Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы


Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі
«Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Тақырыбы: «Латын әліпбиіне көшу бізге не береді . . . ?»
Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Мамзина Айлана
7-сынып
Жетекшісі: Махыметова Жадыра Асылбекқызы
Красный Яр ауылы №2 ЖОББМ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2023 жыл
МАЗМҰНЫ
Аннотация . . .
І. Кіріспе . . .
1. 1. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
ІІ. Зерттеу бөлімі . . .
2. 1. Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі және қиындықтары
2. 2. Латын әліпбиіне көшудегі ұсыныстар мен нәтижелер
Қосымша . . .
ІІІ. Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Красный Яр ауылы №2 ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы
Мамзина Айлананың
«Латын әліпбиіне көшу бізге не береді . . . ?» атты ғылыми жобасына
аннотация
Латын әліпбиіне көшу бүгінгі күнде өте өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. Заман тәжірибесі әлемдік ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы ретінде латын жазуын көрсетіп отыр. Әлемдік ақпарат кеңістігіне жолын тауып ене алмай қалған елдердің даму қарқыны, сөз жоқ, бәсең болып қалмақшы. Жазуын сақтап отырған қытай мен жапонды алсақ, олардың да ғылыми-өндірістік үрдісі сол латын негізінде дамып отыр. Ендеше, Мамзина Айлананың көтеріп отырған тақырыбы өте өзекті. Өйткені ұлт болып қалу үшін, ең басты қозғалтқыш күш, ол, әрине - тіл. Ал бүгінгі күнде тілдің жазбаша реформасы ол - уақыттың талабы.
Зерттеуші оқушы өзінің ғылыми жобасында латын ғарпіне көшудің басты қағидалары мен тиімділігін, кездесетін қиындықтарын талқылай отырып, өз тарапынан ұсыныстарын да беріп өтеді. Белгілі ғалымдардың пікірлерін саралай келе өз тұжырымын, өзіндік ойын тарқатады.
Жалпы ғылыми жобада латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихына тоқталып, даму жолдарын айта отырып, қазіргі жағдайда оның алатын орынын атап көрсетеді.
Жазу реформасының тек әліпби ауыстыру төңірегінде қалдырмау керектігін талқылып, мысалдар келтіре білген, өз ортасында эксперимент жүргізген. Зерттеу нысаны етіп алған тақырыбын аша білген Айлана осы бағытта әлі де болса ізденіс жұмыстарын жалғастыратынына кәміл сеніміз. Өйткені оқушының алған бастамасы өте жақсы.
І. Кіріспе
1. 1. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы.
Қазақ тілінің жетілуі заман талабаны сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасырларда араб жазуын пайдаланды. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Қазақ тіліне, нақтырақ айтқанда орфографиясына араб жазуының кемшіліктері байқала бастап, қазақ жазуын орыс (киррилица) графикасына көшіру идеясын қызу талқыланды.
Жаңалық та болмас, құпия деп те айта алмаймыз, алфавит қай уақытта да дінмен бірге қабылданды. Мысалы, Батыс Еуропа латын алфавитін латын шіркеуі, орыстар грек алфавитін славян шіркеуі арқылы қабылдаған. Татарлар да өзге мұсылман елдері тәрізді араб жазуына ислам дінінің таралуына байланысты көшкен. Ал түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың алфавиті 20-шы жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген алфавит болды.
Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Латын графикасы негізіндегі алфавит сауатсыздықты жоюға негіз болды. Осындай жетістіктер жағы болса да, латын графикасы негізіндегі алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөздер мен терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты қолайсыз жағдайларға ұшыратты.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі - Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама. 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А. Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. А. Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы ресми түрде 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш құрылтайында қабылданады. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақ халқы да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады, яғни ескі қазақ жазба тіліне түбегейлі реформа жасайды. Алдымен, А. Байтұрсынұлы араб әліпбиін пайдалана отырып, халық тілінің 9 дауысты (а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е) және 19 дауыссыздан (б-п, г-к, д-т, ғ-қ, ж-ш, з-с, й, л, м, н, ң, р, у) тұратын дыбыс жүйесін негізге алып қазақ әліпбиін түзеді. Ұлы ағартушы ғалым ұсынған бұл жазба тіл нормасы бірыңғай халықтық тілдің сөз, грамматика, дыбыс жүйесіне сүйенді, соларды таяныш етті және де бұл жазба тілде қалың жұртшылыққа түсініксіз араб, парсы элементтерінің қолданылуы шектеулі болды. Халықтық тілдің сөз үлгілерін жазба тілде бірізді қолданудың жүйесін жасады. Сөйтіп, тіліміздің заңдастырылған жазу нормаларын негіздеп берді. Әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұсынған болатын:
1) араб алфавитіндегі жуан дыбыстарының таңбаларын алмау;
2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әр қайсысына таңба
белгілеу.
3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздің жіңішкелігін білдіру үшін сөздің алдына дәйекше қою. Менің ойымша, бұлайша түзілген алфавиттің дыбыс жүйесі сауат ашудың әдісіне сай келетін сияқты. Осылайша өмірге келген А. Байтұрсынұлының ұсынған жазу жүйесі жалпақ жұртшылықтың ықыласына бөленді. Себебі ұлы ағартушының еңбегі қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Ден қойған адам оны бір екі ай ішінде үйреніп алатындай 24 әріптен тұратын жүйесі ұғыма жеңіл, емлесі оңай болды. Сондықтан да жұртшылық қауым бұл жазуды бұрынғы жазудан бөлектеп, «Төте жазу», «Төте оқу» деп атады. А. Байтұрсынұлының төте жазуын тек қазақ зиялылары ғана емес, сонымен бірге әлемдік тіл ғылымының (лингвистиканың) көрнекті өкілдерінің бірі Е. Д. Поливанов, фонетика зерттеушісі Н. А. Яковлев т. б арнайы тексере келіп, аса жоғары бағалады. Алайда, жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай, небәрі 24 әріптен тұратын, ұлы реформатор, ағартушы А. Байтұрсынұлы зерттеген бұл әліпбидің ғұмыры ұзаққа бармады. Өйткен себебі, 1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына негізделген, 29 әріптен тұратын жазуға көшті [1, 7 б] . Қазіргі таңда шет елдерде милионнан астам қандастарымыз осы төте жазуды қолданып келеді екен. Онда төте жазумен оқулықтар, оқу құралдары, газет журналдар, әр түрлі кітаптар шығарылады.
1937-38 жылдардағы қуғын-сүргіннен кейін латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 1940 жылдан бастап түркі халықтары, оның ішінде қазақтар да орыс графикасына «халықтардың тілегі бойынша» - деген сылтаумен көшірілді. Менің ойымша, осы теріс саясаттың салдарынан өз ана тіліміздің болашағы бұлыңғыр болып, Ахмет Байтұрсынов сынды ағартушыларымыз болмағанда, мүлде құрдымға кетер ме деп ойлаймын. Голощекиннің Сталинге жазған хатында « . . . қазақ алфавитін сан мәрте өзгерете беруіміз қажет. Кейін өсіп келе жатқан ұрпақтар өз ана тілінің тарихын, жазылуын, оқылуын ұмытады. Солай олар бізге тәуелді болады» - деген екен. Осындай тарихи деректер арқылы қисық саясаттың салдары тұтастай ұлтты өшіргілері келгені айдан анық. Сол заманның дәуірі басқа болған жағдайда, өз төл әліпбиіміз жазылып, қабылданғанда мүмкін қазір тіліміз шұбарланбас па еді?
Латын графикасына көшу мәселесі Қазақстанда 1991 жылдан қайта көтерілді. Ол академик Ә. Қайдаровтың президентке жазған үндеуінен басталады. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат берген академик, қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын ұлттық құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу керектігін сөз еткен болатын [2. 36-45 б] .
2. 1. Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен қиындықтары
Жалпы қауым арасында ғалымдар, әдебиетшілер, қарапайым тұрғындар болсын, бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр. Демек қазақ тілінің әліпбиінің тамыры тым терең жатқаны белгілі.
Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?, Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі - әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын ғарпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.
Бүгінгі кирил әліпбиіне негізделген жазуымыздың жаңсақ тұстарын әліпби ауыстыру арқылы реттеп аламыз ба деген үмітпен қарап отырмыз. Өйткені бүгінгі кирил әліпбиіміз қазақтың әліпбиі емес, «орыс-қазақ» әліпбиі.
Қазіргі қолданыстағы кириллица - қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат - алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.
«Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» - деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Бүгінде сол орыс тілді билік және орыс тілді фонетистеріміз латын ғарпін «орыс-қазақ» әліпби үлгісімен көше салу ұсыныстарын айтып отыр. Ал жанашыр тіл мамандары, ғалымдары қазақ тілінің ішкі заңдылықтарынан туындайтын «Ұлттық әліпби» ұсынып отыр.
Латын әліпбиіне көшудің басты ұстанымы:
- қазіргі қолданып жүрген алфавиттен төл дыбыстарымыздың басын аршып алу керек;
- әліпби қазақ сөзінің үндесім әуезін бұзбайтындай болу керек;
- осы екі мақсатқа лайық «төл дыбыс - төл әліпбидің» емле-ережесі дайындалу керек: бір дыбыс - бір таңба.
Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды. Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды.
Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және зорлық-зомбылықпен байланыстырылады.
Қазіргі сөз болып жатқан қазақ алфавитінің кириллицадан латын әліпбиіне ауыстыру мәселесін отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу деп түсінемін.
Бүгінгі күнге дейін тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің мына пікіріне құлақ салсақ: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды - деп айтты [3. 308 б] . Яғни ғалым Әлімхан Жүнісбек латын әліпбиіне көшу үшін үлкен өзгеріс қажет екенін атап өтті. Ал ендеше өткен тарихта қолданылған әліпбидің қандай қиындықтары мен қателіктері болды? Мысалы, араб графикасына негізделген әліпби жазуға қолайсыз болды. Онымен жақсылап емле түзе, баспа ісін жақсылай алмайсың, сонымен бірге оны жазу машиналарына, осы күнгі шығып жатқан компьютерлерге орнату қиын. Оларға араб әрпі ыңғайсыз. Сөз түбірі өзгермейді, егер түбірі өзгерсе, басқа сөзге айналып кетеді. Оның дыбыстары алмасып кетеді, не артып кетеді немесе түсіп қалады. Тағы бір қолайсыздық бұл - цифр жазуы. Санды үлкендете атауымызға қарағанда, жазуымыздың оңнан солға қарай жазылатын бағдарына қарағанда, сан үлкенінің цифрлары оң жақта, кішілерінің цифрлары сол жақта болуы тиіс. Ал мұнда бұлай емес.
Араб әрпін баспаға айналдыру ХVІ ғасырдың аяғында болған. Сонда арабтың 29 таңбасы 200-ден астам баспа таңбасы болып шыққан. Бұл өте үлкен көрсеткіш.
Қазіргі кезде кейбір ғалымдардың ағылшын пернетақтасындағы 26 таңбадан шықпай сол қалыпта латын ғарпін жасай салуға болады дегендер де бар. Мен бұл ұсынысқа қарсымын. Өйткені 26 таңбаға әліпбидің байланғаны дұрыс болмайды деп есептеймін, және де бұл дегеніміз 26-ға сыйғызу үшін амалсыз жасанды таңбалар алуға тура келеді. Тілді компьютерге икемдеу керек, компьютерді тілге икемдеу керек. Латын әліпбиі сауат ашуда болсын, баспа ісінде болсын араб жазуы негізіндегі әліпбиге қарағанда, әлдеқайда тиімдірек болды. Латын әліпбиіндегі әрбір әріп өзінің жеке тұрғандағы қалпын сақтайды. Бұл әліпбидің құрамында 29 әріп бар еді, олардың 9 дауысы, 20 дауыссыз болды. Бұлар байырғы сөздерді дұрыс жазуға мүмкіндік берді. Латын графикасы негізіндегі әліпби сауатсыздықты қысқа мерзімде жоюға көмектесті. Осындай жетістік жағы бола тұрса да, латын графикасы негізіндегі әліпби орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерге енген көптеген сөздер мен терминдерді дұрыс жазуға мүмкіндік бере алады. Бұл бір сөзді әр түрлі жазу, ғылыми техникалық терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты жағдайларға ұшыратты.
Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т. б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ, т. б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады [] .
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар) . Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті [4] .
Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық - жер, екіншісі - тіл, үшіншісі - мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.
Ағартушы-педагог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» деген. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің «Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады» атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр.
Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?, Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едік?
«Латын алфавитіне көшу - заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі - заман талабы. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу - тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.
Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез-келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді [5] . Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз - ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең - әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары дәрежеде игерумен байланыстыруға болады. Енді «Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, латын жазуы қазаққа бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса, жаратылыстану ғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді және бұл әліпби ақпараттық-технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Сол арқылы біз технократтық елге айналуымызға үлкен мүмкіндік бар. Неге? Өйткені латын тілі - ол ғылым тілі, жазуы. Латын әліпбиін қолдану - озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне кіру - әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz