XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ

Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беру
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: МД 9-19 тобының
Студенті: Ахтан Инабат
Ғылыми жетекші:Толегенова И.Қ.
Бағасы:___________________
Хаттама №__ _____2023 ж

2023жыл

Мазмұны
Кіріспе
1-БӨЛІМ. XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері
1.2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
2.2 Экологиялық тәрбие негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Курстық жұмыстың өзектілігі:Осы курстық жұмыста мен Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беру тақырыбын тереңірек талдап, толығырақ зерттеп көрсетемін.Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші - адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап, табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым - қатынастың қарама - қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы ҚР жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы ҚР білім беру туралы заңында, 1996 жылғы ҚР экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында көрсетілген. Сонымен қатар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 89 - бабының әрқайсысы еліміздің болашағын, экологиялық жағынан қаматамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.Ғылымда экология деген ұғымды алғаш айтқан адам - Эрнест Геккель. Ол экология деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген экология сөзін дәлме - дәл аударғанда үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым деген грек сөзінен шыққан. Келесі бір экологиялық сөздікте экология (гректің ойкос үй, тұрақ, мекен және логос - білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарының, табиғи орта мен байланыстарын зерттейтін ғылым деп сипаттаған.
Зерттеу мақсаты : Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын анықтау, білім берудің тиімділігін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктерін дамыту;
- Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбиенің басты міндеттерін жүзеге асыру;
-экологиялық мәдениет туралы түсінігін қалыптастыру;
Зерттеу пәні:Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі
Зерттеу нысаны:Мектептерде экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-БӨЛІМ. XXI ҒАСЫР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде мектепке дейінгі ұйымда жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Балаларды тәрбиелейтін ата-ана мен ұстаздар өте сауатты, білімді болуы керек. Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби Ғылымдардың шығуы туралы трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций, А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы,- деді. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды, - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: табиғат, адамдар, заттар деп есептеді. Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған - тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр, - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Экологиялық тәрбие мектепке дейінгі ұйымда - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері

Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүниетану көзқарасын қалыптастырады. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша тіршілік үшін күресу ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді.Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. Сонымен, экология - тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Көптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен - көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптер ( химия, мұнай, көмір,АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық - түлік, ет - сүт тағамдарының қалдық - қоқыстары іріп - шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды. Соңғы жылдары экологиялық тәрбиеге қалам тартқан Кеңес Одағының педагог - ғалымдары: И.В.Зверев, А.Н.Захлебный, И.Т. Суравегина, Ю.К.Бабанский А.П., Сидельниковский, В.П. Иоганзен, В.А.Курбановтвр экологиялық тәрбиенің психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтап, экологиялық білім берудің мазмұнын толықтырды.Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім - тәрбие беру республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Д. Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б. Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбеава, т.б. еңбектерінде зерттелінді. Экологиялық тәрбиенің бағыт - бағдарын, оның әдістемелік жүйелерін айқындаған қазақстандақ педагог - ғалымдар : А.Бейсенова, Р.Байсекеева, Н.Нұғыманов, К.Жүнісова, Д.Жангельдина, К.Бұзаубақова, А.Ш.Икрамова Н.С. Сарыбеков, , А.Тұрдықұлов және т.б.өздерінің зерттеу жұмыстарында мектепке дейінгі ұйымда экологиялық тәрбиелілігін арттырудың педагогикалық тәсілдерін дамытып, нақтылы әдістемелік жолдар, практикалық ұсыныстар енгізді. Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері анықталынады. Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге байланысты биологиядан Ә. Қарамергенов, Л.П.Салеев, Т.В.Машарова, физикадан Э.А.Тұрдықұлов, М.К. Хакимова, табиғаттанудан М.Н. Сарыбеков, Д.І. Жангельдина, геогафиядан І. Есназарова, қазақ тілі мен әдебиетінен Ө.Танабаевтар айналысты. Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатындығы туралы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде де көп көңіл бөлінеді. Мәселен, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс - тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады. Сондай - ақ С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, С. Торайғыров сияқты қазақ әдебиетінің негізін салушылар да тамаша табиғат әсемдігін ашатын лирикалық шығармалар қалдырды. Табиғат әсемдігі, әсіресе жануарлар дүниесі қазақ композиторлары Д.Нұрпейісова, А.Жұбанов, С.Кәрімбаев, Қ. Сағырбаев шығармаларында музыка арқылы енеді. Жоғарыдағы ғұламалардың асыл ойларын, ғалым - педагогтардың ұсыныс тұжырымдарын ескеріп, экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты ғылым салаларын саралап құндылық нормативтік көзқарастарын айқындап табиғатты аялауды, оны тиімді мөлшерде ғана пайдалануды насихаттау жолдарының ұлттық тәрбие тұрғысында өлкелік принціпке негізделіп, үш мәселені қамтуы тиіс: бірінші, балаларға, ата - ана, оқу орны, қоғамдық бірлестігімен ұштастырылып экологиялық тәрбие жұмыстарының ұлттық, тәлімдік тағылымға негізделіп қарастырылуы; екінші, табиғат өнімдерін тиімді пайдалану шараларын, оның көптүрлілігін, зат алмасу заңдылықтарын, тепе - теңдік қасиетін және қайта қалпына келу мүмкіндігін пайымдау; үшінші, адам өміріне, оның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды анықтап, олардан сақтану жолдарын қарастыру және туған өлке табиғатының өсімдіктер әлемін аялап, қорғап - еселендіруде экологиялық біліктілік, ұлтжандылық, табандылық таныту. Адамзат қоғамының даму сатысында өзі туып - өскен ортасын сақтау, қорғау, аялау мақсат - міндеттеріне жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі күнделікті өмірде өз орнын табуда. Оған дәлелді мысал ретінде атақты ғұлама ғалым Әл - Фарабидің дүние құбылыстарын философиялық тұрғыдан негіздеп, соның ішіндегі табиғаттың адам өмірімен байланысын ашып, этикалық ( экологиялық) және заң нормаларымен байланыстырып, қоршаған ортаны қорғауды мінез - құлық нормаларына айналдырып, жастардың рухани адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге нұсқаулар беруі. Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезімімен ғана емес, олардың біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де адамдар экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс - әрекеті осы заңға сәйкес жүргізілсе ғана осы кезге дейін жиі болып тұрғандай адамның табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып табылады. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

1.2 Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие

Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие беру дегеніміз- əр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Халық педагогикасындағы экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстарды анықтау әр түрлі оқу пәндерінде оқытылатын, экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін, заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау мен тереңдетуге пайдалану керек. Халық педагогикасындағы экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тəрбиелеу жəне табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкілхалықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуы, арнаулы өкіметтік қаулыларының қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттен, Мұның мәні мектепке дейінгі ұйымда табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлық тарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін үғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен, икемділік, дағдылар мен қаруландыру. Біздің елімізде "...әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті" деген талаптар барлық уақытта бірде дәйектілікпен жүзеге асырылып жатпағаны мәлім. Тоқырау жылдарындағы түрлі жұмыстар еліміздің табиғатына зардаптарын тигізді."Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы" әдістемелік хатта оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие берудің маңаздылығының ашып көрсетілуі мектепке дейінгі ұйымда табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қозғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелерде туындап отырған кезеңінде мектепке дейінгі ұйымда табиғатқа-жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі бастауыш сынып теориясы мен әдістемесіндегі қалыптасқан дәстүрді бұзып, оқыту әдісін ізгілендіру,экологияландыру міндетін алға қойып отыр. Ал бұл міндет осы салада нақты зерттеуді және оларды теориялық және тәжірибелік түрғыда негіздеуді қажет етеді.Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Ушинский ерекше назарын аударған. Оның ''Детский мир", "Родное слово" деп аталатын кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, "Табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс.Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүиелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Рыбников, В.Сухомлинский, т.б. еңбектері арқылы негізделген. В.Сухомлинский "Табиғат адам танып білгенде, себеп-салдарын байланыстыра ой жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады деп табиғаттың заңдарын жете меңгеру керектігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айыр бастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп санады. Мектепке дейінгі ұйымда азаматтығы мен патриоттық сезімін қалыптастырудағы табиғаттың орны туралы ол "Туған жер табиғаты бұл жәй кішкентай адамның өсетін және жерге алғашқы қадамдарын жасайтын орта ғана емес, ол мыңдаған өте жіңішке тамырлар арқылы қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарын тарататын құдіретті алма ағаштың өркен жаяр ортасы деп атап көрсеткен.Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын "киелі , қасиетті деп үғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірі бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Ш,Уәлиханов "Табиғат пен адам: өзінің айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?" дей келе қазақтардың киеге үлкен мән бергенін айтады. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысы қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұта ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп иландырған. Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы десек те болады. Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қараса, ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларын арқау ете отырып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Мектепке дейінгі ұйымда табиғи ортаны күтуде, қорғауда, орман - тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі. Жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмыстарына қатынасады. Экология қазір тек биология ғылымының саласы есебінде қаралау шеңберінен шығып кетті. Ол көптеген ғылым салаларының басын біріктіретін синметикалық ғылымға айналды. Экологиялық мәселелерді шешу әртүрлі мамандықтағы адамдардың күш біріктіруінің ақыл-ой қосуын және оған шаруашылық басқарушылардың қатысуын қажет етеді. Барлық ғылым салалары мен экономикалық-шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізі қызметі қоршаған ортаның байлығын ысырап етпеуге бағытталуы керек. Мұны экологияландыру деп атайды. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім берудің мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған табиғи ортада саналы түрде өзінің мінез-құлқында жауапкершілік ережелерін сақтауға деген қажеттілікті тәрбиелеу болып табылады. Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе мектепке дейінгі ұйымда қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл мектепке дейінгі ұйымда гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты. Іскерліктер мен дағдылардың дамуы процесінде өз бетінше зерттеу жүргізу барысында танымның интеллектуалды және эмоционалдық бастамаларының өзара байланысы күшейеді. Нәтижеде жеке адамның маңызды қасиеттері қалыптасады - сенімділік, ол мектепке дейінгі ұйымда жеке тәжірибесіне негізделеді. Мектепке дейінгі ұйымда арнайы бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие болады. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымда адамның қоршаған табиғи ортадағы мінез-құлқының адамгершілік және құқықтық негіздерін ой-санасына тез қабылдайды.Экологияландыру география мен биология сияқты тіршілік пен табиғатты зерттейтін дәстүрлі ғылымдарға ғана емес барлық салада жүруі тиіс. Өйткені табиғат адам мен оның мүддесін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ. Ол ешбір шекараны білмейді, тіпті мемлекеттік, ұлттық шекараны да мойындамайды. Сондықтан оны қорғауға барлық халықтар, барлық елдер бірдей мүдделі.Мұның өзі табиғатқа қарсы бар адамдардың бәріне онымен қарым-қатынас жасаудың, қорғаудың, аялаудың жолдарын үйретудің қажеттігін күн тәртібіне қояды. Әркім-ақ өзін қоршаған табиғи ортаның оның құрылымын, оның ерекшеліктерін оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін жас кәрінің бәрі табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, силастықпен өмір сүруі тиіс. Табиғат заңдарын білмеу экологиялық дайындықтың жетіспеуі - біздегі қиындықтарды туғызып отырған негізгі себептер мұны мысал арқылы айқындауға болады. Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Байқоңыр космодромы маңындағы елдерде сынған, бұзылған космос кораблдерінің сынықтарын пайдалау фактілері жиі ұшырайды. Кейбіреулер одан мал суаратын астау жасайды, су ішетін ыдысқа айналдырады, бірақ оның құрамында денсаулыққа зиянды радияциялық заттар барын білмейді. Сырдарияның суы осы күнге дейін ауыз су есебінде пайдаланылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
Тұлғаның экономикалық мәдениеті
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Әлеуметтік педагогика пәнінің ғылыми негізделуі
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи мазмұны
ҰЛТТЫҚ МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жаратылыстану пәндер цикылындағы экологиялық білім беру
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Пәндер