Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде
Курстық жұмыс
Орындаған:Сембай С.
2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе:
Негізгі құралдарды жөндеу туралы түсінік және түрлерін сипаттау.
Негізгі құралдарды жаңарту, кеңіту, ықшамдау, модернизациялау жүргізумен байланысты күрделі шығыстарды есепке алу мен капитализацияға жатқызу.
Негізгі құралдарды күрделі және ағымдағы жөндеумен байланысты шығыстарды есепке алу.
Негізгі құралдарды жөндеу операцияларын жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" -- қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, келік тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Барлық "НҚ" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шы-арылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады. Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар
-жұмыс істейтін
-жұмыс істемейтін
- сақтауда тұрған
деп үш топқа бөлінеді.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 Ұлттық есеп стандартына және №16 Халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт НҚ есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объектілер НҚ есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. НҚ есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
1. Негізгі құралдарды жөндеу туралы түсінік және түрлерін сипаттау.
Қ.К. Кеулімжаевтың Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни НҚ бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті деректер өзгертулер мен толықтыулар жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
Аяқталмаған өндіріс
Тауарларды сату жөніндегі шығындар
Жалпы және әкімшілік шығындар
Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде, ал мына төмендегі:
Материалдар
Бюджетпен есеп айырысу
Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы
Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
Жабдықтаушылыр және мердігерлермен есеп айырысу
Басқадай несиелік борышпен есептеулер
деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:

Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер
деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, қосалқы өндірістер шоты кредиттелініп, басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер шоты деьиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелініп басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген ьөлемдер шоты дебиттелінеді. Жыл соңында Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
3 - кесте. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№
Операцияның мазмұны
Дебиттелетін шот
Кредиттелетін шот
1
2
3
4
1
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар
7110,7210,8410
1310,2110,3350,3130,
3200,1030,1010
2
Негізгі құралдарды жөндеу үшін резерв қор құрылғанда
1340,7110,7210,8410
3230
3
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жасалған резервтік қор пайдаланғанда, яғни
жұмсалғанда:
шаруашылық әдіспен, яғнм өзіміз жөндеу жүргізгенде
мердігерлік әдіспен жөндеу жүргізілсе, яғни біреуді жалдағанда
3230
3230
8310
3350
Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп окулығында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін және олардың пайдалану мерзімінде үнемі жұмыс жасау қабілетінде болуын қамтамасыз ету үшін оларды мезгіл-мезгіл сапалы жөндеуден өткізіп, отыру қажет және техникалық күтімнің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отырған жөн. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және мерзімдерін белгілеу негізгі құралдардың пайдалану қарқынына және пайдалану ортасының жағдайына қарай анықталады. Осыған байланысты әр шаруашылықта жөндеу жұмыстарының жоспары жасалынып, жөндеуге кететін шығындарының сметасы жасалынады.
Жөндеу жұмыстарының сипаты және күрделілігіне байланысты оларды
техникалық күтім;
ағымдағы жөндеу;
күрделі жөндеу.
Негізгі құралдардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі техникалық күтімін (ұдайы үйкелісте болатын байланыс тетіктерін уақытылы майлап тұру, мотордың майын дер кезінде ауыстыру т.с.с) дұрыс ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды негізінен жауапкершілігіне бекітілген адамдар негізгі құралдардың жұмыс ырғағын бұзбай атқарып отыруы керек. Ол жұмыстар үшін арнайы еңбекақы төленбейді және материалдық шығындары да болмашы. Сондықтан ол жұмыстардың бөлек есебі жұргізілмейді.
Ағымдағы жөндеу кезінде құралдырдың қалыпты жұмыс жағдайында жұмыс ырғағына елеулі нұсқан келтірмей тозған майда бөлшектері ауыстырылады немесе жөнделеді. Көп жағдайларда алдын-ала сақтық жөндеулерін жоспары түрде ұйымдастырып отырады. Ол үшін запас бөлшектер, құрылыс материалдары, жағар майлар, т.с.с. едәуір материалдық шығындар жұмсалады. Сондықтан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебінен, белгіленген нормативтер бойынша жөндеу қорына арнайы қаржы бөліп отырады.
Күрделі жөндеу кезінде негізгі құралдар пайдаланудан уақытша алынып, олардың тозған негізгі бөліктері ауыстырылады немесе жөнделеді. Негізінен күрделі жөндеулерді жоспарлы түрде ұйымдастырады (апатқа ұшыраған негізгі құралдардан басқа). Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін міндетті түрде олардың негізгі бөлшектерін құрамы бойынша түгел ажыратып, ішіндегі тозған детальдарын ауыстырып немесе жөндеп қайта жинайды.
Күрделі жөндеуде екі түрлі тәсілмен жасалуы мүмкін. Біріншіден, шаруашылықтың өзінде жөндеу материалдары және білікті мамандары жеткілікті болған жағдайда және жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған болса жөндеу жұмыстары шаруащылықтың өз күшімен орындалады. Мұны шаруашылықтың тәсілі деп атаймыз.
Екіншіден, білікті мамандар мен жөндеу материалдары тапшы болса және жөндеу жұмыстарын жүргізетін орын жағдайы нашар, немесе жоқ болса, онда күрделі жөндеуді мамандандырылған мекемелер орындайды. Мұны мердігерлік тәсіл деп атаймыз.
Күрделі жөндеуден өткізілуге тиіс негізгі құрал білікті мамандардан құралған арнайы комиссияның байқауынан өтеді. Комиссия күрделі жөндеуден өтетін әрбір объектіге дефект ведомісін толтырады.
2. Негізгі құралдарды жаңарту, кеңіту, ықшамдау, модернизациялау жүргізумен байланысты күрделі шығыстарды есепке алу мен капитализацияға жатқызу.
Негізгі құралдар бірнеше бағыттарда талданады:
Инфляцияны есепке алғандағы негізгі құралдардың нарық бағасындағы динамикасы. Бұл динамиканы тұрақты бағадағы шығарылған өніммен салыстырып, негізгі құралдардан қайтарым өсуде ме, жоқ па екендігін анықтауға болады.
Негізгі құралдардың құрылымын талдау. Оның ішінде:
өндірістік (салалық) құрылымды, себебі ол негізгі құралдардың өндіріс (сала) бойынша бөлінуін көрсетеді;
технологиялық құрылымды, өйткені негізгі құралдардың активті бөлігі (өнім шығаруға тікелей қатысатын жұмыс машиналары, жабдықтар) мен пассивтік бөлігінің (ғимараттар, салынымдар, т.б.) арақатынасын көрсетеді;
жастық құрылымын, негізгі құралдарды қызмет ету уақытына байланысты сипаттайды. Машиналар мен жабдықтар бойынша Қазақстан өнеркәсібінде орташа қызмет ету уақыты - 25 жыл.
Негізгі құралдардың жаңартылуын, шығуын және тозуын талдау. Коэффициенттер:
Кжан = (Фкір Фс ) :: 100 %
Кш = (Фж Фб ) :: 100 %
Мұндағы: Фкір , Фж -- бір жыл ішінде кіргізілген және жойылған негізгі құралдардың құны, теңге;
Кжан , Кш - жаңарту және шығу коэффициенттері, %
Фб , Фс - негізгі құралдардың жылдың басындағы және жылдың соңындағы құны, теңге;
Негізгі құралдардың технологиялық деңгейі. Ол ішкі және сыртқы нарықтағы фирманың бас бәсекелестерімен салыстыру арқылы анықталады;
Негізгі құралдардың қолданылуын тиімділігі әртүрлі коэффициенттермен анықтайды:
негізгі құралдарды уақыт өлшемінде қолданудың жеделдету коэффициентімен, оның ішінде жабдықтардың сменалық жұмысының коэффициентімен;
өндірістік қуатты қолданудың коэффициентімен, яғни жабдықтың нақты қуатын құжаттағы қуатқа бөлу арқылы;
қор қайтарымымен, формуласы:
J = Q Ф , (теңге)
мұндағы: Q - шығарылған өнімнің құны, теңге;
Ф - негізгі құралдардың орташа жылдық бағасы, теңге.
Жөнделетін әрбір объектіге кәсіпорынның жөндеу цехтарында көп жолды карточкасы ашылады және оларды жөндеу бойынша шығындар жинақталады. Жөндеу жұмыстарын бітіргеннен кейін объектілерді акт бойынша тапсырыс берушілерге табыстайды. Бұл ретте шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалынады:
Реттік нөмірі Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
1 Негізгі құралдарды жөндеуге босатылған материалдардың құны 3100000 921 205, 206, 208
Жөндеумен айналысатын еңбеккерлерге жалақысын есептеу 2200000 922 681
Есептелген жалақының ұсталынған әлеуметтік салық пен зейнетақы (2200000 - 2200000 (10%) :: 21% 415800 923 634
Жөндеу шығындарына жатқызылатын үстеме шығыстарының үлесі 948000 924 930
Негізгі құралдарды жөндеу бойынша жөндеу цехының шығыстары анықталды 6663800 920 921 -- 924
2 Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындары есептен шығарылды: ─ жалпы және әкімшілік шығыстарына 70000 821 920
-- сату (өткізу) бойынша шығыстарына (жабдықтау және өткізу бөлімшелері үшін орындалған жұмыстар)
-- негізгі өндіріс цехтарына
-- әлеуметтік салаға
-- тысқары кәсіпорындар мен ұйымдарға
30000
5800000
93800
240000
811
934
945
801
920
920
920
920
3 Бір мезгілде жөндеу бойынша орындалған жұмыстар үшін шоттар ұсынылды:
-- келісілген құнына
320000
301
701
ҚҚС сомасы (16 %) 51200 301 633
Кәсіпорынға қажет болған жағдайда және жөндеуге кеткен шығынды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты тарату үшін, субъектілер резервтік қор құруына болады.
Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:
Ққ = (V Қ)
мұндағы: V - жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;
Қ - негізгі өндірістік құралдың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік құралдың пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қорының жарақтанғандығының арсындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қоры жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сыйымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы НҚ құнын сипаттайды:
Қс = (Қө Өқ )
мұндағы: Қө - жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты бөлігінің құны, теңге.
Өқ - негізгі өндірістік құралдың орташа жылдық құны, теңге
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі құралдарды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың активтік бөлігін артыру құралдарды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны білікті қызметкерлерді пайдалану қажет.
Қазіргі өндірістік құралдардың нәтижелігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жеткізеді.
НҚ заттық мазмұны еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрыңғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.
Кәсіпорындарда өндірістік капиталдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Бұған еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын аванстау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz