Эпикалық шығармаларды оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

стықҚазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Филология факультеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту

Орындаған: Өтесова А. М. , ҚТӘ-33 тобының студенті «Қазақ тілі мен әдебиеті « білім бағдарламасы

Тексерген: Турганалиева Г. Г. , М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, магистр

Орал қаласы, 2023 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-4

Негізгі бөлім

I ТАРАУ. ЭПИКАЛЫҚ ЖАНР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1. Эпикалық жанрлардың өзіндік ерекшелігі . . . 5-8

1. 2. Эпикалық шығармадағы оқыту теориясы . . . 9-11

II ТАРАУ. ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ

1. 1. Шағын көлемді эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі11-16

1. 2. Орта көлемді эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі . . . 17-27

1. 3 Кең көлемді эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі . . . 27-33

II ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33-34

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі Әдебиет пәнінің ең ауқымды бөлігін эпикалық шығармалар құрайды. Эпикалық шығармалардың алғашқы легі ертегі, аңыздардардан басталады. Оқушы жасына лайықты бұл жанрдағы шығармалар 5-сыныптан басталған. Ертегі, аңыздар бастауышта да оқылатыны белгілі. Әдеби білімнің алғашқы сатысында (5-7 сыныптарда) оқу міндеттері бастауыш сыныптардан өзгеше. Ертегі, аңыз ендігі жерде әдеби жанр ретінде оқылады әрі оқушы шығармашылығына мол мүмкіндік туғызады. Аталған сыныпта ертегілерді оқытуға берілген сағат саны да айтарлықтай мол. Мәселен: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік», «Аяз би», «Сырттандар» ертегісін оқуға 15 сағат ұсынылған. Бұл аталған тақырыптардың мазмұны, құрылымдық ерекшеліктері, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктерін меңгертуге, ертегінің жанрлық сипатын, ертегілерден кӛрінетін халықтың арман-тілегін танытуға үлкен жағдай туғызады. Сонымен қатар осы сыныпта әдеби ертегілердің де оқытылуы аталған жанрды кең көлемде тануға мол мүмкіндік береді. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен айырмашылығын таниды. Осы орайда өз бетінше ертегі құрауға да бағыт-бағдар алады. 5-сыныпта берілетін Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі ерлік туралы аңыздан туындайды. Ертегіде Толағайдың ерекше сипаты, ерен іс-әрекеті танылады. Шығармадағы кейіпкердің патриоттық іс-әрекеті ұлы істерге деген оқушылардың көзқарастарына ықпал етеді. «Толағай» - ерлік жайлы аңызға негізделген әдеби ертегі. Ертегідегі романтикалық образ - Толағай. Толағайдың дүниеге келуі, күн санап өсуі, алып күш иесіне айналуы қазақ ертегілерінде кездесетін дәстүрлі мотивпен өрбиді. Шығарма сюжеті екі бөлімге топтастырылған. Алғашқысында Толағайдың дүниеге келуі мен қалыптан тыс өсуі сипатталса, екінші бӛлімде ел басына түскен қиыншылықтағы Толағайдың ерлік ісі баяндалады. Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын жасауда ертегіге тән элементтер мен жазба әдебиет үлгісін қатар қолданады. Шығармада кездесетін көркем тәсілдің басым көпшілігі - теңеулер. Толағай мен Айсұлудың портретін жасауда автор «Туған айдай, ақ меруерттей, қос жұлдыздай, жанған өрттей», «ақ маралдай, Ақша беті айменен тең», «Айналады, толғанады, Көбелектей от айналған» деген теңеулерді қолданады. Шығарма сюжеті қарапайым, тілі жеңіл. Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік дәріптеледі. Халық үшін жанын қиған ердің ерлік ісі ел есінде мәңгілік сақталатынын айту арқылы жастарды ел мүддесіне қызмет етуге шақырады. Бұдан өзге Асан қайғының Жерұйықты іздегені, «Ақсақ құлан», «Жошы хан», «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу», «Жиреншенің хан 185 сынағына түсуі». «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?», «Тайкелтірдің төрелігі», «Байдалы бидің көңіл айтуы», «Қазыбек би мен Бұқар жырау», «Сырым мен Малайсары», «Кет-Бұғаның естіртуі» сияқты аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер ұсынылып, оны оқытуға 8 сағат берілген. 5-сынып бағдарламасында ертегі, аңыздардың молынан берілуі оқутанымдық, әдістемелік мақсаттардан туындайды. Орта буын көшкен кешегі бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттің көркем әлеміне тартуда өздерінің жасына, ұғым-түсініктеріне етене жақын жанрдан бастап әдеби-шығармашылыққа бірте-бірте үйретуге үлкен жағдай жасалған. Ертегі тілі жеңіл, оқиғалары қою, пейзаж, портреттік сипаттаулары жоқ болғандықтан оқушының түсінуіне үлкен қиындық туғызбайды. Орта буын сыныптарда оқылатын мәтіндерді жанрына, тақырыбына топтастырып көрсетуге болады. Жалпы орта буын сыныптарда оқылатын шығармалар, шығармашылық тұлғалар өмір сүрген дәуіріне тәуелсіз таңдамалы түрде алынған. Орта білім стандарты бойынша 5-9 сыныптар әдеби білімнің негізін құрағандықтан қазақ әдебиеті классиктерінің ең таңдаулы шығармалары, қазақ әдебиетінің, соның ішінде ауыз әдебиетінен бастап қазіргі әдебиетке дейін оқушы ұғымына, танымына, тұлғалық дамуына қажетті эпикалық мәтіндер таңдап алынған.

Жұмыстың мақсаты: Эпикалық шығармаларды оқыту туралы мағлұмат беру; Жұмыстың міндеттері: Эпикалық жанрлардың өзіндік ерекшелігі туралы мағлұмат беру; Эпикалық шығармадағы оқыту теориясы туралы мағлұмат беру; Шағын көлемді эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі туралы мағлұмат беру; Орта көлемді эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі туралы мағлұмат беру; Кең көлемді эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі туралы мағлұмат беру;

I ТАРАУ. ЭПИКАЛЫҚ ЖАНР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

1. 1. Эпикалық жанрлардың өзіндік ерекшелігі.

Өнер атаулысының ең құдіреттісі - әдебиет. Әрбір өнердің өзіне тән қолданатын құралы бар. Осы тұрғыдан алғанда әдебиеттен өзге өнердің бәрінің де мүмкіншілігі белгілі бір шамадан аспайды. Мысалы, сәулет өнерінің туындылары сом сымбаты тетіктерінің жарастығы, сондай-ақ формаларының ірілігімен таң қалдырады; аспанмен тірескен сүйір мұнаралары көрерменнің көңілін сергітіп, көкке көтереді. Алайда олардың жанға жылы ұшырауы осымен ғана шектеледі. Өйткені ол нағыз көркемөнер емес, ол шартты символизмнен шын мағынадағы көркемөнерге қарай ойысу ғана, көркемөнерге беттеген алғашқы адым ғана; ол тек сол ойдың ұшығын аңғартатын көркем форма ғана.

Әдебиеттің құралы - тіл, тіл дыбысты да, суретті де айдан анық пікірді бере алады. Сондықтан әдебиеттің бойында көркемөнердің барлық түрінің қасиеті бар. Көркемөнердің басқа түрлерінің еншісіне тиген азды-көпті мүмкіншіліктерді әдебиет үзіп-жармай, бірден түгел пайдалана алады. Әдебиет - өнер атаулының бәрін қамтитын тұтас тұлға, өнердің уызы. Оның бойында көркемөнердің баршасына тән барлық қыр, барлық сыр, барлық жақындық, барлық алшақтық бар.

В. Г. Белинский өз еңбегінде:«Әдебиет идеяны сыртқы көрініске, рухани тіршілікті нақтылы, пластикалы образға айналдырады. Ішкі сыр түгелдей сыртқы көрініске айналып, ішкі мен сыртқының жігі білінбей екеуі біте қайнасып келіп, дербес бір шындық - оқиға болады. Ондайда автордың өзі тасада қалады да, біздің көз алдымызда өздігімен өсіп-өніп жатқан өмір ғана тұрады. Автор сол өмірдің жай-жапсарын айтып беруші ғана тәрізді. Эпикалық жанр деп осыны айтамыз»[1] деген қортындыға келсе, ал ғалым Қ. Жұмалиев «Эпос (грекше - epos - сөз әңгіме) . Эпос - көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар, мейлі өлеңмен, мейлі қара сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады»[2] деген анықтама береді. Академик З. Қабдолов: «Эпос (грекше epos - баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр» [3] деген пікірді ұсынады.

Эпикалық тектің немесе эпостың жанрлық түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман-эпопея [4] .

Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) шағын көлемді эпикалық түр; 2) орта көлемді эпикалық түр; 3) кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың ендігі ерекшеліктерін неғұрлым ұтымды аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің әрқайсысын

(құрамындағы кейбір үлгілерін мысалға ала отырып) жеке-жеке сипаттауға көшеміз.

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы - шығарма сыртында - баяндаудан да, суреттеуден де тыс; авторлық материал - нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да - жинақы, үйірімді, ширақ.

Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды - миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері - аңыз, ертегі, мысал, новелла т. б. [3] .

Ал, орта көлемді эпикалық жанрдың түлеріне: повесть, поэма т. б. жатса, кең көлемді эпикалық түрге роман, эпопея т. б. жатқызуға болады.

Эпикалық жанрлардың анықтамасын беріп, оның түрлеріне тоқталдық. Енді эпикалық жанрдың табиғатын ашу үшін өзіндік ерекшеліктерін сипаттауға, басқа жанрлармен өзара салыстыруға кірісеміз.

Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына - түрліше тағдырлар тартысына құрылатыны мәлім.

Сөйтіп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен салыстыруға да болады: мәселен, эпос - живопись, лирика - орнамент секілді болса, «бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті графика тәрізді» (В. Кожинов) екені де рас [3] .

Эпикалық және лирикалық жанрлар - өмірдің екі арнасы, бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі көрініс; драмалық жанр - сол екеуінің өзара жымдасып, дербесті тұтас бір тұлғаға айналуы.

Эпостық туындыда бейтараптық, объективтік басым. Ол автордан да, оқушы қауымнан да тыс оқшау, бөлек тұрған дүние. Эпикалық жанр табиғат пен өмірді еш нәрсеге телімей, оқшау, өздеріне де өздерінен өзгенің бәріне де бейтарап қалпында қарастырады.

Ал лирикалық жанрда керісінше, субъективтік басым жүреді, автордың өз басының жай-жапсары басым келеді. Жан-Поль Рихтердің айтуы бойынша: «Лирикалық жанрда суретші өзінің салған суретіне, ақын өзінің өлеңіне айналып кетеді». Эпосты сәулет, сурет, мүсін өнерлері тәрізді білімдар өнерлермен салыстыруға болатын болса, лириканы тек музыка өнерімен ғана салыстыру мүмкін [1] .

Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы - мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Мұны Горький де айтқан-ды. Ал Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе - оқиға екенін ескертеді. Бұдан шығатын түйін - эпос жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі [3] .

Эпикалық шығармаларда қоғамдық өмір шындығы мен адамдар тағдырының жекелеген сәттері мен кезеңі де, сондай-ақ тұтас дәуір, бірнеше ұрпақ ғұмыры да кеңінен қамтылып, жан-жақты көрініс таба алады. Сөйтіп, эпикалық туындыларда уақыт пен кеңістік тұрғысынан ешқандай шектеулік болмайды.

Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский айтқандай, эпостың айрықша ерекшелігі - онда оқиғаның үстемдік құруы, яғни, «эпостың геройы - оқиға» болуы. Алайда «Жазушының оқиғаның тарихын жазбайтынын, адамның нағыз тарихын жазатынын» (М. Горький) ескерсек, оқиғаның атқаратын рөлі де өз-өзінен айқындалып қалады. Оқиға, түрлі жағдаяттарды әңгімелеу-баяндау автор үшін түптеп келгенде сол оқиғалар ортасында көрінетін кейіпкерлерді, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу арқылы мінездерін даралау, тартысты таныту үшін қажет.

Эпикалық шығарманың және бір айырмашылығы, мәселен, лирикадан, баяндаудың байыптылығы, яғни автордың өзі әңгімелеп суреттеп отырған өмір құбылыстары мен кейіпкерлер хақында сезімге берілмей, оқиғалар дамуы мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты объективті, байсалды, жүйелі әңгімелеп беруі. Авторлық позиция немесе шығарма идеясы оқиғалардың табиғи өрбуі, аяқталуы, тартыстың шешімі, кейіпкерлер тағдыры арқылы танылуға тиісті. Міне осы себепті де Белинский эпикалық поэзияны объективті поэзия деп атаған. Бұл сөздің (эпос - объективті поэзия) төркіні Гегельде жатыр.

А. Байтұрсынұлының әдебиетші-ғалымдық еңбегінің жемісті бір бағыты - оның ұлттық әдебиеттану терминдерін қалыптастыру жолындағы зор нәтижелі ізденістері. Ахаң қалыптастырған көптеген термин-ұғымдар әдебиет, әдебиеттану саласына әбден сіңісті болып кетті. Алайда Ахаңның әдебиеттің үш тегіне қатысты атаулары (әуезе, толғау, айтыс-тартыс) сәтті деу қиын, бұл жөнінде акад. З. Қабдоловтың байыпты пікіріне ден қоямыз. Үш тектің де бейнелеу тәсілдеріне тән өзіндік ерекшеліктерді А. Байтұрсынұлы өте орнықты түрде сипаттап берген. [4]

Мәселен, эпостық тектің бейнелеу ерекшелігіне қатысты ой-тұжырымдарына тоқталып өтейік. «Әуезелеуші айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда болған істі әңгіме қылады» дей келе, Гегель секілді ол да ішкі ғалам, тысқы ғалам ұғымдарын қолданғанын көреміз. Әрі қарай оқиық: « Әуезе - тысқы ғалам туралы сөз. Ақын әуезе түрінде сөйлегенде (яғни, оқиғаны баяндағанда - С. М. ) уақиғаның ішінде өзі болып, бастан кешірген адамша (онда бұл лирикалық тәсіл болар еді - С. М. ) сөйлемей, тек сыртта тұрып бақылап, уақиғаға көз салған адамша, хатта біреуден естіген адамша айтады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету - тысқарғы түрде айту болады. Сондықтан әуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі болады» дейді.

Эпикалық шығармалардың дені көркем қара сөзбен жазылған туындылар болып келеді. Алайда, сюжетті, оқиғалы, баяндауға құрылған өлеңмен жазылған шығармалардың кейбір түрлері де эпикаға жатады. Атап айтқанда, баллада, поэма, батырлар жыры, дастандар, т. б. Эпикалық және драмалық туындылардың басым бөлігі қара сөзбен, лирикалық шығармалардың өлеңмен жазылатындығы есте болуы керек. Эпиканың поэма, батырлар жыры, баллада т. б. түрлері (жанрлары) өлеңмен, кейбір драмалық туындылар ақ өлеңмен жазылатыны және шындық. [4. ]

Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын, баяғы бабалар заманынан бермен қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені - эпостық шығармалар. Олай болса, эпос - көркем творчествосының ең бір егде, етене, кең тынысты, кәмелетті түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын [3] .

Демек, әдебиеттің үш тегі немесе өмір-болмысты бейнелеудің үш тәсілі бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл бірлік-байланыс кез-келген көркем шығармада өмір келбеті мен адамдар тағдырын алуан қырынан қамтып кеңінен әрі шынайы суреттеп танытудың кепілі секілді. Эпостың, лирика мен драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған. Сондықтан бұл жанрлардың әрқайсысының терминдік тарихын ғана білу жеткіліксіз, тегін тексеріп, табиғатын тану; туу, қалыптасу, даму тарихын талдап-тексеру қажет. Жанр жайлы ұғым сонда ғана шын мәніндегі ғылыми сипатта болмақ.

1. 2. Эпикалық шығармадағы оқыту теориясы.

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не, оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? дегендей. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.

2. Көркем образдары, образдар галереясы.

3. Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.

Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай) . Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс [7] .

Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше коніл болу керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Эпикалық жанр туралы түсінік
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Мысал жанрын оқыту
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы
Драмалық шығармалар
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ертегілерді оқыту
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz