Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік


Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік . адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры . Йозеф Алоиз Шумпетер (1883.1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу . басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер . алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767.1832ж) былай деген: «Кәсіпкер . адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес . табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) . новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол . өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз . адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той.думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес . бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік . бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара.пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
. жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 25 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның
ұйымдық нысандары.

1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді.
Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: Кәсіпкер болу – басқаның істегенің
істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж)
былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен
баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік
(предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш.
Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен,
коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да
экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады.
Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік
қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестігі
жайлы және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

3
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және
біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын
мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты
жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына
негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады:
таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес
шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма
ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы
бар: фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен
өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін
процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында
кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда:
ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық
және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар
мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте).
Кесте – 1.
Кәсіпкерліктің Артықшылығы Олқылығы
түрлері
Бір тұлғалы Ұйымдастырудағы Капиталды көптеп
жекелеген қарапайымдылығы; қызмет тартудағы қиындықтары;
кәсіпорындар жасаудың толық еркіндігі; болған зардаптарға
нарықтық саладағы жауапкершіліктің
мінез-құлқының икемділігі; шексіздігі; барлық
қызметінің құпиялығын сақтау ұйымдық және
мүмкіндігі; барлық табыс басқарушылық
табудағы максимальды мүдделігі іс-әрекеттің
біріктірулігі
қажеттілігі.
Серіктестіктер Басқару бойынша міндеттерді Әріптестердің өзара
бөлу; қаржы тартудағы үлкен өнімсіздігінің
мүмкіндіктер; еркін және ықтималдылығы;
оперативтік іс-әрекеттің сенімсіздік арқасындағы
әріптестермен келісу кезіндегі әлеуметтік-психологиялы
шектеулілігі. қ комфортсыздық;
Әріптестердің өзара
келіспеушілігінің
арқасындағы бұл түрдің
тұрақсыздығы.
Акционерлік Қосымша капиталды тезірек және Басқарудың тым
қоғамдар кеңірек тарту мүмкіндігі; күрделілігі және оның
корпорация қызметі әртүрлі салаоперативтілігінің
шеңберіндегі капитал төменділігі;
қозғалысының еркіндігі; акционерлердің
акционерлердің шектеулі басқаруға қатысуы мен
жауапкершілігі. бақылау деңгейінің
жоғары еместігі; кәсіби
құпияның ашылу
мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі
мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің
негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді
шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, Шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы республика заңдарына
кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде
болу мүмкіндігі айқындалған.

2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай
классификациялау.

Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған
әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша
классификациялау қажет (2-кесте).

5
Кесте – 2.
Ұйымдық-құқықтық Шаруашылық сипатынаСалалық қызметінеМеншік нысаны
нысаны бойынша қарай қарай бойынша
Картелдер, Өндірістік, Өнеркәсіп, Мемлекеттік,
Синдикаттар Саудалық, Ауыл шаруашылығы,Қазыналық,
(консорциумдар), Делдалдық, Сауда, Ұжымдық,
Трестер, Банктік, Байланыс, Жалгерлік,
Концерндер, Сақтандырушылық Көлік Кооперативтік,
Концерн-конгломераИнвестициялық, Қаржы, Акционерлік,
ттар, Инновациялық, Несиелік, Жекелеген,
Холдинг-компаниялаИнжирингтік, Мәдениет, Аралас
р, Венчурлік Өнер, (біріккен),
Акционерлік (тәуекелділік), Білім, Мемлекеттік
қоғамдар Консалтингтік, Ғылым, Денсаулық кооператив-
(корпорациялар), Аудиторлық, сақтау, тікпен бірге,
Кооперативтер, Трастолық. Тұрғын үй Ұжымдық жекемен
Серіктестіктер. шаруашылығы. бірге,
Мемлекет аралық
(біріккен
кәсіпорын)

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде
олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды
бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер
құрылады.

6
2. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік.

2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық,
құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.
Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және
әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге
асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында
мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген
өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары
арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
- өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті
тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
- алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс
іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды
әлеуметтік дамытуға жұмсалады.
Монополды мемлекет экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет құқығы
тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен
айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке
мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тинақтай етіп, ҒТП
талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай
жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі –
кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде шағын,
орта және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да
бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке
қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық
мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады.
Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам,
холдингтер және мемлекеттік кәсіпкрліктерді айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950ж)
ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа
игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге,
затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар
көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген
шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі – мемлекеттік меншікті
мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық
7
экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін
кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред
Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – өндіріс пен
кәсіпкерліктің еркіндігі. А.Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық
процесті жеделдетуші.
Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына
түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі
қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ
экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни, ұжымдық
кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар мен осы
тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешенді және көп деңгейлі
сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін
экономикалық базис болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа
индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік
ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің
дамуына ерекше назар аударылады. Оның ролі әлеуметтік ахуалды жақсартуда
жетекші орын алды. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз
ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан
аталған мәселеге толық талдау керек.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті өсу
үстіндегі бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, шағын бизнес – бұл
өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала
алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел
шешіп айналысуы қажет.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен
капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық
тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы
реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық
8
саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең
инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың
жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл
өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық
қызметіеің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар
мен үлкен салықтардың астында қалды.
Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке
ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі
компаиялардың айбынының артуы ғылыми техникалық революцияның болуымен,
шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа
өнімдердің көптеген түолерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта
компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы орын
үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі
қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын
фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық жұмыстарға шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа
өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші
жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар
(жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан
көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100
адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания Apple жеке
компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін олар негізгі
өндірушілердің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды
кеңейтуде айтарлықтай ролі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс
орындарының 60%-ы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-
ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар,
экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы
жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын
құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері
тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бищнестің болуы және де ірі компаниялардың
(монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін
мыңдаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндер мен
келіісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар
маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалрдың кейбір ірі
монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап
көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі
компаниялармен келісім арақатынастары арқасында жұмыс
9
істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы
монополиялармен байланысты. Ақш-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400
мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5млн адам
жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.
80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз
жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен
қамтылғандардың 32%, Италияда - 29%, Францияда - 21% құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе, ақпарат
кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтты. ҒТП негізінде іскер
қызметтер (электронды есептеуіш машинасы базасында ақпаратты өңдеу,
бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және т.б.)
спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай жинақталуын
қажет тепейді және де шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге асуы
мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында
(70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.
Демек, шағын және орта бизнестің ролі мына көрсетілген алты
қызметтерден көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюнктурасының өзгерісін икемді
сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорындарына мүмкін емес.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай биқнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай
үлес қосады. Бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия
экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде
үлкен роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық
жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс
орындарының 70-80% келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардың тең жартысы келеді. (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар,
Палароид типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын
таптырмас бөлігі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып
және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.
Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі
экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі
көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.
Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән,
бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.
Қазақстан Республикасындағы 1998жылға дейін тоқтамаған өндірістің
құлдырауы, инфляциялық процесстердің кезіндегі бағалардың өсуі,
10
тұрғындардың номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс
саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын
айтарлықтай тежеді.
Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік
саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға
болады.
70-80ж дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік бум ғалымдар мен
практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан – шағын
кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не ең
ірі компаниялардың маңынан құрылуы тиіс.
Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы онжылдықта (1990-2000ж)
олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер
саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай
прогрессивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер
– айтарлықтай ролі бар.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:
- еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
- оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру
(жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем
ақшалар);
- бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын
кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
- шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын
кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек.;
- ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан
Республикасы Президентінің Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен
мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар
туралы 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын
кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
2001ж басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың
субъектілері тіркелді, бұл елдің жұмыпен қамтылғандардың жалпы санын
 500мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер 40%-на жеткізу міндеті қойылды.

2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.

Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде
мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы
11
экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды
және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсәз етеді. Өтпелі
экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір
мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың
стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар
1985ж толық шаруашылық есепте болжы, яғни өзін-өзі басқару мен өзін-өзі
қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу
мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері берілген кәсіпорындар
қамқорлығына кірмеді.
Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына
қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік
пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ.
Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының
құрылуымен қалыптасады. ТМД және шығыс Европаның көптеген орта және ірі
кәсіпорындары жылжу үшін үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық
пен зор ішкі қарыз болды.
Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық
басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары,
құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар
енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік
кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және
қабілетсіз деп бөлді.

2.3. Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау.

Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін
кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.
Экономикадағы қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің
территориясында қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны
жылдан-жылға өсуде. 2004 жылдың 1 қаңтарда тіркелген кәсіпорындардың саны
5444 болды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді.
2004жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген кәсіпорындардың ішінде:
ірі кәсіпорындар саны –191;
орта кәсіпорындар – 206;
кіші кәсіпорындар – 5147.
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта
кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.
Қазақстан Республикасы территориясында қызмет ету түрлері бойынша
кәсіпорындардың тіркелген санын 3-кестеден көруге болады.

12
Кесте – 3: Қызмет ету түрлері бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны


2002 ж 2003 ж 2004 ж
Қазақстан Республикасы 2738 3731 5444
Кіші 2505 3472 5147
Орта 163 190 206
Ірі 70 69 91
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман
өсірушілер 48 79 112
Кіші 45 75 100
Орта 3 2 10
Ірі - 2 2
Балық өсіру және балық аулау кәсібі 1 3 7
Кіші 1 3 7
Орта - - -
Ірі - - -
Тау-кен өнеркәсібі 88 97 131
Кіші 55 64 93
Орта 20 16 20
Ірі 13 17 18
Өндіру өнеркәсібі 511 674 910
Кіші 427 581 814
Орта 49 61 59
Ірі 35 32 37
Газды, суды, электроэнергияны өндіру және
бөлу (үйлестіру) 26 31 27
Кіші 17 25 22
Орта 2 5 3
Ірі 7 1 2
Құрылыс 211 301 562
Кіші 197 284 541
Орта 14 15 18
Ірі - 2 3
Үй бұйымдарын және автокөліктерді жөндеу,
сауда 1050 1511 2214
Кіші 1023 1474 2175
Орта 24 33 30
Ірі 3 4 9
Қонақжайлар және мейрамханалар 71 84 93
Кіші 62 75 84
Орта 6 5 5
Ірі 3 4 4
Көлік және байланыс 201 266 353
Кіші 185 239 326
Орта 12 23 23
Ірі 4 4 4
Қаржылық қызмет 70 76 89
Кіші 62 68 77
Орта 8 7 9
Ірі - 1 3
Қозғалмайтын мүлікпен жасалатын
операциялар 336 449 657
Кіші 319 438 639
Орта 14 11 15
Ірі 3 - 3
Білім беру 21 35 -
Кіші 19 31 -
Орта 2 3 -
Ірі - 1 -
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет
көрсету 25 37 40
Кіші 24 34 37
Орта 1 2 1
Ірі - 1 2
Басқа да коммуналдық және жекелеген қызмет
көрсету 77 88 46
Кіші 67 81 41
Орта 8 7 4
Ірі 2 - 1
Үй шаруашылығы жүргізу жөнінен қызмет
көрсету - - 203
Кіші - - 191
Орта - - 9
Ірі - - 3
Экстерриториялық ұйымдардың қызметі
Кіші - - -
Орта - - -
Ірі - - -
- - -

Кестеде көрсетілген деректер бойынша, Қазақстан Республикасында
тіркелген кәсіпорындардың 2214-і үй бұйымдарын және автокөлікті жөндеу,
сауда саласында, 910-і өндіру өнеркәсібінде, 657-ы қозғалмайтын мүлікпен
операциялар жасау кәсіпорындарында қызмет етеді. Кестедегі деректерге
сүйенсе, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың саны
14
жылдан-жылға өсуде.
Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында
инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы,
сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс
Қазақстан облыстары саналады. Облыстар бойынша кәсіпорындардың тіркелген
санын 4-кестеден байқаймыз.

Кесте – 4: Облыстар бойынша кәсіпорындардың тіркелген саны


2002 ж 2003 ж 2004 ж
Қазақстан Республикасы 2738 3731 5444
Кіші 2505 3472 5147
Орта 163 190 206
Ірі 70 69 91
Ақмола 20 57 92
Кіші 17 47 82
Орта 2 9 9
Ірі 1 1 1
Ақтөбе 59 97 166
Кіші 44 77 147
Орта 10 15 12
Ірі 5 5 7
Алматы 110 148 203
Кіші 93 127 187
Орта 12 15 12
Ірі 5 6 4
Атырау 75 123 236
Кіші 65 112 216
Орта 8 7 16
Ірі 2 4 4
Шығыс Қазақстан 79 117 189
Кіші 66 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика. Қазіргі өтпелі кезең
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы
Кәсіпкерлік нарықтық экономика дамуының негізі ретінде
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Өтпелі процесс
Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
Өтпелі процестер
Өтпелі үдерістер
RLC тізбектегі өтпелі процесстер
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь