Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

  1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ЖҰМБАҚ, ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МӘНІМақал-мәтелдер . . . 5Жұмбақтар . . . 15Жаңылтпаштар . . . 25
  2. НАҚЫЛ, ӨСИЕТ, ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР МЕН ТӘМСІЛДЕРДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫНақыл сөздер . . . 32Өсиет сөздер . . . 39Қанатты сөздер . . . 45Тәмсілдер . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл да бай мұрасы, небір кестелі сөз жауһарлары да осы ауыз әдебиетінде. Халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесінен бастау алып, ел аузында кеңінен тараған ауыз әдебиеті үлгілерінің ерекше бір түрі - ғибратты фольклор болып табылады. «Ғибратты фольклор» деп аталып жүрген себебі: оларда ұлтымыздың тәрбиелік, дидактикалық мақсатты көздеген дүниетанымы мен өзіндік көзқарасы берік орын алған. Халық даналары не айтса да, тілге шешен, сөзге бай, ойға оралымды ғибратты сөздердің неше алуан түрлерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырғаны бесенеден белгілі. Санамалап айтар болсақ, олар - мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, тәмсіл сөздер, қанатты, нақыл сөздер, өсиеттер. Күнделікті өмір тәжірибесінен алынған асыл сөздер әбден ой елегіне өткізіліп, ауызекі тілде мәңгілікке сақталған. Онда ата-бабаларымыздың өнеге берер өсиетті өткір сөздері, тәлім-тәрбиесі, этикалық-эстетикалық тағылым беретін терең логикалық ой тұжырымдары, алуан түрлі дүниетанымдық көзқарастары, пікір-қорытындылары, байламдары, кемеңгерлік ұстанымдары жинақталған. Ой түбінен шыққан әр асыл сөздің барлығы да - уақыт өткен сайын санаға сәуле дарытатын, ой тастайтын, көкірек көзін ашатын, жауһардай жарқыраған, алмастай өткір де ойлы сөздер. «Ғибратты фольклор» үлгілері арқылы халқымыздың мінез-болмысын, ақыл-парасатын, тектілік өлшемдерін тануға болады, өйткені ол - тұнып тұрған тәлім мен тәрбиенің көзі, тапқыр сөйлеудің дайын нұсқасы. Ежелден мақалдап, мәтелдеп сөйлеу - қазақ даналығының шарықтау шыңы, шешендіктің үлгісі еді. Бұл жанрдың тіл ұстартуға, ойды дамытуға да тигізген әсері ұшан-теңіз.

Қазақ фольклорының ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті дәуірлеріндегі ақыл-ой алыптарынан сақталған дәстүр би-шешендеріміздің, ақын-жырауларымыздың шығармаларында тұрақты орын алды. Лирикалық-дидактикалық және эпикалық-философиялық туындылардың көркемдік-эстетикалық ықпалдылығын күшейту қызметін атқарған асыл сөз оралымдары сөз өнері туындыларының халықтық сипатын қалыптастырды. Себебі, ауызша және жазбаша авторлы сипатымен дамыған афоризмдерде халықтың ата-бабалардан ұрпақтарға жалғасқан адамгершілік-имандылық ұлағатты сөздері түйінді ой тастайды. Осылайша, әдебиеттегі ғибраты мол асыл сөз маржандары тәрбиелік сипатымен ұлттық құндылық пен жалпыадамзаттық ұстанымды жетілдіруге үлес қосуда. Халық даналығынан туындаған сөздердің көркемдік-эстетикалық тағылымы философиялық, педагогикалық жағынан болсын ұрпағымыздың тәрбиелі болуына жол көрсетуі - бүгінгі күннің басты мәселесі.

Зерттелу деңгейі. «Ғибратты фольклор» үлгілері өте көп зерттелген әрі фольклор жинақтаушылар мен зерттеушілер оның ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жинақталғанын айтып өткен. Жинақтап- зерттеу жұмыстарына И. И. Березин, И. Лаптев, В. В. Радлов, Н. Остроумов. В. В. Бартольд, Н. Ф. Катанов, Ә. Диваев сияқты орыс зерттеушілері мен М. С. Бабажанов, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Ешмұхамедов, М. А. Ысқақбаласы сияқты қазақ зиялылары ұйытқы болды. Кеңестік кезеңде Ә. Тұрманжанов, Б. Ақмұқанова, М. Әлімбаев, Б. Адамбаев, Ә. Құрышжанов, Р. Сәрсенбаев, С. Нұрышев, М. Әбжанов, Қ. Саттаров, Н. Төреқұлов, Ш. Керім т. б. әдебиетшілер мен ғалымдар жариялау жұмыстарына белсенді араласып, арнайы зерттеулер жазды [1] .

Зерттеу нысаны. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, нақыл, қанатты, өсиет сөздер мен тәмсілдер.

Зерттеу жұмысының мақсаты - ғибратты фольклорға жаңаша көзқараспен қарау. Ғибратты фольклор жанрлары және оны классификациялау. Шағын көлемді мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштардың көркем құрылымдық ерекшелігі мен мәнін тақырыпқа сай зерттеу. Қанатты нақыл сөздердің философиялық, тәрбиелік маңызын ашу, ең алдымен, бұл жанр түрлерінің бейнелі сөзге негізділігін анықтау. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Ғибратты фольклордың ерекше түрі - мақал-мәтелдердің ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен ұқсастығы мен айырмашылықтарын және құрылымдық ерекшеліктерін ажырату;
  • Қазақ жұмбақтарының тақырыптық жағынан топтау мен поэтикалық амал-тәсілдерін тану;
  • Жаңылтпаштардың құрылысы мен бала психологиясына әсерін анықтау;
  • Нақыл және қанатты сөздердің эстетикалық-тәрбиелік қызметі мен философиялық маңызын түсіну;
  • Өсиет сөздердің тағылымдық-тәрбиелік маңызын ашу;
  • Тәмсілдердің негізгі белгілеріне сай тәрбиелік маңызын айқындау.

Зерттеу жұмысының болжамы . Ғибратты фольклор түрлерін түсініп, жаттап өскен жас ұрпақтың тілдік дағдыларды жоғарғы деңгейде қалыптасуына мүмкіндік береді. Ойлау қабілеттері артады, құндылықтар негізінде тәрбиеленеді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері . Диплом жұмысында шағын жанрлы ғибратты фольклор жинақтары, аталған тақырыпты зерттеген ғалымдардың ғылыми көзқарастары мен еңбектері, оқу құралдары, ғаламтор материалдары негіз болды.

Зерттеу әдістері. Дипломдық зерттеу жұмысында ғылыми-теориялық еңбектерді талдау барысында түрлі ой-пікірлерді қорытып, баяндап шығу, жүйелеу, анықтау және бақылау, жинақтау әдістері қолданылды. Жасалған тұжырымдар теориялық жағынан қорытындыланып, нақты мысалдармен дәйектелді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми жұмыста шағын жанрлы ғибратты фольклор үлгілерінің тақырыптық ерекшелігі, құрылымы, тәрбиелік мәні мен маңызы ашылды. Зерттеу барысында талданған ауыз әдебиеті нұсқаларының балаларды құндылықтарға негізделген білім бере отырып тәрбиелеуге мол материал беретіндігі анықталды. Олардың маңызы тек балаларға тәрбиелік әсер етумен ғана шектелмейді, олардың ата-анасы мен қоршаған ортасына да, олардың адамгершілік қасиетіне, өмірлік ұстанымдарына, көзқарастары мен сенімдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Зерттеудің теориялық маңызы. Аталған зерттеу жұмысы мектептерде оқушылардың ана тілі мен қазақ әдебиетінен жазбаша тілін ұстарту үшін әдістеменің теориясы жағынан дамытуға едәуір үлес болып қосылады. Бұл зерттеу жұмысында жасалған қағидалар және түрлі тұжырымдар қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесін теориялық жағынан толықтырады.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Қазіргі таңда бүлдіршіндердің бойындағы кекештік, тіл дыбыстарын дұрыс айта алмау кемшіліктерін түзетуде таптырмас құрал. Зерттеу жұмысы балабақшалар мен мектеп оқушыларының қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесіне өз үлесін қосады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Ғибратты фольклор жанрындағы шағын сөз оралымдары кез келген

оқырманның тілдік қорын дамытып, шешен сөйлеуге ықпал жасайды;

  • Оқырманның ойлау қабілетін дамытып, тілдік кемшіліктерден арылуға

септігін тигізеді;

  • Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуде маңызды рөл

атқарады;

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тарау бөлімшелерінен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ЖҰМБАҚ, ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МӘНІМақал-мәтелдер

Мақал-мәтелдер - ғибратты шағын жанрдың бір түрі. Қазақ мақал-мәтелі ауыз әдебиетіміздің ең көне түрі. Ол - халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалдырылып келе жатқан баға жетпес орасан бай мұрасы. Онда ата-бабаларымыздың өмірден көрген тәжірибелері, ой-толғаныс, болжамдары, ақыл-кеңестері бір ауыз сөздің қауызына сыйғызылып, саф алтындай ғасырлар қойнауында тот баспай сақталып келеді. Мақал-мәтелдердің қадір-қасиетін жақсы түсінетін халық оны ерекше құрметтейді, ондағы айтылған пікірлерге асқан ілтипатпен қарайды. Сондықтан да осы уақытқа дейін мақал-мәтелді төбелеріне көтеріп, «Мақал - сөздің атасы», «Мәтел - сөздің мәйегі» деп айрықша қастерлеумен келеді. Сол үшін де ақ пен қараны, оң мен солды, дұрыс пен бұрысты ажырату үшін көнекөз мақал-мәтелдердің даналығына жүгініп жатамыз. Жақсылық пен жамандықтың, кішіпейілділік пен тәкаппарлықтың, қайырымдылық пен қайырымсыздықтың, аңқаулық пен қулықтың арасалмағын айырғымыз келсе, тағы да көне безбен - мақал-мәтелге жол тартамыз, сенім артамыз. Мақал-мәтел қазағымыз үшін ұлы даналықтың таусылмас қайнар көзі тәрізді. Себебі мақал-мәтелдің әр сөзінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, дүниеге деген әр қилы көзқарасы, еңбегі мен өмір суру қағидаттарының көріністері жинақталған. Қаншама ғасырлар бойы адамзат бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік, мәдени-этикалық, көркемдік-тәрбиелік мақсат-мұраттарының дамуына үлес қосып келеді. Бастапқыда ділмар, би- шешендердің айтқандары арқылы ауыздан-ауызға жеткен туындылар таралу барысында зерделеніп ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырылған. Мақал-мәтелдер қысқа тұжырымдалып айтылғанымен, олардың өзегінде адамның өмір сүру заңдылықтарын, тұрмыс-тіршіліктегі қарама-қайшылықтарды, әлеуметтік тартыстарды терең пайымдаудан, сараптап-саралаудан, ақиқатты іздеуден туындаған.

Айтылар ой образды түрде беріліп, көркем тілмен астарлап, бейнеленіп жеткізуді мақсат тұтқан. Құрылысы тұрақты, өзгертіп айтуға келмейді. Адамзат тіршілігі мен қоғамның кез келген саласын қамтитындықтан, қозғалған тақырыптары да сан алуан: туған жер, елдік пен ерлік, ынтымақ-бірлік, адамгершілік ережелері мен адам бойындағы алуан түрлі қасиеттер, ақыл-парасат, Отан, отбасы, туған-туыс, еңбек пен кәсіп, өнер-білім, денсаулық, төрт түлік мал т. б. тақырыптар кеңінен қозғалады. Мақал-мәтелдер бірге қалыптасып, қатар дамып отырғанымен, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Мақалдар күнделікті тіршілікте кездесетін мәселелерді жинақтап, түйіндеп, ыкшамдап көрсетеді. Аяқталған ой әр қилы дәлел мен корытындылар арқылы катар айтылады, ауыспалы мағынада да ұшырасады, құрылысы өлең түрінде де, қара сөз түрінде де болып келеді. Кейде ойды ұтқыр, тілге орамды жеткізу мақсатында нақыл сөз үлгісінде де қолданыс тапқан. Ал мәтелде сөз мағынасы тұспалдап, баламалап, меңзеу тұрғысында толық аяқталмаған ой түрінде көркем тілде жеткізіледі. Мақал секілді формасы әбден тұрақтанған, ойдың салдары беріліп, себебі айқындалмайды. Сонымен қоса, мәтелдер мақал тәрізді нақты тақырыптарға жіктелмейді.

Қазақ мақал-мәтелдері сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы, «Орхон-Енисей ескерткіштері» жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөздігінен:

«Ұлы болсаң, кішік бол,

Халық үшін бәлік бол», - делінген, «Құдатғу біліктен»:

«Біліп сөйлеген білекке саналар,

Білімсіз сөз өз басын жояр», - дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады [2] . Бұл деректерге сүйене отырып, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден көрініс тауып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз. Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау XVIII ғасырдың II жартысынан басталады. Қазақ мақал-мәтелдері туралы әр кезеңдерде Ш. Уәлиханов, Э. Диваев, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Б. Шалабаев, С. Нұрышев, Р. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Б. Ақмұқанова, Әбділдина, Ә. Қайдар, Ш. Керім сынды зерттеушілер арнайы ғылыми еңбектер жазған [1] .

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды тұжырымдауында, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.

Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды пікір айтылатын, өте ықшам, бейнелі халық нақылы. Мақалдар аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлем болып келеді, құрамындағы сөздер өзінің дербес мағынасын сақтайды. Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл», «Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен» деген мақалды алсақ, бұлар екі жай сөйлемнен құрылған. Мұнан мақалдар көбінесе екі бөлімді болатынын көреміз. Сөйлемдері әрқашан тиянақты. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни, ақылдың ескірмейтіні, білімнің соңы жоқ екендігі анық айтылып тұр. «Ақылды өзінен көреді, Ақымық ағайыннан көреді»» деген мақалдан да осыны байқауға болады. Мақалда өзара қарама-қайшы ұғымдар мен құбылыстар салыстырылып, шендестіру арқылы жасалады, онда ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Құрылысы жағынан мәтелдер мақалдан басқаша. Мәтелде қорытынды ой, түйін айтылмайды, тұспал ғана болады. Бейнелі сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды, тұжырым жасайды. Мысалы, «Көппен көрген - ұлы той», «Әлін білмеген әлек», «Көп түкірсе - көл» деген мәтелдерде тұспалдау ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды тұжырым жоқ, ой астарлы мағанада айтылады, сөйлем аяқталмаған, толымсыз. Демек, айтылған ойды тыңдаушы өзі қорытуына тура келеді. Мәтелде дәлелдеу де, тиянақты тұжырым да болмайды, мағына ашық емес.

Сонымен бірге мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. «Елін сүйген ер болады», «Денсаулық - зор байлық» деген мақалдарда ой тура айтылса, «Өнер алды - қызыл тіл», «Ер қанаты - ат» тәрізді мақалдар ауыспалы мағынада айтылып тұр. Ал, «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда», «Не ексең, соны орарсың», т. б. мәтелдерде айтпақ ой тура айтылмай, жұмбақтап, астарлы мағынада білдірілетінін көреміз. Ендеше, осындай айырмашылықтары арқылы мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу және құрамы жағынан жіктеп көрсетуге болады.

Мақал мен мәтелдер сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбайды, дайын қалпында жұмсалады, құрамдары әрқашан тұрақты болады. Ғалымдардың айтуынша, мақал-мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар:

  1. Мақалдар мен мәтелдер - фразеологизм сияқты тілдік құбылыс;
  2. Пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретіндегі логикалық тұлға;
  3. Ойды қысқа айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі.

Ендеше, мақал-мәтелдердің ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен байланысы және құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталып көрейік.

Біріншіден, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арақатынасын қарастырайық. Мақал-мәтелдердің тұрақты сөз тіркестермен ұқсастығы басым. Көптеген тілдерде фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер қатарласа өмір сүреді. Зерттеуші-ғалымдар В. В. Виноградов, В. Н. Гелия, Р. Сарсенбаев, Ө. Айтпаев еңбектерінде мақал-мәтелдерді фразеологиялық тіркестер құрамына енгізген. Мақал-мәтелдер фразеологиялық бірліктің басқа түрлері сияқты сөйлеу үстінде бірден түйдек күйінде пайда бола салмай, алдын-ала ойлау процесінде әзірлеген даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, «ор қазу» деген тұрақты сөз тіркесінен тілдің дамуы барысында «Біреуге ор қазба» деген мәтел, оның негізінде «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақалдар туған. Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты құрамын сақтап жасалады, құрамындағы сөздерінің орын тәртібі әбден қалыптасқан, басқа сөзбен ауыстыруға болмайды. Олар морфологиялық не синтаксистік тұрғыда болсын, өзгеріссіз, даяр күйінде қолданылады. «Аздың қадірін білмеген, көптің қадірін қайтіп білер?»- деген мақалда құрамындағы жеке сөздердің берер мағынасы сөз болып отырған жоқ, түгел бір мақалдың тұтас мәні сөз болып тұр.

Екіншіден, мақал-мәтелдер қазақтың шешендік сөздерінде де жиі қолданыс тапқан. Сәкен Сейфуллин өз зерттеулерінде мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы, жалғасы ретінде қарастырады. Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, зерттеуші жалпы ауыз әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі», «Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі» деген ерекше сөздер - әр заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына, ол заман тұрмысынан туған мұратына ұқсай туды деген сөзді қуаттайды» [3] . Шешендік бастауы түбі бір түркі тектес халықтардың көне жазба ескерткіштеріндегі аталы сөздерден басталып, жұрт сынынан өткен халық қазынасы ауыз әдебиетінің үлгілерінен нәр алған.

«Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін», - деген Жүсіп Баласағұнның сөзі халықтың: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», - деген мақал-мәтелімен үндесіп жатыр.

Үшіншіден, мақал-мәтелдердің құрылымы өлең сипаттас болып келеді. Белгілі бір дәрежеде ұйқасқа, рифмаға, дыбыстық қайталауларға, олардың тармақтарының бастапқы және соңы дыбыс үндестігіне негізделеді. Осылардың нәтижесінде мақал-мәтелдердің сыртқы сұлулығы мен ішкі мазмұнының бірлігі сақталып, тыңдаушының көңілінен шыққан, тез жатталған. Мақал да мәтел де теңеу, әсірелеу, метонимия, метафора, аллитерация, ассонанс, анафора, эпифора антоним сияқты көркем сөздермен айшықталады. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов - қазақ мақал-мәтелдерінің алғашқы зерттеушілерінің, оның ішінде, ең беделді ғылыми пікір айтқандарының бірі. Ол «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген еңбегінде халық шығармашылығының бұл түрін жеке дербес тарау етіп алып, жан-жақты талдаған. Мақал-мәтелдердің басқа халықтарда да барын ескере келіп, ол: «Мұның қазақтағы түрінің өзіндік ерекшеліктері мол . . . Қазақ мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді. Және сондағы сөздердің өзара үндесіп, ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығына қайран қаласың. Мағына, мәні де мейлінше терең болады», - дейді [4] . Сөйтеді де, «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» сияқты мақалдардың ішкі ұқсастықтарының күштілігіне жұртшылық назарын аударады. Мақал-мәтелдердің өн бойы көркем сөздермен айшықталып, ерекшеленеді. Мысалдар келтіре кетсек,

«Түсіне қарасаң, күндей,

Ішіне қарасаң, түндей» (теңеу әрі психологиялық параллализм),

«Тарыдан тау, тамшыдан көл» (әсірелеу),

«Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы» (метафора),

«Кітап - көзі жұмыққа арзан,

Көзі ашыққа маржан» (метонимия),

«От ауызды, орақ тілді» (эпитет),

“Сабыр түбі - сары алтын,

Сарғайған жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа” (аллитерация, эпитет),

«Ақыл - гауһар бағасыз,

Ақымақ - ауру дауасыз» (ассонанс және антонимдік қолданыс),

«Жомарт жүрекке иман қонар,

Жомарт қолға аспандағы лашын қонар”(анафора мен эпифора) т. с. с.

Осы сияқты бейнелі кестеге толы сөз өрнектерін айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, берілетін ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі - мақал-мәтелдің көркемдік құндылықтарымен байланысты.

Төртіншіден, мақал-мәтелдердің нақыл сөздермен арақатынасы ерекше. Ел аузында, әдеби шығармаларға жақын «түгел сөздің түбін» білдіретін нақыл сөздер көп кездеседі. Айтар ой түйіні мен құрылымдық ерекшеліктері жағынан нақыл сөздер мақал-мәтелдерге өте ұқсас болып келеді. Сол себепті көптеген жеке адамдардың атынан айтылған нақыл сөздер мақал-мәтелдің қатарына қосылып, халық аузында айтылып келеді. Бірақ бір-біріне қанша ұқсас болса да, олардың өзара айырмашылығы бары байқалады әрі олар көркем шығармаларда да көп қолданылады.

Ақын-жазушылар өз шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгілердің негізінде өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Мәселен, Ыбырай Алтынсариннің:

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала аш болам деп ойламайды», - дегені, ұлы Абайдың:

«Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей», «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», Бауыржан Момышұлының:

«Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Күш - әкесін танымас»,

Тұтқабай Иманбековтің: «Азамат туы - ар болар, әділдік соған нәр болар», - деген нақыл сөздері бүгінде мақалға айналып кеткен. Қарап отырсақ, ғибраты мол даналық ойлардың авторлары белгілі әрі мақалға өте ұқсас.

Қазақ мақал-мәтелдерінің мәтіндеріне құрылымдық талдау жасаған ғалымдар мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктері төңірегінде сөз болғанда, паремиялардың бір-біріне ауысу және өту құбылысы туралы айтып кеткен және паремияның бірнеше түрі анықтаған. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жанрлар
Жұмбақтың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі алатын орны
Жұмбақ жанры
Халық педагогикасының асыл арналары
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Халықтық педагогикағы ән-жырлар
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшеліктері
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz