Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту


Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
А. А. Бакаримова
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01901-Дефектология
Қарағанды қ.
2023
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
«Қорғауға жіберілді»
Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының
меңгерушісі
А. Р. Рымханова
6В01901-Дефектология
«Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту»
тақырыбындағы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ізденетін дәреже: бакалавр
Орындаған: студент А. А. Бакаримова
Ғылыми жетекшісі:
м. ғ. д., профессор К. С. Тебенова
Қарағанды қ.
2023
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
Педагогика факультеті
6В01901- «Дефектология» білім беру бағдарламасы
Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы
бекітемін
Арнайы және инклюзивті білім беру
кафедрасының меңгерушісі
А. Р. Рымханова
2022 ж. «24» қыркүйек
Бітіру жұмысын орындауға арналған тапсырма
Студент Бакаримова Аида Абайқызы
4 курс, ДФ-41-19, 6В01901- «Дефектология» білім беру бағдарламасы , күндізгі бөлім
1. Бітіру жұмысының тақырыбы «Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту»«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректорының 2022 ж. «09» қараша айында №1496 бұйрығымен бекітілді.
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 2023 ж. «12» мамыр.
3. Жұмысқа бастапқы деректер (заңдар, қолжетімді дереккөздер, зертханалық-өндірістік деректер) :
1) Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 343 Заңы; 2) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2022. 03. 05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
4. Бітіру жұмысында әзірлеуге жататын мәселелер тізбесі:
- Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту жұмысына теориялық негіздерін саралау;
- Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тіліне психологиялық-педагогикалық мінездемесін сипаттау;
- Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытатын ойындар кешенін әзірлеу;
- Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамытудың тәжірибесіне ойындар кешенін енгізіп, тиімділігін бағалау.
5. Графикалық материалдар тізбесі (сызбалар, кестелер, диаграммалар т. б. ) :
1) 9 әдістемелік қамтамасыз ету сызбалары; 2) 2 эксперимент схемалары; 3) 12 эксперимент кестелері.
6. Ұсынылатын дереккөздер тізбесі:
- Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
- Юрьева В. Ненавидеть, гнать, терпеть. - М. : Эксмо, 2017. -697c.
- Вроно М. Ш. Шизофрения у детей и подростков. - М., 2011. 128 с.
- Лебединская К. С. Нарушения психического развития в детском и подростковом возрасте / К. С. Лебединская, В. В. Лебединский. - М. : Академический Проект, Трикста, 2013. - 304 c
- Никитина С. Г. Клинический случай непрерывнотекущей шизофрении с началом в раннем детском возрасте. /Журнал неврологии и психиатрии им С. С. Корсакова. Спецвыпуски. 2021; 121(11‑2) :26‑30.
- Сухарева Г. Е. Клинические лекции по психиатрии детского возраста. Т. 1, 2015. -253с.
- Мальтинская Н. А., Концепт, научно-методический электронный журнал, 2017. - 320 с.
- Virues-Ortega J., Julio F., Pastor R. The TEACCH program for children and adults with autism: A meta-analysis of intervention studies // Clinical Psychology Review. 2013. 33 (8) . Р. 940-953. URL: https://doi. org/10. 1016/j. cpr. 2013. 07. 005
- Bancroft K. The Way We Are: Autism in 2012. London: The National Autistic Society, 2012. -361 р
- Морозов С. А., Морозова Т. И. Клинический полиморфизм и вариативность образования детей с аутизмом // Аутизм и нарушения развития. 2016. Т. 14, № 4. С. 3-9. doi:10. 17759/autdd. 2016140401
- Н. В. Чевычелова, Е. А. Черенёва, Д. В. Черенёв, С. Г. Маслобоев. Анализ современных технологий обучения и сопровождения детей с расстройствами аутистического спектра//Вестник Красноярского государственного педагогического университета им. В. П. Астафьева. -2018. -11с.
- Богдашина О. Б. Модели организации комплексной помощи детям с расстройствами аутистического спектра на Западе//Аутизм и нарушения развития. 2016. Т. 14, № 4-22б.
- Грибова О. Е., Бессонова Т. П. Дидактический материал по обследованию речи детей грамматический строй. «Аркти». 2019 - 70 с.
7. Бітіру жұмысын орындау кестесі
11. 2022ж.
03. 2023ж.
10. 2022ж.
05. 2023ж.
06. 05. 2023 ж.
10. 05. 2023 ж.
Тапсырманың берілген күні: 2022 ж. «24» қыркүйек
Ғылыми жетекші: Тебенова К. С., м. ғ. д., профессор
Тапсырманы студент А. А. Бакаримова қабылдады
Мазмұны
Бет.
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынды:
1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 343 Заңы, 1-тарау. Жалпы ережелер.
2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2022. 03. 05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) .
Анықтамалар
Дипломдық жұмыста келесі терминдер мен анықтамалар қолданылды:
Аутизм - (гр. autos- өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі.
Ерте жастағы аутизмы (ЕЖА) - психикалық дамудағы аномалияның ерекше түрі, онда тұрақты және өзіндік ерекше коммуникативті мінез-құлықтың бұзылыстары, сонымен қатар баланың сыртқы әлеммен эмоционалды байланысы байқалады.
Шартты белгілер мен қысқартулар
Дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЮНЕСКО - (ағыл. UNESCO; United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization)
ЕЖА - ерте жастағы аутизм
ЕБАҚ - ерекше білім алу қажеттілігі
Кіріспе
Қазақстан Республикасында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бала туғанынан бастап, ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі [1] .
Соның ішінде, аутизмі бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзінің қатарлас құрбыларымен қарым-қатынасқа жиі түсуін бақылау, отбасымен, арнайы мамандармен жұмыс жасауын, əлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог тарапынан қолдау табуы қажет. Аутизм - (гр. Autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету шараларын жүргізуде кешенді түзете-оқытудың, заманауи əдістердің маңызы зор. Аутизм диагнозы бар балалардың қоғамда өздерін ұстай алуын, достарымен қарым-қатынасқа түсуге əзірлігін арттырудың маңызды тəсілі арнайы таңдап алынған түзету-педагогикалық көмек көрсетуді қолдану болып табылады.
«Ерте жастағы аутизм» (ЕЖА) синдромы ұғымы 1943ж. Л. Каннер арқасында кең тарады [2] . Ол алғаш рет ерте жастағы бала аутизмін психологиялық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеледі. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оның ерте жастағы бала аутизмі (Каннер синдромы) деп атады, оның байқалуының негізгі түрлері:
- қоршаған адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты орнатуға үлкен қиындықтар;
- тәртіптің қайталанатын, бір текті түрлерін үнемі қайталай беруге талпыну;
- белгілі бір объектілермен іс-әрекеттерге қатты берілу;
- сөйлеу тілін меңгеру мүмкіндігінің сақталғанымен, сөйлеу тілінің болмауы (мутизм) немесе сөйлеу тілінің адамдармен қатынаста пайдаланбауы;
- басқа салаларда танымдық қабілетінің жақсы болуы.
Бұл бұзылыстар ерте, 2, 5 жасқа дейін байқалады деп мәлімдейді доктор Л. Каннер. Қазіргі күнге дейін аутизм проблемасы бойынша әр түрлі елдерде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ерте жастағы бала аутизмінің шығу тегі мен ерекшеліктері туралы әр түрлі ғылыми болжамдар мен пікірлер айтылады. Соңғы ақпараттарға сүйенсек әлем бойынша бұл дертке шалдыққандар саны 65 миллионнан асады делінген. Ал соның ішінде біздің елде осы диагноз бойынша тіркелгендер саны мыңнан асады екен. Дерек көздерінде соңғы он бір жыл ішінде аутизмге шалдыққан балалар саны 20 есеге өскен, ол дегеніміз дүниеге келген әрбір елуінші сәби осы аурумен туылады дегенді меңзейді [3] .
Аутизм мәселесіне мамандардың назары 60-жылдардың аяғынан бастап аударылды. Алғашқы зерттеуді балалар психиатрлары жүргізді (С. С. Мнухин [4], А. Е. Зеленецкая [5], Д. Н. Исаев [6] ; О. П. Юрьева [7] ; М. Вроно [8] ; К. С. Лебединская [9] мен әріптестері) . Олар аутизмді балалық шизофрения немесе шизоидты (аутистикалық) психопатия аясында қарастырды (Т. П. Симсон [10], Г. Е. Сухарева [11] ) . Балалық аутизмнің көріністерін аурудың белгілері ғана емес, сонымен қатар дамудың бұзылуының белгілері ретінде де түсіндіруге болады деген идеяларды балалар психиатрлары да дамыта бастайды. В. М. Башина аурудың басталуына дейінгі және оның процесінде көрінетін балалар аутизмінің көріністерін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар балалар аутизмінің конституциялық формаларын анықтайды.
Бұл балаларда сыртқы әлеммен эмоционалдық байланыс орнату кезінде қиындықтар тудырады. Өзінің эмоционалдық жағдайын білдіру немесе басқа адамдарды түсіну қиынға соғады. Көзбен көру арқылы байланыс жасай алмағаннан соң, адамдарға өз ойын білдіру үшін қарым-қатынаста қимыл, мимика, интонация көмегін қолданады. Тіпті өзінің жақын адамдарымен бала эмоционалдық байланыстарды орнатуда қиындықтарға тап болады, бірақ көбінесе ерте жастағы аутизмы бар бала бөтен адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін көрсетіп қалуға тырысады.
Ерте жастағы аутизмі бар балаға біркелкі іс-қимылдарды жасау тән: теңселу, шайқалу және қолын сермеу, секіру және т. с. с. Бір зат тұрақты манипуляциялардың объектісі болып табылады, ол оны сүйретеді, түйістіреді, айналдырады, бұрады және т. б. кітаппен стереотиптік қозғалыстар өте тән: беттерді жылдам және ырғақты парақтау. Бір тақырып әңгімеде, сурет салу кезінде, ойын сюжеттерінде басым. Бала оның өмірлік тәртібіне қандай да бір жаңашылдықтарды болдырмауға тырысады және осылайша оған белсенді түрде қарсы тұрады. Мұндай балаларды коммуникативті мінез-құлықтарын түзетудің бірден бір жолы ол - сөйлеу тілінің дамуы арқылы басқа да психикалық процесстерге әсер ету. Өйткені сөйлеу - жоғарғы психикалық функциялардың ішінде құрылымы мен қалыптасуы жағынан күрделі құбылыс. Сөйлеудің дамуына негіз болатын қалыпты әрекеттер деңгейі оның жетілдіруіне себепкер болып, коммуникативтілік құзыреттілікті құрайды, алайда ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілі әлдеқайда ерекшеліктермен сипатталады. Ол бұзылыстың құрылымына, пайда болу уақытына, аутизмнің басқа да кемшіліктермен бірлесе жүруіне байланысты. Демек, қарастырылып отырған мәселенің қарама-қайшылығы заманауи жайттағы ерте жастағы аутизмі бар балалардың өсу динамикасы мен симптоматикасына қарай, қоғамдық процесстердің сұраныстарына бөлінеді.
Дипломдық жұмысының өзектілігі: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту үрдісіндегі өзекті әрі тиімді жолдарды саралау, оның тәжірибелік маңыздылығын зерделеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзету дамыту бойынша ойындар кешені тәжірибеде қолданылатын болса, онда ол балалардың тәрбиесі мен оқуындағы бұзылыстарын алдын-алуға біршама көмектесіп, сөйлеу тілінің түзету жұмысының нәтижелігін артады.
Зерттеу объектісі: ерте жастағы балалар аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту процессі.
Зерттеу пәні: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзетіп дамытатын ойындар кешені.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту жұмысына теориялық жағынан шолу жасау және ойындар кешенін әзірлеу.
Зерттеу жұмыстың мақсатына жету жолында біз келесі міндеттерді қойдық:
- ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту жұмысына теориялық негіздерін саралау;
- ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тіліне психологиялық-педагогикалық мінездемесін сипаттау;
- ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытатын ойындар кешенін әзірлеу;
- ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамытудың тәжірибесіне ойындар кешенін енгізіп, тиімділігін бағалау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту жұмысының теориялық негіздері сараланды; ерте жастағы аутизмі бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі сипатталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытатын ойындар кешені әзірленіп, тәжірибелік бағытындағы тиімділігі анықталды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: сараланған әдебиеттердің негізінде, анықтаушы тәжірибеде жалпыланған нәтижелердің қарамағында, «Балпан» орталығының мамандардың қолданыстағы шеберлігіне шолу жасау негізінде, ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзетіп дамытатын ойындар кешені құрастырылды.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер: ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді талдау, бақылау, салыстырмалы талдау жасау, әңгімелесу, жұмыстың нәтижелерін өңдеу, жалпылау мен қорытындылау.
Дипломдық жұмысының құрылымы: дипломдық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі ашылып, оның мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, әдістері ұсынылған, сонымен қатар кіріспеде жұмыстың маңыздылығы мен жаңалығы айқындалды.
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту мәселесінің теориялық негіздемесі тарауында ерте жастағы аутизм мәселесіне заманауи көзқарастардың дамуы қарастырылып, ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілінің психологиялық-педагогикалық мінездемесі айқындалды.
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамытудың тәжірибелік жұмысы тарауында, «Балпан» орталығынының негізінде жүргізілген педагогикалық экспериментте ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі анықталып, ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытатын ойындар кешені құрастырылды, негізденді, педагогикалық эксперименттегі эксперименталды топпен қалыптастырушы тәжірибе өткізілді, сипатталды, тиімділігіне баға берілді.
Қорытындыда ғылыми зерттеу жұмысының тұжырымдары жасалып, негізгі қорытындылары мен ұсыныстары берілген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсатына сәйкес қойылған міндеттердің қисыны мен дәйектілігімен анықталады.
1 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту мәселесінің теориялық негіздемесі
1. 1 Ерте жастағы аутизм мәселесіне заманауи көзқарастардың дамуы
Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутист балаларда көптеген психикалық аурулар да кездеседі, кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жағдайды ЕЖА синдромы дейді. Бұл баланың психикалық дамуы тежелуінің бір түрі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, егер бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны балалардағы аутистикалық спектр (АСБ) бұзылысыдеп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.
Ең алғаш «аутизм» деген терминін 1912 жылы швейцар психиатры Э. Блейер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатры - Лео Каннер. ЕЖА сөйлеу тілі мен зиятының даму деңгейлері әр түрлі болады.
Қазіргі уақытта, аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың зерттеулері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады делінген. Тұқым қуалау факторының әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.
Хромосомалық бұзылыстар, зат алмасу өзгерістері, анасының жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т. б. осының барлығы да балаға жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
1. Аутизмның ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар адамдардан безушілік, ортадан оқшаулану, еш нәрсеге көңіл аудармау, біршама уақыт түңіліп отыру секілді қасиеттермен ерекшеленеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, олардың көзіне қарамайды және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакциясын білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды да сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығып алады, терезенің алдында тиіспесе бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа заттарға де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ адамдар көорнекті заттардың түрлерімен немесе дыбысымен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: бала кілем немес алашаның ою-өрнегінің бойымен әрі-бері жүре береді. Егер де өзіне бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын сұғып алады.
3. Балалар аздап болса да белсендірек, олар қоршаған ортадан толық қашпаған; бойында үрейі бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді; күрмеліп сөйлейді, қимылдары импульсивті, яғни отырып-отырып аяқ асты жүгіріп кетуі мүмкін, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш болып келеді, жасаған әрекетіне еш өкінбейді, бәрін әдейілеп керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалап тұрады, тек өзі сөйлей береді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дауысы қатты шығады. Сөздері - монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөздік қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі болады. Балалардың ыш-ишараты шектеулі, алаңдағыш болады, сондықтан сөздері жай шығады, өзгелердің көзіне қарай алады, бірақ көзқарасы тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік сөйлеу және алдау дегенді білмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz