Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Кеншилиг Назым
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B02201- «Философия» білім беру бағдарламасы
Қарағанды 2023
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
«Қорғауға жіберілді»
Философия және мәдениет
теориясы кафедрасы меңгерушісі м. а. :
Г. Р. Сейфуллина
6B02201- «Философия» білім беру бағдарламасы бойынша
«Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
тақырыбындағы ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ізденетін дәреже: бакалавр
Орындаған: студент Кеншилиг Н.
Ғылыми жетекші:
қауымд. профессор, фс. ғ. к. Сейфуллина Г. Р.
Қарағанды
2023
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Философия және психология факультеті 6В02202-«Дінтану» білім беру бағдарламасы Философия және мәдениет теориясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Философия және мәдениет теориясы кафедрасының меңгерушісі
Г. Р. Сейфуллина
«26» қараша 2022 ж.
Бітіру жұмысын орындауға арналған тапсырма
Студент Кеншилиг Назым
Т. А. Ә.
IV, Ф-41к-19, 6B02201- «Философия», күндізгі
курсы, тобы, ББ, оқу нысаны
- Бітіру жұмысының тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректорының «09» қараша 2022ж. № 1496 бұйрығымен бекітілді.
- Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: «28» сәуір 2022ж.
- Жұмысқа бастапқы деректер (заңдар, қолжетімді дереккөздер, зертханалық- өндірістік деректер) -.
- Бітіру жұмысында әзірлеуге жататын мәселелер тізбесі
- Тіл мәселесі және және ұлттық сана философия тіл білімінің орталық мәселесі ретінде.
- Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлттық-философиялық ойлауын дамытудағы рөлі.
- Графикалық материалдар тізбесі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. )
1) -
- Ұсынылатын дереккөздер тізбесі
1) Тақырып бойынша негізгі әдебиет. 2) Тақырып бойынша негізгі әдебиет. 3) Тақырып бойынша негізгі әдебиет.
- Бітіру жұмысын орындау кестесі
№
Орындау мерзімі
Ескерту
1
қыркүйек
2
Бітіру жұмысының құрылымын әзірлеу
қазан
- Жұмыстың Кіріспесін дайындау
- Жұмыстың бөлімдерін дайындау
- Жұмыс Қорытындысын дайындау
- Ғылыми жетекшінің консультациялары
- Бітіру жұмысын плагиатқа тексеруге және нормалық бақылауға ұсыну
- Бітіру жұмысын алдын ала қорғауға ұсыну
- Бітіру жұмысын рецензиялауға ұсыну
қараша н ыз сәуір
қыркүйек- сәуір
сәуір
сәуір
сәуір
Қорытынды аттестаттаудан бір жарым ай бұрын
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір ай бұрын
Алдын ала қорғаудан кейінгі бірінші апта ішінде
- Бітіру жұмысының соңғы нұсқасын жетекшінің пікірімен және рецензиямен қоса ұсыну
- Қорғауға баяндама дайындау
- Бітіру жұмысын қорғау
сәуір
мамыр
мамыр- маусым
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін үш күн бұрын
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін үш күн бұрын
Кесте бойынша
Тапсырманың берілген күні: «21» қараша 2022ж.
Ғылыми жетекші Сейфуллина Г. Р., қауымд. профессор, фс. ғ. к.
қолы Т. А. Ә., ғылыми атағы, лауазымы
Тапсырманы студент Кеншилиг Н. қабылдады.
қолы Т. А. Ә
Мазмұны
Кіріспе 6
- Тіл мәселесі және ұлттық сана философия тіл білімінің орталық мәселесі ретінде 6Тіл философиясы тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым 6Алаш ағартушыларының шығармаларындағы тілдік сана мәселесі 6
- Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлттық-философиялық ойлауын дамытудағы рөлі 6«Оқу құралы», «Тіл қралы», «Тіл жұмсар» еңбектері -тіл білімінің негізі 6Ахмет Байтурсынұлы шығармаларың ұлттық сананы жаңғыртудағы рөлі 6
Қорытынды 6
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 6
КІРІСПЕЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Ахмет Байтұрсынұлы өз елінің болашағының қамын жеп, тіл мәселесін айқын көтерген Алаш зиялыларының бірі. Сонымен қатар, тілдің өзіндік ерекшелігін көрсетіп, тілді тек коммуникация құралы ретінде ғана емес, ұлттың бейнесін көрсететін жаны екендігін суреттейді. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оқу-тәрбие ісінде кеңінен пайдалану өзекті болып отыр. Әсіресе қазақ философиясының қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екендігі анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде дүниетанымды тереңдету халқымыздың мәдени мұрасын, қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерлерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.
Сонымен, проблеманың көкейкестілігі және оның тарихи-философиялық тұрғыда зерттелмеуі мен практикадағы маңыздылығы дипломдық жұмысының тақырыбын «Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығындағы тіл философиясының мәселесі» деп таңдауға себеп болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі қазақ әдебиеттануы А. Байтұрсыновтың «әдебиет теориясының» теориялық постулаттарында қаланған әлемдік әдебиеттанудың соңғы жетістіктері аясында дамуда. Бұл зерттеудің көздегені өткен ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарының басындағы әдеби-
теориялық идеяларды дамыту контекстінде Ахмет Байтұрсынұлы кітабының идеялары мен тұжырымдамаларын зерттеу болды. Осылайша, қазіргі уақытта ойшылдың тұжырымдамасының ұқсастығын анықтау өте өзекті болып көрінеді.
Байтұрсынұлының тұжырымдамаларының бірі ХХ ғасырдың бірінші
жартысының үштен бір бөлігінің негізгі теориялық және әдеби еңбектері,
екіншісі қазіргі әдебиет теориясы. Көп жағдайда Ахмет Байтұрсынұлы үшін нақты қандай идеялар мен әдеби эстетикалық теориялар бастапқы нүктеге
айналғанын анықтау мүмкін емес. Сонда да, өнердің сәулет, мүсін, кескіндеме, әуез және сөз деп әдебиетке бөлінуі және ол берген анықтамалар ойшылдың Г. Э. Лессингтің әйгілі «Лаокоон» трактатымен терең танысқандығын көрсетеді. Ахмет Байтұрсынұлы ұлт жазуының таңбасын алуда аса сақтықпен Қазақ ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін бере алатын, әрі ислам дінінің уағызы арқылы келген араб графикасын таңдады. Сонымен қатар, ежелден келе жатқан дала ғұламаларының зерттемелерін де негізге алды.
Қазіргі қазақ филологиясы ғылымында ғалым-реформатор, қазақ тілі мен
әдебиетінің негізін салушыдан бөлек философ ретінде тіл саласынан бірнеше зерттеу еңбектер жазылды. Атап айтсақ, Октябрь, А. Н. «Ахмет Байтұрсыновтың сөз өнері-оның рухани әлемі» 2017, А. Т. Ахметжанов «А.
Байтұрсын: көзқарас пен ой-пікірдің қайнар көзі» өз еңбектерінде тіл
саласындағы ғалым жүйелеген көзқарастарын бүгінгі таныммен байланыстыра қарастырды. Зерттеушілер Ахмет Байтұрсынұлының айшықтары мен тұжырымдамаларын тіл философиясының бастауы деп таныды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымындағы тіл философиясының мәселесін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
- Тіл мәселесі және ұлттық сана философиясының тіл білімінің орталық мәселесі ретінде қарастыру;
- Тіл философиясы тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым екендігін анықтау;
- Алаш зиялыларының шығармаларындағы тілдік сана мәселесін зерттеу;
- Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлттық-философиялық ойлауын дамытудағы рөлін айқындау;
- «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Тіл жұмсар» еңбектерін - тіл философиясы негізінде белгілеу;
- Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының ұлттық сананы жаңғыртудағы маңыздылығын анықтау.
Зерттеу әдістері : Дипломдық жұмысты жазу барысында жалпы философиялық, тарихи, салыстырмалы (Алаш зиялыларымен, әлемдік ойшылдардың көзқарастарымен салыстыру), герменевтикалық, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу обьектісі мен мәні: Ахмет Байтұрсынұлы дүниетанымындағы тіл философиясының мәселесі.
Зерттеудің маңыздылығы: Алаш зиялыларының тілдің маңыздылығын философиялық ойларды ұштастыра зерттеуі, қазіргі таңдағы жаңғыртуда Ахмет Байтұрсынұлының тілді қарастыруының өзекті болуы.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, төрт бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Тіл мәселесі және ұлттық сана философия тіл білімінің орталық мәселесі ретінде
Кез келген ұлт үшін тілдің философиялық мәні, адамзат өмірінде орыны айрықша. Тіл қоғамда адамның рухани жетілуіне, кемелденуіне қызмет ететін рухани құндылықтардың бірі. Әрбір ұлттың рухани байлығы тілмен астасып жатыр. Қоғамдық өмірде саналы адам тәндік қажеттіліктен әлдеқайда кең, әлдеқайда терең әлемде өмір сүруді аңсайды. Ол ‒ рухани әлем. Адамның өмір сүруінде екі әлем бар: биологиялық және рухани әлем. Биологиялық әлем адамның тәндік қажеттіліктерін ғана қанағаттандырса, рухани әлем ‒ адамды мәңгіліктің аясында өмір сүруге шақыратын әлем. Биологиялық жағдай ұрпақ жалғастыру, із-түссіз жоғалып кетпеудің кепілі. Өмір адам үшін белгілі бір мәнділікке ие болған кезде ғана өмір болып табылады. Адам күнделікті мұқтаждықпен ғана күн кеше алмайды, ол үнемі толғанады. Адам табиғаты шексіз, жан-жақты. Ол биологиялық дамуды ғана емес, қоғамдық, рухани дамуды да қажет етеді. Сондай адамның ру- хани дамуынан туған құрдылықтардың бірі ‒ тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі. Ал, мәңгіліктің аясы ‒ рухани дүние. Рухани өмірде адам барлық адамдармен теңесе алады, биік құндылықтарға қол созады. Рухани байлық әр кезде әр халықты ұлт ретінде сақтап қалатын және оны өзгелермен қатар өмір сүру құқығын дәлелдейтін императив. Сондықтан, қазақ халқының
дүниетанымында «тіл - ұлт айнасы» деген сөз бекер айтылмаған. Тілді сүю дегеніміз, ұлтты сүю және оны бағалау. Кез келген халықтың өмір салты, әдет
-ғұрпы мен мәдениеті оның тілінен көрінеді. Қазіргі қазақ халқы және еліміздің болашағы үшін, тіл басымдылық танытатын құндылықтардың бірі болып табылмақ.
Философия тарихында құндылықтардың қалыптасуы мәселесі ерте заманан бері ғұламалардың назарында болып келді. Философия тарихындағы көрнекті ойшылдар әрбір ұлт үшін тілден биік құндылықтың жоқ екендігін, тілдің жоғалуы ұлттың жоғалуымен бірдей құбылыс ретінде саралайды. Тілдің қалыптасу негізін адамның пайда болу процесімен байланысты. Тілдің қалыптасып пайда болу процессін ғылымда глоттогенез деп атаған. Жер бетінде мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың өзара айырмашылықтарымен өзара ұқсастығыда бар. Құран Кәрімде Алла әр халықты бөлек жаратты делінеді. 5-Мәида сүресінің 48 аятын- да: «Сендердің әр біреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді», - деп анық айтылған . Тіл ұлттың өзіндік дара ерекше белгісі болып табылмақ. Қандайда бір ұлтқа тән тіл, сол ұлттың игілігіне қызмет ететін қоғамдық құбылыс. Ол адамның ой-санасының дамуының, жеткізуінің, қарым-қатынас жасауының басты құралы.
Жер бетіндегі әр ұлттың географиялық өмір сүру
аймағы, өзіне тән тұрмыс дағдысы, дүниені тануы, тілі, діни көзқарасы, мәдениеті және соған сәйкес салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйым- дары бар
болуы заңды құбылыс. Онсыз ешқандай өркендеу, өсіп-өну, даму, тіршілік нышанын көзге елестету қиын. Дамудың ең төменгі сатысында тіршілік кешетін халықтардың да өз тілі, мәдениеті, діні, дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ритуалдары бар. Оған тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ. Әрбір жеке дара халық елдік тілін, дәстүрін, мәдениетін, дінін айнытпай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа көшіре беру- ге аса мүдделі. Өркениеттің ең жоғарғы сатысына өткен озық, көшбасшы елдердің ұлттық тілге, мәдениетке, дінге, дәстүрге айрықша мән беретіні, ерекше ұстанатындығы сондықтан. Бұл оларға артықшылық сипат беріп, рухтандырып, өзге халықтардың көзінде мәртебесін асырып тұрады. Төл құндылықтарын берік ұстанған ұлттар жер бетінен ешқашан азып-тозып, бүліншілікке ұшырап, жоғалып кетпейді. Сыртқы жау келсе алдырмайды, ішкі кеселге бой бермейді. Сөйтіп, жарық дүние тұрғанша тұрады. Себебі төл құндылықтардың болымыстық негізінде жасампаз ұлттық рух жатыр .
Философияда тілдің қалыптасуын қоғамдық
құбылыстармен байланысты- ра отырып, белгілі бір қажеттіліктен туындаған құбылыс ретінде таниды. Сондықтан тіл мәселесі философиядағы
Философия тарихында XIX ғасыр аяғымен XX ғасыр басында «тіл философиясы» деп аталатын философиялық бағыт қалыптасты. Тіл философиясы тілдің танымдық құрылымын ашатын философияның зерттеу саласы Бұл философиялық бағытта, ең алдымен, тіл құрылымдарының ойды қалай өзгертетіндігі, тілден бөлінбейтін ой қалайша
тіл заңдылықтары бойынша өмір сүре бастайтындығын анықтаған. Бұл ілімнің қалыптасуын белгілі ойшыл Вильгельм Гумбольд есімімен байла- ныстырады. Ойшыл өз еңбегінде
«Тіл ұлттың рухан құндылығы, тіл арқылы адамда ойлау мәдениеті қалыптасып, дүниені меңгереді» деп саралайды». Тілдің ішкі формаларының негізін анықтап, оған философиялық талда- улар жасай отырып, адам болмысын дамытудағы ролінің айрықша екендігін қарастырады.
«Тіл философиясы» термині П. И Житецкий, К. Вослер, М. М. Бахтин, В. Н. Волошинов, А. Марти, О. Функе секілді ойшылдардың ілімдерінде айрықша қарастырылды. Сонымен қатар, ХХ ғасырда Англияда «лингвистикалық философия» деп аталатын ілім пайда болды. Бұл ілімді аналитикалық философия деп атады. Лингвистикалық философияның қалыптасуын Людвиг Витгенштейн, Готлоб Фреге мен Бертран Расселдің ілімімен тығыз байланыстырады. Адам өзіндік ойын бірінші тілде объективтендіреді, тіл адамда қарым-қатынас құралы ретінде қызмет атқаратындығын анықтаған. Тіл- ақпаратты сақтау және жеткізу құралы ретінде таныған. Бұл философиялық бағыт тілдің табиғатын зерттеу негізінен құрылған. Тілді жеке құбылыс ретінде қарастырмайды, керісінше философияның негізгі салалары феноменология, герменевтика, экзистенци- ализм категорияларының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.
Людвиг Вин- генштейн:« Кез келген сөздің
логикалық мазмұны бар, оны түсіну үшін дұрыс ой
қорыта білу қажет» деп жазады . Бертан Рассел
«Адамның күнделікті өмірінде қолданылатын тілді, логикалық тілмен жақындастыруға болады» . Ойшыл өз дүниетанымында тілдің табиғатын, шығу тегін, оның адамзат өміріндегі қызметін зеріттейді. Тілдің шығуына өте көне замандағы адамдардың жануар- лар дүниесінен бөлініп шығуымен бай- ланыстыра отырып, алғашқыда адам- дар қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін, тек лингвистикалық зерттеулердің жеткіліксіз екендігін, антропогенез және сопогелез сияқты мәселелермен бай- ланысын аша отырып анықтау қажет екендігін көрсетеді. Қандайда тілдің құрылымы адамның ойлау мәдениетімен байланысатындығын қарастырады.
Аристотель өз еңбегінде: «Тіл заттарды бейнелеудің бейнесі дейді». Тілдің болмыстық сипатына баса назар аударады. Ойлау мен тілдің қатынасын зерттеген. Тіл таңбалық жүйе нәтижесінде дыбысталатын, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән қоғамдық-әлеуметтік процесс ретінде зерделеген. Адам- зат өмірінде заңды түрде қалыптасқан семантикалық жүйе ретінде таниды. Оның негізгі қызметі ретінде ақпаратты сақтау, жеткізу және адамның ойлау процессін жетілдіретін құбылыс ретінде саралайды. Оның қоғамдық өмірде коммуникативтік қызметінде айрықша екендігін баяндайды.
Аристотельдің тілге қатысты ойлары
«Категориялар» еңбегінде айрықша орын алған. Тіл
адам болмысына ғана тән универсум ретінде таниды.
И. Кант: «Ағартушылық дегеніміз не?» деп жазады. Ағартушылықты адам танымының субьектісі ретінде қарастырады. Субьект адамзат өміріндегі игілік - тіл, мәдениет, ғылым, білім, техникаға арқа сүйейді. Ойшыл өз дүниетанымында
«таным дегеніміз не?»,
«таным қалай жүзеге асады?» деген сұрақтарға шешім іздеген. Танымдық процестердің адамның тіл, ойлау, зерде, пайым, санамен байланыстырады. Адам кез келген затты тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Сол дүниені тануда тілдің ролі айрықша екендігін зерттеді. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс- әрекетімен, ойлау мәдениетімен, тілімен байланыстырып, танымның негізі прак- тика болып табылатынын болжап білді. Кант өз дүниетанымында тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде сипаттайды. Ол философиядағы таным мәселесімен біте қайнасқанын өз еңбектерінде баяндады. Ойшыл тілдің адамның рухани өмірімен байланысын айқындайды. Ж. Ж. Руссо өз еңбектерінде тілдің логикалық теориясын зерттеді. Ойшыл әлеуметтік келісім теориясында адам өмірін екі кезеңге бөлумен байланыстырды - табиғи және өркениетті. Бірінші кезеңде адам табиғаттың бөлігі болды және тіл сезімдерден, эмоциялардан, құмарлықтармен байланыстырды. Тілдің шығу тегі ең алдымен эмоционалды- эстетикалық тәжірибеден және дауыс көрінісінен тұратындығын
анықтады. Адамдар бір-біріне жақындаған сайын, бір-бірін түсінуде, белгілі бір байланыс белгілерін іздей бастады. Тілдің адамзат өмірінде қалыптасуы адамның психика- сы, парасаты, ойлау мәдениетімен бай- ланысты. Сондықтан тілдің қалыптасуы адам психикасы мен ойлауының бірлігіні арасындағы қимыл әрекеттермен тығыз байланысты екендігін анықтады. Көбінде өз зерттеулерінде ойшыл тілдің адамзат өмірінде қалыптасуын сыртқы ортамен байланыс орнату негізімен байланы- стырды, өмрілік қажеттіліктен туындаған шындық ретінде таныды. Ж. Ж. Руссо тілді қоғамдық тарихи прогерстің нәтижесінде пайда болған құбылыс ретінде танды. Тілдің пайда болуын, дамуын қоғам түсінігімен орайластырады. Дж. Милль «Логика ойлау өнерінің негізі болып табылса, тіл ойды бейнелеудің басты құралы» деп қарастырды. Адамның ойлау жүйесінің тілмен тікелей байланысы барлығын анықтады. Тіл адам санасының туындысы, адамзат өмірінің өзегі ретінде сара- лайды. Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы анықтау жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Тіл де, ойлау да - адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады. Біріншіден, тілде, ойлау да - адам миының туын- дысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Сондықтан тілде де, ойлауда да әлеуметтік және биологиялық жақтар ұштасып, бір-
бірімен бірлікте болады. Ой мен тілдің байланысы арқылы заттар мен құбылыстар және адамдар бір- бірімен қатынасқа түседі.
М. Хайдеггердің «Тіл болмыстың үйі» сөзі философияда кеңінен тараған. Дүние бар болу, сондықтан дүниеде әр нәрсенің болмысы болуға тиіс. Хайдегердің дүниетанымындағы бар болу болмы- сы, ол жәй ғана бар болып қана қоймай, кез келеген заттың белгілі бір мәнділікте өмір сүруімен байланыстырады. Адам бұл мәнділікке жетуде қамсыздықттан бас тартып, қамдануға әрекет ете білу қажет деп анықтады. Хайдеггер адамның өмірі болмыс құпиясының түсінуде тілдің орыны айрықша екендігін ұғындырады. Адамның ойы сөз арқылы анықталады, тіл ақиқатты танудың негізгі көзі деп біледі. Ойшыл философтар тіл жәй ғана құрал емес, тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, тіл мен болмыс тығыз байланыста деп анықтаған. Себебі, болмысты тіл арқылы ғана тани аламыз, сондықтан тілді болмыстың үйі дейді.
Философия тарихындағы тіл мәселесін
анықтауда ойшылдар іліміне ой жүгірту арқылы сараптамалар жаса- лынды. Ойшылдар өз дүниетанымында әлемнің тірегі адам болса, сол адамды жетілдіретін рухани құндылық тіл ретінде жоғары бағалады. Тіл кез келген ұлт үшін ұлтты танудың басты құралы болып табылмақ. Осы жерде, Маркес Габриэль Гарсианың «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы ұлттық құндылығы тілді аяқ асты ету салдарынан, өзінің шыққан тегін ұмытқан, халқының дәстүрін, мәдениетін білмейтін
кейіпкердің образы есімізге түседі. Ойшыл, ұлттық тілден безіну, шыққан тегіне деген құрметтің жоқтығы Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті жоғалту адамды адамдық тегінен айыруға алып келетіндігін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz