Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің жолдарын анықтау
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы КМИТУ көпсалалы колледжі
Бастауыш білім беру
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Тақырып: Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістері
Мамандық: ДО-20\Б
Орындаған: Кучербаева Қ
Жетекші: Жұмағалина Р.
Ақтау 2023ж
ЖОСПАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Мектепке дейінгі педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Мектепке дейінгі педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістері ... ... ... ... 16
ІІ-ТАРАУ .
2.1.Мектепке дейінгі педагогика ғылымының жүйесі мен зерттеу әдістер ... ... ..22
2.2. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы. Мектепке дейінгі жаста педагогикалық зерттеулердің әдістерін қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 стратегиясында былай деп жазылған: Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін үрдіс және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Егер оқыту тәрбие үшін "ақпараттық қорек" қызметін атқарса, тәрбие оның адам игілігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі "Білім туралы" Заңда айқындалған.
Мектеп - оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп - қоғам идеясын жүзеге асырушысы.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық - тарихи тәжірибені беру процесі.
Мектеп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.
Тәрбие жүйесі - педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.Білімді, адамгершілікті, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар саясаты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету ( Қосымша1).
Тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке,
зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: балаларды тәрбиелеу түрлерін ажырату және тәрбиенің құралдары арқылы оқушылардың тәрбиесін ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Оқушыларға тәрбие берудің маңызын ашу;
Тәрбие құралдарына түсінік беру;
Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің
жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен
құралдары.
Гипотеза: тәрбиенің түрлері оқушылардың мінез құлқын, тәртібін, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.
І-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы -- еңбек пен ата - ана үлгісі. (Ыбырай Алтынсарин)
Балаға берілетін адамгершілік тәрбие дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады? Ол не үшін қажет? - осындай сұрақтар жалпы білім беретін мектептің алдына қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр. Мектеп бітіруші әрбір оқушыға мектептік кезеңде сәйкес және жеткілікті түрде адамгершілік білім берілуі керек, яғни бала адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет. Онсыз адамның қоғамда өмір сүруі, адамдар арасында өзін лайықты ұстай алуы қиынға түсері сөзсіз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.
Адамгершілік - адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі - қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным - сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез - құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтар адамгершілік білімін білім берудің алтын қазығы деп бекер айтпаған.
Адамгершілік - Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды - мейірімді жанды адамгершілігі мол адам деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан - өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.
Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал - мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Кішіпейілділік - кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Өз қадірің - өз байлығың.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс - қылықтарынан, мінез - құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым - қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай - ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл - сананың, сезімдердің, мінез - құлық пен өзара қарым - қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық - экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани - адамгершілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -- деген мақалдардан көруге болады. Мақал - мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым - қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез - құлқы, іс - әрекеті, қарым - қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, -- дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттерінің ең бастысы -- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі -- келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыпты жан - жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата - ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледідегендей, ата - ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Ата - бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар - ұяты бар адамның бет - бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
1.1. Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі).Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туа-ды" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Тұган елін сүю сезімі туа бітпкен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.
С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атайкеліп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетіну мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
:: Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
:: Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
:: Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады.
Адамгершілік тәрбиесі
Діни -- рухтық тәрбие
Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.
Отбасы өміріне даярлау
Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.
Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардыі жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.
Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды
:: Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастың шақ -адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі...
:: Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.
1.2. Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру жолдары
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Өсіп келе жатқан жас ұрпа қты патриотизмге тәрбиелеу қашан да толастамаған. Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын советтік патриотизм Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу, жан-жақты үйлесімді дамыған адам, тұлға тәрбиелеу, коммунистік мораль қалыптастыру аясында үргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік- экоомикалық өзгерістер - еліміздің тарихына, ұрпақтан-ұрпаққа алғасқан салт- дәстүріе құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізіді.
Елбасы Нұрсыблтан Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауында: Оқушыларды қазақс тандық патриотизмге, шығармашылық ағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез- құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек, - делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепте, үйге, жақынына, туған қаласына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбинесінің сабақтастығын көздейді. Грке ғалымы Платон Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз деп тегін айтпаған. Бала бойындағы тәрбиенің бастауын ата-ана қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине тәрбиешісі мұғалім болып табылады. Ұрпаққа беріліп жатқан адамгершілік дене, экономикалық, экологиялық, ақыл- ой тәрбиесімен қатар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын алады.
Мен келешектің иесімін деген ұрпақтың бойында білім, білік, адамгершілік, ар-намыс қатар Отанды сүюге деген қасиеттер болады. Баланың өз Отанын сүюі немесе оған түсінбеушілікпен қарауы оның ес білгелі көрген тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы ата-бабамыздың ұлы байтақ жерін тұмсықтығы шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай ұстап аман - сау жеткізуінің өзі, бесіктегі нәрестені адамгершілікке ғана тәрбиелемей отансүйгіштікке, елін, жерін, қорғауға тәрбиелеуінің негізгі дәлелі. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында қалыптастыру қажет. Оқушыларға тәрбие бере отырып, мұғалім өзінің бойындағы тәрбиелік қасиеттерін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс. Сабақ барысында Ана тіліміздің тұғырын биікке көтерейік немесе Ұлттық ар-намысымызды ту қылып ұстаңдар деген патриоттық сөздерді айта отырып, өзіміз орысша сөйлеп тұрсақ, (оқушылардың ортасында емес) болашағымызды бұлыңғыр деп есептесек, біздің алдымыздағы оқушымыздан ешқандай патриот, Отаным деп жүрегі соғатын ұрпақ шықпайды. Сондықтан да ең бірінші өзімізді еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелеуіміз керек. Оқушы бойындағы патриоттық, ұлттық рухты көтеру үшін бірінші мұғалім өзі үлгі болумен қатар, басқа да үлгі боларлық жұмыстар атқаруы тиіс.
Бұл - қазір жалпы қазақ иісті азаматтарды ойландырып, толғандыратын көп мәселенің бірі. Өйткені, Республикамыздың бүкіл әлемдік мәдени кеңістікке жеке әлеуметтік- саяси субъект шындық десек, қай кезде де қоғамның әр түрлі түбірлі дағдарыстарға тірелмей, өз азаматына қызмет жасап - адамның өзіне тікелей байланысты екендігі тарихтан белгілі. Мәселен, қазақ халқының бұрыңғы дәстүрлі қоғамнан қалған тарихи- рухани мұраларындағы басты мәселе - қоғамның жағдайы адамның өзіне қатыстырылып қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтуымен дамуының обьектвті шартарының бірі - патриотизм.
Ұшы-қиырсыз дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы үлкен тарихында жас ұрпаққа саяси патриоттық тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттық өзіндік салт санамен әдет-ғұрп, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік саяси жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға саяси тәлім- тәрбие берудің айрықша талаптарын тілектерін, дүниеге әкелді. Мәселен жас адамның жұртқа танымал саяси- патриоттық нормасы белгіленеді, оның мәні- сегіз қырлы, бір сырлы отаншыл, шынайы патриот азамат тәрбиещлеу еді. Міне, осы қағидада сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын саяси- этикалық талаптарды айқындады. Ол - атамекенді, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ірі жүректі бауырмал болу, т.б.) Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп біліп өскенадамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестілігі кісілік қарым- қатынастарда айқындалып, жеке бастың мүддесіне қарай бұра тартуға мүмкіндік бермеген. Әлеуметтік жағынан бірауызды қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық әлеуметтік философия сипатын анықтайтын факторлар болды. Осы орайда ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына отан, атамекен, ел-жұрт, азаматтық борыш, ар-намыс, адалдық пен әділдік, азаматтық парыз, қанағатшылдық пен жомарттық, тағы басқа ұғымдарды жатқызуға болады. Ақылдың көзі - аталы сөз деп ұққан бабаларымыздан қалған халық даналығында келелі сөз болған мәселенің бірі- атамекенін, елін- жұртын, отанын қадірлеп, құрметтеуге, тәрбиелеу проблемасы. Мәдениетті деп саналған орыс жұрты туған жерін, отаным деп біледі. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жеді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Халық даналығындағы Отан оттан да ыстық,, Отансыз ер бұралқы итпен тең деп айтылуында үлкен саяси - патриоттық ой жатыр. Басқа елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол, Ер өзі үшін туады, елі үшін өледідеген нақылдарда ел жұртқа деген ыстық сезімге ерекше баға берулердің құнын елдігімен өлшеу ұстанымдары жатыр. Демек, атамекен дәстүрлі дала қоғамының қоныс тепкен кеңістігі, қазақ жұртының тіршілік кеңістігі, өмір сүру ортасы. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтанда халқымыз өз тілін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған баулыған. әркімге өзінің туып - өскен атамекені қымбат. Әр азаматтың оны сүюі, қадірлеп, қастерлеуі де содан болса керек. Яғни жер, Отан, атамекен мен ел - егіз ұғым, бірінсіз бірі жоқ. Осы идя халық даналығында өзекті ой болып өзінше патриоттық парадигма желісін тартқан. Ер - елі нде, гүл жерінде, туған жерге туың тік деген халық даналығы әр адам өз жерінде, елінде қадірлі дегенді меңзейді. Сондықтан ел іші - алтын бесік, Елінен безген ер оңбайды дейтін ұстанымы халық арасында орныққан. Демек қазақ халқы өзін отанын ан, ал отаны өз болмыс - бітімінен бөліп қарамаған. Өйткені, Отан, туған жер, - мал жанының ырыздық көзі, кіндік қаны тамған халықтың мәңгілік тұран болып саналған. Сондықтанда Отанын , өз жерін, елін, өз тілін халықтық дәстүр мен салтты жан тәнімен сүйген еліміздің озық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz