Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Музыкалық өнер факультеті
Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы

Сардар Ердәулет Бердіханұлы
Тілеубек Жанарыс

Айтыс түрлерін қазіргі жыр сайысында қолдану жолдары
тақырыбында студенттік дипломдық жоба

Ғылыми жетекшісі: өнертану ғылымдарының магистрі Қалиев.С.Ә
Рецензент: Джампеисов.Н.Қ

Алматы, 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы. Айтыстың көне және қазіргі заманға жеткен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

Айтыс түрлерін қолдану арқылы жасалынған жыр сайыстары ... ... ... ..24

Айтыс түрлерін жаңғырту, қолдану әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Ауыз әдебиеті ерте дәуірден бері халықпен бірге жасап, сақталып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына. Сол ауыз әдебиетінің бір түрі - айтыс. Айтыс қазақтан бөлек арабтың бәдәуилер тайпасында және түркі тілдес елдердің бірнешеуінде, ал ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында табылады. Қырғыздарда айтыс үлгісі әлі бар, бірақ әлі де кең көлемде өріс ала алмай келеді. Қарақалпақтарда айтыс өнері 1928 жылдан кейін кездеспейді. Ал өзбек пен ұйғырларда айтыс дәстүрі революцияға дейінгі дәуірдің өзінде-ақ тоқыраған көрінеді. Өзбектер айтыстың жазба түрі - мүшәйраны дамыту мәселесін енді-енді көтеріп жүр. Әрине, мүшәйраның импровизациялық айтыс үлгісіне жатпайтыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда өркендеген айтыс өнері - қазақ халқында. Негізі өткен ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі айтыстың классикалық үлгілері қазіргі дамыған заманға келіп жетті.[1] Бағзы дәуірлерден бері елмен бірге жасап, қарқындап, дамып келе жатқан айтыс өнері де әр заманның бедерін, уақыт тынысын айқындайтын рухани мұрамыздың ең маңызды саласы болып табылады. Айтыс өнерінің шығу тарихы, қалыптасуы мен дамуы туралы қадау-қадау зерттеу еңбектер жазылды. Біз бұл ғылыми жобамызда айтыс түрлерін қазіргі айтыста қолдану жолдары туралы жан-жақты ізденіп, ғылыми тұрғыдан зерделемекпіз. Академик, жазушы Сәбит Мұқанов өз зерттеу еңбектерінде қазақ айтысын топ-тобымен бөлген. Ал Қажым Жұмалиев өз зерттеуінде 7 түрге бөлген. С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиев пікірлерін зерделей отырып, М. Жармұқамедов: Қазақ айтыстарын жіктеп топтастырудағы кейбір даулы мәселелер М.О. Әуезов зерттеулерінде ғылыми дұрыс шешімін тапқандығын айтады.[2] Ол өзінің Қазақ әдебиеті тарихының алғашқы кітабы мен соңғы басылуындағы айтысқа байланысты жазған тарауларында айтыс өлеңдерін ірі екі топқа бөліп қарастырған. Професор Болатжан Әбілқасымов Көне айтыс түрлері атты мақаласында ескі айтыс түрлерін тарқатып жазады. Ал Х. Досмұхамедов Аруақпен айтыс атты еңбегінде тоқталып өткен. А.Байтұрсынұлы бастаған ұлт зиялыларының барлығы дерлік айтыс өнері туралы әр жанры бойынша зерттеп, әралуан пікір қалдырған.
Тақырыптың өзектілігі
Уақыт алға жылжып, буын ауысып, көрермен талғамы өскен сайын айтыс өнерінің байырғы түрлері де көмескіленіп, сұраныстан қала бастайды. Тіпті 80 жылдары телевизиялық айтыста қолданылған айтыстың түрлері бұл күндері сирек қолданылады. Бұл ғылыми жұмыста айтыстың көне түрлеріне талдау жасалып, қазіргі айтыста қолдану әдістеріне ғылыми түрғыдан тұжырым жасалады. Бүгінгі уақыт тұрғысынан қарағанда да айтыс түрлерін жыр сайыстарында қолдану өзекті мәселе. Тақырыптың өзектілігі талдау, саралау, пайымдау, салыстыру негізінде ашылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті
Диплом жұмысының алдына қойған мақсаты- дарабоз дарынды ақындардың ұмытылып бара жатқан айтыс түрлерін елеп-ескеріп, оның шығармашылығын одан әрі терең зерттеп оны қайтадан жандандырып халыққа жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттерді шешу көзделді:
-айтыстың ел есінен жойылып бара жатқан түрлерін қайта жаңғырту;
-айтыстағы айшықты шумақтармен тапқырлықты,ой ұшқырлығын анықтау;
-сол айтыстардың бізге берер пайдасы мен ілімі;
-бұрынғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыра отырып талдау;
Зерттеу жұмысының дерек көздері;
Зерттеу жұмысын жазу барысында көне айтыстарды зерттеп бейнетаспаға сақтап елмен бөлісіп жатырған Еларна телеканалындағы "Кімнің есінде?" атты айтыс өнеріне арналған бағдарламаға шолу жасап зерттедік. Қазақ айтысын зерттеу еңбектерде кеңінен ұсынылған:
:: ғалым-филологтар: М.Әуезов, М.Қаратаев, Е.Исмаилов, Р.Бердібаев, Е.Тұрсынов және т. б.;
Этномузыкатанушылар: А.Затаевич, Б.Ерзакович, З.Киреева, Т.Бекхожина, А.Байгаскина, А.Темірбекова, А.Құнанбаева және т. б. Мысалы З.Киреева айтыстың музыкалық мәтініне назар аудара отырып, сонымен бірге поэтикалық мәтіннің басым рөлін жоққа шығармайды.
Жәнеде Маңғыстау жыраулық мектебіне де зерттеу жасап өзімізге керекті деректер алдық.
Аталмыш тақырыпты жан-жақты зерттеуде теориялық талдау, салыстыру, сараптау, дәлелдеу, баға беру, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мынадан көрінеді: Әр айтысқа сипаттама беріп жәнеде тақырыбына сай айтыста айтылған елдің санасында жаңғырып қалатындай шумақты көрсеттік.
-зерттеуде айтыс туралы айтылған пікірлер сарапқа салынды;
-оның айтыс өнеріне қосқан үлестері талқыланды;

Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы. Айтыстың көне және қазіргі заманға жеткен түрлері.
Көне замандардан бері өлмей келе жатқан айтыс өнері жұртымыздың сүйіп тыңдайтын, алттынын да асыра бағалайтын құнды мұрасы. Қазақтың ақындар айтысы тақырыбына арнаулы тоқталған М. Әуезов айтыстың қазақ өміріндегі орнына баса мән беріп, айтысты алғаш рет түрлі топтарға [2, 7] бөліп көрсеткен. C.Сейфуллин де айтыстың қазақ халқының халықтық өміріндегі орнының жоғары, қазақ әдебиетіндегі ұстайтын арасалмағының басқа жанрларға қарағанда мол екендігін баса көрсетеді. Айтыс туралы кім зерттесе де оның жалпы халықтық сипат алған өнер екенін және халық өміріне біте қайнасқан шыншылдығын жоққа шығарған емес. С.Мұқанов та осындай көзқараста болды. Ол айтысты мынадай жанрлық түрлерге бөлді:
1.Әдет-ғұрып;
2.Қайымдасу.
3.Жұмбақ айтыс.
4.Дін айтысы.
5.Ақындар айтысы,-деп топтастырады.
Бұл жерде автор жұмбақ айтысы мен дін айтысын жеке түр есебінде ақындар айтысынан бөліп алып, оны тудырушылардың да бір кезде ақындар болғанын, бұл айтыстардың мазмұн сипаты мен жалпы ақындар айтысының бір түрі екенін ескере бермеген тәрізді [2. 19-б]. Менің ойымша С.Мұқановтың айтыстарды өз-ара бөлгенінде тұрған ештеңе жоқ. Керісінше әр айтысты бөліп өзіндік сипаттама беруі оқырманға да түсінікті. Әр айтысты бөліп талдаған оқырман, әр айтыстың өзіндік ерекшеліктерін жеке-жеке түсініп, қандай айтыстың қандай бағытта өрбитінін кеңінен түсінеді. Жұмбақ пен дін айтысы жалпылама ақындар айтысы болғанымен ол айтыстардың өзіндік ерекшеліктерімен, айырмашылықтары болған.
Орта мектепке арналған қазақ әдебиеті оқу құралын да Қ.Жұмалиев;
1-Бәдік айтыс.
2-жар-жар.
3-мал мен адам айтысы.
4-Өлі мен тірінің айтысы.
5-Жұмбақ айтыс.
6-Салт айтыс
А)қыз бен жігіт айтысы
Б)ру айтысы
7-осы күнгі айтыстар,-деп жетіге бөледі(2-20).
Бұл зерттеушілерден бұрын Қазақ әдебиеті тарихы кітабында М.Әуезов айтысты екі топқа бөліп қарастырған. Әдет-ғұрып және ақындар айтысы деп.
Көне айтыс дегенде алдымен ойға оралатыны, әрине, "өлі мен тірінің айтысы", "аруақпен айтыс" дегендер. Бұлардың кейбірінің хатқа түсуі - XIX ғасырдың соңғы жағы, кейбірінікі - XX ғасырдың басы. B.Радлов өзінің әйгілі "Түркі халықтары ауыз әдебиетінің нұсқалары" атты жинағында "Ақбала мен Боздақ" тексін жариялағаны белгілі. Мұнда екі жастың қайғылы ахуалы - бірінің бақиға аттанып, екіншісінің фәниде зар жылап қалу оқиғасы суреттеледі. Моланың басына келіп, Боздақ өзінің шын сүйгені Ақбаламен тілдеседі, сұхбаттасады. 1942 жылы Сәбит Мұқанов "Айтыс" жинағын даярлағанда "Ақбала мен Боздақты" қайта бастырған, "Айтыстар туралы" деген кіріспе мақала жазған. Оны "Дін айтысы" деп атаған. "Бұл айтыста, - дейді С.Мұқанов, ісләм дінінің ешбір әсері жоқ. Ісләм дінінің айтуынша, адам өлген соң қабырға "мүңкір-нәңкір" деген екі періште келіп, құдайға тіршілікте қылығы жақпаған адам болса, жанын азаптайды; ісләм дінінше, өлік дүние сөзін, тіршілік сөзін айта алмайды, ол азаптан қорқып, басымен қайғы болады. "Ақбала мен Боздақ" айтысы ісләм дінінің бұл шартын бұзады. Айтыста тіршіліктің ең қасиетті тарауының біреуі махаббат жырланады". Дәл осы сияқты текстің бірі 1924 жылы "Сана" журналында жарияланған - "Аруақпен айтыс". Мұнда сүйгені Бабастың моласына келіп сөз қағысатын - Ақмандай қыз. Қазақ түсінігінде моладағы адаммен айтысу былай тұрсын, тіл қатысу - ақылға сыймайтын құбылыс. Әрине, бұл шын мәнісіндегі айтыс емес, айтыс пішінін жамылған тірі. адамның көңіл-күйін, жан сырын білдіретін өлең деп түсіндіру оңай. Алайда мұнда белгілі бір наным сенім ізінің жатқанын байқамау мүмкін бе? Халық әдебиетінен нәр алып өскен, соның қазанында қайнап-піскен Сәбиттің мұны "дін айтысы" деуі тегін бе?
Айтыстың алғашқы көне кездері тым әріге, бағзы замандардағы халық поэзиясының шағын түрлері-тұрмыс-салт жырларынан басталатынын көреміз. Екі ұдай болып хормен орындалатын үйлену салт өлеңдері жар-жар мен ескі діни наным-сенімдерге байланысты туған жырлар бәдік немесе Наурыз мерекесіне сәйкес бата-тілек үлгісіндегі кезектесіп айтылатын өлең-жырлар, сөз жоқ айтыс жанрының бастапқы негізін қалаған (3-8). Осы екі бағыттағы өлең-жырлар әуелі бастан айтыстың қалыптасуына түрткі болды десек те болады. Жар-жар да,бәдік те жастар арасындағы жарасымды әзіл қалжыңмен құрылып кең өтістеп өнер деңгейіне дейін жетіп, ұлттың импровизаттырлық дәрежесін көтерген жанрға айналды.
Айтыстың тарихын зерттеу барысында көзімізге ең көне айтыс ретін де шалынғаны ол - бәдік айтыс. Бұл айтыста ел ішіндегі немесе ауыл арасындағы әңгімелер де өлеңге өрнек болып айтыла береді.
Бәдік өлеңдері де халықтың көне салт, сенім-нанымдарына сәйкес сәйкес туып өріс алған. Жұрт малға келген әртүрлі індеттерден құтылу үшін сан түрлі ырымдар жасайтын болған. Әр ауырудың өз иесі бар деп санаған ел соған қарсы ем-дом қолдануды қажет санаған. Соның бір түрі-бәдік айту салты(3-11). Осылай бәдік өлеңдер пайда болған. Халқымыздың ауыруға өлеңмен жауап беріп, дертке лағынетін өлеңмен айтып жеткізгенін байқаймыз.
Дертке көш деп жырлайтын бәдік өлеңіне мысал келтірсек:
Айт дегеннен айтамын,әу,бәдікті,
Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.
От оттамай су ішпей жатып алса,
Бәдік емей немене бір кәдікті,әй көш!(3-12)-деп бағзыдағы бабалар бәдікті осылай жырлаған.
Бәдік айтыс көбіне шаманизм, шамандық діни-наныммен байласныстырып, барлық жаратылыстың өз иесі бар шатасуынан туған көне түрі. Ерте заманда біреудің малы жұқпалы дертке ұшыраса,яки қарақұрт, бүйі, жылан шақса, ондай жағдайда, төңіректегі ауылдың қыз-жігіттері бәдік айту арқылы ауру- індетті қайтарудың ұжымдық ахуал туғызуды көздеген. Мысалы, төмендегідей:
Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті,
Қара мақпал тоным бар, барша әдіпті.
От оттамай,су ішпей жата берсе,
Бәдік емей немене бір кәдікті, ай көш!
Бәдік кетіп барады жатқа таман,
Жүген ала жүгірдім атқа таман.
Құдай оңдап бәдікті қолға берсе,
Итере сал,кәпірді,отқа таман, ай көш! - деумен өлеңдетеді.
Оған жауап ретінде:
Бәдік, бәдік деседі,
Бәдік желдей еседі.
Асқар,асқар тауларға,
Ағыны қатты суларға,
Айнала соққан құйынға көш
Ай көш десе, көшеді, ай көш. - деп қарсыласының айтқан өлеңінің ізімен, жауабын беріп, айтысты әрмен қарай қызықтыра түсіреді.
Қазақтың ел әдебиетінің түрі көп екені мәлім. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр - аруақпен айтысу. Қазақ жұрты өліктерін өте сыйлайды. Там салу, ас беру, өліктің аруағына сиыну секілді ырымдар қазақтың бұрынғы шамандығынан қалған ырымдар. Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып мауқын басады. Өлік зарлаушыға жауап береді. Мола басында айтыс болады. Аруақпен айтысу - жоқтаудың бір түрі. Аруақпен айтысу көбіне ерлі зайыпты адамдардың арасында болады.
Тағы да бір айтыстың ұмытылып бара жатқан түрі - дін айтысы. Тарихшылардың айтуына қарағанда, XYI-XYII ғасырға дейін қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XYII ғасырдан бері қарай ислам дінін қабылдап алған. Осы кезден бастап ислам - қазақтардың да негізгі дініне айналған. Дін иелері, қожа молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме-үгіттерді таратқан. Дін иелері өздерінің қолына ұстаған ақындарына. әдейілеп тапсырып, жұрттың жиналған жерінде дін үгіттерін айттырған, не туралы және қалай айтуды алдын ала ескертіп те қойған. Осы негізде діни тақырыпқа арналған айтыс өлеңдері туған.
Дін айтысы екі ақынның бір-біріне берген сұрау-жауабы түрінде айтылады. Айтыстың негізгі тақырыбы дін әңгімелері, дін үгіті болады, соларға қараңғы халықты иландыру, нандырып, сендіру жағы қарастырылады. Бұл ретте дін айтысы жаңалығы жоқ, бір айтқанын қайталай беретін өлеңге айналады. Дін айтысының үлгісін, мәселен, Болық пен Елентай дейтін ақындардың мына бір айтысынан көруге болады.
Болық:
Ақын жігіт атанған, Елентайым,
Өнерпаздың өнерпаз білер жайын.
Жауап бер, бір азырақ сөз сұрайын:
Әуелі не жаратты бір құдайым?

Елентай:
Болық, маған белгілі сенің сырың,
Біздерден артық емес айтқан жырың.
Бұрынғы даналардан есітемін,
Жер менен көк жаралды елден бұрын.-деп дін айтысын жұмбақтау арқылы сұрақ қойып, қарсыласының осал тұсын іздеп отырған.
Айтысың қазіргі заманға жетіп, дамыған бір түрі - қайым айтыс. Қайым айтыс - қайым өлең, қайымдасу - айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі.
"Қайыра айту", "қайта жауаптасу" деген ұғымнан шыққан. Қайым айтыс көбіне қыз бен жігіттің қарама-қарсы мәндегі сұрақ-жауаптарына құрылады. Бұл шумақтардың алғашқы екі жолын қыз да,жігіт те қайталап айтуы мүмкін. Осы жайт алғашқы қайым айтыс үлгілерінің тым қарапайым, жанынан қосып айтуға жеңіл болып келетінін көрсетеді. Қайым айтыста әзіл-оспақ, шымшыма, астарлы сөздер қатар жүреді. Қайымдасулардың басым көпшілігінде бір-бірін әжуалап, іліп-қағыту да, сыпайы мақтаулар да орын алады. Айтыстың ақыры қыздың жұмбақ айтуымен, жігіттің оған жауап беруімен аяқталады. Жігіт қыз жұмбақтарын толық шешсе, қыз оған орамал, сақина, жүзік, кейде күміс түймесін беріп, кәде жолын жасаған.
Төл өнердің өте қызықты түрінің бірі - жұмбақ айтыс. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі - қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, "Ұлбике мен Күдері қожа айтысы", тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.
Мысалы, жұмбақ айтысының керемет үлгісі ретінде Нұрым мен Қашағанның айтысын атай аламыз .
Нұрым Шыршығұлұлы (1831, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы - 1908, сонда) - ақын. Асан қайғы, Сыпыра, Доспамбет, Шалкиіз, Абыл, Қалнияз секілді жыраулар мұрасынан өнеге алған. Нұрымның Абылмен, Қашағанмен білім сынасу мақсатында сұрақ-жауап үлгісіндегі айтыстары сақталған. Ол "Қырық батыр" дастанын Абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта жырлады, Қашаған, Ақтан, Мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды.
Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында - 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) - ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 - 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 - 17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ,Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.
Жұмбақ айтысында Нұрым:
Саламатпысың, шырағым,.
Алдыңа келді қарт ағаң.
Мүйіз шықса басыңа,
Сен талай түстің алқаға-деп жыр бастап, төкпелете келіп, ары қарай:
Бір-екі сөз сұрайын,
Ақылға кемел данадан.
Бала, білсең хабар бер,
Үдірегелі Хауа -- анадан
Қанша заман өтті арада?
Дүниенің басы неден жаралған
Жер мен аспан бұ не зат,
Мақұлық қалай тараған?
Адам, Лаухы, Ғалам -- баршасы
Бұлар неден жаралған?
Өлгенге мансұқ, неше аят,
Анау отыз парадан?
Маңсуалмас, Есеттей
Көл едің айдын жаппалы,
Сен қазақтың тақтағы.
Талайға айтып жібердім,
Құр адасып қайтарды
Дым білмейтін ақмағы.
Білгіш болсаң, Қашаған,
Осыны ойлап тап-тағы?-деп жұмбақ қойып Қашаған ақынды тұқыртпақ, сөзден тоқтатпақ болады. Тұлпарға тұсау бар ма? Ширығып отырған жыр жүйрігі де тосылмай, іркілмей, іліп алып, толғата жөнеледі.
Қашаған:
Иманнан жарық болмайды,
Таспихқа, айтып санаған.
Жұмаққа барад дейді тергеусіз,
Алласы анық қалаған.
Дүниенің басы; әуелі
Меруерт тастан жаралған.
Меруерт тас еріп су болған,
Судан түтін-бу болған,
Аспан, жер содан жаралған.
Адам, лаухы, ғалам, абзал баршасы
Сол заттан дейді жаралған!
Он сегіз мың ғалам болғанда
Үш бөлім болып тараған.
Алтауы болар жәмәдәт,
Алтауы болар нәбәдәт,
Алтауы болар хайуанат.- деп Қашаған Нұрым ақынның қойған жұмбағына нақты жауап береді. Жай ғана жауап беріп қана қоймай тарих пен дінді ілкіден алып келеді. Одан соң, Нұрым ақын тағы да өзінің жұмбақтап сауалдарын қоя кетіп;
Шамданба, шайыр, данамыз,
Білмеген соң бұ сөзді
Сұрамай неғып қаламыз? .
Сен бір -- қойма, дүкенсің,
Ұрулы тұрған құлыбың,
Ашармен келіп ашпасақ,
Ішіндегі тауардан,
Бүгін қалай аламыз? - деп өзінің жұмбағын қойып, Қашағанды сөзге тоқтатқысы келеді. Ары қарай төкпелетіп;
Алдыңда сенің сөз айтқан,
Жасы үлкен ағаңыз.
Дұшпаның емес Қашаған,
Аяғыңнан алатын,
Қапталдан ауыз салатын.
Қашаған, саған бір сұрақ,
Екеу жансыз, екі адам,
Бейішке кім ед баратын?
Ніл дарияның көпірі
Болған екен не заттан?
Көлде жүрген күмпілдек,
Судан даусы шыққан әупілдек,
Бұл болған екен қай жақтан? - деп қарсыласының ойын білгісі келіп, екпіндете жөнеледі. Сол кезде Қашаған;
Әлеумет келсе жиылып,
Айтқан сайын сөздерім
Келе берер құйылып.
Отырмаймын сарғайып,
Кісіден көмек сұраман
Тілемсектей қол жайып
Менің айтқан сөзімді.
Нұреке, көрме сен айып.
Нұреке, сенің қаңқуың
Қапталымнан жабысқан
Жақтырмаймын шаншуым.
Ұраным Қосай болғасын
Бүйірімнің тартуын.
Бүйірім, әттең, бұрып тұр,
Амалы түскір құрып тұр,
Басқа біреу болғанда
Маған қиын емес ед
Табаныммен тарпуым,
Аузыммен қарпуым. - деп өзінің тапқырлығы мен өресінің биіктігін көрсеткен деседі. Бұл айтыс мұрағатта алтын әріптермен жазылып тұр.
Нұрым мен Қашағанның осы айтысында Нұрым інісі Қашағанның аяқ алысын байқап,шариғи жолмен сұрақ жауап айтысын жасаған. Осы жұмбақтап қойған Нұрымның сұрақтары қай заманда болмасын біздің дініміз бен ділімізге,тіліміз бен жырымызға көптеген пайдасы барын аңғарамыз. Себебі біздер әлмисақтан мұсылман боп жаратылғанымыз екі бастан белгілі. Дінін ұмытпаған халық адасу мен шатасуға ешқандай жол бермейді. Абыз жырау аталарымыздың осындай жұмбақ айтысы санамызды жаңғыртып,жаңартып отырары анық.
Көне айтыстардың тағы бір түрі - өтірік өлең айтысы - қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды.
1984-1985 жылдары өткен командалық айтыста өтірік Қалихан Алтынбаев пен атақты Манап ақынның ұлы Әбдікерім Манаповтың айтысы мұрағатта алтын әріптермен жазылып тұрғаны анық.
Алтынбаев Қалихан Қалиасқарұлы (1927-2002) - айтыс ақыны. Республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. Бала жасынан ақындық өнерге ден қойған. Ол көпке алдымен айтыс ақыны ретінде танылды. Алғаш рет 1947 жылы Көсембек Байқұтановпен сөз сайысына түседі. 1957 жылы Заманбек Оразаевпен айтысады. Бұл айтыс сол жылы ақын В.Копытиннің аударуымен республикалық Ленинская смена газетінде жарияланды. 1959 жылы республикалық айтыста Тәңірберген Әміреновпен жыр сайысына түсіп, екінші орынды иеленді. Қ.Алтынбаев өз өмірінде отызға тарта айтысқа түседі.
Әбдікерім Манапов - Сыр өңірінің тумасы. Соңында 300-ден аса өлеңдері мен 60-тан астам әндері қалды. Ол көзі тірісінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер Одақтарының мүшесі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанды. Түркістан қаласының Мәдениет бөлімін 20 жылға жуық басқарды. Өмірінің соңғы 12 жылын Түркістан қаласында Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жауапты қызметтер атқарумен өткізді.
Сол айтыста мысалы;
Бір күні шыдатпады тісім қақсап,
Оданда тіссіз жүру өзі жақсы-ақ.
Дәрігерлер қабылдамай әуре қылды,
Суырдың айғырынша етіп шақ-шақ.
Барады бет ауызым күйіп жанып,
Түрім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Мәлік Ғабдуллин
А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
О. Досбосыновтың айтыстарындағы троптар
Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері
Жұмбақ жанры
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы
Пәндер