Сақ ескерткіші


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

d:\Downloads\WhatsApp Image 2022-09-20 at 22.07.24.jpeg

БӨЖ

Тақырыбы: Сақ ескерткіші. Тасмола мәдениеті

Орындаған: Әмірхан Алуа

Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа

Мамандық: 6В02336 - Қазақ Филологиясы

Тобы: ФҚФ - 211

Түркістан, 2022

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Тасмола мәдениеті

2. Тасмола ескерткіштері

3. Мұртты обалар

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Сақтар Ұлы Даланың алғашқы көшпенді тайпалары еді. Мен сақтарды әлем тарихында терең із қалдырған, ежелгі дүниеге кеңінен әйгілі болған халық деп санаймын. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениеті мен мәдениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Қазіргі бай мәдениетіміздің негізін қалаған әрі оны қолмен жасай білген сақ тайпаларын кеңінен зерттеуіміз қажет. Сақ тайпаларының мәдени ошақтары Қазақстан жерінің барлық аймақтарында қалыптасқан. Сақтардың материалдық мәдениетінің көптеген элементтері қазіргі халықтардың игілігіне айналды. Оларға тұрмыстық қажеттілікті өтеу керек болды. Мені қызықтырған тақырыпта осы болатын. Қазақта «Тарихты білу өзіңді білуден басталады» деген сөз бар. Болашағымызды тарихсыз елестету мүмкін емес. Тарих өткенді дұрыс бағалай отырып, өткеннен сабақ алу болса, сол өткен тарихи оқиғалардың маңыздыларының бірі Сақтардың көне ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көне ескерткіштерін нақты анықтау үшін ең алдымен сол кезеңге сәйкес келетін жазбаша материалдар мен кейіннен жүргізілген тарихи - археологиялық қазба жұмыстарын көруге болады. Сақтардың көне ескерткіштері әлемдік тарихи аренада белгілі орын алады, соның ішінде Қазақстан территориясында табылған археологиялық ескерткіштердің алар орны ерекше маңызға ие. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т. б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы (Алтын адам) Бесшатыр мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Ұйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т. б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Міне, осы жұмыстың маңыздылығы Тасмола ескерткіштерін сараптай отыра талдау болып саналады. Әрбір өскелең ұрпақ өзінің тарихи сауаттылығын және белсенділігін арттыру керек деп санаймын.

Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 жылы белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орталық Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды. Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 - 1959 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Әлкей Марғұлан мен оның шәкірті М. Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Тоағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. 1994 жылы М. Хабдулина Солтүстік Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өзенінің бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, Ұлыбай - Тасмола мәдениетін ашты және оның үлкен Тасмола мәдениетінің солтүстік өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқа археологиялық экспедициясының далалық зерттеулері барысында Қарқаралы өңірінен ерте темір дәуірінің Едірей, Керегетас, Қызылсүйір сияқты жалпы саны 20 - дан астам қоныстың, сондай - ақ Есіл археологиялық экспедициясының тарапынан Сілеті өзенінің маңындағы Тасқора №1, №2 қоныстары ашылды. Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, «мұртты обалар», қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарға байланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымға жаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетін сипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180 - ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін - бірі алмастыратын үш хронологиялық сатылардан тұрады. Бірінші сатыға б. з. б 7 - 6 ғасырлар аралығы, екінші сатыға б. з. б 5 - 4 ғасырлар аралығы және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін үшінші сатыға б. з. б 3 - 1 ғасырлар аралығы кіреді. Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір - біріне өте жақын болғандықтан бұларды бір Тасмола кезеңіне біріктіреді. Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын «мұртты обалар» жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған. Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни оңтүстік - шығыс жақтарында орналасатыны байқалады. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай - ақ бүйірі дөңгелеген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі «маржандармен» шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтандығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетикалық жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдарының арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал шаруашылығымен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мысалы, алтын т. б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солтүстік Балқаш өңірінде, Нұра өзенінің жоғарғы алабында, т. б. аумақтарда белгілі. Солтүстік Балқаш өңірінде, Абыралы - Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғары бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару - жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар б. з. б 7 - 6 ғасырдың өзінде - ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда Беғазы - Дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. «Хайуанаттық нақышта» дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның «алдыбел» ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлек әдістерімен көркемделген. Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал шаруашылығы болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келеді. Мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері осының алдындағы Беғазы - Дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді. Археологиялық зерттеулер барысында алынған деректер бойынша сыртқы әсерлердің яғни, Қытай, Иран, Грекия сияқты елдерден келген мәдени ағымдардардың барынша аз, мәдени келбетінің неғұрлым төлтума сипатта болуы Тасмола мәдениетінің басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Ғылыми пікірлерге сәйкес, Қазақтың қатпарлы таулары толығымен Қазақстанның өз ішінде, сыртқы көршілермен жапсарлас шекаралық өлкелерден тыс жатқан далалық географиялық аймақ болғандықтан, бұл аумақтың мәдениеті ең алдымен жергілікті алғышарттар негізінде өмір сүрген. Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен байланыстырады, сонымен бірге, оны байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар бар. Еуразияның басқадай скиф - сақ мәдениеттерінде ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып саналатын «мұртты обалар» семантикалық тұрғыдан ортағасырлық түркілердің тас балбалдар қатары шығысқа тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама ұқсас.

Тасмола ескерткішіндегі «мұртты обалар»

Ескерткіштердің екінші түрі - бұл «мұртты» обалар. Олар жерлеу орталығынан тыс, яғни діни - ғұрыптық нысаны ретінде қарастырылады. Ә. Марғұланның пікірінше «мұртты» обалар ас беру немесе еске алу орындарында тұрғызылған ғұрыптық - құрылымдар. Зерттеуші Ә. Оразбаевтың айтуынша, «мұртты» обалар кешені жылқыны құрбандыққа шалу ғұрпы мен күнге табыну наным - сенімдеріне байланысты. Тасмола мәдениетін алғаш ашқан М. Қ. Қадырбаев 1950 - 1960 жылдары тас тізбекті обалардың ерекшелігіне қатысты басты мәселелерді зерттеді. Қадырбаевтың пікірінше, «мұртты» обалар кешенінің шығыс құрылымдары тек ғұрыпты сипатта болса, тұтас алып қарағанда, үлкен обада тайпаның беделді кісілері, рубасылары, көсемдері жерленген. «Мұртты» обалардың түрлері көп, бірақ олардың барлығы дерлік біртұтас кешенге кіреді. Үйілген топырақ астында өлікті жерлеу үшін қазылған терең сопақша шұңқыры бар үлкен оба оның негізін құрайды. Үлкен үйіндіге жақын, әдетте шығыс жағынан, кіші оба салынатын болған. Оның астына, сол заманғы жердің бетіне жанына қыш ыдыс қойылып, ат жерленген, шығысқа қаратылып, доға тәрізіді тас тізбектер қаланған. Жалпы алғанда «Мұртты» обалардың көп мәселелері барынша терең зерттеуді қажет етеді. Ескерткіштердің төртінші мен бесінші түрін металл өңдіру орындары мен петроглифтер құрайды. Ерте темір дәуірінде аймақ тұрғындары қола заманның байырғы мыс, алтын тағы басқа металдарын өңдіру орындарын пайдаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтардың ескерткіштері. Тасмола мәдениеті, Бесшатыр обасы, Есік қорғаны
Алтын адам батыс Қазақстанның мәдени ескерткіші
Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі
Баянжүрек тауының археологиялық ескерткіштері
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
Қарахан кесенесі
Ежелгі түрік мәдениеті: Орхон, Енесей жазбалары
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Алтын адамға тереңірек үңілсек.
Түркі Ренессансы және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz