменұлы, Жаппас Қаламбаев осы
аталарымыздың қылқобыз өнерін жалғастырып
дамытуда үлкен үлестерін қосқан. Осылай Қылқобыз аспабы
дамып біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Қылқобыз
аспабы сияқты қазақтың сүйіп тартатын,тыңдайтын
аспаптарының бірі - домбыра аспабы.Қазақ халқының тарихымен
бірге жалғасып, әлеуметтік салт – тұрмысын, шежіресін, өмірін
күйге қосып келе жатқан домбыра аспабының шығу тегінің әлі
күнге дейін сыры ашылмай келеді. Домбыра - қазақ халқының
саусақпен шертіп ойнайтын көне аспаптарының бірі. Шанағы алмұрт
тәріздес бірнеше перне тағылған ұзын мойны бар. Шанағының беті
жұқа тақтаймен жабылған. Домбыраның батыстық және шығыстық екі
түрі бар. Батыстық домбыралар арты дөңгеленіп, шанағы үлкендеу
мойыны ұзындау да, шығыстық домбыралар шанағы кішілеу жалпақ
мойыны қысқа болып келеді. Бұрын пернелері жеті немесе он үш
мойыны қысқа болса қазір классикалық шығармалардың орындалуына
байланысты хроматизмдік жүйемен он тоғыз перне тағылып диапазоны
едәуір кеңіді. Шертер аспабының
құпиялары. Шертер - ертеден келе жатқан қазақтың халық
аспабы. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты ата – бабаларымыз
шертер деп атап кеткен. Бұл аспап домбырадан гөрі кішілеу
болып келеді, дыбысы қаттырақ шығады.Шертердің мойыны қысқалау
келеді, пернелері байланбайды. Көне шертер қылқобызға ұқсайды,
өйткені, оның кеудесі ағаштан ойылып жасалады, имек келеді,
жоғары қақпағы ешкінің немесе үлкен балықтың терісімен
қапталады. Қариялардың әңгімелеріне қарағанда бұл құралдың
ерекшелігі мынада;шертердің құрылысы мен формасы негізінде
домбыраға ұқсас болған.Мойыны қысқа, қыл ішек тағылған,
үлкендігі қобыздай. Шертерге аттың қылынан иіріп, үш ішек
тағады. Дыбысының шығу күші мен тембрі терінің не қалың
не жұқалығына байланысты.Бұрынғы шертер аспабының бет
қақпағы болмаған, шертерге бет қақпақ салу , перне тағу
кейінгі жылдардың жемісі. Қапталған тері жұқа болса дыбысы
қатты әрі ащы ал қалың болса жұмсақ шығады.Қазақ
даласында шертер аспабының кең тарағанын дәлелдейтін аңыз -
әңгімелер, деректер, баршылық. Оларды жинақтап көне аспаптың
қайта тіріліп өнердегі өмірімізге еркін енуіне зор еңбек
сіңірген білгір, белгілі аспаптанушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Қазақ музыка өнері
Оқушылардың орындаушылық шеберлігін қалыптастыру жолдары
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен өткізу жолдары
Ұлттық аспаптар
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері
Пәндер