Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысы білім басқармасының
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Мамандығы: 0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105083 Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы: ББ-П-19

Орындаған: Жолкелдиева. Д
Жетекшісі: Абиева. Г

Қызылорда, 2023 жыл
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І ТАРАУ. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Цифрлық білім беру туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Цифрлық білім беру ресурстарының құрамы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім беру арқылы логикалық ойларын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.4 Бастауыш сынып оқушыларын цифрлық сауаттылыққа арналған тапсырмалар арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Тәжірибеде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .29

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Тақырыптың өзектілігі: XXI ғасыр - әлем дамуының жаңа ғасыры, технологиялар мен тың жаңалықтардың, білім мен ғылымның заманы. Уақыт өте заман қарқынды дамуда. Соған орай әр күн өзгерістерге, жаңа бір тың ақпараттар мен жаңалықтарға толы. Қазіргі кезең озық идеяларды, тың шешімдерді, үлкен еңбек пен білімнің мол қорын қажет етеді. Қазіргі кезең - білімділердің кезеңі. Сол үшін де заман ағымынан қалмау, ашылып жатқан жаңалықтарға ілесу, жаңа заман көшбасшыларының қатарынан болу, бәсекеге қабілетті болу үлкен білімді талап етеді. Бүгінгі күнде басты назарда тұрған мәселе - ол білімді, ой өрісі кең, жан-жақты тұлғаларды дамыту. Себебі тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Келер ұрпақты білімді ету үшін ең алдымен білім сапасын арттыру қажет.
Цифрлық экономика халықта оның жемістерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Бұл ретте, қазіргі кезде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76,2% құрайды, және алдағы жылдарда оның өсуі қажет. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірқатар бастамаларды енгізуде:
1) 3-4 сыныптарда оқуда және күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;
2) робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздеріне үйрететін робототехника бойынша 372 үйірме жұмыс істеуде [1].
Осы орайда мұғалімнің алар жауапкершілігі зор. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім сапасын арттыруды көздеуі тиіс. Бұл көп ізденісті, жаңа технологияларды пайдалану шеберлігі мен жаңашылдықтың болуын талап етеді. Қазіргі цифрлық даму кезеңінде цифрлық ресурстарды пайдалану қажеттілігі де осыдан келіп туындайды. Қазіргі таңда жаңа технологияларсыз, интернетсіз өмір сүруді көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Яғни, цифрлы технологиялар балалар мен жасөспірімдерге даму мен білім алу аясындағы шексіз мүмкіндіктерін ашады. Бір өкінішті нәрсе, интернет желісін және сол жаңа технологияларды қолданушылардың барлығы да осы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана алмайды. Оған басты себеп, өсіп келе жатқан жас балалардың, сондай-ақ ата-аналардың цифрлық сауаттылық деңгейі әлі де болса төмен екендігін дәлелдейді. Курстық жұмыс барысында жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша балалар мен жасөспірімдердің ғаламтор қолдану аясында белсенділіктері жоғары болғанымен, олардың цифрлық технологиялары қауіпсіз қолданудағы білімдері мен дағдыларының өзара деңгейлерін әлі де болса жетілдіру қажет екендігін аңғартады. Курстық жұмысты жазу барысында бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік беретін әртүтлі әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылады және ғаламтордың жаңа әдістері мен қауіптері жайында зерттеу жұмыстарының мазмұны мен технологиялары беріледі.
Қазіргі таңда, Қазақстанның әлемдік тенденциялардан, мәселен, АҚШ,Жапония және т.б. сияқты алпауыт мемлекеттерден қалыспай жүрудің барысында цифрлық жүйелерді кеңінен қолданып келеді, тіпті Қазақстан Республикасында гаджеттерді жаппай кеңінен қолдану біздің елімізге басқа шет елдерге қарағанда кешірек келсе де, олар ғаламтор желісін пайдалану уақытымен қуып жетті. Яғни, бұл дегеніміз осы цифрлық сауаттылық жөніндегі мәселе барлық алпауыт мемлекеттерге де Қазақстандық балаларға да қатысты екендігін көрсетеді. Соңғы кездері Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының түрлі цифрлық технологияларды қолданудың ережелері туралы, оның ішінде интернет байланыстары,оның ішінде ғаламдық желінің күн өткен сайын өсіп келе жатқан ұрпақтардың қауіпсіздік мәселелеріне және ақыл-ойының дамуы, логикалық ойлау қабілеттеріне де көп көңіл бөле бастады. Жаңа заманның ұрпақтарына жаңа заманға лайық білім беру стандарттарына, сондай-ақ ата-аналардың үміт еткен үміттеріне сай балалардың цифрлық сауаттылығын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін сандық,яғни, цифрлық сауаттылықты қалыптастыру үшін басты жауапкершілікті өзіне алуы тиіс. Бұл ғаламтор-ортаның білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, осы саладағы мұғалімнің беделін нығайту,онлайн-ресурстарды сыни және шығармашылық бағалау дағдылары мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, ғаламторды қауіпсіз пайдалану дағдыларын және ғаламтор пайдаланушының этикалық нормаларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады .
Сондықтан қазіргі заманғы адамның немесе бастауыш сынып оқушысы болсын сандық, яғни, цифрлық сауаттылығының маңызды құрамдас бөлігі оның жаңа ақпараттық технологияларды өз бетінше меңгеуге, олардың мүмкіндіктері мен тәуелдіктерін бағалауға және қабылдауға дайын болуы тиіс.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына жаңа ақпараттық технологиядары қолдандыру арқылы балалардың цифрлық білім беруді қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемелерін жинақтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім беру ресурстары арқылы педагогикалық, психологиялық негіздерін анықтау;
2. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын технологиялар арқылы қалыптастырудың балалар логикасына әсер етуінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
3. Цифрлық білім беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын дамытудың бір бөлігі ретінде қарастырып, олардың сапалық көрсеткіштерін сипаттап, теориялы және практикалық даярлық кезінде өткізетін тәжірбиелер барысын нақтылау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларына цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың маңызын анықтап, сауаттылықтарын, ой-өрісін дамыту.
Зерттеу пәні: Цифрлық білім беру беру ресурстарын қолданудың маңыздылығы
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушыларға сабақ өту барысында цифрлық білім беру ресурстарын қолданатын болсақ, оқушылардың сабаққа белесенділігін,қызығушылығын арттырып, цифрлық сауаттылығын қалыптастырамыз.
Күтілетін нәтиже: Бастауыш сыныпта цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың әлемдік тәжірибесіне және күнделікті практика ЦББР көмегімен төмендегі педагогикалық мақсаттарға қол жеткізуге болатындығын көрсетеді:
- цифрлық технологияларды кеңінен қолдану нәтижесінде білім беру жүйесі жұмысын жетілдіру (оқу-тәрбие үдерісі тиімділігі мен сапасын арттыру; пәнаралық байланыстарды кеңейту; қажетті ақпаратты іздеу жұмысы тиімділігін және көлемін кеңейту; танымдық ісәрекет белсенділігін арттыру);
- ЦББР - болжамды нәтижені алу құралы, атап айтқанда, білім алушыларға жоғары нәтиже беретін білім беру процесінің икемділігін және болашақ жұмыс берушілерге жоғары кәсіби мобильді мамандар дайындауды қамтамасыз етуі;
- цифрлық ресурстар дәстүрлі оқытудағы кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді: бағдарламаларды игеру қарқыны, педагогты, оқыту нысандары мен әдістерді таңдау;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден,бір тараудан,
тәжірбиелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



І ТАРАУ. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

3.1 Цифрлық білім беру туралы түсінік

Цифрлық сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлық сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз - бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану даярлығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігін, біз, біріншіден, Қазақстан Республикасының Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының мақсатын - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін арттыруды жүзеге асырудың басты бағыты ретінде қарастыра аламыз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы қазіргі пандемия кезіндегі өзекті проблемалардың бірі есебінде онлайн білім беру платформасын атап өткен болатын [2].
Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.
Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық платформа құру мақсаты Цифрлық Қазақстан -2020 Елбасымен ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.
ХХІ ғасырдың икемділігі мен құзыреттілігіне келсек, олар бастауыш мектептен бастап барлық білім беру қызметінде қалыптастырылуы керек. Білім беруді цифрландырудың, атап айтқанда жалпы білім беру жүйесінің іске асуының кейбір аспектілеріне тоқталайық.Соңғы уақытта жеке тапсырмалардан бастап тағайындалған құзыреттерді қалыптастыру үшін толық курстар мен модульдерге дейін ашық жалпы білім беру, жалпы дамудың онлайн-ресурстарын құру және пайдалану үдерісі белсенді түрде жүргізілуде. Онлайн курстардың бірыңғай платформасы баршаға ақпараттық ағындарға жылдам бейімделуге, ақпаратты бағалауға, ерекше жағдайларда шешімдер қабылдауға, бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдағы дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Халық өмірінің әлеуметтік парадигмасын қайта цифрландыру, ол адамдардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білім алу мүмкіндігін ашады. Заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі - желілік қызмет, әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шалғай шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік технологияларды қолданумен цифрлы білім берудің типтік ерекшеліктері - бұл икемділік, ұтқырлық, өндіріс қабілеттілігі, диалогтық және интерактивтілік, медиа ағындарды қабылдауға бағдарлау.
Цифрландырудағы негізгі мақсат - бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы - білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру - бұл мақсат емес, бұл - Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті - білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті ел жастарын дайындау.
Цифрлық білім беру ресурстары дегеніміз - компьютердің орасан зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып, дидактикалық мақсатқа жетуге немесе белгілі бір оқу мәселелерін шешуге бағытталған толық интерактивті мультимедиялық өнім [3,51 бет].
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) - электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар - оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:
1. ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі - электрондық құралды жаңа
материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық бейне үзінділер, дыбыстық файлдар,графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
2. Оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы
үлкен мүмкіндіктерді пайдалану әдісін атауға болады.Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары: анимация,бейне,дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер, суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін.
3. ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс,ағымдық,кесінді,қорытынды)
ұйымдастыруға қолдану әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.
4. Мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР - ды нақты бір
пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс.Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі.Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда тасымалданатын русурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де құрылуы мүмкін.
5. ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген
курстарда қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен, лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады.
6. Жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ
үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жаңдайда обьектінің құбылыстың немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып,оның жүрісі параметрлерді өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі.
7. Оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ыңғайлы уақытта,өз
темпінде теориялық материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тесттік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда ж.рген балаларға өте тиімді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (бұдан әрі - ЭОЖ) қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологияларымен бірдей қамту тапсырмасы қойылып тұр. Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқару саласында ширек ғасырдан бері табыспен қолданылып келеді. Қазіргі таңда мемлекет ұсынатын қызметтердің көпшілігі электронды тәсілмен көрсетіледі.
Мәселен, бастауыш білім берумен қамтылуды 1 пайызға арттыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,35 пайызға көтереді. Жоғарғы сыныптарды оқыту мерзімін бір жылға көбейту мемлекетттің жалпы ішкі өнімін 0,44 пайызға арттырады. Ұзақтығы 10 жылға созылатын білім берудің стратегиялық бағдарламалрын іске асыру мемлекеттің ішкі жалпы өнімін 5 пайызға көбенйтеді. Бұл ретте орташа баллдан 5 балл жоғары алған мемлекет еңбек өнімділігін 2,5 пайызға және жалпы ішкі өнімді адам басына шаққанда 1.5 пайызға арттыра алады.
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі -- ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін циярлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын.Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім беру ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эгрономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (e-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады [3, 54 бет].

7.1 Цифрлық білім беру ресурстарының құрамы және түрлері
Сабаққа дайындалу, сабақ үстінде және түрлі шығармашылық жұмыстарды орындау барысында, сыныптан тыс әрекеттерде оқушылар мен мұғалімдер үшін компьютердің орасан зор, баға жетпес маңыздылығы туралы айтылып және жазылып жатқандығы аз емес. 1986 жылдан бастап компьютерлер ең алғаш мектепке келе бастады, содан бері 20 жыл өтсе де оқу үдерісінде сандық техниканы пайдаланудың бірнеше тұжырымдамалары байырғы түрі ретінде бір-бірін алмастырып отырды. Байырғы түрін дәл осы сандық техника мен оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі жиынтығы алмастырды. Дәстүрлі электрондық оқулықтардан басқа CD-ROM-дардың орнына цифрлық білім беру ресурстарын (ЦБР) жасау және пайдалану ұсынылып отыр.
Егер бұл атауды жоғарыда көрсетілген мағынаға сәйкес түсіндірсе, онда ЦБР ретінде компьютерде сол күйінде және бөлек файл немесе өзара байланысқан файлдар тобы түрінде ұсынылған кез-келген аудиовизуалды ақпарат үзіндісі деп есептеуге болады. ЦБР ретінде кез-келген мәтіннің үзіндісін, формула жазбасын, электрондық кестені, сурет, фотосурет, анимация, аудио немесе бейненің үзіндісін, презентация немесе мәліметтер қорын, тест, интербелсенді үлгі (сонымен қатар үлгілік орта аясында ұсынылған үлгілік объектілермен емін-еркін әрекет жасауға мүмкіндік беретін виртуалдық зертхананы) және т.б. қарастыруға болады. Бұған қоса ЦБР-ның мұндай анықтамасы оның мақсаты (одан басқа, ол білім беруші болып табылатынын), оқу материалы мазмұнының толықтығы, бұл объект жасалынды ма әлде жай ғана сканерлеу немесе сандық әдістердің басқа жолдарымен сандық түрге қайта айналдырылғаны туралы ештеңе айтпайды.
Білім беру мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау үшін түрлі гранттық бағдарламалар мен тендерлерді ұйымдастырудағы КДҰҚ (кадрларды дайындаудың ұлттық қоры) құжаттарында қабылданған ресми терминологияның бұндай бос түсіндірмеден ерекшелігі бұл атауды түсінудің аса тар және қатты жағын қарастырады. Осы терминологияға байланысты қазіргі таңда оқу үдерісінде жасауға және пайдалануға арналған осындай бағдарламалық құралдардың үш дәрежесі ұсынылады:
oo ЦБР-ы сәйкес пән бойынша нақты оқулықпен қатаң байланысқан және
сәйкес әдістемелік қолдау жасайтын сәйкес оқу тақырыбының қандай да бір нақты үзіндісін меңгеруді қолдайтын жеке сандық мазмұндық модуль ретінде;
oo Инновациялық оқу-әдістемелік кешендер - талап етілген (оқу
материалдарын ұсынудан бастап алынған білімді бақылауға дейінгі барлық қызметтерді дамытатын, оқушылардың жас кезеңдеріне сәйкес келетін базалық оқу бағдарламалары аясында меңгерілетін тақырыптармен барлық шоғырларды қаптайтын және оқу үдерісін байырғы тәсілмен іске асыруға мүмкіндік беретін инновациялық потенциалдан құралған) электрондық компонент жиынтығы және қағаз түріндегі әдістемелік қолдама ретінде;
oo Күрделі құрылымдардың ақпарат көздері - түрлі айдарының
аналогы, оған қорлық стандарт тақырыптарының бір бөлігін ғана қамтитын, оларды дамытатын, кешенді және интербелсенді сипатқа ие және оқулықтарға байланысы міндетті емес қосымша және анықтамалық материал сынды түрлі ақпараттық объектілер жатады [3,57 бет].
Оқу- әдістемелік қызметі бойынша цифрлық білім беру ресурсының түрлері.
1) Электрондық оқулықтар:
Дәстүрлі оқулықтардың прототипі; түпнұсқалы электронды оқулықтар; пәндік білім беру орталары.
2) Электрондық оқу құралдары:
Үйретуші; жаттықтырушы; оқытушы; оқытушы - бақылаушы; ойын; интербелсенді; пәндік топтамалар; анықтамалар мен сөздіктер; тәжірибелік және зертханалық.
3) Электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ЭОӘК)
Пәндік әлемдер; бағдарламалық- әдістемелік кешендер; пәндік оқу- әдістемелік орталар, инновациялық ОӘК.
4) Бақылаудың электрондық басылымы:
Тесттер; тестілік тапсырмалар; тестілеу бойынша әдістемелік нұсқаулар; құрал- сайманды әдістер.
Ақпарат түрі бойынша цифрлық білім беру ресурсының құрылымы:
1) Мәтіндік ақпаратты ЦБР:
Оқулықтар мен оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар; оқуға арналған оқулықтар; тапсырмалар мен тесттер; сөздітер; анықтамалар; энциклопедиялар; мерзімді басылымдар; нормативті- құқықтық құжаттар; сандық мәліметтер; бағдарламалық және оқу- әдістемелік материалдар.
2) Визуалды ақпаратты ЦБР:
а. Топтамалар: суреттемелер; фотосуеттер; суреттер; үдерістер мен құбылыстардың видео үзінділері; тәжірибелерді көрсету; видеоэкскурс;
b. Үлгілер: 2-3 - өлшемді статикалық және динамикалық; виртуалды ақиқат объектілері; интербелсенді үлгілер.
с. Символдық объектілер: сызбалар; диаграммалар; формулалар.
d. пәндік аумақтарға арналған карталар.
3) Біріктірілген ақпаратты ЦБР
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар оқуға арналған оқулықтар; тапсырмалар; энциклопедиялар; сөздіктер; мерзімді басылымдар
4) Аудио ақпаратты ЦБР:
Қимылдардың дыбыс жазбалары: музыкалық шығармалардың дыбыс жазбалары; тірі табиғаттың дыбыс жазбалары; өлі табиғаттың дыбыс жазбалары; бір мезгілдегі аудио объектілер.
5) Аудио және видео ақпаратты ЦБР:
Тірі және өлі табиғаттың аудио- видео объектілері; пәндік экскурсиялар; энциклопедиялар.
6) Интербелсенді үлгілер:
Пәндік зертханалық практикумдар; пәндік виртуалды зертханалар.
7) Күрделі құрылымды ЦБР:
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар, энциклопедиялар.
- Электрондық кітапхана - электрондық құжаттардың (әдебиеттер туындыларынан тұратын электрондық басылымдар, анықтамалар және т.б.) әркелкі топтамаларын сенімді және тиімді сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпараттық жүйе.
- Электрондық көрнекі оқу құралдарының кітапханасы - мазмұны берілген пәндік аумақтағы объектілер, үдерістер мен құбылыстарды бейнелейтін мультимедиа компоненттерін таңдау көмегімен берілетін оқу құралы.
Цифрлық сауаттылық - цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы. Цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру кезеңі бастау алып, еліміздегі барлық саладағы жұмыс істейтін халық толығымен ақпараттық технологияларды игеруде. ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу - бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой - санамыз және сапалы дүниелерімізбен үлес қосу - жаһандану кезеңінің табалдырығында тұрған біздер үшін аса маңызды іс.
Елбасының сөзімен айтқанда, Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.
Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, Цифрлік тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Оқу үрдісінде компьютер оқып - үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Цифрландырудағы негізгі мақсат - бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу - тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата - аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы - білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру - бұл мақсат емес, бұл - Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді. Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады [4,262-267б].

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық білім беру арқылы логикалық ойларын қалыптастыру
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық,психологиялық, техникалық оқыту жүйесі үшін қолданылады.
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурсын қолданудың маңыздылығы мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте жоғары.
oo Пән туралы білімді тереңдетіп оқытуға арналған қосымша және кең
көлемді ақпараттың болуы;
oo ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру,оқушыларға жеткізе
білу;
oo Бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау;
oo Шығармашылық тапсырмаларды оқушыларға көрсету,оларды баулу;
oo Баяндамалар, презентациялар, көрнекіліктер арқылы оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттыру;
oo Энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпаратты оқушыларға жеткізу;
oo Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін
дамыту;
oo Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды
игерудегі өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруна көмектесу;
oo Оқушыларға үй тапсырмасын орындауға көмектесу;
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурсын қолданудың негізгі әдістері:
1) Жаңа материалдарды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі.Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
2) Оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін.
3) ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс,ағымдық,кесінді,қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі.
4) Мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР - ды нақты бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
АКТ пәнін геймификация технологиясын қолданып оқыту әдістемесі жасау
Дифференцияланған оқыту технологиясы
Сабақта smart технологиясын қолдану
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер