Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберілді
ф. ғ. д., профессор:
Диплом жұмысы
Тақырыбы
Қазақ фольклорындағы синкретті өнер және ақындық- әншілік
дәстүр
Орындаған 4-курс студенті
Мергенбай А. Ж.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші
Баят Е.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы
(қолы, күні)
Көкшетау 2023
Дипломдық жұмыстың мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қазақ әдебиетіндегі сал-серілер поэзиясының тарихыСал-серілер поэзиясының зерттелуіСал-серілердің ұлттық рухани мұрасы«Сал» мен «Сері» сөздерінің айырмашылығы немесе ұқсастығы
- Қазақ мәдениеті мен өнеріндегі сал-серілер тұлғасыСал-серілердің ұлт мәдениеті мен өнеріне қосқан үлестеріАрқадағы сал-серілердің туындыларыҚазақ романындағы сал-серілер образы (Ә. Марғұланның зерттеуі бойынша)
Қорытынды (Синкретті өнер жайлы)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ұлттық əдебиет пен халықтық музыка мəдениетінің көрнекті өкілдері - сал-серілер мұрасы мен дəстүрі ерте дəуірден осы заманға дейін сақталған.
Көп уақыт дəріптеліп келген коммунистік жүйе ұлт тəуелсіздігінің, жекелеген ұлттың жойылып кету қауіпін туғызды. Уақыт өткен сайын коммунистік партия саясаты, шовинистік идеяның тар шеңберінде біртұтас мемлекеттің, ұлттың болашағы үшін күрескен қазақ қоғамындағы ірі тұлғалар есімі жалаң, жалпылама түрде айтылып келді. Ендеше ұлт тəуелсіздігі жеке тұлғаны қалыптастырған қоғамдағы тарихи шындықты, рухани сабақтастықты биік деңгейге көтерді.
Ғалым Р. Нұрғали ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің қазақ қоғамындағы рухани құндылығы, шынайлығы тұрғысында: «Саясаттан қашу, тоталитаризм құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл сөз өткізудің сан алуан тəсілін тапты: бүгінгі тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді: астарлы емеурін ой айту амалдарын меңгерді: сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді. Көкейкесті сырларды бейнелі, суретті, ишара сырлы сөзбен айта білген үздік шығармалар халық махаббатына бөленді, ұлттың рухани игілігіне айналды: еліміздің тұрмыс-салтын, тарихын, мінез-құлқын өзге жұрттарға таныстырды», - деп пайымдау жасады.
Заман талабы халықтың да санасын оятты, бүгінгі уақыт еншісінде өткенді зерделеу арқылы тарихқа, ұлттық əдебиетімізге деген жаңа көзқарастар пайда болды.
Негізгі бөлім
- Қазақ әдебиетіндегі сал-серілер поэзиясының тарихы
Қазақ халқының әдебиет тарихында сал-серілік өнердің алары орны ерекше. Сал-серілік дәстүрдің тамыры тереңде жатыр. Есіл-Көкше өңірінің бай әдебиеті, оның белгілі өкілдері жайында соңғы үш ғасыр жүзінде зерттеулер жасалды. Сал-серілік - әлемнің көптеген халықтарында өзіндік сипаттарымен көрініс тапқандығын байқаймыз. Халық ұғымындағы сал серілік кезеңнің қалыптасуы мен оның өзіндік дәстүрі жайлы біраз ғалымдар зерттеулер жүргізді. Сал және сері атауларына жекелей анықтама беріп, олардың ара-жігін ажыратып көрсеткен еңбектер мақала негізіне арқау болды
Қазақ даласының қиыр солтүстік шетін алып жатқан Есіл-Көкше аймағы - қазақтың ән және сөз өнерінде өзіндік ерекшелігі, айтулыорны бар Арқа әншілік мектебінің, оның ішінде, әсіресе, әнші ақындар шығармашылығының айқын қалыптасып, айрықша дамыған өңірі болып табылады. Аталған өлке әдебиеті туралы айтқанда, ең алдымен, әнші ақындар немесе сал- серілер поэзиясы, олардың әуелете шырқап салатын асқақ әндері ойға
оралатыны тегін болмаса керек-ті.
Салсерілік дәстүрдің тамыры тым тереңде жатыр. Қазақ халқының тайпалық, рулық құрылысты бастан өткерген ежелгі дәуірді айтпағанда, Қазақ хандығы құрылғаннан бергі кезеңде арғысы Қожаберген Толыбайсыншыұлы, Сегіз сері, Дәстем сал, Нияз серілерден бастау алатын осы бір бекзат өнер Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар тұсында шырқау шыңына шықты десек артық айтпағандық болар еді. Үкілі Ыбырайдың шәкірті Әміре Сұлтанмұратұлы, Мұса Асайынов, Молдахмет Тырбиев, Қалия Жұбандықовтар - Арқа сал-серілік өнерінің соңғы жалғастырушылары болғаны анық. Өнері, дарыны ұстаздарынан кем соқпағанымен, өмір сүрген заманы, ортасы олардың кең көсіліп, сал-серілік құруға мүмкіндік бермегені рас. Дегенмен, аты аталған дарын иелер - алдыңғы буын ағалары салған ізгі дәстүрді қазіргі заманға табыстап кеткен жалғастырушылық сипаттары арқылы ұлт мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып кетті. Сал-серілердің басты сипаттары, әдет-қылықтары, олардан қалған салт-жоралғылар, ән шырқау мақамдары мен ауызша, жазбаша жеке шығармалары және т. б. туралы деректерді жадында сақтап, дыбыс
құралдарына, басылымдарға жаздыртуы, осы арқылы ертеде өмір сүрген ақын композиторлардың туындылары қазіргі күні кең қолданыста болуы - бұл санаттағы ақындардың ұлттық құндылықтарды жеткізу, сақтаудағы ерен еңбегі. Біз бұл ақындарды салсерілік дәстүрдің қазақ мәдениетіндегі соңғы көрініс тапқан өкілдері ретінде қарастыра отырып, салдық және серілік мектебі, олардың лексикалық мән мағынасы, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталғанды жөн санаймыз. Салдық пен серіліктің дәл қашан пайда болғандығы туралы деректер тым аз екендігі зерттеу барысында айқын аңғарылды. Осы тұрғыда біршама зерттеу жүргізген ғалым - академик Әлкей Марғұлан. Ғалым былай дейді: « . . . Бірақ, бір өкінішті жері, сал мен серінің қашан шығып, қалай өркендегенін айтып берген бір ауыз сөз әдебиетте кездеспейді. Ол туралы қысқа-қысқа жазып алған хабарлар бір ғана Ә. Ә. Диваев пен А. Н. Добромысловте жолығады»
Салсерілік - әлемнің көптеген халықтарында өзіндік сипаттарымен көрініс тапқандығын байқаймыз. Еуропалық ғалымдардың, атап айтқанда Рене Генон, Герман Вирт, Мирча Элиаделердің зерттеуінше, сал-серілік (еуропалық ұғымда «рыцарь») ерте феодалдық кезеңдердегі сан түрлі шайқастарда ерлік көрсеткен ержүрек жауынгерлер заманынан жеткен. Майданда асқан ерлік көрсеткен серілерді халық құрметтеген. Олардың маңында топтасқан ержүрек нөкерлеріне қоса, түрлі ойындар көрсетіп, халықты таң қалдыратын ойынпаздар жүрген.
- Сал-серілер поэзиясының зерттелуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz