Азматтың құқықтық қабілеттері



І. Кіріспе
Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай.ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері . ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам . құқық субъектісі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Азматтың құқықтық қабілеттері

І. Кіріспе

Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің
қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық
тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте
ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін
жадымыздан шығара алмаймыз.

Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін құқық
субъектілері деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан
алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық
өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға
болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен
адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.

ІІ. Негізгі бөлім

Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі.

Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан
Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және
азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің
құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың
құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы
ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан
Республикасының азаматтарына беріледі.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда
қабылданған Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы Заң күші бар
Жарлығының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар
шетел азаматтары болып саналады. Қазақстан Республикасындағы олардың
азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан
Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында
қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-
бабының 11-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып
саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар
азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі. Егер заң құжаттарында көзделмесе,
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде
азаматтық құқықты пайдаланады.

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық
азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң
мен сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституцияның аталған
тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және
біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы құқық
қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған.
Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік
құқық шеңберәіне жекеленген азматтарға берілетін міндеттілік теңдікті
корсетіле қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген
құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі
деген заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге
субъективтік құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек.
Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес
оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында
былай деп жазылған: Заң құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша
болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге
болмайды. Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу
азаматтың қылмыс жасау негізінде сот укімі алынған шара бойынша шектелуі
мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды. Қазіргі
қылмыстық заңдаазаматтың құқықғын айыру мына жағдайларға:

1. Белгілі бір дауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.)

2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп тұруға (жер аударумен шектелу)

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша
сипатта болады. Сонымен катар, құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық
басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.
Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.

Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз, нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру белгіленген
мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мумкін. Мысалы, қылмыс
жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа,
автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы
жойылады. Алайда, заңдық жауакершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина
алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.

Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісін өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
мұра қысқарады, ішінара мұрагерге көшеді. Өлім – бірқатар құқықтық салдар
тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған
азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың
денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз
әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі
үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып
табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық
қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге
келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет
қабілеттілігі үшін оның өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортақ меншік құқығы жайында
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі
Мемлекеттің функциясы
Халықты жұмыспен қамту туралы мәліметтер
Сайлау алдындағы үгіт
Мемлекет жайлы
Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша меншік түрлері
ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысының және оған қарсы орын алған наразылықтарды бүгінгі күннің талабына сай зерделеу
Пәндер