Қысқа мерзімді жоспарға қалыптастырушы бағалауды енгізу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Колледж атауы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Физикадан 8 сынып бойынша қысқа мерзімді жоспарлар жинағын жасау әдісі
ОРЫНДАҒАН: Бауыржанқызы Ұлпан
ТЕКСЕРГЕН: ИВАН ИВАНОВА
Өскемен 2023 ж.
МАЗМҰНЫ
Kipicпe
Қазіргі танда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы ең өзектілігі болып отырған мәселе XXI гасырда нені оқыту керек? муғалімдер оқушыларды қалай қандай тәсілмен дайындайды? Біз өзімізге Өзгеріс не үшін қажет? Неліктен? Қалай істейміз? Одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді терендетуден, шындаудан, ізденістен, толықтырудан басталады. Жанаша білім беру багдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар. орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейін жасап келе жатқан Күнтізбелік тақырыптық жоспары ұзақ мерзімді жоспар непзп оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру денгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізn мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тон бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе улпісі. Ягни, Қысқа мерзімді жоспар жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді, белгілеу, кутілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекет, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады Сабақтың басты міндеті оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлықты дамытуга багытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады Осыган орай оку мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері, деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес непзп сұрақтарды тандайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары қандай болуы тиіс. Кез- келген адам әр түрлі саладағы іс-әрекетті түрлендірілген сипатта орындауы мақсатқа багытталган жоспардың түзілуімен жүреді. Жоспар конструктивті мақсат пен міндеттерді көздейді. Онын жузеге асырылуына ықпал ететін құрал ретінде интеллектуалды және еңбек ресурстары анықталады Іс- әрекеттің жүру барысы мен оның нәтижесінде мақсаттың баянды орындалуы жаңа сипаттагы материалды өнім алу немесе рухани танымдық сәттерге ие болуды мензейді. Олай болса, дәстүрлі және қазіргі педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту әдістемесінің заңдылықтарын ашу мен жасау аясында білім беру мазмұнын оқу пәндері бойынша білім алушыларды үйретуге бағытталған дәстүрлі және қазіргі оқыту әдістемесінің жоспарлы мазмұнын пән мұғалімдерінің тәжірибесіне үздіксіз жетілдіріп ұсынуда. Соның бір үлгісі, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту әдістемесі қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспары) болып табылады. Міне, біздің зерттеу жұмысымыз осы қысқа мерзімді жоспарда анықталған тұжырымдамалық және әдістемелік бөлім элементтерінің қисынды, бірізді, жуйелі және пән мугалімдеріне қолайлы, тиімді түзілуіне әдіснамалық талдау жасап көруді орынды көрдік. Дидактикада мақсат бірнеше бағытта сипат алады. Солардың бірі қоғамдық, мемлекеттік, педагогикалық, білім беру мазмұны, танымдық және тұлғалық Дәстүрлі оқытудың сабақ мақсатында алғашқы төрт түрі кеңінен орын алып келсе, жаңартылған педагогикалық процестің оқу үдерісінде сабақ мақсатында жетекші орын алатын танымдық және тұлғалық мақсат болып көзделуде. Осыған қарамастан аталған соңғы мақсаттардың өзінде мемлекет тарапынан қатаң түрде пәннің оку багдарламасында жүйелі мақсат түзіп, оқушылардың қандай танымдық және тұлғалық қасиеттерін дамыту керектен нускаулыкпен көздеп отыр.
Дидактикада максат бірнеше бағытта сипат алады. Солардың бірі қоғамдық, мемлекеттік педагогикалық білім беру мазмұны, танымдық және тұлғалық. Дәстүрлі оқытудың сабақ мақсатында алғашқы төрт түрі кеңінен орын алып келсе, жаңартылған педагогикалық процестің оқу үдерісінде сабақ мақсатында жетекші орын алатын танымдық және тұлғалық мақсат болып көзделуде. Осыған қарамастан аталган соңғы мақсаттардың өзінде мемлекет тарапынан қатаң түрде пәннің оқу багдарламасында жүйелі мақсат түзіп, оқушылардың қандай танымдық және тұлғалық қасиеттерін дамыту керектігін нұсқаулықпен көздеп отыр. Осы арада мемлекет жүктеуі мен оқушының өз еркімен даму арасында қайшылықтың қалыпасуына алып келеді. Мемлекет тарапынан білім беру мазмұнын ездері анықтап, оны жүзеге асыруға бағытталған оқыту процесінде білім берудің жаңа тұрғыларын, сонын ішінде іс-әрекеттік және тұлғалық бағдарлы білім беру моделдерінің тәжірибелерін мугалімдерге ұсынып отыр. Бұл білім беру тұрғылары жалпы орта мектептің білім беру стандарты мен жаңартылған білім беру мазмұнын білім алушыларға үйрету әдістемесінде анықтапған. Олай болса, тұлғалық бағдарлы тұрғыда білім беру моделінің басты идеясы мен принциптерінің жаңартылған білім беру мазмұнында жүзеге аспауы білім беру мазмұнының игеруіне кедергі болуы ықтимал. Tiл және оның сапалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіп білімі бар да, оны тілді шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар Алдындагы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялык лингвистика сонғысы тарихи тіл білімі.
Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны тілді шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар. Алдындағы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялық пингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады. Жеке бір тілдің жүйесімен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар деп, ғылым ретінде тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі туралы немесе оның дамуының жалпы зандары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жапкы жеке, нақты тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екуінің жалпы т. б мен т. б арасында өзара байланыс пен қарым қатнас әрқашан сақталады. Tiл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, оларды тілдерді ғылыми тұрғыдан зертеудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Және осылардың бәрән жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулар мен корытындылар жасайды. Тіл білімінің жалпы теориялық санасы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдеттебір ғана тілдін емес, көптеген тілдердің деректердің, олардың ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін сүйеніш етеді Осылардың барлығын жинақтай отырып, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.
Қысқа мерзімді жоспар әзірлеудегі мақсаты:
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған орта мерзімді жоспар бойынша мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын дайындайды. Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі міндеттерді басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу қажет;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, «Физика» пәні бойынша 8 - сыныптағы оқу мақсаттарының бірі: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз бола алады, ал олардағы сабақ мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз. Бұл:
- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;
- сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
- оқуды бағалауды жеңілдетуге;
- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Сабақты жоспарлау
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен уәждеріне, мүдделері мен дағдыларына, оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмейтін. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.
Мысал ретінде деректердің резервтік көшірмелерін құру, дискіні дефрагментациялау және тазарту оқу мақсатына байланысты мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын әзірлей алады:
- Сабақтың басында «Дискіде орын жеткіліксіз, ақпаратты қалай сақтаймыз?» сұрағы арқылы проблемалық жағдаят туындату;
- Оқушыларды шағын топтарға біріктіріп, проблемалық жағдаяттан шығу жолдарының алгоритмдерін ұсынуын ұйымдастыру;
- Оқушыларға рөлдік ойын шешімдерін көрсетуді ұсыну, т. б.
Оқыту барысында төмендегідей бірқатар мәселелерді ескерген жөн:
- Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармаңыз.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
- Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болуы мүмкін.
Сабақ жоспарында мұғалім:
- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз) ;
- оқушылардың орындауы үшін логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуы;
- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.
ХХІ ғасырдың оқушылары алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Осы дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалімдерде жұмыстарына уақыт бөле білулері керек, тек бұл ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы - қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруына мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс. Осындай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдер оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратындай тиімді сабақ өткізулері керек. Ол үшін ең алдымен мектеп ұстаздарының шеберліктерін шыңдау жолында иновациялық шығармашылық жұмыстар жүргізуге дағдыландыру керек екені анық. Сондай дағдыны оқушының бойынан көру үшін және оқушы жетістігін ары қарай өрістету үшін, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да білімге жаңаша көзқараспен қарайтын кез келді . Себебі күннен -күнге жаңалыққа, ақпаратқа толы заманда, өскелең ұрпаққа білім берудің басқаша әдіс-тәсілдері қажеттілік етті. Дәстүрлі сабақ жүргізу қазіргі балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын төмендетіп отыр.
Қазіргі таңда бала өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім оқушының білім алуға деген құштарлығын оятуы тиіс. Сондықтан мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту үшін мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше өтуі- жаңартылған бағдарлама бойынша жоспар құруынан басталады. Бағдарламаның өзі ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарды қарастырады. Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру керек. Сыныпта оқушының оқуына бағытталған оқу ортасын құруды жоспарламас бұрын мұғалімдер бағдарлама аясында төмендегі сұрақтар төңірегінде ойлануы тиіс
• Балалар қалай оқиды?
• Нені оқыту керек?
• Оқушылар не қалайды?
• 7 модульді ықпалдастыру не береді?
Оқу ортасын ұйымдастыра және олардың оқуында ілгерлеуді қамтамасыз ете білу қажет. Қысқа мерзімді жоспар SMART мақсатты нақты қоя білуден басталады. Мақсат - нақтылық, өлшенетіндей, қолжетімді, шынайы, уақытқа негізделген болуы қажет. Мақсат қойылса бір сабақта сол мақсатқа жететіндей болуға негізделуі тиіс. Бір мақсаттан, бір нәтиже көретіндей болуы керек. Қандай мақсат алсақ та қолжетімді болуы шарт, сабақ жоспарында мақсаттың нәтижесін көру үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет. Жоспарды құру кезінде мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша ойлануы керек:
- Оқушы осы сабақта нені білуі қажет?
- Оқушы не істейді?
-Яғни, жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар орындаған кезде оқушылардан сіз не күтесіз.
-Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша қандай тапсырмалар бересіз?
- Берілген тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай ма?
- Нәтижесінде оқушы не білді, алған ілгерлеу болды ма?
Қандай тапсырма болса да оқушыға бағытталуы керек. Әр тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс орната білуі тиіс. Кері байланыс ұстаз бен оқушының арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты талдаудың, бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып табылады. Ал, сабақ барысында мұғалімнің рөлі қандай болуы тиіс:
Бірінші кезекте сіз бағыт берушісіз, себебі оқушылар тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіргенде нұсқау бересіз. Оқушылар тапсырма орындап жатқан кезде, сіз үнемі оларды бағыттап отыруға тырысасыз.
Екіншіден бақылаушы, бағалаушысыз . Бақылаушы болғанда оқушының оқуы туралы дерек жинайсыз, қадағалайсыз, ал бағалаушы рөлінде болғанда қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жүргізесіз.
Үшіншіден мұғалім қолдаушы болуы тиіс, мысалы сіз оқушы тапсырманы орындаған сайын қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол ынталанады.
Сабақтың соңында мұғалім өзіне рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстарын қалай жоюға болатыны туралы келесі сабаққа ойластырып келеді. Сонымен қатар әрбір ұстаздың басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда шәкіртінің өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына бағытталуы тиіс. Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҚҰРУДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Қысқа мерзімді жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:
- Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушының мақсатқа жетуіне жетелей ме?
- Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
- Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?
- Қысқа мерзімді жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?
- Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:
- Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?
- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?
- Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа қандай әдістер қолдануым керек еді?
- Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz