Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы жалпы сипаттама
Орындаған:Алпысбай Ұ.
Тобы:1703-11-1
Қабылдаған:Таңатарқызы Г.
Шымкент 2022 ж
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихы
2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты және құрылымы
3. Орта білім беру жүйесі4. Кәсіби деңгейдің дамуы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
1. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т. б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т. б. ) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т. б. пәндер енгізілген. Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. 1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т. б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, С. Асфендияров, Т. Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков, Т. Жолдыбаев, т. б. қатысты. Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. 1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау. Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшелікгері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
2. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне іске асырылыды.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етедіМектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар) . Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" жақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп, оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды. Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге а сыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
4. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz