Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
б.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Сарысу Өзені алабының физико-географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1
Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2
Геологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.3
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.3.1
Радиациялық теңдестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.3.2
Ауа температурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3.3
Жауын - шашын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.3.4
Қар жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.3.5
Ауа ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
1.3.6
Жел режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.4
Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.5
Өсімдік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
2
Сарысу өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

12
2.1
Гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.2
Сарысу өзені - рзд. №189 км бекетінің сипаттамасы
12
2.3
Су режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
2.4
Қоректену көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15

КІРІСПЕ

Сарысу өзені Орталық Қазақстанның ірі өзендерінің біріне жатады, әрі Бетпақдаланы кесіп өтетін жалғыз өзен болып табылады. Өзен суы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылады. Аймақта халық санының, егістік алқаптың өсуіне және соңғы кездегі климаттың біржақты өзгерісі орын алып отырған жағдайда Сарысу өзені алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамаларын қайта анықтау мәселесі туындап отыр. Дипломдық жұмыста Сарысу өзені алабының жалпы физико-географиялық сипаты, климаттық факторлар, алаптың гидрологиялық зерттелуі, су режимі және негізгі гидрологиялық сипаттамалары зерттелінді.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ағындының қолда бар мәліметтері бойынша Сарысу, Жаман Сарысу және Жақсы Сарысу өзендерінің есептік тұстамаларындағы жылдық ағындысының негізгі сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің қалыпты ағындысы және әртүрлі қамтамасыздықтағы ағынды мәндері анықталды. Қарастырып отырған өзендердің су режимінің өзгеру заңдылықтары зерттелінді. Әртүрлі қамтамасыздықтағы су өтімдері анықталды. Алынған гидрологиялық мәліметтер алаптың су ресурстарын пайдалауда аймақта экологиялық жағдайды өршітпей мәселелерін шешуде қолданыс табуы мүмкін.

1 Сарысу Өзені алабының физико-географиялық сипаттамасы

Сарысу өзені алабы Орталық Қазақстан облысы шегінде орналасқан. Алаптың территориясы ландшафты-географиялық құрылымның бірқалыпсыздығымен сипатталады.
Орталық Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км, шығыстан батысқа қарай 1100 км-ге созылып жатыр. Территорияның ауданы 40,2 мың шаршы км. Солтүстікте Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарымен, оңтүстікте Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарымен, шығыста Семей облысымен, ал батыста Ақтөбе облысымен шектеседі.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп үш зона алмасады: қуаң (дала), жартылай құрғақ (жартылай шөл) және құрғақ (солтүстік шөл).

Жер бедері

Қарастырып отырған территорияның жер беті көбнесе төбелі: оның көп бөлігін Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы алып жатыр.
Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы геруиндік және альпілік орогенезінің каледондық қатпарының нәтижесінде пайда болған. Ұсақ шоқының қазіргі жер бедері генун тауларының ұсақ денудациясының арқасында пенеплена-жазық жағдайына (қалдық таулар және шоқылардан) жетуіне дейінгі әсерінен қалыптасқан. Күмбез және конустәріздес шыңды шоқылар жапсарлас жазықтан 30 бен 40 м, ал кейде 80 мен 100 м-ге көтеріледі.
Аймақтың батыс бөлігінде аласа таулы массив биіктігі 1135м абс. Ұлытау тауы болып табылады.
Аймақтың басқы бөлігінде биіктігі 1000 м-ден 1000 м-ге дейін жететін Ақтау тауы орналасқан. Олар Қарқаралы-Ақтауының аласа таулы массиві болып табылады. Ең жоғарғы тау тізбек массиві аймақтың шығысында орналасқан жіне негізгі Балқаш-Есіл-Нұра суайрығы болып табылады. Бұл тау тізбек ірі және көптеген тау қыраттарынан тұрады. Олардың ішіндегі ең биігі Қарқаралы және Қызыл-Рай таулары. Олар 1400 м абс. биіктіктен асып, аймақтың және Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының ең биік нүктесі болып табылады.
Бетпақдала платасы территория шегіне тек солтүстік бөлігімен кіреді. Бұл жердің басым көпшілігін тегіс жазық жер алып жатыр. Оның бетінен аласа сазды доңғалдар мен кішкене құмды массивтер көтеріліп жатыр.
Тұран ойпатының басым бөлігі Бетпақдала сияқты тегіс және доңғалды саз немесе құм жазықтарымен баянды етілген. Ойпаттың абсолюттік биіктігі шығыстан батысқа қарай Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының батыс бөлігі жанында 200 ден 250 м-ге дейін, ла Аралмаңы Қарақұмда 80 нен 100 м-ге дейін төмендейді.

Геологиялық құрылымы

Қарастырып отырған территория күрделі геологиялық құрылыммен ерекшеленеді. Мұнда барлық геологиялық жасындағы полезойға дейінгі төрттік шөгінділерге дейін жыныстар таралған. Барлық көптеген шөгінділерден басым рөл шөгінді және эффизивті кешенге тән. Интрузивті және метаморфизикалық құрылымдар мардымсыз дамыған.
Сарысу өзені алабының жоғарғы және орта бөлігінде қатты жарықталған және оқпаланған әктастар кездеседі.Бұл өзен алабының басым бөлігін силур және девон шөгінділер алып жатыр. Интрузивті жыныстар Нұра, Тоқырау және басқа өзендердің жоғарғы жағында кездеседі.
Сарысу өзенінің алабында карбон жынысының шөгіндісі негізінде Қарағанды облысында таралған. Мұнда олардың ішінде аз тілімденген құм тас, саздақ және алевролиттер басым.
Зерттеліп отырған территорияның өзен аңғарынан көл қазаншұңқырлары күшті қалың аллювиалді және аллювиалді-аллювиалдіден кейін төрттік шөгінділерінен құралған. Сарысу, Нұра, Торғай және басқа өзендердің қазіргі аңғарларындағы құмтас, малта тас, қой тас шөгінділерінің қалыңдығы 15 тен 20 м-ге жетеді және одан да үлкен.

Климаты

Қарастырып отырған территория шұғыл континентальді және құрғақшылық климатымен сипатталады. Бұл террриторияның үлкен су кеңістігінен алыстығымен, сонымен қатар территория шегінде Орта Азия шөлінен жылы, құрғақ субтропикалық ауаның және меридиан бағытымен ауысатын суық, ылғалға кедей арктикалық ауаның еркін келуімен байланысты. Жылы жартыжылдық үшін ауаның жоғарғы температурасы, мардымсыз жауын-шашын және едәуір үлкен салыстырмалы ауаның құрғақтығы, ал суық жартыжылдық үшін тұарқты қар жамылғысымен сипатты созылмалы қатаң қыс, едәуір жылдамдықты жел және жиі борандар тән.

Радиациялық теңдестік

Территория облысында радиациялық теңдестіктің кіріс бөлігін құраушылардың өзгерісі жергілікті жердің ендігіне байланысты өзгереді. Күн шуағының ұзақтығы территорияның оңтүстігінде солтүстігіне қарағанда едәуір үлкен, бұл түрлі бұлттылықтың дамуымен байланысты.
Радиациялық теңдестіктің жиынтық жылдық шамасы территорияның солтүстігінде 40 пен 42 Втсм шаршыдан, оңтүстігінде 45 пен 48 Втсм шаршыға дейін өзгереді.

Ауа температурасы

Қарастырып отырған территорияның орташа жылдық температурасы солтүстікте 20C тан 50C қа дейін, оңтүстікте 50C тан 70C қа дейін өзгереді. Қарағанды облысында жергілікті жердің жер бедерінің бірқалыпсыздығына байланысы ауа температурасының солтүстіктен оңтүстікке қарай өсу заңдылығы жиі бұзылады. Ұсақ шоқының биік жерлерінде орташ жылдық температура 00C тан 20C аралығында тербеледі.
Жыл ішіндегі ауа температурасының жүрісі қыс кезінде тұрақты қатты аязбен, көктемде жылудың қарқынды өсуімен және жаз кезіндегі ыстықтың ұзақтығымен сипатталады.
Ең суық айдың - қаңтардың - орташа температурасы территорияның солтүстігінде минус 160C мен 170C , ал оңтүстік бөлігінде минус 130C пен 150C. Жеке жылдары абсолюттік минимум территорияның оңтүстігінде минус 400C қа, ал солтүстікте минус 500C қа жетеді (кесте 1).

Кесте 1 - Көпжылдық орташа айлық және орташа жылдық ауа температурасы (0C)

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
-15
-14
-8,9
2,4
13,0
18,5
20,6
18,3
11,8
3,2
6.9
-12.7
2.5

Көктемде ауаның орташа тәуліктік температурасы 50C пен 12-сәуірде 00C арқылы оң температураға қарай өтеді. Жылы кезеңнің ұзақтығы орташа шамамен 200 бен 210 күннің арасы.
Ең жылы ай - шілде. Шілденің орташа айлық температурасы территорияның солтүстігінде 200C тан, оңтүстігінде 250C қа дейін өзгереді. Шілдеде температураның абсолюттік максимумы территорияның солтүстігінде 400C тан 420C қа, ал оңтүстік бөлігінде 460C қа дейін жетеді.

Жауын - шашын

Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз. Жылдық жауын - шашынның 25-30% ғана жылдың суық кезеңіне келеді. Жауын - шашынның максимумы, әдетте шілде айында байқалады, ал минимумы - ақпан-наурыз айларында, бірақ кейде қыстың бірінші айларындаболады.
Ұсақ шоқының аулы аймақтарында жылдық жауын - шашынның ең көп мөлшері түседі (Ұлытау тауы аймағында 300-500 мм және территорияның шығыс бөлігіндегі тау тізбегінде 400 мм-ге жетеді). Территорияның оңтүстік аймағында жылдық жауын - шашынның ең аз мөлшері байқалады (150 мм). Территорияның көп бөлігінде орташа жылдық жауын - шашынның жиынтығы 200 ден 250 мм аралығындаөзгереді, сонымен қатар ұсқ шоқының солтүстік аймағында ол жылына 50 ден 70 мм оңтүстікке қарағанда көп жауады. Жауын - шашын әдетте аз - маз және әлсіз, көлемі бойынша жаңбыр немесе қар қоры түрінде жауады. Жыл бойында 0,1 мм-ден артық жаңбырлы күннің саны орташа шамамен территорияның оңтүстігінде 60 тан 70 ке дейін орталық аймақтарда 80 нен 100 күнге дейін, ал солтүстік аймақтарда 100 ден 120 күнге дейін жетеді.
Жоғарғы ауа температуасы жағдайында жаздық жауын-шашынның көп бөлігі топырақтың тек бетін суландырады және дереу буландыруға жұмсалады. Тұрақты қар жамылғысы территорияның көп бөлігінде қараша айының екінші үшінші онкүндіктерінде қалыптасады. Қар жамылғысының жату ұзақтығы 130 бен 150 күнді құрайды.
Жылдық жауын-шашын 250 мен 300 мм-ді құрайды (Кесте 2).

Кесте 2 - Айлық және жылдық жауын-шашын мөлшері (миллиметрмен)
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Суық кезең
жыл кезең
15
14
15
16
23
33
41
30
21
21
19
185
77
262

Қар жамылғысы

Қарастырып отырған территорияның көп бөлігінде тұрақты қар жамылғысы, әдетте қараша айының екінші-үшінші онкүндіктерінде байқалады, ал оңтүстікте- желоқсанның басынды.
Қар жамылғысының жату ұзақтығы территорияның әр аймақтарында әр түрлі. Ұсақ шоқының биік жерлерінде және солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы орташа шамамен 130 бен 150 күн, ал оңтүстікте 100 бен 120 күн сақталады.
Қар жамылғысының тығыздығы қыстың басында, әдетте 0,15 пен 0,20 дан аспайды, бірақ қыс кезінде біртіндеп ұлғаяды және көктемнің басындағы қар ерудің басталуы алдында орташа шамамен 0,25 пен 0,35 ті құрайды (3-кесте). Көктемде қар жамылғысының еруі, әдетте оңтүстікте наурыз айының бірінші жартысында, ал солтүстікте және орталық аймақтарда наурыздың аяғында басалады.

Кесте 3 - Қардың қалыңдығы
Станция
Қардың қалыңдығы

орташа
максимал
минимал
Жанаарқа
26
60
11
Қызылжар
30
49
8
Жезқазған
25
71
5

Ауа ылғалдылығы

Орташа жылдық ауаның абсолюттік ылғалдылығы оңтүстікте 5,0 мен 5,5 мб-дан солтүстікте 5,8 мен 6,0 мб-ға дейін өзгереді. Ауаның абсолюттік ылғалдылығының жылдық амплитудасы 9,0 бен 10 мб.
Орташа жылдық ауа ылғалдылығының тапшылығы солтүстік аймақтарында 5,0 дан 5,5 мб-ға дейін, ал оңтүстікте 7,5 тен 9,5 мб-ға дейін өзгереді. Территорияның солтүстігінде оның орташа айлық шамасы наурызда 0,8 бен 0,9 мб дан шілдеде 13,0 пен 13,5 мб-ға дейін өзгереді, ал оңтүстік аймақта сәйкес 1,0 мен 1,7 мб дан 20 пен 25 мб-ға дейін. Қыркүйекте ауаның ылғалдылығының қанығу тапшылығы территорияның солтүстік аймақтарында 7,0 мен 9,0 мб, ал оңтүстікте 12 ден 10 мб-ды құрайды, қазанда ол 3,0 тен 5,0 мб-ға дейін өзгереді.

Жел режимі

Жер бедерінің салыстырмалы жазықтылығы, территорияның оның шетіне енетін түрліше қалыптасқан ауа массаларынан қорғалмағандығы желдің қарқындылығының өсуіне жағдай жасайды.
Кезең бойынша желдің жыдамдығы аз өзгереді, бірақ оның максимумы, әдетте қыс айларына келеді. Осыған байланысты қыс кезеңінде бұрқасын мен борандар жиі болады. Дауылдың жылдамдығына жететін қатты желдер кейде көктемде байқалады. Жаз айларында желдер жиі құрғақ-жел сипатына ие.
Орташа жылдық желдің жылдамдығы солтүстік аймақтарында 4,5 тен 5,0 мс-қа дейін, оңтүстікте 3,5 тен 4,5 мс-қа дейін жетеді. Жел жоқ күндер сирек болады, әсіресе солтүстік аудандарда.
Қыс кезеңінде желдің жылдамдығына ұсақ шоқының үстірттері мен таулары әсер етеді. Батыс және оңтүстік аймақтардағы жазық территорияларда қыс кезіндегі орташа желдің жылдамдығы 4,5 тен 5,0 мс, ал солтүстік аймақтарда 5,0 пен 5,5 мс.
Жылдың жылы кезеңдерінде территорияның солтүстік және орталық ймақтарында солтүстік-шығыс желдері, зерттеп отырған территорияның оңтүстігінде оңтүстік-батыс желдері басым. Балқаш көлінің жағалаулық белдеуінің жел режимінің ерекшклігі жазда бриздердің бар болуы болып табылады. Бұл көлдің су бетімен және оны қоршап жатқан шөлдердің әрекеттесуімен байланысты.

Топырақ жамылғысы

Берілген территорияға қара-талшынды және ашық-талшынды топырақ тән, ал олар барлық территорияның 40%-н алып жатыр. Солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарда негізінен қара-талшынды, ал ұсақ шоқы орналасқан орталық бөлігінде ашық-талшынды топырақ таралған.
Көктемде өзеннің су тасуының құрылуына күз кезінде топырақтың ылғалдану дәрежесі үлкен рөл ойнайды. Бір метрлік топырақ қабатындағы ылғалдың қоры кеш күз кезеңінде территорияның солтүстік аймақтарында орташа алғанда 120 дан 200 мм-ді, ал оңтүстігінде 50 ден 150 мм-ді құрайды. Жаңбырлы жылдары бір метрлік саз және ауыр құмтасты қабатындағы күздік ылғалдың қоры топырақта солтүстік облыстарда 200 ден 250 мм-ге жетеді, ал дәл осы қабаттағы жеңіл құмтасты топырақты оңтүстікте - 100 ден 150 мм аралығында.
Топырақтың ең көп ылғалдануы көктем айларында байқалады, әдетте қар ерудің соңындағы бірінші онкүндікте.
Территория ылғалданғанда ең үлкен ала-құлалылық көктемдм ерекшкленеді, әсіресе ұсақ шоқы аймақтарында. Құз, қыраттың сулану тереңдігі шамамен 20 см-ді құрайды, ал олардың етегінде, сай және жыра түбінде, ойпат және суайрық телімдеріндегі ылғалдың толық ылғал сиымдылығы 1 м-ден артық тереңдікке дейін жиі жетеді.
Орталық Қазақстанның топырағының ерекшклігі ұсақ топырақтың қалыңдығының аз күші, олардың онша терең емес тығыз жынысты немесе борпылдақ төсеніші болып табылады.
Қарастырып отырған территорияның топырағы механикалық құрамы бойынша үш топқа бөлуге болады:
1) тығыз жыныстағы ұсақ тасты топырақ, аз күшті құмдар және жоғары инфильтрацияны сипаттайтын жеңіл саздақты құмтастар. Олардың барлығы ұсақ шоқы және территорияның оңтүстік пен орталық аймақтағы құм массивтерінде таралған;
2) территорияның оңтүстік және орталық айиақтарында саздақты топырақ;
3) ең үлкен су ұстап тұру қабілеттілігімен ерекшклкнетін сазды және ауыр саздақты топырақ солтүстік аймақтарда. Кейде олар территорияның ңтүстігінде өзен аңғарларында, көл қазаншұңқырлрында және басқа ойпаттың жамылғыларында кездеседі.

Өсімдік жамылғысы

Орталық Қазақстан территориясында сирек селеулі, бетегелі-жусанды және бұталы өсімдіктер басым таралған. Көктемде оларға эфемерлілер қосылады.
Облыстың барлық солтүстік - шығыс бөлігін алып жатқан құрғақ шөл зоналарында (таулы аймақтан басқа) қара-талшынды топырақта бетегелер, сонымен қатар жусан кең таралған. Эфемерлі өсімдіктер сирек кездеседі. Өзен аңғарлары бойымен дала өсімдіктері таралған.
Жерасты сулары шығатын жерлерде, жыл сайын су басатын өзен жайылмаларының учаскелерінде, сирек батпақтанған жерлерде оларға тән батпақты өсімдіктер кездеседі.
Жартылй шөлдердің өсімдік жамылғысында көпжылдық шөлге төзімді өсімдік түрлері басым (бетегелер, эфемерлер, сонымен қатар жусан көкпек және майда бұталар).
Құздың басында, жыныс шығатын жерлерде және сортаң жерлерде өсімдік жамылғысы аз. өзен жайылмалалары, уақытша өзен аңғарлары және таудың етекткрі өсімдктерге бай, ал кей жерлерде далалық шөптер кездеседі. Микротөмен жер бедерінде мия, көкпек бұталары таралған.
Шөл белдеулерінде сор жамылғысын қалыптастырмай жусанды-сор және жартылай бұталы өсімдіктер басым келеді.
Облыстың батыс бөлігіндегі грунт сулары жер бетіне жақын орналасқан құмды шөлде өсімдіктер өзгешелеу. Мұнда жусаннан басқа дақылды өсімдіктер кең таралған. Тақырда кейде біржылдық сортаңдар өседі 1.

2 Сарысу Өзені алабының гидрографиялық сипаттамасы

2.1 Гидрографиясы

Гидрографияның сипатты ерекшелігі сирек өзен торы және тек көктемдегі қар еру кезінде ағындысы бар уақытша ағын суларының көп болуы болып табылады. Көптеген кішкене көл шұңқырлары тек көктемдегі су тасудан кейін аз уақытқа суға толады.
Сарысу өзені 800-900 м биіктіктен Жақсы-Сарысу және Жаман-Сарысу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Телекөл ойпатына құяды. Өздерінің аттарына байланысты Жаман-Сарысу өзенінің суы тұздылау болып келген, ал Жақсы-сарысу өзенінің суы тұщылау болып келеді. Жалпы алғанда Сарысу өзенінің тұздылығы ағыспен төмен қарай өсіп отырады. Ортаңғы ағысында тұздылау болып келсе, төменгі ағысында тұзды болып саналады. Жоғарыда айтылған екі саласы қосылғаннан жерден бастап саналған Сарысу өзенінің ұзындығы 761 км. Бірақ бұл өзендердің ұзындығы суы аз және суы мол жылдары әртүрлі болып келуі мүмкін. Алаптың ауданы 81600 км2. Орташа теңгермелі еңістігі - 0,62 %.. Су жинау алабының орташа биіктігі - 490 м. Егер өзеннің бастауы ретінде оның оң салассы Жақсы-сарысудан алатын болсақ, онда өзеннің ұзындығы 950 км-ден асып түседі. Өзен жоғары бөлігінде Сыртсу саласын қабылдағанға дейін ендік бағытпен, ал Қаракеңгір өзені құйғанға дейін оңт-батыс бағытпен және төменгі саласыз бөлігінде меридиан бағытымен ағады.
Екі өзеннің қосылуынан басталғаннан кейін Сарысу өзені сол жағалық Талдыманақ (сағасынан бастап санағанда 708 км, бұл өзеннің ұзындығы 158 км) және Атасу (705-км, ұзындығы 177 км) салаларын қабылдайды.
Ең маңызды саласы - Кеңгір өзені. Бұл өзен құйғаннан кейінгі төменгі ағысы саласыз. Тек Сарысу өзенінен Боқтықарын өзені тармақталып бөлінеді. Сарысу төменгі бөлігінде өсімдігі өте сирек төбелі құмдарға шығады. Төменгі сағасы аллювиалды жыныстардан құралған. Осы жерде суы қамыс өскен тоғайларда жоғалады.

2.2 Сарысу өзені - рзд. №189 км бекетінің сипаттамасы

Бекет разъезден солтүстікке қарай 2,0 км қашықтықта орналасқан.
Өзеннің аңғары анық байқалмаған, жайпақ, далалық өсімдіктер өскен сазды-құмды беткейлері біртіндер қоршаған ортаның жазық рельефімен біртіндеп қабысып кетеді. Жайылмасы екіжақты, оң жағалық жайылмасының ені 250 м, ал сол жағалық жайылмасының ені 320 м-ге жетеді. Далалық өсімдіктер өскен, сазды-құмды, құмды-сазды грунттардан түзілген, суы мол жылдары ған мұнда су шығады, график нөлінен 490 см биіктікте су басады.
Өзен арнасы аздап иректелген, бекет тұсында түзусзықты болып келген. Грунты құмды-сазды, аздап деформацияға ұшырайды. Жағаларының биіктігі 2,0 - 2,5 м, тікжарлы, сазды-құмды болып келген.
Қыс кезеңінде арнада тұрақты мұз жамылғысы орнайды және мұзкептелі, мұбуу құбылыстары орнап тұрады, өте суық қыстары қайраңдары түбіне дейін қатып қалады.
Қадалы (сваялы) типті су бекеті өзеннің сол жағасында орналасқан.
1959 жылы бекетке Балтық жүйесіндегі биіктік белгісі тағайындалды, 1966 жылы IV класты нивелирлеу арқылы бекет басында орнатылған реперге биіктік белгісі қайта берілді.
Бұрынғы 356,81 м БС белгідегі нөл графигі орнына 355,97 м БС белгісі тағайындалды.
№2 гидротұстама су бекетінен 12 м төменде орналасқан және қайықты өткелмен жабдықталған. Суы аса мол жылдары су өтімі теміржол көпірінен өлшенеді.
Су бекетінен 50 м төмен және жоғары қадалы еңістік өлшеу бекеті орналасқан.
Су температурасы су бекеті тұстмасында жағалауда өлшенеді.

2.3 Су режимі

Алаптың су режимінің негізгі ерекшелігі күрт анықталған көктемгі су тасу болып табылады. Сарысу өзені алабының өзендері Б.Д. Зайков классификациясы бойынша қазақстандық типке жатады. Барлық су ағындысы көктемгі су тасу кезінде өтеді. М.И. Львович классификациясы бойынша бұл өзендердің қоректену көзі тек қана (исключительно) қар суынан алады. Өзен ағындысы көктемгі жауған қар-жаңбыр суларынан да құралады, олардың алатын үлесі әдетте 15-20 %. Жер асты суымен қоректені өте төмен болғандықтан алап өзендері жазда құрғап қалады. Көктемгі су тасудан кейін жазғы су сабасына түсу, осы кезде көптеген ағын сулар кеуіп қалады. Қыста бұл көпшілік кеуіп қалатын өзендер иірімдерінде қатып қалады.
Сарысу өзенінде судың көтерілуі 2-2,5 м-ден аспайды, бірақ мұздық жағдайдың рөлі жоғары. Минимал ағынды модульі ағыспен төмен қарай кемиді және төменгі бөлігінде өзен құрғап қалады.
Алаптың оңтүстік-шығысынан Сарысу жүйесіне кішігірім өзендер жақындайды, олардың ішіндегі ең ірісі - Көктас өзені. Мұнда судың деңгейі 3-4 ге дейін көтеріледі.
1967 жылығы Сарысу өзенінің №189 рзд. тұстамасындағы су деңгейінің өзгеру графигі 1 суретте көрсетілген.

1 сурет. Сарысу өзенінің №189 рзд. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рельеф құрушы эндогендік факторлар
Торғай өзенінің су режимін сипаттау
Ойыл өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімін есептеу
ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЬІҚ ЖЕЛІСІ
Ақтөбе облысының өзендерінің суының жылдық нормасын табу
Артық ылғалдану
Атмосфералық жауын - шашын
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Ертіс өзені - Өскемен қаласы тұсындағы гидрологиялық сипаттамаларды есептеу
Өзен ағындысын есептеу
Пәндер